Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#22177
1   2   3   4

3-стратегиялық бағыт. Лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау

3.1-мақсат. Лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары____

Нысаналы индикаторлар
















1 (1) 2010 жылғы деңгейдегі құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу жөнінде көрсетілген қызметтер көлемі (2010 ж. іс жүзінде – 9 274,0 млн. теңге)

Статистикалық деректер

%

9

76

-

2 (2) 2016 жылға қарай лотерея қызметінен республикалық бюджетке түскен табыстың 2011 жылғы деңгейден артуы (2011 ж. – 331 192 мың. теңге)

Статистикалық деректер

%

10

30,8

-

3.1.1-міндет. Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















1 (1) 2016 жылға қарай лотерея қызметінен қызмет көрсету көлемінің 2011 жылғы деңгейден өсуі (2011 ж. – 1 910,1 мың. теңге)

Ведомстволық деректер

%

5

5

(2013 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша)





Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің статистикалық деректеріне сәйкес, 2012 жылғы

талдамалы кезеңмен салыстыра отырып, 2013 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ақпаратты жолдап отыр.

2013 жылғы 9 айдың көрсеткіші 2 005,8 млн. теңге

2013 жылдың

қорытындысы 2014 жылғы мамырда белгілі болады.


2 (2) Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу бойынша лицензиясы бар лотерея қызметінің субеъектілерін қамту

Әкімшілік есеп

%

100

100

-

3.1.2-міндет. Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
















1 (1) Анықталған бұзушылықтардың жалпы санына шаққанда жойылған бұзушылықтардың үлесі, %

Ведомстволық деректер

%

86

86

-

2 (2) Жоспарлы тексерістердің санын 2015 жылға дейін қысқарту

Әкімшілік

есепке алу



%

10,0

10,0

-

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар




1 (2) Ойын бизнесіне мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру

Есептік кезеңде 15 субъект тексерістен өтті, 6 бұзушылық анықталды – барлық бұзушылықтар 100%-ға жойды.




2 (3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазіргі кезде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізді.




2- кесте
4-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту талдамасы




Мемлекеттік органның стратегиялық бағытының, мақсатының және міндеттерінің атауы.

Есептік кезеңдегі мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын іске асыру жөніндегі жоспарланған іс-шаралары

(Есептік кезеңде мемлекеттік органдар қызметінің нәтижесін жақсартуға бағытталған іс-шаралардың) нақты орындалуы


Орындалмау себебі

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау

1.1-мақсат. Елде бұқаралық спортты дамыту, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау

1.1.1-міндет. Адамдарды дене шынықтыру-сауықтырумен айналысуға тарту
2-стратегиялық бағыт. Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту

2.1-мақсат. Жоғары жетістіктер спортын дамыту

2.1.1-міндет. Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту

2.1.2-міндет. Спорт түрлерінен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру


1. Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволар арасында функциялар мен

жауапкершілікті айқын бөле отырып, жаңа ұйымдастыру құрылымын бекіту.



2013 жылы жаңа ұйымдастыру құрылымы бекітілген жоқ.



2. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті жанындағы Ш. Шаяхметов атындағы Республикалық Тілдерді дамыту үйлестіру-әдістемелік орталығымен қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастыру. Курстардың қорытындысы бойынша Агенттік қызметкерлеріне оқыту бітіруі туралы сертификаттар берілді (қазақ тілі – 25 адам, ағылшын тілі – 10 адам). Әр курсты жалғастыру – 72 сағат (3 ай).




3. Оқыту курстарында мемлекеттік қызметшілерді

қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.



Есептік кезеңде біліктілігін арттыру курсынан 17 қызметкер, 7 кадрларды қайта даярлау курсы.




4. Дамытуға маңызды үлес қосқан адамдарды моральдық ынталандыру мақсатында дене шынықтыру мен спорт салаларында ведомстволық марапаттау.

Дене шынықтыру және спорт саласына дамытуға маңызды үлес қосқан адамдарды моральдық ынталандыру мақсатында құрмет грамоталарымен – 166 адам, Төрағаның алғыс хатымен – 218 адам марапатталды.




5. Спорт салаларында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету, агенттіктің спорт саласындағы халықаралық ұйымдармен халықаралық байланыстарын одан әрі дамыту мен нығайту жөнінде шаралар қабылдау.

Есептік кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметімен министрліктердің атынан күшіне енген спорт саласындағы шарттық база шамамен 22 келісімнен тұрады.

2013 жылы қол қою қамтамасыз етіледі:

- Спорт саласы бойынша Агенттікпен Бразилия Федеративтік Республикасының Спорт министрлігі арасындағы өзара келісім туралы меморандум (2013 жылғы 2 қазаннан, оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді).

- Бүгінгі күні 13 халықаралық шарттардың жобалары келісуде (Италия – 2007 жылғы 27 тамыз, Болгария – 2013 жылғы 8 сәуір, Түркия – 2012 жылғы 23 шілде, Куба (дипломатиялық каналдар арқылы қол қою мүмкіндіктері қарастырылуда), Үндістан – 2012 жылғы 27 маусым, Корея – 2012 жылғы 19 шілде, Жапония – 2012 жылғы 19 шілде, Тайланд – 2012 жылғы 15 тамыз, Вьетнам – 2013 жылғы 25 қыркүйек, Шри-Ланка – 2013 жылғы 14 мамыр, Тәжікстан – (2014 жылы өтетін отырыс шеңберінде қол қоюға дайын), Катар – 2012 жылғы 6 қыркүйек, Сауд Арабиясы – 2013 жылғы 17 қаңтар).





6. Қазақстан қосылған халықаралық актілерге сәйкес ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін, сонымен қатар Агенттіктің қызметі саласында және азаматтық қоғамның тіршілік әрекетінің барлық аспектілерінде шешімдер қабылдау үдерісіне олардың тең қатысуын іске асыруды қамтамасыз ету.

Агенттік аппаратында 46 әйелдер жұмыс істейді, яғни Агенттіктің іс жүзіндегі санынан 50,5%-ы құрайды.




7. Агенттіліктің қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру.


Агенттік қызметінің тиімділігі мен сапасының рейтингтік бағасы жүзеге асырылуда.

2012 жылғы бағалау нәтижесіне сәйкес, Агенттік қызметінің тиімділігі 80,04 баллды құрады (Жалпы рейтингте және ОМО арасынан 4 орынды иеленді). 2011 жылмен салыстырғанда ведомстваның тиімділігі 3,92 баллға көбейді, жалпы рейтингтегі позиция 2 орынға төмендеді. Осы төмендеу арқылы басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда жақсарту динамикасының баяу темпі ескерілген.

Агенттік қызметінің тиімділігін жақсарту мақсатында 2013 жылғы 6 тамызда 2013 – 2014 жылдарға арналған Агенттік қызметін жақсарту жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілді. Агенттікте тоқсан сайын стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жасау үшін Агенттіктің 2013 жылға арналған Операциялық жоспарының іс-шараларын іске асыруды талдау және стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағалау жүргізілді.





8. Құжаттаманы өткізудің барлық кезеңдерінде

ақпараттық бағдарламаларды функционалдық қолдануды кеңейту.



Агенттік қызметкерлерінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалануы бойынша ай сайын талдау жасалып тұрады (БЭҚА). 2013 жылдың қорытындысы бойынша төмендегі көрсеткіштер арқылы БЭҚА пайдалану 100%-ға жетті.

- ведомствоаралық құжат айналымның үлесі;

- ішкі құжат айналымының үлесі;

- қазіргі заманғы тіркелген электрондық құжаттардың үлесі;

- жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық хаттардың үлесі;

- «Электрондық Үкімет» порталына түскен Агенттіктің ішкі құжаттарының ведомствоаралық келісімінің үлесі.

Агенттіктің әр қызметкері БЭҚА электрондық қолымен қамсыздандырылған, сондай-ақ, барлық бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы «Светофор» ескерту бағдарламасы орнатылғаның атап өткен жөн.





9. Мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау сапасын арттыру.

Үнемі мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау сапасын арттыру жұмыстары жүргізіліп отырады, сондай-ақ, мемлекеттік тілде дайындалған құжаттардың үлес салмағы 81 %-ға жетті. 2013 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіші 96%-ды құрайды.




10. Шешім қабылдау деңгейінде биліктегі әйелдер өкілдігін 30%-ға жеткізу

Басшылар құрамындағы әйелдер саны – 18, яғни 47,4%-ы құрайды.




11. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

- ІТ қызмет көрсетудегі қазақстандық қамту үлесі (2011 жылы 38,0%, 2012 жылы 50,0%, 2013 жылы 65,0%. 2014 жылы 80,0%);



Есептік кезеңде ІТ қызмет көрсетудегі қазақстандық қамту үлесі 65,1%-дан астам көрсеткішті құрады




- корбкалы (лицензиялау) көлемінде қазақстандық қамту үлесі ПО (2011 жыл 5,0%, 2012 жыл 8,0%, 2013 жыл 11,0%. 2014 жыл 15,0%);

2013 жылы «Windows8» (2013 жылғы 7 маусымдағы № 64) лицензиялық ПО, (2013 жылғы 17 сәуірдегі № 68) вируске қарсы бағдарламалар, (2013 жылғы 9 шілдедегі № 78) графикалық өңімдері, (2013 жылғы 9 шілдедегі № 78) файрвол сатып алынды. Сонымен қатар, «Kaspersky» вируске қарсы, «Windows 8 Pro, Server 2008», «MicrosoftOffice» корбкалы (лицензиялау) 150 лицензия сатып алынды, яғни IT сатып алынған жалпы көлемнен 11%-ды құрайды.




- ІТ – жабдығымен қазақстандық қамту үлесі (2011 жыл 5,0%, 2012 жыл 7,0%, 2013 жыл 8,0%, 2014 жыл 10,0%).

2013 жылы дербес компьютерлер, аудиоконференциялар, бейне карталар және т.б. (2013 жылғы 12 тамыздағы № 89, 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 67, 2013 жылғы 5 тамыздағы № 86, 2013 жылғы 15 наурыздағы № 54 келісімдер) сатып алынды.




12. Агенттік қызметкерлеріне және құрылымдық бөлімшелеріне бағалау жүргізу.


Құрылымдық бөлімшелерді бағалау – тоқсан сайын, қызметкерлерді бағалау – ай сайын өткізіліп тұрады. Үнемі Агенттіктің жауапты хатшысының төрағалығымен өткен аппараттық отырыста талқыланып тұрады.




13. НҚА-ны әзірлеу мәселелері жөнінде ҮЕҰ-мен ынтымақтасты жалғастыру (сарапшылар кеңесі шеңберінде).


Есептік кезеңде Агенттіктің жанындағы кәсіпорындар мәселелері бойынша сарапшылар кеңесінің жұмысы аясында Агенттіктің 5:

1) «Дене шынықтыру және спорт туралы» (жаңа редакция);

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

3) «Лотерея және лотерея қызметі туралы»;

4) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

5) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қарастырылды.






14. Агенттіктің ақпараттық технологияларын дамыту жөніндегі шараларды іске асыру:

2) Агенттік жекелеген функцияларын автоматтандыру.



Есептік кезеңде «ARTA Synergy» порталын енгізу арқылы Агенттіктің 43 функциясының 28-і автоматтандырылған.







15. Спорттағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын 100%-ға қамту.


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірлеген «Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызмет көрсету тізбесін бекіту және мерзімін электрондық нұсқаға ауыстыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасымен «ХҚО» біріктірілген ақпарат жүйесі шеңберінде спорт саласында мынадай мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру көзделіп отыр.

1) «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредитациялау туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

2) «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы көрсететін материалдық көмекті төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

3) «Спорттық атақтар мен санаттарды беру: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылар» құрмет атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрмет атағы, «Қазақстан Республикасының халықаралық санаттағы спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері, біліктілігі жоғары санаттағы жоғары және орта деңгейдегі жаттықтырушы, біліктілігі жоғары санаттағы жоғары деңгейдегі нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары санаттағы жоғары және орта деңгейдегі әдіскер, жоғары санаттағы спорт бойынша ұлттық төреші, спорт бойынша ұлттық төреші»».

Оңтайландыру және автоматтандыру мерзімі және жоғарыда аталған мемлекеттік қызметті электрондық нысанға ауыстыру 2014 жылға жоспарланып отыр.





3-кесте
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл талдамасы


Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін міндеттердің көрсеткіштері

Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асырылатын мемлекеттік орган

Ведомствоаралық өзара байланыстар орнату үшін көзделіп отырған шаралар

Есептік кезеңде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын міндеттердің көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шаралардың нақты орындалуы


Есептік кезеңде қол жетпеген мақсаттар, міндеттер және міндеттердің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері


1

2

3

4

5

1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау

1-мақсат. Елде бұқаралық спортты дамыту, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау

1.1.1-міндет. Адамдарды күн сайынғы дене шынықтыру-сауықтыру жаттығуларына тарту

1. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын ауыл халқының ауыл халқының жалпы санындағы үлесі
2. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектердің мүгедектердің жалпы санындағы үлесі
3. Жоспарланған іс-шаралардың жалпы санынан үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тартумен өткізілген спорттық-бұқаралық іс-шаралар үлесі

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері



1. Тұрғылықты жері бойынша балалар жасөспірімдер аула клубтары мен спорт клубтары желісін құру;
2. Ведомстволық (салалық) спорт қоғамдарын

(клубтарды) құру бойынша бағытталған шараларды іске асыру;


3. Жергілікті деңгейде мемлекеттік спорт ұйымдарын спорттық мүкәммалмен және жабдықпен жарақтандыру;
4. Қарапайым спорт құрылыстарын салу;

5. Халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорт инфрақұрылымына қолжетімділігін кеңейту туралы шараларды іске асыру




1) Тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдер аула клубтары мен спорт клубтары желісін құру

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 8 699 адамдар қамтылған 12 балалар мен жасөпірімдер клубы, 22 аула клубтары жұмыс істейді, оның 21 Петропавловск қаласының қарамағында. Қарағанды облысында 89 адам қамтылған балалар мен жеткіншектер клубы, сонымен қатар, 9 балалар мен жеткіншектер клубы. Павлодар қаласында 16,3 мыңнан астам адамдар айналысатын 42 дене шынықтыру-сауықтыру клубы жұмыс істейді. Павлодар облысында 114 адам (балалар) айналысатын 5 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істейді. Павлодар облысының Качирск ауданында Оқушылардың шығармашылық үйі жанында бұқаралық спорттық, туристік өлкетану және әскери патриоттық жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі арнайы штат жұмыс істейді. Маңғыстау облысында 40 балалар мен жеткіншектер клубы жұмыс істейді, 23 клубта спорт ұйымдары өткізіліп тұрады, онда 2 689 адам спортпен айналысады. Сондай-ақ, облыста қызықтыратын 6 дене шынықтыру-сауықтыру клубы, 4 кәсіби спорт клубы және 2 мүгедектерге арналған клуб бар. 2013 жылы 2013 жылы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының Маңғыстау облысы ат спорт түрлерінің клубы ашылды, 2013 жылдың соңында Маңғыстау облысының «Маңғыстау» МҚК бокс клубы тіркелді, ол 2014 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді. Қызылорда облысында 2193 адам қамтылған 8 балалар мен жеткіншектер клубы жұмыс істейді. Ақтөбе облысында 2 аула клубы ашылды. Алматы қаласында 35 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істейді. Бүгінгі күні Ақмола облысында 9 жеткіншектер және 3 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істейді, онда жалпы санынан 3913 адам айналысады. 2013 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданында жеткіншектер клубы ашылды.


2) Ведомстволық (салалық) спорт қоғамдарын (клубтарды) құру бойынша бағытталған шараларды іске асыру.

2013 жылы дене шынықтыру және спорт саласының 982 ұжымы есептелуде. Петропавл қаласында дене шынықтыру және спорт саласының ұжымы 11 бірлікке («Богатырский продукт» сауда үйі ЖШС, «Grits» ЖШС, «Петропавловск труба зауыты» ЖШС, «Гедеон» ЖШС, «Максимальный размах» ЖШС, гипермаркет «Семейный» СҮ, «Рахмет» СҮ, «Нан плюс» дүкендер желісі, «Корона» СҮ, «Завод сухих пенобетонных смесей» ЖШС, «Зенченко и К» сүт өңідретін зауыт) артта түсті.

Қызылорда облысындағы Қорқыт ата атындағы Мемлекеттік университеті жанында «Сыр Сымбат» ерікті спорт клубы жұмыс істейді. Қазіргі кезде 21 спорт түрінен 700 астам студенттер дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Бүгінгі күні облыста дене дайындығы бойынша 7 спорт клубы жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Сырдария» МҚК көгалдағы хоккей бойынша кәсіби спорт клубы жұмыс істейді.

Маңғыстау облысында Ш. Есенов атындағы Инжениринг және технология Каспий мемлекеттік университетінде Спорт клубын құру бойынша жұмыстар атқарылуда (Клуб туралы ереже және Клубтың жарғысы әзірленді).

3. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік спорт ұйымдарын спорттық мүкәммалмен және жабдықпен жарақаттандыру.

2013 жылы спорт саласындағы спорт ұйымдарымен материалдық-техникалық базаларды нығайту үшін Солтүстік Қазақстан облысында жалпы сомасы 19 млн. 714,7 мың теңгеге мүкәммалмен және жабдықпен жарақтандырылды. 2013 жылы Ведомствоға бағынысты спорт ұйымдарын және дене шынықтыру және спорт бөлімдерін материалдық-техникалық базалармен нығайту жоспарында Ақмола облысында жалпы сомасы 86352,2 мың. теңгені құрайтын мүкәммалмен және жабдықпен жабдықталды. Қызылорда облысында спорт мүкәммалдармен және жабдықтармен қамсыздандыру үшін жергілікті бюджеттен 105,041 млн. теңге бөлінді. 2013 жылы Маңғыстау облысында спорт мүкәммалдарымен және жабдықтармен қамсыздандыру үшін бюджеттен 3275000 теңге, оның ішінде: спорт тауарларына 30607000 теңге және жабдықтарға 2143000 теңге бөлінді.

4. Қарапайым спорт құрылыстарын салу

2013 жылы аудандар мен қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Ақмола облысында 20 волейбол, 19 футбол алаңдары мен жолдар, 34хоккей корттары және 1 теннис кортының каркасы салынды және қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ, Қызылорда облысында жергілікті бюджеттен 75 спорт алаңдары салынды және пайдалануға берілді. 2013 жылы Павлодар облысының қалалары мен аудандары 43 спорт алаңдары, оның ішінде: 38 жасанды бүркеу және 5 спорт алаңдары қосымша салынды. Маңғыстау облысында 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 39 бірлікке өсіп – 518 бірлікті құрады. Ақтау қаласында спорт кешені (Ш. Есенов атындағы Университет) салынды, онда 25 метрлі 4 жолды жүзу бассейні бар. Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында 5 спорт залы, жаңа жалпы білім беру мектептерінде және Мұңайлы ауданында Маңғыстау, Баянды, Басқұдық ауылдарында тұрғын үй ауқымдарында спорт залдары бар. Облыстың шағын аудандарында 30 спорт алаңы қайта құрылды және салынды. Қарағанды облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша жазғы спорт алаңдары сияқты қысқы жасанды бүркеулерімен көп функционалды хоккей корттары сатып алынды. Бүгінгі күні Қарағанды облысында 101 бірлік, оның ішінде: 74 бірлік қалаларда және 24 бірлік ауылды жерлерде сатып алынды.



5. Халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорт инфрақұрылымына қолжетімділігін кеңейту туралы шараларды іске асыру

Қазіргі кезде Агенттік облыс әкімдерінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, әр облыста 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын іске асыру үшін республикалық бюджеттен – 70%, жергілікті бюджеттен – 30% бірлесіп қаржыландыру қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық және бюджеттік жоспарлау министрлігіне салалық қорытындысымен бірге бюджеттік тапсырыс жолданды. Қазіргі кезде Агенттіктің ведомствоға бағынысты спорт объектілерінің қатарына «Сарыарқа» республикалық велотрек (Астана қаласында), «Алатау» шаңғы және биатлон кешені (Алматы обысы), Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт кешені (Алматы қаласында) жатады. Халықтың, оның ішінде жастар үшін қолжетімділігін қамсыздандыру мақсатында ұсынылған ақылы қызметтерімен қатар, жеңілдіктер де көзделген.

«Сарыарқа» республикалық велотрек және «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондар кешені объектілерінде 7 жасқа дейін балалар үшін тегін, сонымен қатар, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, студенттер және зейнеткерлер 50% жеңілдіктер ұсынылып тұрады. Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт атындағы сарайда жастар санаттары 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, студенттер және зейнеткерлер үшін 20%-дық жеңілдік көзделіп отыр. Сонымен қатар, объект мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға мекемелерге және ұйымдарға белгілі бір шығынының орнын толтыру үшін берілетін мемлекеттік жәрдем объектіге көзделмеген. Сондай-ақ, облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері халықты дене шынықтыру және спортпен бұқаралық айналысу үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамсыздандыру жөнінде жұмыстарды жалғастырып жатыр. Сондай-ақ, белгіленген халық санаттары үшін тегін кіру, әр түрлі халық жастары, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 80%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылған. Агенттіктің басты міндеттерінің бірі: өңірлерде спорт ғимараттары мен объектілердің санын арттыру, яғни негізгі назар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін құрылысын салу болып табылады.








1. Оқушылардың жалпы санынан спорт секцияларында айналысатын орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі
2. Оқушылардың жалпы санынан спорт секциялары қызметімен ЖОО-дағы оқитындардың қамтылуы

БҒМ

  1. Білім беру ұйымдарында спорттық секциялар мен спорт клубтарын ашу жөніндегі шараларды іске асыру;

2. Білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттерінің президенттік көпсайысты тапсыру бойынша нормаларды орындауы жөніндегі шараларды іске асыру

Білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттерінің президенттік көпсайысты тапсыру бойынша нормаларды орындауы жөніндегі шараларды іске асыру

Есептік кезеңде республика бойынша президенттік көпсайысты тапсыруға 24 жастан 29 жасқа дейінгі 1 171 132 адам қатысты.

Іс-шаралардың қорытындысы бойынша мынадай нәтижелер анықталды 77 467 адам - өте жақсы, 1 63734 адам – жақсы, 241 066 – орташадан жоғары, 323 577 адам – орташа, 365 288 адам – тапсырмады.





1.1.2-міндет. Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру

Лотерея қызметінен республикалық бюджетке түскен табыстың көбеюі

Қаржымині

1. Мемлекеттің 100% қатысуымен «Қазақстанның ұлттық лотерея» ЖШС құру

2. Мемлекеттік лотереяның жаңа даму моделін әзірлеу



1. Мемлекеттің 100% қатысуымен «Қазақстанның ұлттық лотерея» ЖШС құру

Агенттік жарғылық капитал үлесінде мемлекеттің 100% қатысуымен «Қазақстанның ұлттық лотерея» ЖШС қайта құру жолдары арқылы ««Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөнінде» Атқарушы дирекция кеңесі мекемесін қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірледі және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Агенттіктің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 08-03/198-Д-4 хатымен енгізілді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Қазақстанда ұлттық лотереяны құру» ЖШС құқықтық мәртебесін белгілеу үшін қажетті заңнамалық базасының жоқ екені туралы ескертулеріне сәйкес, Агенттік Мемлекеттік және ұлттық лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұлттық операторларды құруды көздеген «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасы әзірленді.

Қазіргі кезде Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобының қарауында.
2. Мемлекеттік лотереяның жаңа даму моделін әзірлеу

Агенттікпен Мемлекеттік және ұлттық лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұлттық операторларды құруды көздеген «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасы әзірленген. Қазіргі кезде Заң жоба Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобының қарауында.







1.1.3-міндет. Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру




  1. Айқындалған

бұзушылықтардың жалпы санындағы жойылған бұзушылықтардың жалпы үлесі, %

БП

1. Ойын бизнесі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін жетілдіру және мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру

1. Ойын бизнесі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін жетілдіру және мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру

Бекітілген 2013 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Агенттік ойын бизнесі саласындағы қызметі жүзеге асыратын 15 субъектіні тексерді. Осы іс-шара барысында 15 субъектінің ішінен 6 субъект «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, оның міндетті қаржы резервтерінің жоқ екені немесе толық емес бөлігін бұзғаны анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар сотқа жолданды. Соттың шешімі бойынша барлық бұзушылықтар жойылды.






2-стратегиялық бағыт. Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2.1-мақсат. Жоғары жетістіктер спортын дамыту

2.1.1-міндет. Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту

1. Республикалық кешенді спорттық іс-шараларда, республиканың чемпионаттарында, біріншілігінде және кубоктарында иеленген медальдар саны

2. Білікті спортшылардың жалпы санынан халықаралық дәрежедегі (спорт шеберлері) спорт шеберлері санының үлесі




Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері

1. Спорт объектілерін салу және спорт объектілерін қайта жаңғырту;

2. Білікті және біліктілігі жоғары спортшыларды даярлау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу;

3. Астана және Алматы қалаларындағы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу.


1. Спорт объектілерін салу және спорт объектілерін қайта жаңғырту

Бүгінгі күні Агенттікте мынадай объектілердің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.

- Алматы облысында республикалық олимпиадалық даярлау базасының құрылысы;

- Астана қаласында «Олимпиадалық даярлау орталығы» көп функционалды спорт кешенінің құрылысы;

- Ақмола облысы Щучинск қаласында республикалық шаңғы спорты базасының құрылысы;

- Алматы қаласында халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің құрылысы.


2. Білікті және біліктілігі жоғары спортшыларды даярлау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу















Есептік кезеңде 2013 жылға арналған бұқаралық-спорттық, негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен 484 оқу-жаттығу жиыны (бұдан әрі - ОЖЖ) өткізілді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ОЖЖ – 191, халықаралық ОЖЖ – 293.
3. Астана және Алматы қалаларындағы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу.

2011 жылғы 30 қаңтардан 6 ақпанға дейінгі аралықта Астана және Алматы қалаларында 7-ші қысқы Азия ойындары өткізілді.







4 кесте

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет