Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет12/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
WWW- 2~1

 
 
9. Əскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
60-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
60. Қызметтік қажеттілікке байланысты əскери қызметшіге ол əскери қызмет өткеретін
əскери бөлімде (мекемеде) өзі атқармайтын, тең немесе жоғары əскери лауазым бойынша
міндеттерді уақытша атқару жүктелуі мүмкін:
1) бос (тағайындалмаған) əскери лауазым бойынша – əскери қызметші атқаратын
əскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатылады, бірақ атқаратын əскери
лауазымынан босатылмайды жəне оған міндеттерін уақытша атқаруға жіберілген əскери
лауазымы бойынша ақшалай ризық төленеді;
2) бос емес (тағайындалған) əскери лауазым бойынша – оны атқаратын əскери
қызметші уақытша болмаған немесе оны атқаратын əскери қызметшіні əскери
лауазымынан шеттеткен жағдайда, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге жүктелуі мүмкін. Бұл
ретте əскери қызметшіге ол атқаратын əскери лауазым бойынша ақшалай ризық төленеді.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 61-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
61. Əскери қызметшіге бос əскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды
жүктеуді жəне оны атқаратын əскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды
осы əскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады. Бос
əскери лауазымды шұғыл атқару қажет болған кезде əскери лауазым тұрған əскери бөлім
(мекеме) командирінің (бастығының) осы əскери лауазымға тағайындауға құқығы бар
бастықты жазбаша хабардар етіп, тиісті құрамның əскери қызметшілеріне бос əскери
лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды 6 айдан аспайтын мерзімге жүктеуіне
рұқсат етіледі.
Əскери қызметшілерге жоғары офицерлер құрамы атқаруға тиіс бос əскери лауазым
бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу уəкілетті органның бірінші басшысы
белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
62-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
62. Əскери қызметшіге бос емес əскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша
атқаруды жүктеуді əскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жүзеге асырады.
Əскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) өзі уақытша болмайтын жағдайда
міндеттерді уақытша атқаруды – орынбасарларының біреуіне, олар болмаған кезде басқа
лауазымды адамға жүктейді.


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
13/32
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 62-1-тармақпен толықтырылды
62-1. Қызметтік қажеттілікке жəне бос емес əскери лауазым бойынша міндеттерді
əскери қызметшіге жүктеудің мүмкін болмауына байланысты, осы əскери лауазымды
атқаратын əскери қызметші бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста
болған уақытта осы əскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару тиісті білімі
жəне тиісті əскери мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы жəне мамандық
бойынша жұмыс тəжірибесі бар азаматқа жүктеледі.
Бұл ретте азаматтық персонал адамына (жұмыскерге) ол атқаратын əскери лауазым
бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.
Осы əскери лауазымда тұрған əскери қызметші əскери қызметке шыққан кезде
азаматтық персонал адамы (жұмыскер) қызметтен шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет