16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
15/32
Іссапарға жіберілген əскери қызметшілерге лауазымдық айлықақылар, сыйлықақылар,
материалдық көмек, сауықтыруға арналған жəрдемақылар, қызмет өткерудің ерекше
шарттары үшін үстемеақылар жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
басқа да үстемеақылар төлеу олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдарды, ұйымдар
мен халықаралық ұйымдарды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі. Өзге де
төлемдер, сондай-ақ заттай мүлікпен қамтамасыз ету тиісінше əскери қызметшілерді
іссапарға жіберген уəкілетті органды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
75. Іссапарға барған əскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан
Республикасының
заңнамасына
сəйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік органдар
мен ұйымдарға іссапарға барған əскери қызметшілер үшін мемлекеттік органдар мен
ұйымдарда олардың атқаратын лауазымдары бойынша лауазымдық жалақылары, ал
халықаралық ұйымдарға іссапарға барғандар үшін іссапарға барғанға дейін атқарған соңғы
лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады.
Біржолғы сипаттағы қалған төлемдер бойынша іссапарға барғанға дейін əскери
қызметшінің атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы есепке алынады.
76. Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған
əскери қызметшілермен жаңа келісімшарттар жасасу осы Қағидаларға сəйкес жүргізіледі.
77. Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған
əскери қызметшілерді əскери қызметтен шығару, оларды мемлекеттік наградалармен жəне
ведомстволық медальдармен (төсбелгілерімен) наградтау
олар іссапарға барған
мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың ұсынымдары бойынша
жалпы негіздерде жүргізіледі.
Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған
əскери қызметшілерге əскери атақтар қазіргі əскери атағында белгіленген еңбек сіңірген
мерзімі аяқталғаннан кейін жəне берілетін атақ олар іссапарға барған дейін тікелей
атқарған əскери лауазым үшін əскери лауазымдар тізбесінде көзделген əскери атаққа сəйкес
келген кезде олар іссапарға барған мемлекеттік органдардың,
ұйымдар мен халықаралық
ұйымдардың ұсынымдары бойынша осы Қағидаларға сəйкес жалпы негіздерде беріледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына білім беру ұйымдарындағы
лауазымдарда əскери қызмет өткеру үшін іссапарға барған əскери қызметшілерге білім
беру ұйымы басшысының ұсынымы бойынша осы Қағидаларға сəйкес жалпы
негіздемелерде, бірақ əскери оқу орындары үшін əскери лауазымдар тізбесінде көзделген
əскери атақтан жоғары емес əскери атақтар беріледі.
78. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға барған əскери қызметшілерді
аттестаттау тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері үшін белгіленген
тəртіппен жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға барғандарға осы Қағидаларда
белгіленген тəртіппен жүргізіледі.
79. Іссапарға барған əскери қызметшілерді көтермелеу жəне тəртіптік жауапкершілікке
тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, осы мемлекеттік органдар
мен ұйымдардың өкілеттіктері шегінде Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
органдары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін белгіленген тəртіппен жүргізіледі.
80. Іссапарға барған əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдары мен ұйымдарындағы, халықаралық ұйымдардағы лауазымдардан босатылғаннан
жəне əскери қызметшілер əскери қызмет өткеретін мемлекеттік органға қайтып келгеннен
кейін олар осы Қағидаларда айқындалған тəртіппен əскери лауазымдарға тағайындалады
немесе əскери қызметтен шығарылады.
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182
Жарлығымен
81-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
81. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери
қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған жағдайларда
мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде атқаратын əскери
лауазымынан босатылмай жəне ақшалай үлесі сақтала отырып, Қазақстан Республикасы
Президенті Əкімшілігі Басшысының қарамағына іссапарға жіберілуі мүмкін.
Əскери қызметшілердің аталған санатына сыйлықақылар беру, зейнетақымен
қамсыздандыру, жаңа келісімшарттар жасасу, əскери атақтар беру, əскери қызметтен
шығару, мемлекеттік наградалармен жəне ведомстволық медальдармен (төсбелгілерімен)
наградтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жалпы негіздерде жүзеге
асырылады.