Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ деректері бойынша.
Көмір өнеркәсібі
Қазақстанның дәлелденген көмір қорлары бойынша ең берік позициясы – әлем бойынша 7-орын. Отын шығарудың ағымдағы құрылымында көмір негізгі үлеске ие – жиынтық тұтынудың 74%-ын құрайды (шартты отын тоннасында). Қазақстанда көмір қоры 34,2 млрд. тонна (әлемдік қорлардың 3,9%-ы) деңгейінде бағаланады.
Соңғы жылдары Қазақстан жыл сайын 100 млн. тоннадан астам көмір өндіреді. Бұл ретте барлық өндірілген көмірдің 91%-дан астамы Қарағанды және Павлодар облыстарына тиесілі.
Өндірілетін энергетикалық көмірдің негізгі үлесі елдің электр энергиясы саласының қажеттіліктеріне және экспортқа (тиісінше 51% және 31%), қалған көлемі – халықтың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне және өнеркәсіптік кәсіпорындарға (тиісінше 13% және 5%) жұмсалады.
3-кесте – Көмір өндіру көлемі (көмір концентратын қоса есептегенде), мың тонна
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
100 854
|
110 929
|
116 449
|
120 528
|
119 574
|
113 843,5
|
Ақмола
|
245
|
1 477
|
1 989
|
3 500
|
3 200
|
2 006,9
|
Ақтөбе
|
5
|
3
|
3
|
3
|
-
|
-
|
Алматы
|
15
|
15
|
15
|
20
|
20,8
|
26,4
|
Шығыс Қазақстан
|
5 353
|
5 813
|
6 173
|
6 167
|
6045
|
6 388,6
|
Жамбыл
|
355
|
375
|
281
|
80
|
80,0
|
90,1
|
Қарағанды
|
30 722
|
32 585
|
35 241
|
35 388
|
37 211
|
38 195,8
|
Қостанай
|
8
|
50
|
30
|
23
|
2,6
|
-
|
Павлодар
|
64 150
|
70 613
|
72 717
|
75 346
|
73 015
|
67 135,7
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Қорлардың қомақты көлеміне байланысты Қазақстандағы көмірдің ресурстық базасы ұзақ мерзімді перспективада көмір өнеркәсібін дамыту үшін шектеу болып табылмайды.
Энергетикалық, сол сияқты кокстелетін көмір қоры өндіруді белсенді арттырғанның өзінде жүздеген жылдарға жетеді.
Тау-кен металлургиясы өнеркәсібі
Тау-кен металлургиясы саласы – бұл Қазақстан өнеркәсібінің базалық секторларының бірі. Мұнда негізгі кәсіптегі 164,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Қазақстанда хром кенінің әлемдік қорының – 30%-ы, марганец кенінің – 25%-ы, темір кенінің 10%-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қорлары әлемдік қорлардың тиісінше 10% және 13%-ын құрайды.
Менделеев кестесінің 105 элементінен Қазақстанның жер қойнауында 99 элемент анықталған, 70-і бойынша қорлар барланған, өндіріске 60-тан астам элемент тартылған.
4-кесте – 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайдалы қазбалар қоры
Пайдалы қазба түрі
|
Баланстық қорлар
|
Темір кені, млн. тонна
|
18 814,6
|
Марганец кені, млн. тонна
|
684,1
|
Хром кені, мың тонна
|
366 191,3
|
Бокситтер, мың тонна
|
338 066,7
|
Қорғасын, мың тонна
|
17 185,11
|
Мырыш, мың тонна
|
35 513,17
|
Мыс, мың тонна
|
38 805,5
|
Титан, мың тонна
|
24 031,1
|
Вольфрам, мың тонна
|
2 080,0
|
Алтын, тонна
|
2 348,7
|
Күміс, тонна
|
51 864,6
|
Қалайы, мың тонна
|
138,4
|
Уран, мың тонна
|
838,1
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
Қатты пайдалы қазбалар өндірудің жалпы көлемі бойынша республика әлемдегі 70 тау-кен өндіру державасының ішінде 13-орынға ие.
Темір кенін өндіру көлемі жыл сайын шамамен 51,5 млн. тоннаны құрайды. Өндірудің негізгі көлемі Қостанай облысында (Рудный моноқаласы) шоғырланған. Жыл сайын темір кенінің шамамен
15-16 млн. тоннасы экспортталады, қалған бөлігі одан әрі өңдеуге жіберіледі.
5-кесте – Агломерацияланған және агломерацияланбаған темір кенін өндіру көлемі, мың тонна
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
22 281
|
24 016
|
24 736
|
25 889
|
25 228,2
|
24 561,7
|
Ақмола
|
839
|
280
|
285
|
272
|
363,2
|
401,2
|
Ақтөбе
|
2
|
232
|
302
|
296
|
123,0
|
-
|
Қарағанды
|
2 947
|
2 669
|
3 221
|
4 003
|
4 075,6
|
4 688,1
|
Қостанай
|
18 493
|
20 835
|
20 928
|
21 318
|
20 666,4
|
-
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Мыс кенін өндіру көлемі 2014 жылы 38,6 млн. тоннаны құрады, оның басым бөлігі Қарағанды облысына тиесілі. Өңделмеген кен экспортының көлемі шамалы – жыл сайын 0,5 млн. тонна. Кеннің негізгі бөлігі одан әрі өңдеуге жіберіледі. Мәселен, 2014 жылы 293,9 мың тонна тазартылған мыс өндірілді.
6-кесте – Мыс кенін өндіру көлемі, мың тонна
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
30 594
|
32 039
|
34 396
|
38 906
|
41 291,3
|
38 660,6
|
Ақтөбе
|
2 111
|
3 297
|
3 838
|
4 734
|
4 985,2
|
4 703,8
|
Шығыс Қазақстан
|
350
|
225
|
752
|
2 167
|
1 787,4
|
1 907,8
|
Жамбыл
|
-
|
-
|
573
|
648
|
1 538,4
|
1 190,7
|
Қарағанды
|
27 406
|
27 765
|
27 672
|
30 267
|
32 031,3
|
29 616,5
|
Қостанай
|
727
|
752
|
1 509
|
1 031
|
655,6
|
725,0
|
Павлодар
|
-
|
-
|
53
|
60
|
293,4
|
516,8
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Алюминий кенін (бокситтер) өндіру толығымен Қостанай облысында шоғырланған, кенді байыту Павлодар облысында жүргізіледі. Өңделмеген алюминий және алюминий оксидінің экспорты 2014 жылы 651,4 млн. АҚШ долларды құрады.
7-кесте – Алюминий кенін (бокситтер) өндіру көлемі, млн. тонна
Өңірлер
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
Қазақстан Республикасы
|
5 130
|
5 310
|
5 495
|
5 170
|
5 192
|
4 514,6
|
Қостанай
|
5 130
|
5 310
|
5 495
|
5 170
|
5 192
|
4 514,6
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Қорғасын мен мырышты өндіру және бастапқы өңдеу негізінен Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған. 2014 жылы қорғасын концентратындағы қорғасын өндіру – 37,8 мың тоннаны, мырыш концентратындағы мырыш өндіру 346,6 мың тоннаны құрады. Мырыш пен қорғасынның негізгі бөлігі экспортталады.
Осылайша, табиғи ресурстарды өндіру және экспорттау елге аз уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік дамуда үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар теңізге шығу мүмкіндігінің болмауы, өнімді өткізудің негізгі нарықтарына дейінгі үлкен қашықтық өндірістік, бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын жедел дамытуды талап етеді.
Көлік инфрақұрылымын дамытуды, оның ішінде табиғи ресурстарды анағұрлым оңтайлы жолмен экспорттау мүмкіндігін қамтамасыз ету бағытында жоспарлау қажет.
Бұдан басқа, елдің бай шикізаттық әлеуеті қосылған құны жоғары тауарларды шығаруға бағдарланған заманауи өнеркәсіптік индустрияны дамытудың негізіне айналуға тиіс.
Жер ресурстарымен қамтамасыз етілу
Еуразия құрлығының ортасында 272,5 млн. га алаңға орналасқан республикамыз жер ауданы бойынша әлемде 9-орынға ие. Шекаралас мемлекеттермен құрлықтағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы
13 383 км құрайды, оның ішінде Ресей Федерациясымен – 7 548 км, Өзбекстан Республикасымен – 2 351,4 км, Қытай Халық Республикасымен – 1 782,8 км, Қырғыз Республикасымен – 1 241,6 км, Түрікменстан Республикасымен – 459 км.
Елдің бір тұрғынының жермен қамтамасыз етілуі бір адамға 17 га-дан асады, оның ішінде, егістікпен қамтамасыз етілу – 1,51 га/адам. Салыстыру үшін басқа елдерде мұндай индекстер тиісінше мынадай болып келеді: Ресей – бір адамға 11,6 га және 0,89 га, АҚШ – 3,8 га және 0,75 га, Канада – 37,1 га және 1,72 га, Қытай – 0,8 га және 0,08 га, Жапония – 0,31 га және 0,03 га.
Осылайша, елде жер ресурстарымен қамтамасыз етілу бойынша айтарлықтай шектеулер жоқ. Жерді ұтымды, мүмкіндігінше экологияға келеңсіз ықпалды барынша азайта отырып пайдалануды жүзеге асыру қажет.
Су ресурстарымен қамтамасыз етілу
Қазақстанда су ресурстарының негізгі көлемін орташа жылдық көлемі 100,4 км3 жерүсті сулары қамтамасыз етеді, оның ішінде 56%-ы жергілікті жерлерде шоғырланады (негізгі бассейндер: Есіл, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай), ал қалған 44%-ы Қытайдан, Өзбекстаннан, Ресейден және Қырғызстаннан трансшекаралық өзендер ағыны есебінен қамтамасыз етіледі (негізгі бассейндер: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Жайық-Каспий). Қазақстан көрші елдер аумақтарынан трансшекаралық өзендер ағынына тәуелділік индексі бойынша Израиль және Португалия сияқты елдермен бір қатарда тұр. Бұл елдің қазір орын алып отырған және әлеуетті су проблемаларын шешу үшін трансшекаралық ағындарды реттеудің маңыздылығын барынша арттырады.
8-кесте – Қазақстан бассейндерінің жерүсті суларымен және өзге су көздерінен алынатын су ресурстарымен қамтамасыз етілуі
Бассейннің атауы
|
Жергілікті су ресурстары, км3
|
Трансшека-ралық су ресурстары, км3
|
Жерасты сулары, км3
|
Өзге су көздері, км3
|
Су ресурстарының жиыны, км3
|
Арал-Сырдария
|
3,4
|
14,6
|
0,2
|
3,2
|
21,4
|
Балқаш-Алакөл
|
15,4
|
12,2
|
0,4
|
0,4
|
28,4
|
Ертіс
|
25,9
|
7,8
|
0,2
|
0
|
33,9
|
Есіл
|
2,6
|
-
|
0,1
|
0
|
2,6
|
Жайық-Каспий
|
4,1
|
7,1
|
0,2
|
0,3
|
11,7
|
Нұра-Сарысу
|
1,4
|
-
|
0,1
|
0,1
|
1,5
|
Тобыл-Торғай
|
1,3
|
0,3
|
0
|
0
|
1,6
|
Шу-Талас
|
1,6
|
2,6
|
0,1
|
0
|
4,4
|
ҚР бойынша барлығы
|
55,7
|
44,7
|
1,2
|
3,9
|
105,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |