Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
WWW- 2~1

 
 
10. Командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдау
63. Лауазымынан босатылған кезде одан əрі əскери қызметті өткеру мəселелерін шешу
үшін əскери қызметшілерді əскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам
жеке құрам бойынша бұйрықтар шығаруға құқығы бар тікелей бастықтың қарамағына
қабылдайды.
64. Əскери қызметшіні командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдауға, егер
«Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 
21-бабының
5-тармағында
 айқындалған жағдайларда жəне мерзімдерде жол беріледі.
65. Қарамағында əскери қызметшілер бар лауазымды адамдар олардың міндеттерінің
тізбесін бекітеді.
 
 
11. Əскери лауазымнан босату
66. Əскери қызметші ауыстырылған, ротацияланған, əскери қызметтен шығарылған
жағдайда атқаратын əскери лауазымынан босатылады.
67. Əскери қызметшіні атқаратын əскери лауазымынан шығаруды лауазымды адамдар
тізбесіне сəйкес осы əскери лауазымға тағайындауға құқық берілген уəкілетті лауазымды
адам жүргізеді.
 
 
12. Əскери қызметшілерді ауыстыру
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
 68-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
68. Əскери қызметшіні ауыстыру - бұл оның лауазымдық жағдайын немесе əскери
қызмет өткеру орнын өзгерту.
Ауыстыру:
1) əскери лауазымға тағайындалған;
2) ротацияланған;
3) іссапарға барған;
4) егер «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» 
Заңда
өзгеше белгіленбесе, Заңның
21-бабы 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында
көрсетілген негіздемелер бойынша
қарамағына қабылданған;
5) жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын
əскери оқу орындарына қабылданған;
6) бір уəкілетті органнан құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген басқасына
ауыстырылған;
7) əскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше тұрақты орналасу пунктін өзгерткен
жағдайларда жүргізіледі.
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 69-тармақ жаңа редакцияда
69. Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды дамыту
бағдарламаларына сəйкес жүзеге асырылатын əскери бөлімнің (мекеменің) немесе
бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ əскери бөлімнің (мекеменің)


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
14/32
немесе бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан, тең əскери лауазымға
тағайындалған кезде əскери қызметшіні ауыстыру оның келісімінсіз, уəкілетті органның
бірінші басшысы өзіне осы құқықты берген командирдің (бастықтың) шешімімен
жүргізіледі.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
(
бұр.ред.қара
); 2022.18.08. № 986
Жарлығымен
 (
бұр.ред.қара
) 70-тармақ өзгертілді
70. Əскери қызметшіні ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тəртіппен ол істері мен лауазымын тапсырғаннан кейін ғана, бірақ бір айдан
аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Əскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жеке құрам бойынша бұйрықтан
үзінді немесе əскери қызметшіні ауыстыру жөнінде жазбаша хабарлама келіп түскен кезден
бастап, бірақ ол келіп түскен кезден соң жеті тəуліктен кешіктірмей, ал демалыста немесе
емделуде жүрген əскери қызметші үшін оның келген күнінен бастап істер мен лауазымды
тапсырудың басталғанын белгілейді.
Əскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару істер мен лауазымды тапсыру
актілері бекітілгеннен кейін келесі жұмыс күнінде жүргізіледі.
Əскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да
əскерлері мен əскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау
органдарына ауыстыру олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 
Жарлығымен
71-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
71. Арнаулы атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары бар құқық
қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдар қызметшілерінің ауысу тəртібінде Қарулы
Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға əскери қызметке кіруі Қарулы
Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, құқық қорғау жəне арнаулы
мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша қызметшілер Заңның 
38-
бабында
 айқындалған талаптарға сəйкес келген кезде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет