Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



жүктеу 2.36 Mb.
бет1/14
Дата22.02.2016
өлшемі2.36 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2011 жылғы __________



Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы _________

№ _____ Жарлығына

қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Жарлықтарының

тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 928 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 13-14, 124-құжат):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу»;

2) «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау»;

3) «Валюталық операцияны тіркеу» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін.»;

«Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының мемлекеттік қызметті көрсететін бөлімшелерінің мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Айырбастау пунктін тіркеу үшін талап етілетін құжаттар:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың
көшірмесі;

4) тұтынушының Ереженің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы дайындықтан өткендігін растайтын құжатының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі қоса берілген, кассирдің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамасын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының үй-жайдың банк операцияларын жүргізу үшін дайын екендігі туралы қарап тексеру актісінің және (немесе) қорытындысының көшірмесі;

қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) біліктілік талабына сәйкестігін растайтын құжат (екінші деңгейдегі банктің уәкілетті ұйымның банк шотында лицензия алуға өтініш бергенге дейінгі күні айырбастау пункттерінің санын есепке ала отырып, жарғылық капиталды ақшалай нысанда қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі мөлшерден аз емес мөлшерде ақшасының болуын растайтын құжаты) ұсынылады.

Егер тұтынушы уәкілетті ұйымның филиалы болып табылса, мыналар қосымша ұсынылады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясының көшірмесі;

уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен филиалы туралы ереженің көшірмесі.

Егер тұтынушы банктің немесе Ұлттық почта операторының филиалы болып табылса, мыналар қосымша ұсынылады:

филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен филиал туралы ереженің көшірмесі.

Шет тілде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Айырбастау пунктін қайта тіркеу үшін талап етілетін құжаттар:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) қайта тіркеу үшін негіздемелердің (айырбастау пунктін нақты көшіруге әкеп соқпайтын көше атауларының, үй нөмірлерінің және тіркеу куәлігінде көрсетілген басқа да деректердің өзгеруі) туындауын растайтын құжаттар.

Айырбастау пунктін бастапқы тіркеу кезінде бұған дейін ұсынылған, істегі құжаттар айырбастау пунктін қайта тіркеу үшін қайта ұсынылмайды.

Айырбастау пунктін қайта тіркеу кезінде жаңа тіркеу куәлігінің нақты берілген күні көрсетілген тіркеу куәлігі беріледі.»;

«Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша»;

«Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша»;

«Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша»;

«Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша»;

«Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымша»;

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызмет стандарты»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты және аумақтық филиалдары көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызмет көрсететін орталық аппараты бөлімшелерінің және аумақтық филиалдарының мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Валюталық операция туралы немесе шетел банкіндегі шот туралы қағаз тасымалдауыштағы хабарлама куәлік көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша валюталық операция туралы немесе шетел банкіндегі шот туралы толтырылған хабарламаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.»;

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша»;

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша»;

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша»;

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша»;

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымша»;

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына 6-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызмет стандартына 6-қосымша»;

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына 7-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызмет стандартына 7-қосымша»;

«Валюталық операция туралы хабарлама куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына 8-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау» мемлекеттік қызмет стандартына 8-қосымша»;

«Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Валюталық операцияны тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызмет көрсететін аумақтық филиалдары бөлімшелерінің мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) валюталық шарттың тігілген және қолмен (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөрмен (заңды тұлғалар үшін) расталған көшірмесі;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

5) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) валюталық шарт бойынша міндеттемелердің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшірмелері.

Шет тілде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттар пакеті тұтынушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің нысанын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсынан (www.nationalbank.kz) және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалынан осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Егер:

1) шынайы емес ақпарат ұсынылған не Заңға сәйкес талап етілетін ақпарат ұсынылмаған;

2) жүргізілетін операция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайларда валюталық операцияны тіркеуден бас тартылады.

Валюталық операцияны тіркеуден бас тарту себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап тұтынушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі. Жауап поштамен жіберіледі не тұтынушыға, не оның сенім білдірілген тұлғасына (сенімхат негізінде) жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде қолын қойғыза отырып беріледі.»;

«Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік
қызмет стандартына 1-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:



«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша»;

«Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік


қызмет стандартына 2-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:



«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша»;

«Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік


қызмет стандартына 3-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:



«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша»;

«Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік


қызмет стандартына 4-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:



«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша»;

«Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік


қызмет стандартына 5-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:



«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымша»;

«Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік


қызмет стандартына 6-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:



«Валюталық операцияны тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 6-қосымша».

2. «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 932 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 151-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитетінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитетінің мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:

1) «Заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)»;

2) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат»;

3) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару».»;

«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлігінде), Комитет үйінің холында орналастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты Комитеттің тегін анықтама қызметінде 8 (727) 244-95-00 телефоны арқылы алуға болады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Комитеттің жұмыс кестесі: сенбі мен жексенбі және заңнамалық актілерде белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Комитет үйінің бірінші қабатында орналасқан, Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 107 кабинет мемлекеттік қызмет көрсету орны болып табылады. Үстел, қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін креслолар орналасқан Комитеттің холы күту орны болып табылады, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, Комитет үйінің кіре берісі пандуспен жабдықталған.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

құрылтайшы немесе құрылтайшының уәкілетті тұлғасы қол қойған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініш;

қаржы орталығының қатысушысын құру туралы құрылтай жиналысы хаттамасының немесе жалғыз құрылтайшы шешімінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі екі данасы;

жарғының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үш данасы;

қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін растайтын нотариат куәландырған құжат;

құрылтайшыда – заңды тұлғада Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы;

аударым операциясын жүзеге асырған ұйым беретін заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу үшін, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат;

құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.

Шетел қатысатын қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша белгіленбесе, қосымша мына құжаттардың бірі ұсынылады:

мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен бірге сауда тізілімінен заңды көшірме немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын басқа да заңды құжат;

мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасымен бірге құрылтайшы - шетелдік жеке тұлға паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат.

Қаржы орталығының қатысушысын - банктің еншілес ұйымын мемлекеттік тіркеуден өткізген жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген банктің еншілес ұйымды құруына рұқсат қосымша ұсынылады.

Акцияларының (үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі қаржы орталығының қатысушысын және онымен аффилиирленген тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізген жағдайда монополияға қарсы органның жазбаша келісімі ұсынылады.

Қайта ұйымдастыру (өзгерту, қосу, бөлу, бөліп шығару) нәтижесінде құрылатын қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа мыналар ұсынылады:

қаржы орталығы қатысушысының уәкілетті органының мөрімен бекітілген уәкілетті органның қайта ұйымдастыру туралы шешімі;

қаржы орталығы қатысушысы мүлкінің меншік иесі немесе қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған қаржы орталығы қатысушысының міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлығы туралы ережелер көрсетілген өткізу актісі не бөлу балансы;

қаржы орталығы қатысушысын қайта ұйымдастыру, кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат жарияланған баспасөз басылымының түпнұсқасы не қаржы орталығының қатысушысын қайта ұйымдастыру туралы кредиторларды жазбаша хабардар етуді растайтын құжат;

құрылтай құжаттары, қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі;

өзгертілуі тиіс қаржы орталығының қатысушысы мөрінің жойылғаны туралы Алматы қаласының ішкі істер органы беретін құжат;

акционерлік қоғам нысанындағы қайта ұйымдастырылатын қаржы орталығы қатысушысының акциялар шығарылымының күшін жою туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның хабарламасы.

Қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік қайта тіркеу үшін мыналар ұсынылады:

өтініш;

уәкілетті органның мөрімен бекітілген, қаржы орталығы қатысушысының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы уәкілетті органның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шешімі (шешімінен үзінді-көшірме);



жаңа редакциядағы құрылтай құжаты не құрылтай құжатына қосымша ретінде, мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделген өзгерістердің екі данасы. Егер заңнамалық актілерге сәйкес құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруы тиіс болса, онда оған енгізілетін өзгерістер де нотариалды тәртіппен куәландырылуы тиіс;

қаржы орталығы қатысушысының орналасқан жерін растайтын нотариат куәландырған құжат;

қаржы орталығы қатысушысының бұрынғы Жарғысы;

қаржы орталығы қатысушысының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі;

аударым операциясын жүзеге асырған ұйым беретін заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу үшін, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат;

құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.

Қатысушылар құрамының өзгеруі негіздемесі бойынша қаржы орталығының қатысушысын - шаруашылық серіктестікті мемлекеттік қайта тіркеу кезінде мынадай құжаттардың бірі қосымша ұсынылады:

шаруашылық серіктестігінің құрамынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес серіктестіктен шығатын қатысушының мүліктегі (жарғылық капиталдағы) үлесін иеліктен шығару (беру) немесе құқығының ауысуын растайтын құжат (шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда);

қаржы орталығы қатысушысының құрамына жаңа қатысушы - заңды тұлға кірген жағдайда, жаңа қатысушы - заңды тұлғаның салық берешегінің жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы.

Таратылу негіздемесі бойынша қаржы орталығы қатысушысы қызметінің тоқтатылуын тіркеу үшін мыналар ұсынылады:

қаржы орталығы қатысушысы мүлкінің меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) немесе меншік иесінің уәкілетті тұлғасы қол қойған, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініш;

меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген қаржы орталығының қатысушысы органының тарату туралы, шешім қабылдаған органның мөрі басылған шешімі;

құрылтай құжаттары, қаржы орталығы қатысушысының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі;

қаржы орталығының қатысушысы қызметінің тоқтатылуы туралы, кредиторлардың өтініштерін мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат жарияланған баспасөз басылымының түпнұсқасы;

таратылатын қаржы орталығы қатысушысы мүлкінің құрамы, кредитор мәлімдеген шағымдар тізбесі, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын аралық тарату балансы;

тарату балансы;

меншік иесінің немесе өзге органның қаржы орталығының қатысушысын тарату туралы, аралық және тарату баланстарын бекіту туралы, шешім қабылдаған органның мөрі басылған шешімі;

қаржы орталығының қатысушысы мөрінің жойылғаны туралы Алматы қаласының ішкі істер органы беретін құжат;

Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы;

қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның акциялар шығарылымының күшін жою туралы хабарламасы (акционерлік қоғамдар үшін);

аударым операциясын жүзеге асырған ұйым беретін заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу үшін, сондай-ақ оларды қайта тіркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат;

құжаттарды беру және алу құқығына сенімхат.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Өтініштердің үлгілері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында орналастырылған не оларды Комитетте (№ 107-кабинет) алуға болады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Құжаттарды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Комитеттің үйінде мына мекенжайында қабылдайды: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 103 кабинет.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Комитеттің мемлекеттік қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:

1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы және әдепті болуы;

2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;

3) қаржы орталығының қатысушысы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;

4) мемлекеттік қызметті тұтынушының конфиденциалды ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысын бағалауға негіз болатын мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Комитеттің мемлекеттік қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы түсініктемені, шағымды дайындауға көмек алу үшін тұтынушы мына мекенжайға: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 202 кабинет, Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бастығына хабарласа алады, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қызмет жөнсіз көрсетілген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, кабинеттің нөмірі 205, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Мемлекеттік қызмет туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында орналастырылған.»;

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлігінде), Комитет үйінің холында орналастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты Комитеттің тегін анықтама қызметінде 8 (727) 244-95-00 телефоны арқылы алуға болады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Комитеттің Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы қағаз тасымалдауыштағы өтінішхатын (бұдан әрі – өтінішхат) беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

Осы Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда тұтынушыға жазбаша нысанда мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі. Бұл ретте тұтынушыға өтінішті қоспағанда, ұсынылған құжаттардың көшірмелері қайтарылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Комитеттің жұмыс кестесі: сенбі мен жексенбі және заңнамалық актілерде белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Комитет үйінің бірінші қабатында орналасқан, Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 107 кабинет мемлекеттік қызмет көрсету орны болып табылады. Үстел, қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін креслолар орналасқан Комитеттің холы күту орны болып табылады, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, Комитет үйінің кіре берісі пандуспен жабдықталған.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Құжаттарды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Комитеттің үйінде мына мекенжайында қабылдайды: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 103 кабинет.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Комитеттің мемлекеттік қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:

1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы және әдепті болуы;

2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;

3) қаржы орталығының қатысушысы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;

4) мемлекеттік қызметті тұтынушының конфиденциалды ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысын бағалауға негіз болатын мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Комитеттің мемлекеттік қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы түсініктемені, шағымды дайындауға көмек алу үшін тұтынушы мына мекенжайға: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 202 кабинет, Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бастығына хабарласа алады, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.»;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қызмет жөнсіз көрсетілген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, кабинеттің нөмірі 205, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Мемлекеттік қызмет туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында орналастырылған.».

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (бұдан әрі – Комитет) мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлігінде), Комитет үйінің холында орналастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты Комитеттің тегін анықтама қызметінде 8 (727) 244-95-00 телефоны арқылы алуға болады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Комитеттің жұмыс кестесі: сенбі мен жексенбі және заңнамалық актілерде белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Комитет үйінің екінші қабатында орналасқан, Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін № 203 кабинет мемлекеттік қызмет көрсету орны болып табылады. Үстел, қажетті құжаттардың үлгілері бар тұғыр және күту үшін креслолар орналасқан Комитеттің холы күту орны болып табылады, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, Комитеттің кіре берісі пандуспен жабдықталған.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Құжаттарды уәкілетті құрылымдық бөлімшенің сарапшысы Комитеттің үйінде мына мекенжайында қабылдайды: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 103 кабинет.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Комитеттің мемлекеттік қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілері өз қызметінде:

1) қарапайымдылық танытып, өз лауазымын асыра көрсетпеуі және пайдаланбауы, сыпайы және әдепті болуы;

2) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеуі, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдауы;

3) қаржы орталығының қатысушысы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуі;

4) мемлекеттік қызметті тұтынушының конфиденциалды ақпаратын жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуі тиіс.»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысын бағалауға негіз болатын мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Комитеттің мемлекеттік қызметті ресімдейтін мемлекеттік қызметшілерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы түсініктемені, шағымды дайындауға көмек алу үшін тұтынушы мына мекенжайға: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 202 кабинет, Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бастығына хабарласа алады, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz».;

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, телефон нөмірі: 8(727) 244-95-00, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.

Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда өтініш беруші шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қызмет жөнсіз көрсетілген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес Комитетке беріледі, кабинеттің нөмірі 205, электрондық поштасының мекенжайы: krfca@nationalbank.kz.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Мемлекеттік қызмет туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында орналастырылған.».

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 1063 Жарлығына:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:

1) «Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»;

2) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»;

3) «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін келісу»;

4) «Орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісу»;

5) «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісу»;

6) «Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»;

7) «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»;

8) «Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру»;

9) «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»;

10) «Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»;

11) «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»;

12) «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»;

13) «Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу»;

14) «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»;

15) «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»;

16) «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау»;

17) «Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның пайдалануына енгізу актісін беру»;

18) «Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру»;

19) «Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру»;

20) «Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру»;

21) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу».»;

«Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»; «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»; «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін келісу»; «Орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісу»; «Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісу»; «Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»; «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»; «Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру»; «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»; «Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»; «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»; «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»; «Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу»; «Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»; «Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»; «Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау»; «Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру»; «Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру»; «Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру»; «Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру»; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу» мемлекеттік қызметтер стандарттары осы Тізбенің 1 – 21-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 928 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 1168 Жарлығына:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің:

1) «Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды беру»;

2) «Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру»;

3) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін.»;

Қазақстан Республикасы Президентінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Жарлықтары Тізбесінің 22-қосымшасына сәйкес редакцияда «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылсын;

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының  мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшелерінің мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.»;

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша»;

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша»;

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша»;

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша»;

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымша»;

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 6-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 6-қосымша».

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшесінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімше) мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.»;

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша»;

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша»;

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша»;

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша»;

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымша».

Қазақстан Республикасы Президентінің

өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін Жарлықтарының тізбесіне

1-қосымша

 

 Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 1063 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 «Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу» мемлекеттік қызмет


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет