Дереккөз: Қазақстан Респубикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері.
Пайдалануға бекітілген жерасты сулары тұщы судың қосымша көздері болып табылады, олардың қорлары 15,4 км3 құрайды, оның ішінде қазіргі уақытта жылына 1,2 км3 өндіріледі, теңіз суы тұщыландырылады және өзге су көздері (шахталардан су бұру, су қоймаларынан тікелей тұтыну, ағын суларды пайдалану, тұзсыздандыру), барлығы жылына 3,9 км3 бар. Жерасты суларының негізгі қорлары Балқаш-Алакөл және Ертіс бассейндерінде орналасқан (қорлардың жалпы көлемінің 66%-ы).
9-кесте – Қазақстан бассейндерінің жерасты су қорларымен қамтамасыз етілуі
Бассейннің атауы
|
Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары, км3/жыл
|
Жерасты суларын өндіру, км3/жыл
|
барлығы
|
оның ішінде
|
ШАСҚ
|
ӨТСҚ
|
СЖ
|
бальнеологиялық
|
Арал-Сырдария
|
1,14
|
0,79
|
0,16
|
0,19
|
0,002
|
0,2
|
Балқаш-Алакөл
|
7,26
|
1,73
|
0,22
|
5,31
|
0,005
|
0,4
|
Ертіс
|
2,87
|
1,10
|
0,12
|
1,65
|
0,001
|
0,2
|
Есіл
|
0,16
|
0,11
|
0,03
|
0,02
|
0,001
|
0,1
|
Жайық-Каспий
|
0,97
|
0,51
|
0,22
|
0,24
|
0,002
|
0,2
|
Нұра-Сарысу
|
0,82
|
0,35
|
0,34
|
0,13
|
0,0004
|
0,1
|
Тобыл-Торғай
|
0,48
|
0,40
|
0,08
|
0,00
|
0,0008
|
0,0
|
Шу-Талас
|
1,75
|
0,79
|
0,24
|
0,72
|
0,001
|
0,1
|
ҚР бойынша барлығы
|
15,44
|
5,76
|
1,41
|
8,27
|
0,01
|
1,2
|
Дереккөз: Қазақстан Респубикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері.
Өзендер мен көлдердің экожүйелерін сақтау, табиғатты қорғау мақсатында (экологиялық ағын) пайдалану қазіргі уақытта жылына жалпы су ресурстарынан 38,6 км3 үшін қажет. Оның үстіне қажетті инфрақұрылымның болмауы, арналар мен өзендерде булану мен сүзгілеу және шекаралас мемлекеттерге міндетті ағынды қамтамасыз ету салдарынан жылына 29 км3 қолжетімсіз болып отыр. Бұдан басқа, қамтамасыз етілудің 75%-дық өлшемшартын негізге алсақ, су ресурстарының 12,8 км3 сенімсіз болып табылады. Осылайша, қазіргі уақытта қолжетімді, тұрақты және сенімді су ресурстарының көлемі жылына 23,2 км3құрайды.
Тұтастай алғанда, елдің табысты дамуы үшін Қазақстандағы су ресурстары жеткілікті. Бұл саладағы негізгі проблема Арал теңізін қалпына келтіру, сондай-ақ халықты сапалы әрі сенімді ауыз су көздерімен қамтамасыз ету қажеттігінде болып отыр. Жерасты сулары ауызсудың неғұрлым перспективалы көздері болып табылады.
Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу
2014 жылы тиісінше 8961,9 және 8510 мың адамды құрап, талданып отырған кезеңде (2009-2014 жылдар) экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 5,9%-ға, ал жұмыспен қамтылған халық саны 7,6%-ға ұлғайды. Қарастырылып отырған кезеңде жұмыссыздық деңгейі тұрақты төмендеу үрдісінде болды және 2014 жылы 5%-ды құрады.
Қазақстанның еңбек нарығында соңғы жылдары елеулі құрылымдық өзгерістер орын алды. Өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар саны қысқарды, бұл жұмыс күшінің жекеменшік көрсетілетін қызметтер саласына – саудаға, автомобильдерді, тұрмыстық заттар мен жеке тұтыну бұйымдарын жөндеуге, қаржылық қызметке және басқа көрсетілетін қызметтерге ауысуына алып келді.
Сонымен, қазіргі уақытта өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың үлесі 6,3% және тиісінше 18,8% құрағанда, жұмыспен қамту құрылымының көрсетілетін қызметтер саласында жұмыс істейтіндердің үлесі 60,3%-ға жетті.
Өңірлік бөліністе еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі оңтүстік өңірлерде (Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, Алматы қаласында) және батыс өңірлерде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында) жоғары әлеуетімен сипатталады. Сонымен бірге елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде еңбекке жарамды жастағы халық санының бірте-бірте азаюы салдарынан төмен қамтамасыз етілу байқалады.
Демографиялық және көші-қон әлеуетін бағалау
Соңғы онжылдықта елде болып жатқан демографиялық процестердің оң сипаты бар. 2014 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының саны
2009 жылмен салыстырғанда 9%-ға (абсолюттік мәнде – 1 435,3 мың адамға) ұлғайып, 17417,7 мың адамды құрады.
Талданып отырған кезеңде Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан басқа, елдің көптеген өңірлерінде халық санының өсуі байқалады.
Елдегі халық санының ұлғаюы негізінен халықтың табиғи өсімі есебінен болып отыр. Бұдан басқа, соңғы жылдары халықтың табиғи өсімінің коэффициенті тұрақты өсу серпініне ие. Мәселен, 2009 жылы ол
1000 тұрғынға 13 адамды құраса, 2014 жылы 1000 тұрғынға 16 адамға дейін ұлғайды.
3-сурет. ҚР өңірлерінің 2009 –2014 жылдардағы демографиялық көрсеткіштері1.
Қазақстанда халық тығыздығы өте төмен. 2014 жылдың соңында ел ауданының бір шаршы километріне небәрі 6,4 адамнан келді. Ең жоғары халық тығыздығы Алматы (4105,8 адам/ш. км) және Астана
(1218,4 адам/ш.км) қалаларында байқалады.
Қалған өңірлер арасында оңтүстік өңірінде негізінен Оңтүстік Қазақстан облысының есебінен халық тығыздығы неғұрлым жоғары. Халық тығыздығының ең төмен көрсеткіші елдің батыс өңірлеріне тиесілі.
4-сурет. 2009 –2014 жылдардағы халық тығыздығы, адам/ш. км.2
Бұрын 2000-2014 жылдары Қазақстанда ішкі көші-қон ағындарының жыл сайын ұлғаюы мен қарқынының жеделдеуі байқалған болатын:
2000 жылы – 276,7 мың адам, 2009 жылы – 364,8 мың адам, 2014 жылы – 405,6 мың адам.
Сыртқы көші-қон ағыны бірте-бірте қысқарып келеді. Егер
2009 жылы көшіп келушілер саны 41511 адам болса, 2014 жылы көшіп келушілер саны 16784 адамға дейін немесе 60%-ға қысқарды. Көшіп кетушілер саны 15%-ға (2009 жылғы 33985 адамнан 2014 жылы
28946 адамға дейін) қысқарды. 2014 жылы теріс көші-қон сальдосы
12162 адамды құрады.
Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша көші-қон ағындарын талдау көші-қонның ең көп ағынын оңтүстік өңір қамтамасыз ететінін көрсетті, бұл ең алдымен халық санының көптігімен, сондай-ақ халықтың неғұрлым ұтқырлығымен түсіндіріледі.
10-кесте – Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі 2014 жылғы көші-қон
Өңірлер
|
Көші-қон сальдосы, адам
|
барлығы
|
қалалық мекен
|
ауылдық жер
|
Қазақстан Республикасы
|
-12162
|
48775
|
-60937
|
Ақмола
|
-4352
|
-2001
|
-2351
|
Ақтөбе
|
-492
|
2379
|
-2871
|
Алматы
|
-5116
|
-580
|
-4536
|
Атырау
|
726
|
2651
|
-1925
|
Шығыс Қазақстан
|
-8068
|
-736
|
-7332
|
Жамбыл
|
-7956
|
-1638
|
-6318
|
Батыс Қазақстан
|
-1514
|
1411
|
-2925
|
Қарағанды
|
-2862
|
2021
|
-4883
|
Қостанай
|
-2762
|
3526
|
-6288
|
Қызылорда
|
-2537
|
892
|
-3429
|
Маңғыстау
|
3107
|
-2024
|
5131
|
Павлодар
|
-2631
|
1142
|
-3773
|
Солтүстік Қазақстан
|
-5383
|
961
|
-6344
|
Оңтүстік Қазақстан
|
-12194
|
899
|
-13093
|
Астана қаласы
|
17880
|
17880
|
-
|
Алматы қаласы
|
21992
|
21992
|
-
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
2014 жылғы деректер бойынша елдің басқа өңірлерінің есебінен халықтың өңіраралық көші-қонының оң сальдосы Астана мен Алматы қалаларында, Маңғыстау, Атырау облыстарында байқалады, қалған өңірлерде көшіп кетудің ұлғаюы байқалып отыр.
Қазақстандағы демографиялық жағдай өңірлік бөліністе әркелкі дамумен сипатталады. Оңтүстік облыстар адам неғұрлым көп қоныстанған өңірлер болып табылады және олардың халқы елдің экономикалық тұрғыдан неғұрлым дамыған өңірлеріне көшіп баруға мейлінше бейім. Бірақ халықтың көшіп кетуінің жоғары болуына қарамастан, жоғары табиғи өсімнің арқасында бұл өңір халқының саны жылдам қарқынмен ұлғаюда.
Елдің солтүстік және шығыс облыстары, керісінше, халықтың табиғи өсімінің баяу қарқынымен сипатталады, бұл көшіп кету ағынымен бірге осы өңірлердің халық санын азайтады.
Экономикалық фактор (табыс деңгейінің төмендігі, мансаптық өсу перспективаларының болмауы) көші-қон туралы шешім қабылдауға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады.
Көші-қон ағындары жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) айтарлықтай жоғары өңірлерге тартылады. 2014 жылы жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің неғұрлым жоғары деңгейі елдің батыс өңірлерінде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында байқалады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ-нің төмен көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында байқалады. Сонымен, жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша ауқымды аумақтық саралану ел халқын қоныстандыруға айтарлықтай ықпал етеді.
Бұдан басқа өзін-өзі жұмыспен қамтыған халқының үлесі жоғары өңірлер халықтың көші-қон ағынына анағұрлым бейім. 2009-2014 жылдары өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдардың ең жоғары деңгейі Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында байқалған.
Сондай-ақ Қазақстанда урбандалу процесінің қарқыны жоғары емес екенін атап өткен жөн. Қазақстанда урбандалу деңгейі 2014 жылдың соңында 56,7%-ды құрады. Елдегі урбандалудың ең жоғары көрсеткіші 1989 жылы тіркелген – 57,1%.
Оңтүстік өңірлер (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары) халқының басым бөлігін ауыл тұрғындары құрайды, оларға халықтың 62,2%-ы тиесілі.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарының 52,0%-ы ауылдық аумақтарда шоғырланған, бұл осы өңірлердің аграрлық бағытын көрсетеді. Аталған өңірлердің ірі қалаларында барлық халықтың 25,7%-ы, моноқалаларда – 14,2%, шағын қалаларда –
7,8% тұрады.
Батыс өңірлері халқының жартысы дерлік (47,1%) қазіргі уақытта ауылдық жерлерде тұрады.
Урбандалудың баяу қарқынына мынадай факторлар ықпал етеді:
1) өнеркәсіптік өндірістің баяу даму қарқыны (заттай мәндегі өнеркәсіптік өндіріс көлемінің қысқару үрдісі);
2) қалалар экономикасының индустрияланудан кейінгі түрге баяу ауысуы (перспективалы жұмыстың болмауына байланысты шағын және орташа қалалардың көптеген тұрғындары неғұрлым ірі басқа қалалар мен өңірлерге, елдерге көшеді);
3) өңірдің басты қалаларын ауылдық аумақтармен біріктіретін өңіраралық және ішкі инфрақұрылымдардың дамымауы, сондай-ақ оған көшіп қонушыларды қабылдайтын қалалардағы инфрақұрылымның төмен деңгейін жатқызуға болады;
4) ауыл халқының көші-қон ағынының көрсеткіші.
Елдің одан әрі дамуы ел халқының кемінде 70%-ын қалалық жерлерге шоғырландыруды талап етеді, бұл қазіргі заманғы индустрияланудан кейінгі экономиканы қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстандағы халық саны аз болып отырған жағдайда таяу арада әлемдік деңгейдегі заманауи урбандалу орталықтарының шектеулі санын қалыптастыру қажет. Бірінші кезекте Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Өскемен қалалары Қазақстанда осындай орталықтар бола алады.
2. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу
Көлік инфрақұрылымы
Жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) құрылымында қомақты үлеске ие бола отырып, көлік Қазақстанның ішкі экономикасының аса маңызды секторы болып табылады (2014 жылдың қорытындылары бойынша 7,8%). Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2014 жылы
3,6 млрд. тоннаны, жолаушылар тасымалы 21,2 млрд. адамды құрады. Жүктер мен жолаушылар тасымалының негізгі үлесі автомобиль көлігіне тиесілі.
Автомобиль көлігі. Өз конфигурациясы мен ұзындығына қарай республикада жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар желісі негізінен қалыптасқан. Қазақстанда автомобиль жолдарының тығыздығы 1000 шаршы км-ге 31,7 км құрайды және салыстырмалы түрде төмен болып табылады. Ұзындығы бойынша Қазақстанмен салыстыруға болатын бірқатар елдерде 1000 ш.км шаққанда автомобиль жолдарының тығыздығы жоғары: Ресейде – 44 км, Канадада – 90,5 км, Аустралияда – 105,6 км, АҚШ-та – 670 км.
Автомобиль жолдарының тығыздығы ел өңірлері бойынша айтарлықтай ерекшеленеді (Солтүстік Қазақстан облысында 1000 ш.км шаққанда 72,6 км-дан Қызылорда облысында 12,3 км-ге дейін).
Қазақстанда жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 2014 жылғы жағдай бойынша 96,4 мың км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 23,6 мың км, жергілікті маңызы бар жолдар – 73,2 мың км.
11-кесте – Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы және қатты жабындысы бар жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, жылдың басына қарай
Өңірлер
|
Жолдардың ұзындығы, мың км
|
Қатты жабындысы бар жолдардың ұзындығы, мың км
|
Қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының үлесі, %
|
2009 ж.
|
2014 ж.
|
2009 ж.
|
2014 ж.
|
2009 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан
|
73,3
|
73,3
|
62,3
|
63,0
|
85
|
85,9
|
Ақмола
|
5,6
|
5,6
|
5,6
|
5,6
|
100
|
100
|
Ақтөбе
|
4,1
|
4,7
|
3,3
|
3,6
|
80,1
|
77
|
Алматы
|
6,9
|
7,0
|
6,8
|
6,8
|
98,6
|
97
|
Атырау
|
1,8
|
2,0
|
1,3
|
1,3
|
72
|
65
|
Шығыс Қазақстан
|
8,5
|
8,4
|
7,6
|
7,6
|
89
|
90
|
Жамбыл
|
4,1
|
4,1
|
4,0
|
4,0
|
98
|
98
|
Батыс Қазақстан
|
5,2
|
5,3
|
3,4
|
3,5
|
65,4
|
66
|
Қарағанды
|
6,0
|
6,0
|
6,0
|
6,0
|
100
|
100
|
Қостанай
|
8,1
|
8,1
|
6,5
|
6,5
|
80
|
80
|
Қызылорда
|
2,3
|
2,3
|
1,7
|
1,7
|
74
|
74
|
Маңғыстау
|
1,4
|
1,51
|
1,3
|
1,4
|
93
|
93
|
Павлодар
|
4,2
|
4,2
|
3,4
|
3,4
|
81
|
81
|
Солтүстік Қазақстан
|
7,5
|
7,5
|
5,5
|
5,7
|
73
|
76
|
Оңтүстік Қазақстан
|
7,5
|
6,4
|
5,8
|
6,0
|
77
|
94
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің Статистика комитеті және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ есептеулері.
Қазақстан өңірлерінің едәуір бөлігінде қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының үлесі жоғары. Қатты жабындысы бар автомобиль жолдарының үлесі Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында төмен.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің деректері бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының орта есеппен 68%-ы 2015 жылдың басына қарай жақсы және қанағаттанарлық күйде болды (2009 жылы – 49% болатын). Осылайша, жергілікті маңызы бар жолдардың 32%-ының жай-күйі қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.
2014 жылы жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау көлемі –21,2 млрд. адамды, жолаушылар айналымы 214,9 млрд. жкм. құрады.
2014 жылы жүк тасымалдау көлемі артып, 3,1 млрд. тоннаға, жүк айналымы 155,1 млрд. тоннаға жетті.
Транзиттік тасымалдар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, Қытай арасында өтеді. Автомобиль транзитінің негізгі көлемі (шамамен
86%) Қытайда қалыптастырылады. Орта Азия республикалары (шамамен
3,8%) мен Ресейдің (4,6%) үлесі айтарлықтай төмен. Қалған елдердің транзиттік тасымалдардағы үлес салмағы шамамен 6,3%-ды құрайды.
Автомобиль көлігіндегі негізгі проблемалар мыналар болып табылады:
Достарыңызбен бөлісу: |