Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы



бет5/16
Дата16.06.2016
өлшемі4.54 Mb.
#139727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Республикада сәбилер өлімінің көрсеткіші төмендеу үрдісіне ие. Айталық 2009 жылы бұл көрсеткіш 1000 туылғанға шаққанда 18,23-ке тең болса, 2014 жылы ол 9,72-ге дейін төмендеді.

Ана өлімі көрсеткішінің 2000 жылы 100 мың туылғанға шаққанда


60,9-дан 2009 жылы – 36,8-ге және 2014 жылы – 11,7-ға дейін айтарлықтай төмендегені байқалады. Ана өлімінің негізгі себептерінің бірі әйелдер денсаулығының төмен индексі болып табылады.

Соңғы жылдары медициналық көмек сапасын және оның қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бірқатар жұқпалы және басқа аурулар бойынша халық денсаулығының жағдайын жақсартуда оң үрдістерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, алдағы кезеңде денсаулық сақтау саласында шешуді талап ететін міндеттер ішінде мыналарды бөліп көрсеткен жөн:



  1. дәрігерлермен қамтамасыз етілудің төмен болуы байқалады. Солтүстік облыстарда дәрігерлермен қамтамасыз етілудің төмен болуы олардың басқа елдерге көшіп кетуімен, ал оңтүстік облыстарда табиғи өсім есебінен халық санының жылдам өсу қарқындарымен түсіндіріледі. Бұл ретте, орта медициналық персоналмен ең аз жасақталу Алматы облысында да байқалады (10 мың адамға 64,2).

  2. Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында ана өлімінің жоғары деңгейі сақталып отыр;

  3. мүгедектерге денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер жасау қажеттілігі.

Әлеуметтік салада анықталған проблемаларды ескере отырып, бірінші кезекте білім берудің және денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын жақсарту, сондай-ақ елдің сапалы педагогикалық және медициналық мамандармен қамтамасыз етілуін арттыру қажет.

Қазіргі уақытта тұрғын үйдің болуы қазіргі заманғы қоғамның негізгі қажеттіліктерінің бірі болып табылады, сондықтан мемлекет бұл мәселеге үнемі аса жоғары мән береді.

Тұтастай алғанда Қазақстанда тұрғын үй қорының жалпы ауданы
2014 жылдың соңына қарай 339 млн. ш. метрді құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 25,1%-ға (немесе абсолютті мәнде 68,1 млн. ш. метрге) ұлғайды.

Жыл сайын шамамен 6,5 млн.ш. метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл ретте құрылыстың неғұрлым жоғары қарқыны Астана және Алматы қалаларына тиесілі.



Бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу
2009-2014 жылдары 16,7 ш. метрден 21,1 ш. метрге дейін өсті. Алайда, осыған қарамастан, аталған көрсеткіш дамыған елдердегі ұқсас көрсеткіштен 2-3 есе төмен. Айталық, АҚШ-та тұрғын үймен қамтамасыз ету шамамен
75 ш.м/адам, Ұлыбританияда – 62 ш.м/адам, Германияда – 45 ш.м/адамды құрайды. БҰҰ әлеуметтік стандарттары бойынша бір тұрғынға кемінде 30 ш.м келуге тиіс.
13-кесте – Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі

Өңірлер

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы, мың ш. метр

Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, ш.м/адам

2009 ж.

2014 ж.

2009 ж.

2014 ж.

Қазақстан

270 923

338 999,9

16,7

21,0

Ақмола

13 263

16 262,2

18,0

21,4

Ақтөбе

11 853

15 285,9

15,5

20,4

Алматы

23 623

29 219,4

12,9

17,3

Атырау

7 258

11 472,8

13,9

19,9

Шығыс Қазақстан

26 343

26 819,0

18,8

19,4

Жамбыл

15 918

16 635,2

15,4

15,6

Батыс Қазақстан

9 906

11 875,6

16,4

19,2

Қарағанды

26 991

28 520,8

20,0

22,4

Қостанай

17 229

18 010,3

19,5

21,6

Қызылорда

10 440

13 029,0

15,2

19,3

Маңғыстау

6 106

10 042,1

12,1

20,4

Павлодар

14 691

16 070,2

19,7

22,6

Солтүстік Қазақстан

12 193

12 424,9

20,6

20,8

Оңтүстік Қазақстан

43 506

54 795,4

17,3

21,0

Астана қаласы

10 696

20 238,6

16,5

27,8

Алматы қаласы

20 907

38 298,6

15,0

27,5

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Өңірлік бөліністе тұрғын үймен ең жоғары қамтамасыз етілу Астана мен Алматы қалаларында (тұрғын үйдің белсенді салынуына байланысты), сондай-ақ солтүстік пен шығыс өңірлерде (халық санының қысқаруына байланысты) байқалады.

Тұрғын үймен ең төмен қамтамасыз етілу оңтүстік өңірлерде байқалады. Орташа республикалық деңгейден артта қалу құрылыс қарқынының осы өңірлердегі халық өсімінің жоғары деңгейіне жете алмауына байланысты.

Тұтастай алғанда қарастырылып отырған саладағы басты проблемалар тұрғын үй салу қарқынының жеткіліксіздігі және оның құнының жоғарылығы болып табылады. Халықтың басым бөлігінің, әсіресе, жастар мен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі жоқ.

Осыған байланысты Қазақстанда заманауи тұрғын үй салуды жеделдету қажет.


3. Өңірлерді экономикалық мамандануы, қоныстандыру жүйесі және экономикалық байланыстар сипаты бойынша жіктеу және талдау

Елдің өңірлік дамуының маңызды стратегиялық мәні бар. Орасан зор және адамдар сирек қоныстанған аумағы бола тұра Қазақстанда өңірлер арасында дамуда біршама теңгерімсіздік бар. Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық даму деңгейлерін салыстыру бір жағынан аса ірі агломерациялар (Астана, Алматы) мен негізгі мұнай өндіруші өңірлердің және екінші жағынан, елдің қалған өңірлерінің арасындағы ЖӨӨ жан басына шаққандағы көрсеткіштерінің айтарлықтай айырмашылығын көрсетеді.

Жан басына шаққанда ЖӨӨ Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуы тұрғысынан ең көрнекі өлшемдердің бірі болып табылады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің тым әркелкі деңгейі халықтың ақшалай табысына және оның әлеуметтік жағдайына келеңсіз әсер етеді.

Қазақстан Республикасы өңірлерінің даму деңгейлерінің саралануы өте жоғары және орнықты. Мұны өңірлердің жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіштерін ел бойынша он жылдан астам кезеңдегі орташа көрсеткішпен салыстыру көрсетіп отыр. Бұл ретте жетекші мұнай өндіруші өңірлердің жоғары көрсеткіштері әзірге өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды түрткіге айналмады, себебі мұнай-газ бизнесінен түсетін табыстың негізгі бөлігі ең ірі агломерацияларда шоғырланады және өндіруші өңірлердің өзінде сұраныс көзіне айналмайды.

Қазақстан өңірлерінің даму серпіні жан басына шаққандағы ЖӨӨ тұрғысынан ең бәсекеге қабілетті өңірлер Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында болып табылатынын көрсетеді. Аталған өңірлерде жан басына шаққандағы ЖӨӨ республика бойынша орташа деңгейден асып түсетіні байқалады.

Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының табиғи ресурстарға, яғни мұнайға, табиғи газға, металдарға бай болуына байланысты аталған өңірлердің ЖӨӨ елдің жан басына шаққандағы ЖІӨ-сінен жоғары. Алайда, бұл өңірлерде бәсекеге қабілетті соңғы өнім мүлдем дерлік жоқ. Бұдан басқа, Қазақстан мұнайы мен металдары басқа көптеген елдердің мұнайымен және металдарымен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болып келеді, бірақ олар әлемдік нарықта сұранысқа ие.

ЖІӨ өндірісінің құрылымы өңірлік сәйкессіздіктермен, ел аумағы бойынша өндірістік күштерді орналастырудың әркелкілігімен және өңірлерді дамытудың әртүрлі деңгейімен айқындалады.

Қазақстан бойынша ЖӨӨ серпіні оның көлемінің 2000 жылға дейін бүкіл реформалау жылдары төмендегенін көрсетеді, дегенмен жекелеген өңірлерде (Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы) ол оң нәтиже көрсеткен. Осы


6 өңірде 2000 жылы елдің ЖІӨ-нің 55,7%-ын, ал 2014 жылы 55,2%-ын өндірді.

Тәуелсіздік жылдары мықты минералдық-шикізаттық базасы бар өңірлер елдің ЖІӨ-де өз үлесін ұлғайтты, ал ауыл шаруашылығы өнімін, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіруге маманданған облыстардың (Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары) үлес салмағы барынша төмендеді.

2000 және 2009 жылдары ЖӨӨ ең жоғары мәнінен (Алматы қаласы) айырмашылық айқын болды. Мәселен, ең аз айырмашылық Атырау облысы бойынша байқалды (Алматы қаласы ЖӨӨ деңгейінен тиісінше 47,5 % және 42,6%) және ең үлкен айырмашылық Жамбыл (тиісінше 100% және 100%) және Қызылорда облыстарында (тиісінше 100% және 89,6%) орын алды.
2009-2014 жылдары Жамбыл облысы айырмашылықты 97,5%-ға дейін қысқартты. Алайда осы кезеңде өңірлер бойынша ең жоғары мәннен айырмашылықтың ұлғаюы Солтүстік Қазақстан (100%), Ақмола (96,5%), Қостанай (92,4%), Қызылорда (92%), Павлодар (86,7%), Алматы (85,9%) және Ақтөбе (85,5%) облыстарында байқалады.

14-кесте – Өңірлер бойынша ЖӨӨ-нің ең жоғары мәнінен айырмашылық, %



Өңірлер

2000 ж.

2009 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Ақмола

-92,9

-93,8

-96,6

-96,5%

Ақтөбе

-83,1

-82,1

-81,3

-85,5%

Алматы

-81,3

-85,0

-84,0

-85,9%

Атырау

-47,5

-42,6

-49,6

-55,4%

Шығыс Қазақстан

-49,3

-77,5

-77,2

-80,2%

Жамбыл

-100,0

-100,0

-98,0

-97,5%

Батыс Қазақстан

-83,0

-83,2

-80,8

-84,7%

Қарағанды

-32,2

-58,7

-66,1

-70,0%

Қостанай

-71,7

-86,7

-90,2

-92,4%

Қызылорда

-100,0

-89,6

-89,1

-92,0%

Маңғыстау

-79,9

-73,1

-80,2

-80,4%

Павлодар

-69,3

-81,8

-86,2

-86,7%

Солтүстік Қазақстан

-96,2

-98,1

-100,0

-100,0%

Оңтүстік Қазақстан

-66,0

-79,6

-77,0

-78,4%

Астана қаласы

-78,4

-63,8

-56,4

-56,6%

Алматы қаласы

0,0

0,0

0,0

0,0%

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері негізінде есептелген.
Өңірлердің нарыққа әртүрлі бейімделуі салдарынан өңірлер арасында сараланудың күшеюі жалғасуда. Өңірлік сәйкессіздіктер жан басына шаққандағы ЖӨӨ өндірісінде де байқалады.

15-кесте – Өңірлердің жан басына шаққандағы ЖӨӨ-сінің орташа республикалық деңгейге қатынасы, %



Өңірлер

2000 ж.

2009 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Ақмола

61,1

68,0

64,4

64,4

Ақтөбе

100,7

106,5

112,9

101,2

Алматы

45,8

40,1

42,2

40,7

Атырау

316,4

360,2

321,8

312,7

Шығыс Қазақстан

91,1

67,0

73,9

71,7

Жамбыл

33,6

32,1

40,0

40,4

Батыс Қазақстан

112,5

129,8

148,7

135,9

Қарағанды

125,7

107,2

98,7

96,5

Қостанай

94,7

78,1

74,7

68,8

Қызылорда

55,0

88,7

93,4

82,8

Маңғыстау

231,8

209,9

160,9

166,0

Павлодар

124,0

110,4

102,8

104,6

Солтүстік Қазақстан

57,9

64,9

65,3

62,8

Оңтүстік Қазақстан

49,9

35,1

37,9

38,2

Астана қаласы

175,3

201,5

200,3

210,9

Алматы қаласы

210,3

217,5

215,8

234,4

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері негізінде есептелген.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің орташа республикалық өндірісінен асып түсуі бойынша Атырау облысы басым позицияға


(2000 жылы – 316,4%, ал 2014 жылы – 312,7%) ие болып отыр. Аталған көрсеткіш бойынша екінші орынға Алматы қаласы шықты (2000 жылы – 210,3%, ал 2014 жылы – 234,4%). Аталған көрсеткіш бойынша Жамбыл
(2000 жылы – 33,6%, ал 2014 жылы – 40,4%) және Оңтүстік Қазақстан облысы (2000 жылы – 49,8%, ал 2014 жылы – 38,2%) ең төмен деңгейге ие.

Елімізге өңіраралық байланыстардың бірнеше түрі тән. Олардың кейбіреулері әлемнің көптеген елдеріне тән (орталық-шеткері аумақ түріндегі байланыстар мен өнеркәсіптік және аграрлық өңірлер арасындағы байланыстар), ал басқалары халық тығыздығы төмен және әркелкі қоныстандырылған (белдеулік байланыстар) аумағы кең ел ретінде Қазақстан Республикасына тән:

1) орталық-шеткері аумақ: тұтыну (ең алдымен азық-түлік) тауарларын жеткізу және елдің ең ірі агломерацияларының (Астана және Алматы қалалары) ауқымды нарықтарына жұмыс күшінің келуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін (кәсіби, тұрмыстық, рекреациялық) ірі орталық қалалардан «екінші деңгейдегі» қалаларға тарату;

2) «индустриялық облыстар – аграрлық оңтүстік» байланыстары: өндірісі негізінен Қазақстанның солтүстігінде шоғырланған өңдеуші өнеркәсіп өнімінің (машина жасау, металл өңдеу, химия және т.б.), оңтүстік облыстардағы өткізу нарықтарына дистрибуциясы;

3) ірі тұтыну нарықтарының өнім жеткізуші өңірлермен көліктік байланысуының артықшылықтарын пайдалануға сүйенетін белдеулік өзара іс-қимыл. Екі ірі агломерацияны (Алматы мен Шымкент) бір-бірімен, сондай-ақ жаңа өсу аймағы («Қорғас» арнайы экономикалық аймағы) қалыптасып келе жатқан Қытаймен шекарадан бастап экономиканың өсуі трансшекаралық алмасумен, алайда көбіне бейресми секторда байланысқан Өзбекстанмен шекараға дейінгі шеткері аумақтарымен байланыстыратын көлік дәлізі шеңберінде оңтүстік даму белдеуі жақсы қалыптастырылған. Солтүстік белдеу әлдеқайда нашар дамыған;

4) экспорттық салалар шоғырланған аудандардың экспорттық ресурстарды қайта өңдеуді дамытуға және дайын өнім дистрибуциясы тетіктеріне сүйенетін ішкі тұтыну аудандарымен жаңа байланыстары. Мұндай байланысқа мұнай мен газ өндіретін батыс облыстарда қайта өңдеу қуаттарын құру және мұнай өңдеу мен мұнай химиясы өнімдерін Қазақстанның басқа өңірлеріне (жеткізу аймақтары), онымен бір мезгілде осы өңірлердің жаңа өңдеу өндірістеріне еңбек ресурстарының келуімен дистрибуциялау, сондай-ақ импорт алмастырушы машина жасауды дамыту үшін солтүстік және шығыс облыстарда өндірілетін металлургия өнімін пайдалануды кеңейтудің әлеуетті мүмкіндіктері мысал болып табылады.

Бұдан басқа, оңтайлы аумақтық даму саясатын жүргізу үшін келесідей Қазақстан Республикасындағы өңірлердің сыныптамасы қажет.

Макроөңірлер – өздерінің экономикалық, табиғи және әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша ұқсас өңірлер тобы.

Хаб-қалалар – ұлттық және өңірлік өзара іс-қимыл орталықтары: сауда-логистика және көлік, қаржы және кадр орталықтары, ақпарат пен технологияларды жеткізушілер.

Агломерация – тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге байланыстармен өзара біріккен, сондай-ақ аумақтық бірігу үрдісіне ие бірнеше ядроқалалардың (полиорталықты) немесе бір орталықтың (моноорталықты) айналасына жақын орналасқан елді мекендердің урбандалған шоғырлануы.

Осы мақсатта қалалардың мынадай санаттарын бөліп көрсетуге болады:


  1. «бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар, хаб-қалалар);

  2. «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, облыстық маңызы бар ірі қалалар);

  3. «үшінші деңгейдегі» қалалар (моно- және шағын қалалар).

Аймақтарға бөлудің үш өлшемшарты негізінде Қазақстан Республикасының алты макроөңірін бөліп көрсетуге болады:
16-кесте – Қазақстан Республикасының макроөңірлері

Макроөңір

Аймақтарға бөлу өлшемшарттары:

экономикалық мамандану

қоныстандыру жүйесі

экономикалық байланыстар сипаты

Оңтүстік:

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстары



Ауыл шаруашылығы (жұмысы қарқынды кіші салалар), тамақ өнеркәсібі; Қызылорда облысында – мұнай өндіру

Оңтүстігінде тығыз аграрлық қоныстандырылған және қалыптасу үстіндегі Шымкент агломерациясы бар шөлейтті аудандарда тығыз аграрлық қоныстандырылған полиорталықты аймақ

Сыртқы сұраныс көздеріне қол жеткізудің мүмкіндіктері шектеулі жергілікті нарықтарға бағдарлану (әсіресе, Қызылорда облысы үшін)

Солтүстік:

Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары



Металлургия (кен өндіру), ауыл (астық) шаруашылығы

Ірі қала орталықтары шағындау салыстырмалы түрде тығыз қоныстандырылған аумақ

Қала орталықтары тарапынан сұраныс әлеуетін шектеулі пайдалану (халық табысының төмендігі салдарынан)

Батыс:

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары



Мұнай-газ өндіру; Ақтөбе облысында да – түсті металл кенін өндіру, ауыл шаруашылығы

Әркелкі қоныстану, әлеуетті ірі қалалық агломерация ретіндегі Атырау (15-20 жылғы перспективада халықтың қарқынды көші-қоны ағыны жалғасқан кезде)

Тауар ағындарының төмен белсенділігі және моносалалық сипаты аумақтың жеткіліксіз инфрақұрылымдық байланыспен үйлесімде

Орталық-Шығыс:

Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары



Металлургия, көмір өнеркәсібі, электр энергетикасы

Өнеркәсіптік қалалар (әлеуетті – 15-20 жылғы перспективада – Павлодар – Ақсу агломерациясымен) мен сирек қоныстандырылған аграрлық шеткері аумақтардың үйлесімі

Қала орталықтары тарапынан сұраныс әлеуетін шектеулі пайдалану (халық табысының төмендігі салдарынан)

Астана:

Астана қаласы




Әкімшілік, іскерлік, қаржылық және білім беру қызметтері

Елорда орталығы сирек қоныстандырылған аграрлық шеткері аумақтардың жағдайында өнеркәсіптік маманданған екінші қатардағы орталықпен (Қарағанды) толықтырылады

Елорда агломерациясы тарапынан нарықтық сұраныстың орталық – шеткері аумақтар моделі

Алматы:

Алматы қаласы



Іскерлік, қаржылық және білім беру қызметтері; машина жасау; фармацевтика; ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі

Ең ірі агломерация және әлсіз дамыған (негізінен аграрлық) шеткері аумақтар

Алматы агломерациясы тарапынан нарықтық сұраныстың орталық – шеткері аумақтар моделі

Аумағының ауқымы мен халық тығыздығының төмендігі ескеріле отырып, Қазақстан экономикалық, табиғи және әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша ұқсас макроөңірлер бөлінісінде қарастырылады. Мысалы, елдің барлық оңтүстік облыстары (Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл) халқының көптігімен және тығыз орналасуымен ерекшеленеді. Солтүстік облыстары (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан), керісінше, халық саны аз және халықтың тығыздығы төмен. Батыс облыстарға (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан) үлкен шикізат бағыттылығы тән. Елдің орталық-шығыс бөлігінің өңірлері (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары) дамыған өнеркәсібімен ерекшеленеді. Астана және Алматы қалалары дамудың салыстырмалы көрсеткіштеріне қарай жекелеген өңірлер ретінде бөлінеді.

Макроөңірлік кеңістік ерекше сапалы сипаттамалары бар өңірлердің шаруашылық кеңістіктерін біріктіреді.

Оңтүстік макроөңір мынадай ерекше сипаттамалары ескеріле отырып, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарын қамтиды:



  1. Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары тамақ өнеркәсібіне және құрылыс материалдары өндірісіне мамандандырылады;

  2. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары мал шаруашылығына және мақта өндірісіне мамандандырылады.

Тірек қалалар: Тараз, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда.

Осылайша, оңтүстік макроөңір ең серпінді өңірлер қатарына жатады, ол қарқынды (әлеуетті) дамушы Шымкент агломерациясының болуымен және жеміс-көкөніс өнімі өндірісіне мамандандырылатын жоғары бәсекеге қабілетті кластерді құрумен айқындалады. Макроөңір индустриялық-аграрлық түрдегі байланыстар жүйесіне (ең алдымен солтүстіктің индустриялық өңірлерімен) белсенді қатысады. Шымкенттің айналасында орталық шеткері аумақтар байланыстарын қалыптастыру белсенді жүргізілуде. Макроөңір облыстарының өңіраралық ынтымақтастығын дамытуда, сол сияқты макроөңірдің өзін дамытуда да Алматы өңірімен (Алматы – Тараз – Шымкент бағыты) белдеулік байланыстарды одан әрі нығайту қағидатты мәнге ие, олардың көмегімен макроөңірдің ауылшаруашылық өнімі елдің ең ірі қалалық агломерациясына қол жеткізеді.

Солтүстік макроөңір Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды, себебі аталған өңірлер астық шаруашылығы мен мал шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылық техникасын құрастыруға мамандандырылған.

Тірек қалалар: Қостанай, Көкшетау және Петропавл.

Қазіргі уақытта солтүстік макроөңір индустриялық-аграрлық түрдегі байланыстар жүйесіне, сондай-ақ экспорттық салалар өнімін қайта өңдеуге сүйенетін байланыстарға белсенді қосылған. Екі жағдайда да оңтүстік макроөңірдің облыстарымен ынтымақтастық едәуір белсенді даму үстінде (машина-техника өнімі мен металл бұйымдарды, сондай-ақ ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін қайта өңдеу және экспорттау үшін астықты оңтүстік бағытта, ең алдымен Өзбекстан мен Ауғанстанға беру). Өңдеуші өндірістерді дамыту үшін Астана – Қостанай, Көкшетау – Петропавл, Петропавл – Астана белдеулері бойынша Астана өңірімен өзара іс-қимыл жасаудың қағидатты мәні бар. Тұтыну сұранысы шоғырланған аймақтардың рөлін атқаратын ірі қалалық агломерациялардың болмауының салдарынан таяудағы 10-15 жылда айқын орталық – шеткері аумақтар байланыстарын қалыптастыру мүмкіндігі төмен.

Батыс макроөңірі мынадай ерекше сипаттамалары ескеріле отырып, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын қамтиды:



  1. Атырау және Маңғыстау облыстары мал шаруашылығына және мұнай-газ өнеркәсібіне мамандандырылады;

  2. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары астық шаруашылығына, мал шаруашылығына, тамақ және мұнай-газ өнеркәсібіне мамандандырылады.

Тірек қалалар: Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Орал.

Қазіргі уақытта батыс макроөңірі өңіраралық ынтымақтастық процестеріне, ең алдымен, энергетикалық ресурстарды беру жүйесі арқылы қосылған. Макроөңір ішінде өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі әлеуеті Атырау – Ақтау, Атырау – Орал бағыттары бойынша белдеулік байланыстарды қалыптастырумен байланысты, ал басқа макроөңірлермен ынтымақтастық жасасу тиісті өндірістерді қосылған құнның өңіраралық тізбектеріне қоса отырып, экспорттық салалардың ішкі сұраныс көздеріне өсіп келе жатқан бағдарлануы негізінде, ең алдымен мұнай-газ шикізатын (мұнайды қайта өңдеу, мұнай химиясы өнеркәсібі, тыңайтқыштар мен пластиктер өндірісі) қайта өңдеуді дамыту арқылы құрылады.

Орталық-Шығыс макроөңір Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарын қамтиды, себебі аталған өңірлер кен өндіруге, түсті металлургия өндірісіне, көмір өнеркәсібіне, мал шаруашылығына мамандандырылады.

Тірек қалалар: Өскемен, Қарағанды және Павлодар.

Ескі индустриялық аймақ пен астық тауары өндірісінің сипаттамаларын қамтитын макроөңір (Павлодар облысы) өңіраралық байланыстарды дамыту тұрғысынан барынша проблемалы болып табылады. Тұтыну сұранысының қуатты орталықтарының болмауына байланысты орталық-шеткері аумақтардың байланыстары әлсіз дамыған. Қазақстан Республикасында түсті металлургия өніміне елеулі сұраныстың болмауын, сол сияқты төмен бөліністі металлургия өндірістерінің ескірген технологиялық базасын ескере отырып, ықтималдығы аз индустриялық-аграрлық түрдегі байланыстарды қалыптастыру және экспорттық салаларды ішкі сұраныс көздеріне бағыттау. Павлодар – Семей – Өскемен бағыты бойынша белдеулік байланыстарды қалыптастыруға негізгі үміт артылып отыр. Алайда, бұл белдеу макроөңір ішінде тұйықталғандықтан, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту үшін мықты ынталандырма бола алмайды (ол үшін оны Орталық-Шығыс макроөңір бағытымен Астанаға қарай жалғастыру қажет).

Алматы қаласы

Алматы қаласында Алматы – Тараз – Шымкент белдеулік бойымен оны Оңтүстік макроөңірмен байланыстыратын орталық – шеткері аймақ байланыстары жақсы дамыған. Орта және ұзақ мерзімді кезеңде тиісті байланыстарды дамыту серпіні ең алдымен Алматы агломерациясының даму қарқынымен айқындалатын болады, олар басым түрде инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге (энергиямен, сумен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы), сапалы көрсетілетін қызметтер секторын қалыптастыруға (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және рекреация, заманауи сауда және қоғамдық тамақтандыру нысандары) және аумақты тиімді пайдалану мақсатында сапалы қалалық жоспарлауға тәуелді болады. Алматы қаласы үшін байланыстардың басқа түрлерін 2030 жылға дейін қалыптастыру күтілмейді.

Астана қаласы

Астана қаласында серпінді астана агломерациясының өсу үстіндегі сұранысына негізделетін мықты орталық – шеткері аймақ басым. Сонымен бір мезгілде, Астана Орталық-Шығыс және Солтүстік (Астана – Қостанай және Көкшетау – Петропавл), ал ұзақ мерзімді перспективада (15-20 жыл уақыт шамасында) Алматы (Астана – Қарағанды – Алматы) макроөңірлерін де біріктіретін белдеулік байланыстарды қалыптастырудың неғұрлым перспективалы орталығы ретінде әрекет етеді. Қала үшін 2030 жылға дейін басқа байланыс түрлерін қалыптастыру күтілмейді.

Макроөңірлер арасындағы айырмашылықтар орнықты сипатқа ие және бір макроөңірге кіретін өңірлер арасында және әртүрлі макроөңірлерге жататын өңірлер арасында экономикалық өзара іс-қимыл ерекшелігін айқындайды.

17-кестеден көріп отырғанымыздай, елдің оңтүстігі халық көп қоныстандырылған макроөңір болып табылады, бұл ретте мұнда жан басына шаққандағы ЖӨӨ ең төмен. Елдің солтүстігінде тұратын халықтың саны бәрінен төмен. Макроөңірдің елдің ЖІӨ-дегі үлесі ең төмен. Орталық-Шығыс макроөңір халықтың деңгейі бойынша үшінші орында, бірақ мұнда ел ЖІӨ-нің бесінші бөлігі өндіріледі. Батыс өңірі халық саны бойынша үшінші орында тұр, ол жан басына шаққандағы ЖӨӨ ең жоғары бола отырып, елдің ЖІӨ-ге салымы бойынша көш басында тұр. Алматы және Астана халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі бойынша көш бастап тұр.
17-кесте –Қазақстан Республикасы макроөңірлерінің 2014 жылғы негізгі көрсеткіштері

Макроөңір

Халық

(млн. адам)



Елдің ЖІӨ-сіндегі үлесі, %

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ (АҚШ доллары)

Оңтүстік

6,5

16,9

25266,5

Солтүстік

2,1

8,3

24486,3

Батыс

2,5

25,8

76801,7

Орталық-Шығыс

3,5

18,1

34081,1

Алматы

1,5

20,7

29286,2

Астана

0,8

10,2

26353,6

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Елдің макроөңірлерін дамытуда мынадай негізгі үрдістерді бөліп көрсетуге болады.

Оңтүстік макроөңір

Елдің оңтүстік өңірлерінің демографиялық жағдайы тұрақты жоғары табиғи өсімімен (1000 тұрғынға 19-24 адам), өмір сүру жасының күтілетін орташа және жоғары ұзақтығымен (шамамен 70 жас) сипатталады.

Барлық өңірлердегі халық саны айтарлықтай өсіп келеді.


2009-2014 жылдары оңтүстіктегі төрт өңірдің жалпы халық санының өсуі 576,7 мың адамды құрады.

Сондай-ақ халықтың көшіп кетуінің жоғары екені байқалады.


2014 жылы Қызылорда облысында көші-қонның теріс сальдосы 2,5 мың адамды, Оңтүстік Қазақстан облысында – 12,2 мың адамды, Жамбыл облысында – 8,0 мың адамды, Алматы облысында – 5,1 мың адамды құрады.

Оңтүстік макроөңір урбандалу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Мәселен, Алматы облысында қала халқының үлесі бар болғаны 24,2%-ды құрайды.

Тұтастай алғанда Оңтүстік макроөңір өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың ең жоғары үлесімен сипатталады. Мысалы, Жамбыл облысында өз бетінше жұмыспен қамтылу деңгейі 2014 жылы 48,1%-ды, Оңтүстік Қазақстан облысында – 45,1%-ды, Қызылорда облысында – 28,6% құрады.

Сондай-ақ Алматы облысында қала және ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейі арасында біршама сәйкессіздік байқалады.

Бұдан басқа, оңтүстік макроөңірдің барлық төрт өңірінде номиналды ақшалай табыстар мөлшері орташа республикалық деңгейден төмен. Оңтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш орташа республикалық мөлшердің небәрі 61,1%-ын құрады, Жамбыл облысында – 63,4%, Алматы облысында– 77,8%, Қызылорда облысында – 85,5%.

Оңтүстік Қазақстан облысында елдегі барлық кедейлердің шамамен 32,3%-ы тұрады. Бұл ретте кедейлік деңгейі 0,7%-ды құрайды (республикада 1-орын).

Жамбыл және Алматы облыстары тұрғын үймен қамтамасыз етілу бойынша соңғы орындарда: бір тұрғынға тиісінше небәрі 15,6 және
17,1 ш.метр.

Оңтүстік макроөңір облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйімен (Алматы облысында жолдардың 40%), өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркімен және әуежайларда ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау қажеттігімен сипатталады.

Электр энергетикасы саласында электр энергиясының көптеп шығындалатыны байқалады (Алматы облысында – 2013 жылы 2 094,2 млн. кВТ/сағ). Сондай-ақ, Оңтүстік макроөңірде өңірлік электр желілері компанияларының электр желілерінің тозу дәрежесінің жоғарылығын атап өткен жөн (~ 65-70%). Алматы облысына сумен жабдықтау желілерінің жоғары авариялығы тән – 3403 бірл., Оңтүстік Қазақстан облысында –
2332 бірл., Қызылорда облысында – 990 бірл. Осындай жағдай су бұру желілерінде де байқалады (Алматы облысында – 1488 бірл., Қызылорда облысында – 233 бірл.). Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы аталған макроөңірде 2013 жылдың қорытындылары бойынша 60-65%-ды құрайды (Алматы облысында 60%-дан асады).
Солтүстік макроөңір

Халықтың табиғи өсімінің деңгейі төмен. 2014 жылы аталған өңірлерде халықтың табиғи өсімінің коэффициенті Солтүстік Қазақстан облысында 1000 адамға 2 адамнан бастап Ақмола облысында 1000 адамға 7 адамға дейін құрады.

Халықтың көшіп кету деңгейі жоғары. Мәселен, 2014 жылы солтүстіктің үш өңірінде теріс көші-қон сальдосы жиынтығында шамамен 12,5 мың адамды құрады. Бұл халықтың төмен табиғи өсімімен бірге
2009-2014 жылдары халық санының 21,4 мың адамға азаюына алып келді.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы төмен. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында өмір сүру жасының күтілетін ұзақтығы ең төмен болып келеді – тиісінше 69,8 және 69,9 жас (республика бойынша орташа – 71,6 жас).

Бір ай ішіндегі халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстар деңгейі республикалық деңгейден төмен (2014 жылы республикалық деңгейден Солтүстік Қазақстан облысында – 81,6%, Қостанай мен Ақмола облысында – 85,4%).

Бұл макроөңірде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар деңгейі жоғары. Айталық, барлық үш облыста өз бетінше жұмыспен қамтылу деңгейі


2014 жылы шамамен 35%-ды құрады.

Солтүстік макроөңір облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйімен сипатталады. Өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркі және ұшу-қону жолағының нашар жай-күйі халықаралық ұшу деңгейіне шығуға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ елдің батыс және орталық өңірлерімен арада тікелей автомобиль қатынасы жоқ. Сумен жабдықтау желілерінде ең жоғары авариялылық Қостанай облысында байқалады –


2316 бірл. немесе республикалық деңгейдің 12%-ы, Ақмола облысында орташа авариялылық – 891 бірл. немесе 4,6%, Солтүстік Қазақстан облысында төмен авариялылық байқалуда – 463 бірл. немесе 2,4% (республика бойынша – 19 177 бірл.). Жылумен жабдықтау желілеріндегі авариялар бойынша республикада Ақмола облысы Павлодар облысынан кейінгі 2 орынды алады (68 бірл. немесе 25,9%), Қостанай облысында орташа авариялық (17 бірл. немесе 6,5%), Солтүстік Қазақстан облысында
2013 жылы авариялар тіркелмеген (республика бойынша – 263 бірл.).

Тұтастай алғанда, солтүстік макроөңір сумен жабдықтау және су бұру, жылумен және энергиямен жабдықтау желілерінің жоғары тозуымен ерекшеленеді. Ақмола облысының аумақтарды дамыту бағдарламасының деректері бойынша жылумен және электрмен жабдықтау желілерінің тозуы орташа есеппен 55% -ды құрайды, Қостанай облысында – 62,5% , Солтүстік Қазақстан облысында – 70%.


Батыс макроөңірі

Батыс макроөңірі халықтың ең төмен тығыздығымен сипатталады: шаршы километрге 3,9 адам ғана.

Макроөңір халықтың табиғи өсімінің жоғары көрсеткіштерімен (Батыс Қазақстан облысында 1000 адамға 11 адамнан Маңғыстау облысында
1000 адамға 27 адамға дейін) сипатталады.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында халықтың көшіп кетуі шамалы.

Тұтастай алғанда аталған макроөңір халықтың жоғары табысымен сипатталады. Мысалы, Атырау облысында номиналды ақшалай табыс мөлшері республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары.

Әлеуметтік салаға өңір бюджетінің 53%-дан астамы тиесілі болғанына қарамастан, әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігі байқалады. Атап айтқанда, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 78,6% -ды ғана құрайды.

Батыс Қазақстан облысында өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының көптігі байқалады – 38%. Сондай-ақ Маңғыстау облысында
15-24 жастағы жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі сақталған – 6,4% (Қазақстан Республикасы өңірлері арасында 2-орын).

Батыс макроөңірінде қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының ең төмен тығыздығы байқалады (Маңғыстау облысында 1000 ш.км-ге 14,5 км, Ақтөбе облысында 1000 ш.км-ге 18,2). Облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы қанағаттанарлықсыз. Елдің солтүстік және орталық өңірлерімен арада тікелей автомобиль қатынасы жоқ. Қазақстандық кеме жөндеу базаларының болмауы Батыс макроөңірдегі тағы бір проблема болып табылады. Бұл кеме жөндеу базасын салу қажеттілігіне алып келеді, себебі Каспий теңізінің қазақстандық секторын (бұдан әрі – КТҚС) игеру кезінде мұнай операцияларын жүргізу үшін әртүрлі типтегі 75 кеме Түпқараған бұғазында тұрақтаған. Негізгі кеме жөндеу базалары Астрахань, Махачкала, Баку порттарында орналасқан.

Электр энергетикасында өңірлік электр желісі компаниялары желілерінің жоғары тозу деңгейі байқалады (Батыс Қазақстан облысында электр желілерінің тозуы 79%-дан, ал ауылдық жерлерде – 90%-дан асады). Осыған ұқсас жағдай басқа коммуналдық желілер бойынша да орын алған:


  1. сумен жабдықтау желілерінің тозуы Атырау облысында 53,8%-ды, Батыс Қазақстан облысында – 51%-ды құрайды;

  2. Батыс Қазақстан облысында жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 52%-дан асады;

  3. кәріздік сорғы станцияларының тозу деңгейі жоғары (Батыс Қазақстан облысында – 75%).

Аталған макроөңірге сумен жабдықтау желілеріндегі жоғары авариялық тән (Ақтөбе – 896 бірлік, Батыс Қазақстан – 447 бірлік).
Орталық-Шығыс макроөңірі

Орталық-Шығыс макроөңірінің демографиялық ахуалы халықтың көптеп кетуімен және халықтың табиғи өсімінің төмен көрсеткіштерімен сипатталады. 2014 жылы үш облыс халқының көшіп кетуі 94,3 мың адамнан асты. Халықтың табиғи өсімінің коэффициенті орта есеппен 1000 тұрғынға


8 адамды құрады.

Орталық-Шығыс макроөңірдің барлық үш өңірінде өмір сүру жасының күтілетін төмен ұзақтығы қалыптасқан: Қарағанды облысында – 70,3 жас (республикада 14 орын), Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – 70,8 жас (республикада 12 орын) болып айқындалды.

Шығыс Қазақстан облысында еңбек нарығы өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің жоғары болуымен сипатталады – 31,2% немесе
220 мың адам.

Орталық-Шығыс макроөңірі облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйімен сипатталады. Елдің батыс және солтүстік өңірлерімен арада тікелей автомобиль қатынасы жоқ. Өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркі көлік инфрақұрылымы проблемаларының бірі болып табылады. Семей, Аягөз, Зайсан қалаларының әуежайларында ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау қажет.

Бұл ретте Павлодар облысында электр энергиясы шығындары жоғары және 17482 млн. кВт/сағ құрайды, Қарағанды облысында – 450,82 млн. кВт/сағ. Жылудың көп шығыны Қарағанды – 2125,7 мың Гкал, Шығыс Қазақстан – 950,2 мың Гкал. облыстарында анықталды. Аталған макроөңірде сумен жабдықтау желілерінде (Қарағанды облысында – 1934 бірл., Шығыс Қазақстан облысында – 1414 бірл., Павлодар облысында – 1034 бірл.); су бұру желілерінде (Қарағанды облысында – 2182 бірл., Шығыс Қазақстан облысында – 674 бірл.) және жылумен жабдықтау желілерінде (Павлодар – 59 бірл., Қарағанды – 34 бірл., Шығыс Қазақстан облыстарында – 12 бірл.) жоғары авариялылық байқалады. Тұтастай алғанда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу дәрежесі жоғары.
Астана қаласы

Халықтың жоғары және бақыланбайтын көші-қон ағыны салдарынан елордада әлеуметтік инфрақұрылымның тым жетіспеушілігі қалыптасып отыр.

Астана қаласындағы 15-24 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі салыстырмалы түрде жоғары: 8,0% (республикада 1-орын).

Халықтың тұрғын үймен ең жоғары деңгейде қамтамасыз етілуіне (бір адамға 27,7 ш. метр) қарамастан, көші-қон ағынының жоғары деңгейіне және қаланың астана ретіндегі жоғары мәртебесіне байланысты қалада тұрғын үй бағасы өте жоғары және тиісінше халықтың қалың бұқарасы үшін тұрғын үйге төмен қолжетімділік қалыптасты.

Астанаға көлік инфрақұрылымында жол кептелістері проблемасы мен жолдардың жүктемесін азайтатын көлік айрықтарының, көпірлердің жетіспеушілігі тән. Келесі проблема – бұл жол жабыны сапасының төмендігі және қаланың шетіндегі жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі. Бұл ретте Астанада тұрақ орындарының тапшылығы бар.

Энергетика саласында электр энергиясының шығыны көп екені байқалады: 1250 млн. кВт/сағ. Астана сумен жабдықтау желілеріндегі авариялылықтың жоғары дәрежесімен ерекшеленеді: 868 бірл.


Алматы қаласы

Демография саласында халықтың табиғи өсімінің төмен деңгейі байқалады: табиғи өсім коэффициенті – 1000 адамға – 11,66 (Қазақстан Республикасы өңірлері арасында 10-орын).

Алматы қ. Қазақстан Республикасы өңірлері арасында ең жоғары жұмыссыздық деңгейі: 5,5% (44,8 мың адам), сондай-ақ 15-28 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі: 8,2% белгіленді.

Алматыға да көлік кептелістері проблемасы мен жолдардың жүктемесін азайтатын көлік айрықтарының, көпірлердің жетіспеушілігі тән. Сондай-ақ қала шетіндегі жолдардың жай-күйі қанағаттанарлықсыз. Энергетикада электр энергиясының үлкен шығындары (1585 млн. кВт/сағ) және жылудың көп шығыны байқалады (1102,2 мың Гкал.). Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы өте жоғары.


4. Елдің аумақтық даму ерекшеліктері

Қазақстанның тәуелсіздік алғанға дейінгі аумақтық дамуы бұрынғы КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы кешенінің шеңберінде айқындалды және орталықтандырылған директивті жоспарлау негізінде жүзеге асырылды.

Нарықтық экономиканың жұмыс істеуі жағдайында экономикалық әлеуетті дамыту мен орналастыру және халықты қоныстандыру мәселелері негізінен нарық тетіктерімен айқындалады.

Негізінен кеңестік кезеңің өзінде қалыптасқан елдің экономикалық әлеуетін орналастыру сақталып қалған ішкі экономикалық кеңістіктің ықпалдастырылмауы, экономика құрылымының қалыпсыздануы салдарынан оның дербес экономикалық жүйе ретінде тұрақты дамуының қазіргі заманғы қажетті талаптарына сай келмейді.

Бұдан басқа, елімізге әлемдік және өңірлік еңбек бөлінісінде бір бағыттағы мамандану және көптеген өңірлердің бір бейінділігі, құрылымның қалыпсыздығы және экономиканың сақталып отырған ықпалдастырылмауы тән. Экономикада бір-бірімен салалық аспектіде де, аумақтық аспектіде әлсіз байланысқан экспорттық шикізат бағытының оқшауландырылған секторларымен және бәсекеге қабілеттілігі төмен өңдеуші өнеркәсібі бар биполярлық құрылым қалыптасты.

Оның негізгі себебі, елдің аумақтық дамуының экстенсивті дамуға тәуелділігі, яғни ресурстық-табиғи әлеует барынша пайдаланылады – бұл әлемдік нарықтың Атырау және Маңғыстау облыстарында өндірілетін көмірсутекті шикізатқа деген үлкен сұранысы және солтүстік пен оңтүстік астаналардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше жағдайлары.

Нарық талап ететін табиғи-шикізаттық ресурстардың Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында болмауы бәсекеге қабілетті адами капиталды, білімді, технологияларды құру үшін ұйымдастырушылық әлеуетті қалыптастыру қажеттігіне алып келді.

Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында көмірсутекті шикізаттың ірі қорлары бола тұра өңірлік факторды жалпы барынша пайдаланудың алғышарттары жасалмаған (табиғи ресурстардың көп құрауыштылығы, көпсалалық ауыл шаруашылық өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау), бұл әлеуметтік-экономикалық дамудың барынша төмен деңгейін айқындады.

Экономикалық жүйелердің өңіраралық саралануын тереңдету қоғамда әлеуметтік шиеленіс туғызып, күшейтеді, нәтижесінде кейіннен өңіраралық алмасу жүйесінен шыға отырып, ресурстар мен соңғы өнімдердің таза тұтынушыларына айнала отырып, оларды ұстап тұру үшін бюджет шығыстарының өсуіне әкеле отырып, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың депрессивті өңірлерден кетуі байқалады.

Өңірлердің аумақтық дамуының басты ерекшелігі жүйелік сипатқа ие мынадай элементтер болып табылады:



  1. елдің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы айтарлықтай арақашықтықтар, бұл көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуымен бірге өңіраралық тасымалдардың жоғары көлік шығындарын туғызады;

  2. көптеген облысаралық шекаралар бойынша тауар алмасуды дамыту әлеуетін барынша қысқартатын экономикалық шаралардың және көбіне шектес өңірлердегі экономикалық мамандану құрылымының саралау әлсіздігі;

  3. жергілікті компанияларға (ең алдымен, шағын және орта бизнес субъектілеріне) бәсекеге қабілеттілікті арттыру және елдің басқа өңірлерінің нарықтарына шығу үшін өндіріс ауқымы әсерін пайдалануға мүмкіндік бермейтін астаналық агломерациялардан тыс өңірлік нарықтардың шектелген сыйымдылығы;

  4. қазақстандық экономиканың көптеген салаларының негізгі әріптес елдермен (Қытай, ЕО елдері, Ресей және Беларусь) салыстырғанда төмен бәсекеге қабілеттілігі, бұл тұтыну мен инвестициялық сұраныстың негізгі сегменттерінде импорттың басым болуын негіздейді және қазақстандық компанияларға ішкі нарықтың қолда бар әлеуетін пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Осылайша, Қазақстан Республикасы өңірлерінің даму деңгейлерінің саралануы өте жоғары және тұрақты. Бұл өңірлердің ЖӨӨ жан басына шаққандағы көрсеткіштерінің он жылдан астам кезеңде ел бойынша орташа көрсеткішпен салыстыруды көрсетеді. Бұл ретте жетекші мұнай өндіруші өңірлердің жоғары көрсеткіштері өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға әзірше айтарлықтай түрткі бола алмады, себебі мұнай-газ бизнесінен түсетін кірістердің негізгі бөлігі ең ірі агломерацияларда шоғырландырылады және өндіруші өңірлердің өзінде сұраныс көзі болып табылмайды.
18-кесте – Халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысының орташа республикалық деңгейге қатынасы, %-бен

Өңірлер

2001 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Қазақстан Республикасы

100

100

100

100

100

100

100

Ақмола

73,7

82,9

81,4

88,2

87,2

84,4

85,4

Ақтөбе

107,7

98,3

100,0

97,8

102,4

101,5

99,6

Алматы

61,1

65,9

70,3

76,2

78,0

79,4

77,8

Атырау

254,4

236,7

230,2

232,8

221,8

206,9

216,4

Шығыс Қазақстан

107,2

87,8

88,0

89,8

91,2

92,3

90,2

Жамбыл

52,2

68,8

74,4

67,4

67,8

65,9

63,4

Батыс Қазақстан

121,2

112,9

117,1

108,7

109,2

105,7

103,7

Қарағанды

114,2

109,3

108,5

112,3

111,6

111,7

108,5

Қостанай

81,3

78,6

81,0

86,2

86,9

87,0

85,4

Қызылорда

73,2

90,9

93,3

88,1

87,5

85,7

85,5

Маңғыстау

246,2

162,9

162,6

159,3

159,3

158,5

171,5

Павлодар

112,9

103,5

101,3

106,9

108,3

108,7

108,3

Солтүстік Қазақстан

79,8

80,0

82,9

87,9

84,5

83,4

81,6

Оңтүстік Қазақстан

48,4

61,9

62,4

60,9

64,3

62,9

61,1

Астана қаласы

185,8

194,7

179,8

175,2

175,2

175,5

182,2

Алматы қаласы

188,8

207,1

181,9

187,0

184,5

186,6

183,9

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері негізінде есептелген.

Республика бойынша орташа деңгеймен салыстырғанда халықтың жан басына шаққандағы ең жоғары деңгейі елдің мұнай өндіретін екі өңірі мен ірі қалаларында қалыптасқан: Атырау (216,4%), Маңғыстау облыстарында (171,5%), Алматы (183,9%) және Астана қалаларында (182,2%). Ол жоғары экономикалық әлеуеті бар және экономиканың салыстырмалы әртараптандырылған құрылымы бар өңірлерде айтарлықтай төмен, олардың ішінде Қарағанды (108,5%), Павлодар (108,3%), Батыс Қазақстан (103,7%) облыстары. Орташа республикалық деңгейден төмен (75-тен 100%-ға дейін) жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысқа Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының халқы ие, орташа республикалық деңгейдің 75%-ынан төмен деңгейге Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары ие.

Бұдан басқа, халықтың табысы саласының жай-күйі туралы қоғамның әлеуметтік-экономикалық саралану дәрежесін көрсететін көрсеткіштер мен индикаторлар бойынша пайымдауға болады, олардың шамадан тыс артуы әлеуметтік жіктелудің күшеюіне және қоғамда тұрақтылықтың төмендеуіне алып келеді. Ең жиі қолданылатындарына табыстарды шоғырландыру коэффициенті (Джини индексі), халықтың ең жоғары қамтамасыз етілген 10%-ы мен ең төмен қамтамасыз етілген 10%-ының табысын және кедей тұрғындардың үлесін саралау коэффициенті жатады.

Осы әлеуметтік индикаторлардың сандық мәндері. Халықаралық ұйымдар қоғамның әлеуметтік дамуы үшін ең оңтайлы деп таныған бұлар: табыстар шоғырлануының коэффициенті – 0,250–0,260-тан аспауға тиіс.


0,4–0,5 шегіндегі Джини индексінің мәні қоғамда табыстар бойынша үлкен теңсіздік индикаторы болып есептеледі, табыстарды саралаудың децильді коэффициенті – 7-8 есе.
19-кесте – 10 пайыздық (децильді) топтар бойынша Джини коэффициенті (индекс)

Өңірлер

2001 ж.

2009 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Қазақстан Республикасы

0,366

0,267

0,276

0,278

Ақмола

0,344

0,252

0,267

0,277

Ақтөбе

0,382

0,269

0,259

0,261

Алматы

0,331

0,227

0,245

0,247

Атырау

0,372

0,200

0,206

0,213

Шығыс Қазақстан

0,348

0,272

0,281

0,280

Жамбыл

0,310

0,195

0,217

0,225

Батыс Қазақстан

0,321

0,253

0,284

0,267

Қарағанды

0,333

0,264

0,289

0,287

Қостанай

0,370

0,247

0,268

0,269

Қызылорда

0,280

0,228

0,225

0,223

Маңғыстау

0,385

0,159

0,194

0,203

Павлодар

0,318

0,248

0,227

0,224

Солтүстік Қазақстан

0,295

0,250

0,285

0,287

Оңтүстік Қазақстан

0,313

0,223

0,202

0,197

Астана қаласы

0,345

0,288

0,231

0,232

Алматы қаласы

0,309

0,235

0,250

0,250

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

2001-2014 жылдары ел бойынша табыс топтарының децильді


(10%-дық) аралығымен табыстарды шоғырландыру коэффициентінің мәні едәуір теңсіздікті сипаттайтын 0,366-дан қалыпты теңсіздік 0,278-ге дейін қысқарды.

Осылайша, табыстар бойынша салыстырмалы теңсіздік Қарағанды (0,287), Солтүстік Қазақстан (0,287), Шығыс Қазақстан (0,280), Ақмола (0,277), Қостанай (0,269) , Батыс Қазақстан (0,267) және Ақтөбе облыстары (0,261) бойынша байқалады.

Өңірлердің даму деңгейі және олардың ел экономикасындағы рөлі бірдей емес. Өңірлердің салық салынатын база мөлшерінде елеулі айырмашылықтары бар және сондықтан бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруда әртүрлі мүмкіндіктерге ие. Осыған орай, Қазақстан өңірлерінің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру мақсатында қолданыстағы бюджет жүйесінде облыстар арасында, республикалық және облыстық бюджеттер арасында кірістерді қайта бөлуді болжайтын бюджеттік теңестіру тетігі жұмыс істейді.

Теңестірудің қолданыстағы тетігінің тиімділігін айқындау үшін жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіштері мен бюджет кірістері бойынша дисперсиялар есептелген. Бюджет кірістері бойынша дисперсия көрсеткіші жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша дисперсия көрсеткішінен 2,2 есе төмен. Бұл ЖӨӨ-мен салыстырғанда бюджет кірістерінің барынша қалыпты бөлінуін білдіреді.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші орташа республикалық деңгейден жоғары өңірлер үшін бюджет кірістері республикалық деңгейден жоғары болып қалып отыр. Атырау облысы бюджетінің кірістері орташа республикалық деңгейдің 147%-ын, Батыс Қазақстан облысы –
103,8%-ын, Алматы қаласы – 131,7%-ын, Астана қаласы – 207,5%-ын, Маңғыстау облысы – 109,1% -ын құрады.

ЖӨӨ-мен салыстырғанда бюджет кірістерін бөлу бірдей емес және біршама ауытқуларға ие, яғни аталған көрсеткіштер арасында сәйкессіздік байқалады.







6-сурет – 2001, 2007, 2014 жылдардағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ мен жергілікті бюджет кірістері (орташа республикалық деңгейге қатысты, %-бен)

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері негізінде есептелген.
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші орташа республикалық деңгейден төмен өңірлер үшін бюджетаралық трансферттер өңірлер кірістерін республикалық деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Алматы облысының бюджет кірістері орташа республикалық деңгейдің 82,6-ын, Шығыс Қазақстан облысы – 84,2%-ын, Жамбыл облысы – 84,7%-ын, Оңтүстік Қазақстан облысы – 77,3%-ын құрады.

Кейбір жағдайларда мүмкіндіктерді теңестіру азаю жағына да, ұлғаю жағына да шамадан тыс болып келеді. Павлодар облысында жан басына шаққандағы ЖӨӨ орташа республикалық деңгейден 104,6%-ды, бюджет кірістері республика бойынша орташа деңгейдің 89,3%-ын ғана құрайды.

Өңірлер дамуының сәйкессіздіктері жергілікті бюджеттердің біркелкі бюджеттік қамтамасыз етілмеуінің негізі болып табылады және тиісінше бюджетаралық қатынастардың (трансферттердің), атап айтқанда, республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялардың маңызды рөлін айқындайды.
5. Өңірлердің экологиялық дамуын талдау

Атмосфералық ауаның ластануы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 2014 жылы жоғарғы ластану деңгейі (АЛИ – 7-13) сыныбына жататын 7 қала белгіленді: Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Лисаковск, Алматы, Өскемен, Шымкент.

Ластанудың жоғарғы деңгейіне (АЛИ – 5-6) 6 елді мекен жатады: Ақтөбе, Атырау, Риддер, Павлодар, Тараз қалалары және Глубокое ауылы.



7-сурет – Қалалардағы атмосфераның ластану индексі, 2009 және 2014 жж.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» РМК.

Елді мекендерде атмосфералық ауа ластануының жоғарғы деңгейі:


  1. автомобиль жолдарының қала көлігімен жүктелуімен. Республикада соңғы бес жылда автомобиль көліктері құралдарының саны 3162,4 мың бірліктен 4000,0 мың бірлікке дейін өсті. Жеңіл автомобильдерінің 73%-ы (2900,6 мың бірл.) 10 жылдан жоғары. Барлық автомобильдердің 96%-дан астамы бензинмен жұмыс істейді;

  2. өндірістік кәсіпорындарынан елді мекен аумақтарының үстіне эмиссияның таралуымен;

  3. елді мекендерде атмосфералық кеңістігінің төмен желдетілуімен негізделген.

Қазақстан өңірлерінде атмосфераға шығарындылар көлемінің өсу үрдісі байқалады. Тұрақты көздерден шығатын қалдықтардың ең көп бөлігі Қарағанды (2014 ж. – 603,6 мың тонна), Павлодар (610,2 мың тонна) облыстарына тиесілі. Атмосфераның ластануына қара және түсті металлургия өнеркәсіп кәсіпорындары, химия және көмір өндіру салаларының кәсіпорындары, сондай-ақ автокөлік үлкен әсерін тигізеді.

Су ресурстарының ластануы

2013 жылғы деректер бойынша сапасы ең төмен ауыз су – Атырау, Қызылорда және Ақмола облыстарында.

8-сурет – Орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінің ауыз су сапасы, (нормативтерге сәйкес келмейтін су құбыры суы сынамаларының үлес салмағы), %

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы

Басым экологиялық бағыттардың бірі өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу болып қалып отыр.

Өндірістің қауіпті қалдықтарының көп бөлігі Қостанай – 84,4%, Қарағанды – 6,2%, Павлодар – 5,1%, Шығыс Қазақстан – 3,5% облыстарында орналасқан.

Қазақстанға тән проблема ядролық сынақтарды жүргізу орындарында тарихи радиоактивті ластану мен қалдықтардың болуы болып табылады.

Бұдан басқа, Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрмыстық қалдықтардың жаппай ұлғайып келе жатқан көлемін сақтау және қайта өңдеу мәселесі өткір болып тұр. Бұл ретте Қазақстанда коммуналдық қалдықтардың негізгі бөлігі (97%-дан астамы) бөлшектерге бөлінбестен шығарылады және ашық қоқыс алаңдарында жиналады, бұл топырақтың, жерүсті және жерасты суларының, атмосфералық ауаның ластануының себебі болып табылады.

Қазіргі уақытта республикамыздың көптеген өңірлерінде экологиялық ахуал қолайсыз жағдайда. Экологиялық дағдарыстың аса қауіпті көріністеріне атмосфераның ластануы, су ресурстарының сарқылуы және ластануы, қауіпті және уытты қалдықтардың жиналуы болып табылады.

Осылайша, ластанудың ұлғаю үрдісі барлық түрлер мен өңірлер бойынша байқалады. Халық санының өсуін, урбандалу деңгейінің артуын, сондай-ақ экономиканың дамуын ескере отырып, экологияға түсетін келеңсіз жүктеме таяу болашақта өсе түсетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет