Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау


Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарды компьютерлік тестілеуден өткізу бағдарламасы



бет3/3
Дата07.07.2016
өлшемі223.5 Kb.
#182806
1   2   3

Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарды компьютерлік тестілеуден өткізу бағдарламасы


Әскери лауазымдар

Бағдарлама

Тапсырмалар саны

офицерлік құрам

Қазақстан Республикасы заңын білу тестісіне Қазақстан Республикасының Конституциясы біліміне (15 сұрақ), «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (7 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (3 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (5 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» (10 сұрақ), «Ұлттық қауіпсіздік туралы» (5 сұрақ), «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер, басқа әскерлері мен әскери құрамаларының Тәртіптік Жарғысы (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі (10 сұрақ) кіреді.

120 сұрақ

қатардағы және сержанттық құрам

Қазақстан Республикасы заңын білу тестісіне Қазақстан Республикасының Конституциясы біліміне (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (10 сұрақ), «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер, басқа әскерлері және әскери құрамаларының Тәртіп Жарғысы (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі (10 сұрақ) кіреді.

90 сұрақ

Қазақстан Республикасының прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің Қағидаларына 8-қосымша
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарды тағылымдамадан өткізудің

Үлгілік жоспары




Іс-шараның атауы

Мерзімі

1

Теориялық білімі мен практикалық жұмыс тәжірибесінің бастапқы деңгейін анықтау мақсатында кандидатпен әңгімелесу өткізу; кандидатты қызметтік этика ережелерімен, ішкі тәртіп талаптарымен және прокуратура жұмысының тәртібімен таныстыру.

1 күн

2

Прокуратура органдарында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырумен, прокуратура туралы жұмыс регламентімен және ережесімен, қызметкерлер арасында функционалдық міндеттерін бөлумен, жұмысты жоспарлауды ұйымдастырумен, жиын өткізу тәртібімен, атқарушы тәртіп бойынша ведомстволық бақылау жасаумен таныстыру.

1 күн

3

Прокуратура органдарында іс қағаздарын жүргізудің негізгі талаптарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін, азаматтарды, әскери қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін қабылдауды ұйымдастыруды білу.

3 күн ішінде

4

Прокурорлық қадағалаудың негізгі принциптері мен тапсырмаларын бойынша заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін нақты және біркелкі қолдануды жеткізу; әскери органдардың қызметінде заңдылықты сақтау, прокурорлық жауап қайтару актілерін дайындау; әскери қызмет және әскери қызметкерлерді және олардың отбасыларын әлеуметтік қорғау саласында прокурорлық қадағалау ұйымының тәсілдерін үйрену, әскери қызмет және әскери қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы қолдану бойынша дайындыққа, жоспарлауға, тағайындауға және өткізуге қатысу; заңнаманы қолдану бойынша прокурорлық дайындық материалдарының макетін құрастыру.

5 күн ішінде

5

Іздеу, тергеу және жедел іздестіру қызметінің заңдылығы үшін прокурорлық қадағалаудың негізгі принциптері мен тапсырмаларын жеткізу; сотқа дейінгі кезеңде қылмыстық процестің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру тәсілдерін зерделеу, қылмыстық қудалау органдары қабылдаған процессуалдық шешімдердің заңдылығына тексеру жүргізу. прокурордың өкілеттіктерімен танысу; қылмыстық іс макетін құру.

5 күн ішінде

6

Сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың негізгі принциптері мен тапсырмаларын жеткізу және мемлекет мүддесіне сотта өкілеттік ету; сотта прокурордың өкілеттіктерімен таныстыру; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді соттарда қарау кезінде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау ұйымының тәсілдерін зерделеу; өткен материал қорытындылары бойынша макеттер құрастыру.

5 күн ішінде

7

Атқарушылық өндірістің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша прокурордың өкілеттіктерімен танысу; азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша өкімдерді, азаматтық арыз және басқа атқарушы құжаттарды орындау бөлімінде атқарушылық өндіріс материалдарын зерделеу.

2 күн ішінде

8

Кандидаттың қызметтік дайындық бойынша, сондай-ақ прокуратура ұжымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне қатысуын қамтамасыз ету.

тағылымдама мерзімі ішінде

9

Прокурорлық қадағалау сұрақтары жөнінде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының істегі заңнама нормаларын, бұйрықтарын, нұсқауларын зерделеу бойынша кандидатты жеке өз бетінше дайындығын қамтамасыз ету.

тағылымдама мерзімі ішінде

10

Қорытындылау және тағылымдама нәтижелерінің жалпы бағасы.

1 күн

Тағылымдама жетекшісі:

_______________________________________________________________

лауазымы, тегі, қолы


Таныстым:

__________________________________________________________________

кандидаттың тегі, қолы


«___»___________ 20____ ж.
Ескертпе: қатардағы және сержанттық құрамдағы лауазымға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттар үшін тағылымдама жоспары лауазымды болжамды ауыстыру бойынша атқарымдық міндеттері есебімен әзірленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет