9 (11) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халыққа арналған бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы атқару органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықтың жаңа нысандары бойынша шараларды іске асыру
|
2013 жылы Ұлттық спорт түрлерін дамыту және дене шынықтыру – бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде 29 079 000 мың. теңге сомасында 7 әлеуметтік маңызды жоба белгіленді және өткізілді.
1)Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасындағы жарыс;
2) Спорт күніне арналған «Саламатты Қазақстан» республикалық акция;
3) Әскерге шақырылатын және әскерге алынған жастар және Кадет корпусының кадеттері арасында қолданбалы әскери спорт түрлері бойынша республикалық турнир;
4) Аумақтық финал (4 аумақ) және республикалық мектеп лигасының финалы (4 өңір);
5) «Спорт» күніне арналған спорт түрлері бойынша отбасылық командалар арасында спратакиада;
6) Жасөспірімдер арасындағы «Жас барыс» атты қазақ күресі бойынша республикалық турнир;
7) «Ақ бидай» республикалық ауылдық спорт ойындары.
|
|
10 (12) Мамандандырылған телевизия арнасында ағарту мақсатында спорттық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру
|
Халық арасында дене шынықтыруды және спортты насихаттау мақсатында 2013 жылы 1 шілдеде тәулігіне 20 сағат, екі тілде (тілдік баланс, мемлекеттік тілде – 50%, орыс тілде – 50%) хабар тарататын «KazSport» спорттық телеарнасы ашылды. Таралу ортасы – «Отау ТВ» спутник желісі кабельді және спутник операторы.
|
|
11 (13) Алматы қаласындағы Универсиада-2017 қарсанында спорттық (студенттік) клубтар құру жөнінде шаралар қабылдау
|
Агенттік Қазақстандағы студенттік спорттың даму деңгейін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, республиканың жоғары оқу орындарында(бұдан әрі – ЖОО) студенттердің спорт клубтары мен спорттық секцияларының бар-жоғын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуде.
2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 139 ЖОО-да 64 спорт клубы, ал 71 ЖОО-да – спорт секциялары бар, 4 ЖОО-да спорт клубтары мен секцияларының жоқ екені анықталды.
Сондай-ақ, Агенттік облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында балалар мен жасөспірімдер клубтарының нақты болуын, олардың жұмысын, нақты мекенжайы мен шұғылданушылар санын анықтау бойынша тексеріс жүргізді.
Ақмола облысында 2013 жылы 6 балалар мен жасөспірімдер клубы және 3 дене тәрбиесі балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 3820 бала шұғылданады.
Ақтөбе облысында 2013 жылы 11 балалар мен жасөспірімдер клубы және 1 дене тәрбиесінің балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 19690 бала шұғылданады.
Алматы облысында 2013 жылы 34 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 10489 бала шұғылданады.
Атырау облысында 2013 жылы 8 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 10489 бала шұғылданады, өткен жылмен салыстырғанда өзгеріс жоқ.
Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылы 112 балалар мен жасөспірімдер клубы және 112 дене тәрбиесінің балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 11596 бала шұғылданады, өткен жылмен салыстырғанда өзгеріс жоқ.
Жамбыл облысында 2013 жылы 14 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 4684 бала шұғылданады.
Батыс Қазақстан облысында 2013 жылы 1 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, онда 349 бала шұғылданады.
Қарағанды облысында 2013 жылы 82 балалар мен жасөспірімдер клубы және 81 дене тәрбиесінің балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 7598 бала шұғылданады.
Қызылорда облысында 2013 жылы 8 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 2193 бала шұғылданады.
Қостанай облысында 2013 жылы 34 балалар мен жасөспірімдер клубы және 31 дене тәрбиесінің балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 4813 бала шұғылданады.
Маңғыстау облысында 2013 жылы 40 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 1457 бала шұғылданады.
Павлодар облысында 2013 жылы 5 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 651 бала шұғылданады.
Солтүстік Қазақстан облысында 2013 жылы 12 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 7259 бала шұғылданады.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2013 жылы 4 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 4010 бала шұғылданады.
Алматы қаласында 2013 жылы 40 аула клубы бар, оларда 4000 бала шұғылданады.
Астана қаласында 2013 жылы 24 балалар мен жасөспірімдер клубы бар, оларда 4388 бала шұғылданады.
|
|
2-стратегиялық бағыт. Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру
|
2.1-мақсат. Жоғары жетістіктер спортын дамыту
|
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары 002, 003, 005, 006, 008, 009, 010, 011, 012, 007, 23, 029
|
Нысаналы индикатор
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, тәсілдері және әдістері
|
2.1.1-міндет. Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
(1) Ресми спорттық іс-шараларда, әлем чемпионаттарында, әлем кубоктарында, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде иеленген медальдар саны
|
Әкімшілік есепке алу
|
саны
|
726
|
732
|
-
|
2. (2) Білікті спортшылардың (спорт шеберлері) жалпы санынан халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері санының үлесі
|
Әкімшілік есепке алу
|
%
|
28,0
|
28,9
|
-
|
3. (3) Халықаралық жарыстарға қатысқан спорт мектебінде және олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждеріндегі оқушылардың үлесі
|
Әкімшілік
есеп
|
%
|
25,6
|
26,0
|
-
|
4. (4) Жалпы түлектер санынан спорт шеберіне кандидат, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындаған Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері түлектерінің үлесі
|
Әкімшілік есеп,
Ведомстволық статистика-
лық деректер
|
%
|
30
|
35
|
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1. (1) Қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша республиканың спартакиадасын және жастар ойындарын өткізу
|
Қазақстан Республикасының 3-ші қысқы спартакиадасының бекітілген регламентіне сәйкес 2013 жылғы ақпанан сәуірге дейін 8 қалада 30 спорт түрінен жарыстар өткізілді. Салтанатты ашылу Талғар қаласында «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтті. Кешендік есепте 1 орын – Шығыс Қазақстан облысы, 2 орын – Алматы қаласы, 3 орын – Солтүстік Қазақстан облысы.
Қазақстан Республикасының 3-ші жазғы Жастар спорттық ойындарының бекітілген регламентіне сәйкес 2013 жылғы сәуірден маусымға дейін жарыстар өткізілді. Бағдарламаға 28 олимпиадалық спорт түрлері және 2 ұлттық спорт түрі кірді. 27 мамыр күні Шымкент қаласында салтанатты ашылу өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын – Алматы қаласы, 2 орын – Астана қаласы, 3 орынды – Оңтүстік Қазақстан облысы.
|
|
2 (2) Білікті және біліктілігі жоғары спортшыларды даярлау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу
|
Есептік кезеңде 2013 жылға арналған бұқаралық-спорттық, негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен 484 оқу-жаттығу жиыны (бұдан әрі - ОЖЖ) өткізілді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ОЖЖ – 191, халықаралық ОЖЖ – 293.
|
|
3. (3) Спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық жарыстарға (соның ішінде Әлем, Азия чемпионаттарына) дайындалу және қатысу
|
Есептік кезеңде олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен құрама командалар түрлі дәрежедегі республикадан тыс 414 халықаралық жарысқа (олардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық жарыстар – 74, шетелдік халықаралық жарыстар – 340) және 451 республикалық жарысқа қатысты.
|
|
4. (4) Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі) 2012 жылғы ХХХ Олимпиада ойындарына, 2012 жылғы Инсбурктегі (Австрия) Жасөспірімдердің 1-ші қысқы олимпиада ойындарына, 2014 жылғы Нанкиндегі (Қытай) жасөспірімдердің 2-ші Олимпиада ойындарына, 2014 жылғы Сочидегі (Ресей Федерациясы) Олимпиада ойындарына, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродегі (Бразилия Федеративтік Республикасы) ХХХI Олимпиада ойындарына дайындалу және қатысу
|
Нанкин қаласындағы (ҚХР) 2014 жылғы 2-ші жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына дайындық пен қатысу. Нанкин қ. (ҚХР) 2014 жылғы 2-ші жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына сапалы дайындалу мақсатында Агенттікпен жазғы спорт түрлерінен жастар және жасөспірімдер құрама командаларының дайындығына бақылау жүргізуде. Қазіргі уақытта 5 спорт түрінен 11 лицензия алынды. Лицензиялық жарыстардың көбісі 2014 жылы өтеді, осыған байланысты лицензия саны арта түсетінін атап өткен жөн.
Сочи қаласында (РФ) 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындарына дайындық пен қатысу. 2014 жылғы Сочи қаласындағы қысқы олимпиада ойындарына ұлттық командалардың дайындығы жоспарлы түрде бұқаралық-спорттық, сауықтыру және негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына және қысқы спорт түрлерінен спортшыларды дайындаудың Кешенді-мақсатты бағдарламаларына сәйкес жүргізілді. Сочи қаласында (РФ) 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасы спортшыларының қатысуын және дайындықтың сапасын үйлестіру мақсатында Республикалық Жедел Штаб құрылды. Жұмыс жоспарлары мен олардың іске асырылуына жауаптылар бекітілді. Кемінде 40 лицензия жеңіп алу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 9 спорт түрінен 43 лицензия жеңіп алынды. Спорт түрлерінен көшбасшы спортшылардың жеке дайындық жоспарлары әзірленді. Халықаралық жарыстарда көрсетілген нәтижелерге талдау жүргізілді.
Сочи қаласында (РФ) өтетін 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындары өтетін кезде баспасөз орталығы ұйымдастырылды. Ұлттық құрама команда қажетті мүкәммалдармен және құрал – жабдықтармен қамсыздандырылды. 2013 жылғы 5 желтоқсанда өткен Үкімет отырысында қысқы спорт түрлері бойынша құрама командалардың Сочи қаласында (РФ) өтетін 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы мәселелер қарастырылды. 2013 жылы 28 желтоқсанда Жедел штабтың Сочи қаласында (РФ) өтетін 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға дайындығы туралы соңғы отырысы өткізілді.
|
|
5. (5) Республикалық ұйымдарды спорттық керек-жарақпен және жабдықпен жарақтандыру, Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командаларды спорттық киім-кешекпен қамтамасыз ету
|
«Ведомстволық бағынысты спорт ұйымдарының күрделі шығыстары» 007 бюджеттік бағдарламасы аясында 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 ведомстволық бағынысты спорт ұйымы 257 438,7 мың теңгені игерді.
|
-
|
6. (6) Кешенді халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу (Кешенді халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу (Азия ойындары, Еуразия спорттық ойындары)
|
2013 жылғы тамыздың 16-ынан 24-іне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының жасөспірімдер құрама командасы 2-ші Азия жасөспірімдер ойындарына қатысты.
Жарыс Нанкин қаласында (ҚХР) өткізілді, оған Азия континентінен 45 мемлекет қатысты. Жарыс бағдарламасында 16 спорт түрі, ойнатылды. Қазақстан командасы 15 спорт түрінен спортшылар, жаттықтырушылар және спорт өкілдерінің жалпы санымен 197 адам қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша құрама команда сегіз спорт түрінен 13 медаль: стенд ату (1 алтын, 1 қола), жеңіл атлетика (2 күміс), таэквондо (1 күміс, 1 қола), гандбол (1 күміс, әйелдер командасы), дзюдо (2 қола), ауыр атлетика (1 қола), жүзу (1 қола) и теннис (2 қола) жеңіп алды.
Жалпыкомандалық есепте 1 орынды – Қытай (91 медаль), 2 орында – Жапония (45 медаль), 3 орынды – Тайланд (35 медаль) иеленді. Қазақстан жалпы командалық есепте 10 иеленді. (2009 жылы Сингапурде өткен Бірінші Азия жасөспірімдер ойындарында 21 жеңіп алып, 8 орынды иеленді).
2013 жылғы 14-21 қыркүйекте - Алматы қаласында қыздар мен жасөспірім ұлдар арасында 3-ші Еуразиялық спорт ойындары өткізілді. 3-ші Еуразиялық спорттық ойындарына қатысушы-елдердің 5 құрама командасының өкілдері қатысты: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан.
Ойындарға барлығы 879 адам қатысты, соның ішінде 689 спортшы (425 жасөспірімдер және 262 қыздар), 192 команда жетекшілері, жаттықтырушылар және басқа да қызмет көрсететін қызметшілер қатысты. Спорттық ойындарда 340 спорттық төреші қызмет етті.
Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы үшінші Еуразиялық спорттық ойындардың ережесіне сәйкес 230 медаль жиынтығы ойнатылған 13 спорт түрінен жарыстар өткізілді.
Үшінші Еуразиялық спорттық ойындардың Бас төрешілері алқасының мәліметтеріне сәйкес, жалпыкомандалық есепте орындар келесідей бөлінді: 1 орынды Ресей Федерациясының құрама командасы алды, 2 орынды Қазақстан Республикасының құрама командасы, 3 орынды Беларусь Республикасының құрама командасы, 4 орынды Қырғызстан Республикасының құрамасы, 5 орынды Тәжікстанның құрама командасы (ойнатылған алтын медальдар жиынтығының саны бойынша) иеленді.
|
|
7. (7) Спорт объектілерін салу және қайта жаңғырту
|
Бүгінгі күні Агенттік мынадай спорт объектілерінің құрылысы жалғасып жатыр:
- Алматы облысында республикалық олимпиадалық даярлау базасын салуға 2013 жылы республикалық бюджеттен 3 500 000,0 мың теңге көзделді және 100%-ға игерілді;
- Астана қаласында «Олимпиадалық даярлау орталығы» көп функционалды спорт кешенін салуға 3 350 000,0 мың теңге көзделді және 100%-ға игерілді;
- Ақмола облысы Щучинск қаласында республикалық шаңғы спорты базасын салуға (I және II кезек) 2013 жылы 1 240 000,0 мың теңге көзделді және 100%-ға игерілді;
- 2013 жылы Астана қаласында ІІ кезекте теннис кешенін салуға және І кезекте қайта жаңғыртуға (теннис корттарының орындарын толтыру) республикалық бюджеттен 300,0 мың. теңге көзделді және 100%-ға игерілді.
Бекітілген Өндірістің жұмыс кестесіне және 2013 жылға арналған қаржы жоспарына сәйкес, «Ферримекс – Штальваренхандель Гесселлшафтм.б.х.» ФБ-тің, «Дан-Құрылыс» АҚ-ның, «Алказ-Строй» ЖШС-нің бас мердігерлерімен объектілердің құрылысы бойынша, сондай-ақ, апта сайын бас мердігер, спорт объектілерінің сапасы туралы техникалық және авторлық бақылау өкілдерімен отырыстар өткізіліп тұрады.
|
-
|
8. (8) Ұлттық допингке қарсы ұйымды және Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығын құру және оның жұмыс істеуі
|
Спортшылардың допингке қарсы зертханасы (бұдан әрі - СДҚЗ) WADA Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің Дүниежүзілік допингке қарсы кодексіне және Допингке қарсы зертханаларға арналған халықаралық стандартқа сәйкестігіне аккредиттеуді растады және WADA допинг-бақылауға талдау жасауына рұқсат берді. СДҚ Берлиндегі Неміс аккредиттеу органының тексеру нәтижесінде халықаралық ISO/IEC 17025 сынақ және калибрлеу зертханасына арналған стандартқа сәйкестігін растады.
2013 жылы зертхана мамандарын кәсіби тестілеу және әлемнің допингке қарсы зертханалар арасында салыстырмалы зертханалық зерттеулер жүргізуге дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктен (ДДҚА) келіп түскен 20 биосынамаға зерттеу жұмыстарын жүргізді. ДДҚА-ға 22 допингтік зат табылғандығы туралы есеп жіберілді, 350 талдау жұмысы орындалды.
Швейцарияның CSCQ сапа бақылау орталығынан лаборатория жүргізген талдамалардың дұрыстығын тексеру мақсатында жыл бойында 24 қан сынамасы алынып зерттелген. Бұдан басқа, Дүниежүзілік допингке қарсы ғалымдар қауымдастығынан (WAADS) 13 сынама келген, 145 талдау жасалған. 2013 жылғы 10-12 қыркүйекте зертхана DAkkS Неміс тіркеу органының ISO/IEC 17025 халықаралық стандартқа сәйкестігіне кезекті аудиторлық тексеруден ойдағыдай өтті. Жалпы 2013 жылы 3000 зәр және 51 қан сынамасы зерттелген. Жарыстарды тестілеу шеңберінде 698 био сынақ зерттелді және 5715 талдау орындалды. Жарыстан тыс тестілеу (оқу-жаттығу жиындары) шеңберінде 2302 зәрдің биосынамасы келіп түсті, 10766 талдау жасалған. Бұдан басқа 51 қан сынамасы гематологиялық параметрлерін анықтауға зерттелген. Қазақ допингке қарсы орталығының сұрауы бойынша металозонды анықтау бойынша толық құжаттар пакеті дайындады. Зертхананың 8 маманы біліктілігін арттырудан өтті. Сонымен қатар, жаттықтырушылармен және спортшылармен допингті бақылау рәсімі бойынша препараттарды пайдалану жөнінде лекциялар және жеке әңгімелер өткізілді.
«Қазіргі бессайыс және су спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 435 қаулысының негізінде ашылды. Бүгінгі күні Орталықта 6 бөлім жұмыс істейді. Орталықтың контингенті 199 спортшыдан (судан секіру – 25 адам, жүзу – 26 адам, ашық суда жүзу – 20 адам, қазіргі заманғы бес сайыста – 38 адам, қыздар арасындағы су полосы – 45 адам, ерлер арасындағы су полосы – 45 адам) тұрады. Орталықта 7 – еңбегі сіңген жаттықтырушы, 1 – спортқа еңбегі сіңген шебер (бұдан әрі-СШ), 3 – халықаралық санаттағы спорт шебері (бұдан әрі - ХССШ), 25 – біліктілік санаты, оның ішінде: 22 адам жоғары санатты, 3 бірінші санатты бар жаттықтырушы-оқытушы және әдіскер (нұсқаушы) жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Орталықтың спортшылары 37 республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, 62 медаль иеленді. Есептік кезеңде Орталықта 2 ХССШ және 7 СШ дайындалды.
|
|
9. (9) Ойын спорты түрлерінен қазақстандық командалардың шетел чемпионаттарының жоғары лигаларында қатысуы
|
Есептік кезеңде «Астана» баскетбол командасы ВТБ лигасына қатысып, 5 орынды иеленді. «Астана» су поло командасы 2013 жылы клуб командалары арасындағы Азия чемпионаттарына қатысты, Кувейт қаласында өткен чемпионатта – 1 орынды, Ресейде – 5 орынды, Барселонада өткен Әлем чемпионатында – 12 орынды иеленді.
«Барыс» хоккей клубы 2013 – 2014 жылдары ХКЛ чемпионатына қатысты. «Барыс» 23 матчке қатысып, 18 жеңіске жетті.
|
|
2.1.2-міндет. Спорт түрлерінен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
2 (2) Түлектердің жалпы санынан спорттық қызметті жалғастыратын мектеп-интернат және колледждер түлектерінің үлесі
|
Әкімшілік есеп
|
%
|
85,0
|
85,0
|
-
|
3 (3) Бейінді бағыт бойынша біліктілігін арттыру және жаттықтырушы-оқытушылар құрамының үлесі
|
Әкімшілік есеп
|
%
|
10,0
|
10,2
|
-
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
1. (2) Біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізу
|
Есептік кезеңде оқытушы-жаттықтырушылар кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсынан 979 адам өтті, оның ішінде: Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі негізінде – 490, Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығында – 15 жаттықтырушы, 177 оқытушы, Қазақстандық спорт және туризм академиясында – 29 адам, 50 адам – спорттық ұйымдардың әдіскерлеріне арналған республикалық семинар-кеңес қатысушылары, Спорт түрлерінен федерациялар мен облыстық спорт басқармалары – 218 адам.
|
|
2. (4) Мектеп-интернаттар түлектерінің жоғары оқу орындарына, спорт колледждеріне түсуіне және ҚР спорт түрлерінен құрама командаларына енгізілуіне бағытталған шараларды іске асыру
|
2012 – 2013 оқу жылында Жоғары оқу орындарына түлектерді қабылдау дайындығы барсында Агенттікке «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша мемлекеттік грантқа 1224 үміткердің құжаттары қарауға, оның ішінде: 644 – Қазақстың спорт және туризм академисянан, 87 – бағынысты мекемелерден (ОРРММИК және РСК), 493 – аймақтық спорт және дене шынықтыру басқармаларынан келіп түсті.
2012 – 2013 оқу жылында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқуға мемлекеттік грантты 930 талапкер алды.
Құрама командаға енгізу бойынша – ОРРММИК және РСК түлектері санынан:
Риддер қаласындағы – ұлттық құраманың негізгі құрамына 2, жастар құрамына – 4, жасөспірімдер – 11 (барлығы 16) енгізілді;
Шаңырақ шағын ауданында – ұлттық құраманың негізгі құрамына – 3, жастар құрамына – 18, жасөспірімдер – 11 (барлығы 32) енгізілді;
Қ. Ахметов атындағы мектепке – ұлттық құраманың негізгі құрамына – 10, жастар құрамына – 43, жасөспірімдер – 8 (барлығы 61) енгізілді;
Қ. Мұнайтпасов атындағы мектепке – ұлттық құраманың негізгі құрамына – 2, жастар құрамына – 4, жасөспірімдер – 11 (барлығы 16) енгізілді;
РСК – ұлттық құраманың негізгі құрамына – 21, жастар құрамына – 11 (барлығы 32) енгізілді. Осыған орай, түлектердің жалпы санынан (291 адам) – 169-ы еліміздің құрама командасына енгізілді немесе жалпы санынан 58,0 % құрайды.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |