Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м а. 2014 жылғы 27 мамырдағы №256 бұйрығы



жүктеу 436.2 Kb.
бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі436.2 Kb.
  1   2   3
Ерiктi өрт сөндiрушiлердi бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2014 жылғы 27 мамырдағы № 256 бұйрығы

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған ерiктi өрт сөндiрушiлердi бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Өртке қарсы қызмет комитетi (С.Ғ. Әубәкіров) заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;



2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. «Ерiктi өрт сөндiрушiлердiң бастапқы даярлық бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 27 қарашадағы № 416 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 қаңтарда № 6728 тіркелген, 2011 жылғы 5 наурыздағы № 69 (26471) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.



4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Ж. Смаилов

 

Қазақстан Республикасы



Төтенше жағдайлар министрінің

2014 жылғы 27 мамырдағы

256 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың

оқу бағдарламасы

 

Оқу бағдарламасы дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендерде өрттердің алдын алу мен сөндіру, дала өрттерін, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендерде өрттерді сөндірумен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, халықты өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға оқыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ерікті өрт сөндірушілерді оқытуға арналған.

 

 

Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың тақырыптық жоспары

 

р/с

Тақырыптардың атауы

Сағат саны

барлығы

оның ішінде

дәрісхана

практикалық

1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база

1

Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

1

1

-

Барлығы:

1

1

-

2. Өрт-техникалық дайындық

1

Жауынгерлік киім мен жарақ. Дабыл бойынша жиналу, жолға шығу және өрт орнына жету.

2

1

1

2

Өрт сөндіру автомобильдері мен өрт сөндіру мотопомпаларының тактикалық-техникалық сипаттамалары.

1

1

-

3

Өрт сөндіру автомобильдерімен шығарылатын өрт-техникалық жабдық.

1

1

-

4

Өрт жеңдері, жеңдік жабдық, өрт оқпандары.

1

1

-

5

Өрт сөндіргіштер.

2

1

1

6

Байланысты ұйымдастыру.

1

1

-

Барлығы:

8

6

2

3. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы

1

Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматуралармен және керек-жарақтарымен жаттығу.

1

-

1

2

Өрт сатыларымен жаттығу.

1

-

1

3

Құтқару арқанымен жаттығу. Құтқару және өзін-өзі құтқару.

2

1

1

4

Өртте конструкцияларды ашу және құру.

2

1

1

5

Су көзіне өрт сөндіру автомобилін (мотопомпаны) қойып қожауынгерлік өрістету. Жауынгерлік өрістету кезіндегі өрт сөндірушінің іс-қимылдары.

2

1

1

Барлығы:

8

3

5

4. Өрт-тактикалық дайындық

1

Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтататын негіздер.

1

1

-

2

Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі іс-қимылдар.

1

1

-

3

Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамдарды құтқару және мүлікті көшіру кезіндегі іс-қимылдар.

1

1

-

4

Өртті сөндіру тактикасы. Өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылдар.

1

1

-

5

Елді мекендер мен ұйымдарда өрттерді сөндірудің ерекшеліктері.

1

1

-

6

Дала өрттерін сөндіру ерекшеліктері.

1

1

-

Барлығы:

6

6

-

5. Өрттің алдын алу дайындығы

1

Елді мекендердің, ұйымдардың, дала алқаптарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары.

1

1

-

2

Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы.

1

1

-

3

Елді мекендердегі, ұйымдардағы, дала алқаптардағы жалпы өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өртке қарсы іс-шаралар.

1

1

-

4

Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау.

2

1

1

Барлығы:

5

4

1

6. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету

1

Қан кетуді тоқтатудың негізгі қағидалары.

1

1

-

2

Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сыртынан (тұсынан) уқалаудың негізгі қағидалары мен әдістері. Тамырдың соғуын анықтау.

2

1

1

3

Жарақат алғанда, шытынағанда, буын тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.

2

1

1

4

Үсіген, термиялық және химиялық күйгенде дәрігерге дейін көрсетілетін көмектің әдістері.

2

1

1

Барлығы:

7

4

3

7. Халықты өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт шыққан кездегі іс-қимылдарға оқыту

1

Халықпен өртке қарсы нұсқаулық жүргізу және өрт-техникалық минимумды зерделеу.

1

1

-

Барлығы:

1

1

-

8. Қауіпсіздік техникасы

1

Өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

1

1

-

Барлығы:

1

1

-

9. Психологиялық дайындық

1

Қысылтаяң жағдайда іс-қимылдарға писхологиялық дайындық.

1

1

-

Барлығы:

1

1

-

 

Сынақ тапсыру.

2

1

1

Барлық сағат

40

28

12

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база

 

1 тақырып. Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер

1-сабақ. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларының негізгі ережелері. Өртке қарсы ерікті құралымдардың мақсаттары мен міндеттері.



Жүргізу әдісі: дәрісханалық сабақ.

 

 

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет