Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
WWW- 2~1

ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 53-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
53. Əскери қызметшіні жоғары əскери лауазымға тағайындау қызметі бойынша
жоғарылату тəртібінде жүргізіледі.
Жоғары əскери лауазымға тағайындау кезінде жоғары əскери лауазымға жоғарылату
үшін резервте тұрған, өзі əскери қызмет өткеретін əскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау
комиссиясы осындай əскери лауазымға ұсынған, əскери қызмет міндеттерін орындау
кезінде жоғары кəсіптік біліктіліктерін жəне ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткен
немесе бұдан бұрын ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға байланысты төменгі
əскери лауазымға тағайындалған əскери қызметшіге басым құқық беріледі.
54. Əскери лауазымдар, егер оған əскери лауазымдар тізбесінде көзделген əскери
лауазымдардың тең деңгейлері, тең əскери атақтар, сондай-ақ əскери басқару
органдарының тең деңгейі сəйкес келсе, тең болып саналады.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 55-тармақ өзгертілді
55. Əскери қызметшіні тең əскери лауазымға тағайындау:
1) ротациялау тəртібінде;
2) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты;
3) əскери қызметшіні əскери қызметте мақсатқа сəйкес пайдалану үшін;
4) келісімшарт бойынша əскери қызмет өткеретін əскери қызметшінің баянаты
бойынша, Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген шарттар болған
кезде, уəкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгілік нысан бойынша отбасылық-
мүліктік жағдайды зерттеп-қарау актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша;
5) əскери-дəрігерлік комиссияның қорытындысына сəйкес денсаулық жағдайы
бойынша жүргізіледі.
56. Əскери лауазым, егер оған бұрынғы əскери лауазымға қарағанда, əскери лауазымдар
тізбесінде көзделген əскери лауазымның төмен деңгейі немесе төмен əскери атақ, ал
лауазымдар мен əскери атақтар тең болған кезде - əскери басқару органының анағұрлым
төмен деңгейі сəйкес келсе, төмен болып саналады.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 57-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
57. Төмен əскери лауазымға тағайындау:
1) əскери қызметшінің келісімімен:
ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты - оның даярлық бейініне тең бос əскери
лауазым болмаған кезде;
Заңның 
26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында
айқындалған, отбасылық-мүліктік
жағдайын зерттеп-қарау актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша;
əскери-дəрігерлік комиссияның қорытындысына сəйкес денсаулық жағдайы бойынша;
əскери қызметшінің жеке баянаты бойынша;
Заңның 
21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында
айқындалған жағдайларды
қоспағанда, командирдің (бастықтың) қарамағында болған кезеңде;
2) əскери қызметшінің келісімінсіз:
аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша бір сатыдан төмен емес;
келісімшартты бұзуға негіз болып табылмайтын тəртіптік теріс қылықтар жасағаны
үшін тəртіптік реттілікте бір сатыдан төмен емес;


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
12/32
офицерлер құрамының бос əскери лауазымдарына уақытша тағайындалған қатардағы
жауынгерлер мен сержанттар құрамдарының əскери қызметшілері осы əскери лауазымдар
қысқартылған немесе бұл əскери лауазымдарға тиісті құрамның əскери қызметшілері
тағайындалған жағдайда;
сыбайлас 
жемқорлық 
құқық 
бұзушылықтар 
жасағаны 
үшін 
Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүргізіледі.
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 57-1-тармақпен толықтырылды
57-1. Əскери қызметшіден əскери лауазымынан бір сатыға төмендету түріндегі
тəртіптік жазаны алу оны бұрын атқарған əскери лауазымына қайта қабылдауға алып
келмейді.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
58-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
58. Əскери қызметшіні əскери лауазымға тағайындаған, əскери лауазымнан босатқан,
командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдаған, қызметтен шығарған, əскери атақ
берген, оны төмендеткен, одан айырған кезде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде
уəкілетті 
органдардың 
бірінші 
басшыларымен 
келісу 
бойынша 
Қазақстан
Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгі нысан бойынша ұсыным немесе басқа
да құжаттар (баянат, ауыстыру жоспары, бөлу жоспары) ресімделеді.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 59-тармақ жаңа редакцияда
59. Қамаққа алу түріндегі жазасын өтеп жатқан əскери қызметшілер жоғары тұрған
əскери лауазымға тағайындалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет