3. Жұмыс қағидаттары
18. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:
1) әдептілік;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;
5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;
6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефоны бойынша жүзеге асырылады.
22. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.
Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.
23. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.
Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы стандарттың 22-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.
24. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
25. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.
26. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.
Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
27. Комитеттің байланыс деректері:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;
4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;
5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);
6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;
7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-001.
Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.
«Актуарийлерден біліктілік
емтиханын қабылдау»
мемлекеттік қызмет стандартына
ҚОСЫМША
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)
|
100%
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90%
|
|
|
3. Қол жетімділік
|
3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90%
|
|
|
3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)
|
80%
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90%
|
|
|
5. Әдептілік
|
5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90%
|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Жарлықтарының тізбесіне
17-қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 1063 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік
бюроның пайдалануына енгізу актісін беру»
мемлекеттік қызмет
СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінің нысанын бекіту туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 184 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісі не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.
7. Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу бойынша кредиттік бюроның қажетті іс-шараларды орындауына тексеру жүргізу туралы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Өтініш берушілердің кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу бойынша кредиттік бюроның қажетті іс-шараларды орындауына тексеру жүргізу туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.
Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке өтініш беруі, сондай-ақ мынадай іс-шараларды:
1) Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат жеткізушілермен ақпарат беру туралы шарт жасауды;
2) кредиттік тарихты қалыптастыру бойынша ақпараттық үдерісті ұйымдастыруды;
3) кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасаған ақпарат жеткізушілермен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық үдеріске тестілеу жүргізуді жүзеге асыруы тиіс.
Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу бойынша қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп құрылған Комитеттің комиссиясы жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нысан бойынша кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу актісінде көрсетіледі. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы мен кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу актісі болған кезде ғана жол беріледі.
12. Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға енгізу бойынша кредиттік бюроның қажетті іс-шараларды орындауына тексеру жүргізу туралы өтініш еркін нысанда жасалады.
13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).
14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.
Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.
Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген іс-шаралар орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісін беруден бас тартады.
Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұруға негіздер жоқ.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:
1) әдептілік;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;
5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;
6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша, № 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефоны бойынша жүзеге асырылады.
21. Өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда почта арқылы (электронды түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.
Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.
22. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.
Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағымды беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.
25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып) белгі қойылады.
Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
26. Комитеттің байланыс деректері:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық почта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;
4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;
5) Комитет Төрағасының және оның орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін);
6) Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000;
7) Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.
Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.
«Кредиттік тарихтың деректер базасын
басқару жүйесін кредиттік бюроның
пайдалануына енгізу актісін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
ҚОСЫМША
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)
|
100%
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90%
|
|
|
3. Қол жетімділік
|
3.1. Қызмет сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90%
|
|
|
3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)
|
80%
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90%
|
|
|
5. Әдептілік
|
5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
90%
|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Жарлықтарының тізбесіне
18-қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 1063 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру»
мемлекеттік қызмет
СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 92-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беруді растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген қағаз тасымалдауыштағы хат не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет өтініш беруші осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Өтініш берушілердің заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру туралы өтініші түрінде жазбаша нысанда жіберілген өтініштері бойынша мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.
Осы мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз, сондай-ақ жедел қызметсіз көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет Комитеттің үйінде көрсетіледі. Комитеттің үйі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Комитетке:
1) өтінішті;
2) бағалы қағаздар нарығында белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың кемінде 30 (отыз) пайызы осы заңды тұлғаның мүшелері болып табылатындығын растайтын құжаттарды беруі тиіс.
12. Өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беруге арналған өтініш еркін нысанда жасалады.
13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғаға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).
14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлға өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.
Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.
Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9:00-де, 11:00-де, 15:00-де және 18:00-де) алынады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне береді.
16. Мынадай жағдайларда, егер:
1) ұсынылған құжаттар пакеті осы стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беруден бас тартылады. Осы мемлекеттік қызмет бойынша оны тоқтата тұруға негіздер жоқ.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитет осы қызметті көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:
1) әдептілік;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;
3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін сақтауы;
5) мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;
6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |