Заңнаманы жақсарту
1. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жаңа редакцияда қабылдау.
Мыналарға:
2. Салық кодексiне 150 % мөлшерiндегi корпоративтiк табыс салығы бойынша ҒЗТКЖ-ға арналған шығындарды шегерiмге жатқызу бөлiгiнде;
3. «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына гранттардың жаңа түрлерiн енгiзу арқылы инновацияларды дамытуға ынталандыру бөлiгiнде;
4. «Инновациялық гранттар беру және зияткерлiк меншiк объектiлерiн енгiзу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысына өзгерiстер енгiзу.
2.11 Тариф саясаты
Ағымдағы жағдайды талдау
Қазiргi уақытта табиғи монополиялар салаларында шамамен 1000 субъект өз қызметiн жүзеге асыруда, оның iшiнде:
552 - су кәрiз жүйелерi саласында;
407 — электр және жылу энергетикасы саласында;
177 - көлiк саласында;
38 - мұнай мен газды тасымалдау саласында.
Табиғи монополиялар салаларында өндiрiстердiң тозуы және технологиялық артта қалуы, осыған байланысты тиiмдiлiктiң төмендiгi мен шығындар проблемасы орын алған, бұл көрсетiлетiн қызметтер сапасына және тұтынушыларға арналған тарифтер деңгейiне әсер етедi.
Қазiргi уақытта коммуналдық сектордың барлық табиғи монополиялар салалары бойынша негiзгi құралдардың тозуы орта есеппен 60 - 65 %-ды құрайды.
Нормативтi шығындар деңгейiнiң жоғары болуынан басқа кәсiпорындарда нормадан тыс шығындар да орын алуда, олар тиiмсiз жұмыс жасауға және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуiне алып келуде.
Табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiнiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi олардың технологиялық жаңғыруы және инвестициялық тартымдылығының артуына байланысты, сондай-ақ тарифтер деңгейi болжамдылығы табысты индустрияландырудың маңызды факторы болып табылады.
Негiзгi мiндеттер
Табиғи монополиялар субъектiлерi мен олардың қызметтерiн тұтынушылардың мүдделер теңгерiмiн қамтамасыз етуге негiзделген тиiмдi тариф саясатын жүргiзу.
Нысаналы индикаторлар
1. Базалық табиғи монополиялар субъектiлерiнiң (бұдан әрi - ТМС) нормативтен тыс шығындарын (олар бар болса) төмендету пайызы:
|
Өлшем бiрлiгi
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
электр желiлерiнде:
|
%
|
1,5
|
1,5
|
1,0
|
0,5
|
-
|
жылу желiлерiнде:
|
%
|
2,0
|
2,5
|
2,0
|
0,5
|
-
|
су шаруашылығы желiлерiнде:
|
%
|
2,5
|
1,0
|
0,5
|
0,4
|
-
|
1. Базалық ТМС-ның нормативтiк техникалық шығындарын бекiтiлген пайыздан төмендету пайызы:
|
Өлшем бiрлiгi
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
электр желiлерiнде:
|
%
|
1,3
|
1,0
|
0,5
|
0,2
|
0,1
|
жылу желiлерiнде:
|
%
|
1,5
|
1,8
|
1,0
|
0,3
|
0,1
|
су шаруашылығы желiлерiнде:
|
%
|
2,6
|
2,0
|
2,0
|
1,0
|
1,0
|
3. Реттелетiн қызметтер тарифтерiнiң болжамы (ұлттық валюта бағамының, газ, көмiр, мазут құнының тұрақтылығы мен көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң өзгермеуi шартында).
3.1. Электр қуатына арналған босату бағаларының өзгерiсi
Қызметтердiң атауы
|
Өлшем бiрлiгi
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен
|
теңге/кВт
|
10,14
|
11,09
|
12,33
|
13,48
|
14,65
|
3.2. Жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау тарифтерiнiң болжамы
Тасымал түрi
|
Өлшем бiрлiгi
|
болжам
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
облысаралық тасымалда
|
%
|
17,6
|
15
|
15
|
15
|
15
|
экспорттық тасымалда
|
%
|
17,6
|
15
|
15
|
15
|
15
|
4. Реттелетiн тарифтер деңгейiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету:
|
Өлшем бiрлiгi
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi тарифтер бойынша жұмыс iстейтiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң саны
|
дана
|
12
|
15
|
11
|
10
|
12
|
Iс-қимылдар стратегиясы
Реттелетiн нарықтар субъектiлерiнiң тариф белгiлеу жүйесiн жетiлдiру тарифтердiң экономика салаларын дамытуға әсерiн бағалау құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырылатын болады.
Алдағы кезеңде мыналар көзделедi:
өңiрлiк электр желiлерi компаниялары (бұдан әрi - ӨЭК) қызметiнiң тиiмдiлiгi дәрежесiн ескеретiн тарифтер белгiлеу үшiн реттеудi ынталандыру - салыстырмалы талдаудың жаңа әдiсiн тәжiрибеге енгiзу жолымен табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, бұл табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн және қызметтер көрсету технологиясын оңтайландыруға ынталандырады;
тұтынушылар топтары бойынша және суды тұтыну шамасын белгiлеген кездегi тұтыну көлемдерiне байланысты сумен жабдықтау қызметтерiне сараланған тарифтер енгiзу, бұл жоғары қолайлылық жағдайларына, сондай-ақ судың коммерциялық мақсаттарға жұмсалуына сәйкес қызметтерге сараланған ақы төлеудi көздейтiн әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi;
реттелетiн нарық субъектiлерiне белгiленген баға деңгейлерiн көтермей реттелетiн нарықтарда болып жатқан өзгерiстерге икемдi ден қоюға мүмкiндiк беретiн реттелетiн нарық субъектiлерi қызметтерiне бағаның шектелген деңгейлерiн енгiзу. Бұл ретте реттеушi орган сараптама жүргiзген кезде бағаны төмендетуге құқылы.
Экономика салаларының дамуына әсер ететiн тарифтердiң өзгеруi инфляцияның жоспарланған дәлiзi, сондай-ақ Үкiмет айқындайтын инфляция деңгейiне реттелетiн қызметтердiң үлесi ескерiле отырып көзделедi.
Табиғи монополиялар субъектiлерiн нормадан тыс шығынды жою және нормативтiк шығынды ысырапты қысқарту негiзiнде өнiмдiлiктi арттыруға және шығындарды азайтуға ынталандыру үшiн тарифтердi есептеу әдiснамасы жетiлдiрiлетiн болады.
Заңнаманы жақсарту
«Табиғи монополиялар мен реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
«Табиғи монополиялар мен реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру үшiн:
«Жеке тұлғалардың су шаруашылығы жүйелерi салаларындағы реттелетiн қызметтердi тұтыну көлемiнiң негiзделген ауқымын айқындау ережесiн», «Салыстырмалы талдау әдiсiн қолдана отырып тарифтi есептеу әдiстемесiн» әзiрлеу;
ӨЭК қызметi тиiмдiлiгiнiң дәрежесiн ескеретiн тарифтер белгiлеу үшiн су шаруашылығы және кәрiз жүйелерiнiң реттелетiн қызметтерiне арналған сараланған тарифтер әдiсiн енгiзу;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысымен бекiтiлген, реттелетiн нарық субъектiлерiнiң баға сараптамасын жүргiзу нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган негiздi деп таныған шектi бағадан асырмай шығарылатын (өткiзiлетiн) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны дербес түрде азайтуын және көтеруiн көздейтiн Реттелетiн нарықтардағы бағаны белгiлеу ережелерiне түзетулер енгiзу.
2.12. Инвестициялар тарту және арнайы экономикалық аймақтарды
дамыту
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
2009 жылдың 9 айын қоса алғанда, 1993 жылдан бергi кезеңде ел экономикасына 102,9 млрд. АҚШ доллары көлемiнде тiкелей шетелдiк инвестициялар (бұдан әрi - ТШИ), оның iшiнде экономиканың шикiзат емес секторына - 14,6 млрд. АҚШ доллары (жалпы көлемнiң 14,2 %-ы) тартылды.
Экономиканың Қазақстан үшiн перспективалы көптеген секторларының тартымдылығына керi әсер ететiн факторлардың арасында мыналар негiзгiлерi болып табылады:
iшкi нарық сыйымдылығының төмендiгi;
iрi өткiзу нарықтарынан шалғайлығы және қолайлы логистиканың болмауы тауарларды тасымалдауда едәуiр шығыстарға алып келедi;
жоғары бiлiктi кадрлардың жетiспеуiнен жұмыс күшi құнының салыстырмалы жоғары болуы және тиiстi инфрақұрылымның болмауы;
инвесторлармен, оның iшiнде шетелдiк инвесторлармен жұмыс бойынша орталықтандырылған жүйенiң болмауы, сондай-ақ инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың тиiмдi шараларының жеткiлiксiздiгi.
Қазiргi уақытта ТШИ тарту арналарын кеңейту арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың (бұдан әрi - АЭА, ИА) инвестициялық тартымдылығын көтеру және мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетiктерiн (бұдан әрi - МЖӘ) дамыту арқылы жүзеге асырылады.
1. АЭА-ның, ИА-ның ағымдағы жай-күйi
Қазақстанда барлығы 6 арнайы экономикалық аймақ құрылған, оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: 1) өнеркәсiптiк-өндiрiстiк аймақтар - «Ақтау теңiз порты», «Оңтүстiк», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» және индустриялық қосалқы аймақ бөлiгiнде «Астана - жаңа қала» (Астана қаласының ИА); 2) сервистiк - «Бурабай» және құрылыстық қосалқы аймақ бөлiгiнде «Астана - жаңа қала»; 3) техникалық-енгiзу аймағы - «Ақпараттық технологиялар паркi». Бұдан басқа, Астана және Қарағанды қалаларында 2 индустриялық аймақ құрылды, бұл ретте Астана қаласының ИА-сы «Астана - жаңа қала» АЭА-ның құрамына енгiзiлдi.
Әлемдiк тәжiрибе АЭА және ИА құру халықаралық тауар айналымын жандандыру, инвестицияларды жұмылдыру, интеграциялық экономикалық процестердi тереңдету есебiнен жеделдетiлген экономикалық өсу факторы болып табылатынын көрсетiп отыр.
Қазақстандық АЭА мен ИА-ның инвестициялық тартымдылығы қазiргi уақытта онша жоғары емес, өйткенi олардың жұмыс iстеуi нақты қажеттiлiктерге және инвесторлар мүдделерiне толық бағдарлана қоймаған.
2. МЖӘ-нiң ағымдағы жай-күйi
Қазақстанда инфрақұрылым объектiлерiне және олардың сапалы қызмет көрсетуiне қоғам қажеттiлiгiнiң өсуi, негiзгi құралдардың моральдық және табиғи тозуының ұлғаюы және мемлекетте инфрақұрылым объектiлерiн жаңарту мен құруға арналған жеткiлiктi қаржы ресурстарының болмауы жағдайында МЖӘ тетiктерiн пайдалану мемлекеттiң дәстүрлi жауапкершiлiгi салаларындағы мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз ете алады, жеке инвесторлар әлеуетiн iске асыруға және дамытуға әрi институционалдық инвесторлар қаражатын тартуға мүмкiндiк бередi.
Қазақстанда алғашқы концессиялық жобаларды iске асыру тәжiрибесi МЖӘ тетiгiн пайдалану арқылы көлiк инфрақұрылымын дамытуға қомақты инвестиция тарту мүмкiндiгiнiң айғағы болып отыр.
Концессиялық жобаларды iске асыру тәжiрибесiнiң болуына қарамастан, мыналар:
1) Мемлекеттiң дәстүрлi жауапкершiлiгi салаларына жеке меншiк инвестицияларды тарту;
2) Капиталды көп қажет ететiн объектiлердi (инфрақұрылымдық, энергетикалық және т.б.) инвестициялау кезiнде инвесторлар мен кредиторлар үшiн қолайлы жағдай жасау;
3) Жеке меншiк капиталды тарту жолымен тұрғын-үй коммуналдық саланың мемлекеттiк меншiк объектiлерiн басқарудың тиiмдi әдiстерiн енгiзу бойынша жұмыс жүргiзу қажет.
Негiзгi мiндеттер
Экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикiзат емес өндiрiстерге тiкелей инвестициялар үшiн тартымды жағдай жасау, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту.
Нысаналы индикаторлар
1. Global - 2000-ға енгiзiлген компаниялар тiзiмiнен тартылған мақсатты инвесторлар саны: 2010 - 2, 2011 - 3, 2012 - 4, 2013 -4, 2014 - 5.
2. Шетелдiк мемлекеттермен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмдер жасасу. 2010 - 2, 2011 - 2, 2012 - 2, 2013 - 2, 2014-2.
3. Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнiң көрсеткiшiне қол жеткiзу: «Тiкелей шетел инвестицияларын реттейтiн ережелердiң бизнеске әсерi (101-орын)» - 2010 жыл - 100-орын, 2011 - 99, 2012 - 98, 2013 - 97, 2014 - 96. «Тiкелей шетел инвестициялары мен технологиялары» (104-орын) - 2010 жыл - 103-орын, 2011 - 102, 2012 - 101, 2013 - 100, 2014 - 99. «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша «Doing Business» рейтингiнде Қазақстанның позициясын жақсарту. 2010 жыл - 52-орын, 2011 - 51, 2012 - 50, 2013 - 49, 2014 - 48. Елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi бойынша Дүниежүзiлiк Банк индексiн 2014 жылы 60 орынға дейiн (2009 жылы - 67-орын).
4. АЭА-да қатысушылар санын 2009 жылғы 39-дан 2015 жылы 159-ға дейiн және ИА-да 2015 жылға қарай 42-ге дейiн ұлғайту.
5. АЭА аумақтарындағы экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикiзат емес өндiрiске инвестицияларды 2015 жылға қарай 1588 млрд. теңгеге дейiн және ИА аумағында - 151 млрд. теңгеге дейiн ұлғайту.
6. АЭА аумақтарында тауарлар мен қызметтер (жұмыстар) өндiру көлемiн 2009 жылғы 21,9 млрд. теңгеден 2015 жылға - 718 млрд. теңгеге дейiн, ИА-да 2015 жылға 719 млрд. теңгеге дейiн, оның iшiнде өнiм экспортын шығарылатын өнiм көлемiнiң кем дегенде 50 %-ына дейiн ұлғайту.
7. МЖӘ-нiң жалпы сомасы 900 млрд. теңгеден астам кем дегенде 15 жобасын 2015 жылға қарай iске асыру.
Iс-қимылдар стратегиясы
Үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың негiзгi құралдарының бiрi тiкелей инвестициялар тарту болып табылады.
Жалпы қолайлы инвестициялық ахуал құру жөнiндегi шаралармен қатар Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды iске асыру бойынша iрi және трансұлттық компаниялар үшiн арнайы жағдай жасалатын болады.
Бұл үшiн тiкелей инвестициялар тарту жөнiндегi бiртұтас жүйе құру ұйғарылып отыр, ол ынталандырушы шараларды да, сондай-ақ шетелдiк инвесторлармен жұмыс iстеудiң институционалдық тетiктерiн қамтитын болады.
Инвестицияларды ынталандыру жөнiндегi мынадай шараларды қолдану көзделедi:
1. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшiн:
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделетiн инвестициялық преференциялар;
жедел және өтеусiз негiзде шетел мамандары үшiн келу визаларын берудiң арнайы тәртiбi.
2. АЭА аумағында iске асырылатын инвестициялық жобалар үшiн:
әлемдiк үздiк практиканы ескере отырып, ерекше салық салу тәртiбi.
Жеңiлдiктер осы Бағдарламада айқындалған өлшемдер бойынша iрiктелген кәсiпорындарға ұсынылатын болады.
шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге қатысты ерекше тетiк.
3. Танымал шетелдiк инвесторлар, трансұлттық компаниялар қатысатын неғұрлым iрi және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттiк қолдаудың ерекше шаралары:
салықтық жеңiлдiктер және преференциялар;
ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк ең аз тапсырысты және ұлттық компаниялардың тапсырыстарын қамтамасыз ету;
ынталандырудың басқа да қаржылық және қаржылық емес шаралары көзделетiн жекелеген инвестициялық келiсiмдер жасалатын болады.
Инвестициялық келiсiмдер шеңберiнде қолдаудың осы шаралары жөнiндегi шешiм Үкiмет деңгейiнде қабылданатын болады.
Экономиканың шикiзат емес секторына инвестициялар тартуды өрiстету мақсатында әрбiр әлеуеттi iрi инвестормен жеке келiссөздер жүргiзiлетiн болады.
Тiкелей шетелдiк инвестициялар тарту бойынша жеке тәсiлдi iске асыру мынадай iс-шаралар жүргiзудi қамтиды:
мақсатты әлеуеттi инвесторларды, ең алдымен ТӨК арасынан iздестiру және айқындау;
мыналарды:
Қазақстанда бизнес ашуға және жүргiзуге байланысты қажеттi формальдылықтарды жүзеге асыруға жәрдемдесудi;
Қазақстанда басты саяси көшбасшылармен және жетекшi компаниялармен кездесулер ұйымдастыруды;
инвестициялық жобаны әзiрлеу сатысында да, оны iске асыру сатысында да консультациялық қызметтер ұсынуды;
постинвестициялық\қолдауды қоса алғанда, әрбiр мақсатты инвестормен жұмыс жасау жөнiнде «жол карталарын» әзiрлеу және iске асыру.
Жеке тәсiлдi iске асыру үшiн шетелдiк инвесторларымен өзара iс-қимыл жасаудың институционалдық тетiктерi жетiлдiрiлетiн болады. Мыналар көзделiп отыр:
шетелдiк инвесторлар үшiн «алғашқы өтiнiш жасау терезесi» және «бiрыңғай консультант» принципi бойынша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Инвестициялар комитетiн шетелдiк инвесторлармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi бiрыңғай үйлестiрушi орган ретiнде күшейту. Сондай-ақ, «Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖШС-нi Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне беру ұйғарылып отыр.
Халықаралық желi құру шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктердiң, сауда өкiлдiктерiнiң, құрметтi консулдар институтының ресурстарын пайдалану, сондай-ақ инвестициялар, сауда және технологиялар мәселелерi бойынша өкiлдер институтын құру үшiн елдiң шет елдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi құрамындағы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң ұсынымы бойынша тағайындалатын және оған есеп беретiн дипломатиялық рангтегi Кеңесшi-елшi және жекелеген елдердегi Қазақстан елшiлiктерiнде атташе штаттық бiрлiктерiн айқындау мәселесiн пысықтау есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Олардың қызметiн рейтингiлiк бағалау енгiзiлетiн болады;
Қазақстан экономикасына шетелдiк инвестицияларды тарту және шетелдiк инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұлттық холдингтердiң қызметiн үйлестiру және бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң басшылығымен тұрақты жұмыс iстейтiн шетелдiк инвестициялар жөнiнде комиссия құру. Комиссия шетелдiк инвесторлар үшiн «омбудсмен» рөлiн атқаратын болады.
Комиссия жобаларды қарап, iрi жобаларды iске асыру кезiнде инвесторлар үшiн эксклюзивтi жағдай жасауға қатысты шешiмдер қабылдайтын болады. Айрықша жағдайларда жобаларды АЭА аумағынан тыс iске асыру үшiн жекелеген iрi инвесторлармен белгiлi бiр жеңiлдiктер пакетi мен преференцияларды, оның iшiнде инвестициялардың бiр бөлiгiн өтеу мүмкiндiгiн көздейтiн инвестициялық келiсiмдер жасалатын болады.
Аса iрi инвестициялық жобаларды iрiктеудi және инвестициялық келiсiмдер шеңберiнде барлық жеңiлдiктер мен преференциялар жөнiндегi шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайтын болады. Инвесторлармен жұмыс жүргiзудiң жеке ұстанымымен қатар Қазақстанның тартымды инвестициялық имиджiн iлгерiлету жөнiндегi жұмыс (жалпы ұстаным) жалғасатын болады, олар мыналарды қамтиды:
ақпараттық-таныстыру iс-шараларын өткiзу (жарияланымдар, көрмелер, ресми кездесулер, форумдар; баспа, телевизиялық және электрондық БАҚ, интернет ресурстар). Шетелдiк инвесторлар үшiн бiрыңғай интернет-портал құру осы бағыт бойынша түйiндi iс-шара болады;
инвесторларға әрiптестер iздеуде, iскерлiк байланыстар орнатуда, қажеттi ақпарат беруде жәрдемдесу.
Күш-жiгердi ТШИ тартуға шоғырландыру мақсатында үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң қызметi жүйеленедi, мұнда бұл мәселелердi Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Инвестиция комитетi үйлестiретiн болады.
АЭА мен ИА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру
Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мен индустриялық аймақтар жеке меншiк инвестицияларды тартудың базалық құралдарының бiрi болады. Арнайы экономикалық аймақтардың салалық бекiтiлуi алынып тасталады, компаниялар үшiн өндiрiс пен еңбек өнiмдiлiгiнiң экспорттық бағытталуы негiзгi өлшем болады.
АЭА туралы жаңа заң әзiрленетiн болады, онда қолданыстағы жеңiлдiктерден басқа мыналар көзделедi:
АЭА-ға қатысушыларға жобаны iске асыру кезеңiнде салық режимiнiң тұрақтылығы туралы кепiлдiктер беру мәселесiн пысықтау;
АЭА аумағына шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге қатысты ерекше тетiк енгiзу;
АЭА-ға қатысушыларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету тетiгiн енгiзу.
АЭА желiсiн кеңейту мәселелерi қаралатын болады.
Жаңа АЭА мен ИА шикiзатты жеткiзу және дайын өнiмдi жеткiзiп беру үшiн қолайлы коммуникацияның болуы ескерiлiп құрылатын болады.
Мұндай принцип бойынша 2011 жылы жаңадан:
АЭА-лар:
«Қорғас» ШЫХО базасында «Қорғас - Шығыс қақпасы» ШСЭА» - өңдеушi өндiрiстердiң алуан түрлерiн және көлiк-логистикалық қызметтердi дамыту үшiн;
Қарағанды қаласында Қарағанды қаласының ИА базасында - металлургия мен металл өңдеудi дамыту үшiн;
ИА-лар:
Алматы қаласында - машина жасауды, өңдеушi өнеркәсiптi, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеудi дамыту және құрылыс кластерiн құру үшiн;
Павлодар қаласында - металлургияны және металл өңдеудi, химия, фармацевтика өнеркәсiбiн, энергетика мен ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеудi дамыту үшiн құру мәселелерi пысықталады.
Бұдан басқа, Ақтөбе, Өскемен және Орал қалаларында жаңа ИА құру мәселесi пысықталатын болады.
Бағдарламаны тиiмдi iске асыру үшiн АЭА пен ИА шеңберiнде әлеуеттi инвесторлардың сұранысына жауап беретiн сапалы инженерлiк инфрақұрылым құрылатын болады.
2012 жылы «Астана - жаңа қала» АЭА-ның индустриялық қосалқы аймағының (Астана қаласының ИА) және «Оңтүстiк» АЭА инфрақұрылымының қосымша объектiлерiнiң құрылысы (өрт сөндiру депосы, жүк терминалы және интеграцияланған сервистiк-технологиялық орталық) аяқталатын болады, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды кiшi электр станцияларына қосу қамтамасыз етiледi; аумақтың өзгеруi ескерiле отырып, «Ақпараттық технологиялар паркi» АЭА бойынша жобалау жұмыстары жүргiзiледi; сондай-ақ Қарағанды қаласындағы ИА-ның көлiк және инженерлiк инфрақұрылымын (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәрiз) салу аяқталады.
2013 жылы «Ақтау теңiз порты» АЭА-ның № 1 және № 3 қосалқы аймақтарының көлiк және инженерлiк инфрақұрылымын (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, газ жүргiзу, телекоммуникация) салу аяқталады.
2014 жылы «Ақтау теңiз порты» АЭА-ның № 2, № 4 - № 6 қосалқы аймақтары бойынша жобалау жұмыстары жүргiзiледi; «Ақпараттық технологиялар паркi» АЭА-ның 1-шi кезеңiн пайдалануға беру қамтамасыз етiледi; аумақтың өзгеруi ескерiле отырып, жобалау жұмыстары жүргiзiледi және «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» АЭА-ның 1-шi кезеңiн пайдалануға беру қамтамасыз етiледi; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiн запасқа ауыстыру қамтамасыз етiледi және «Бурабай» АЭА-ның 1-шi кезеңiн пайдалануға беру қамтамасыз етiледi;
Бұдан басқа, 2014 жылы жаңадан құрылатын АЭА және ИА шығарылатын өнiм көлемiмен бiрге жобаларды iске асыру үшiн жеткiлiктi инфрақұрылыммен қамтамасыз етiледi:
«Қорғас - Шығыс қақпасы» ПТЭЗ» АЭА - 4 млрд. теңгеден астам; Қарағанды қаласындағы АЭА - 280 млрд. теңгеден астам; Алматы қаласындағы ИА - 135 млрд. теңгеден астам; Павлодар қаласындағы ИА - 297 млрд. теңгеден астам. Кеден одағының, ҚХР мен Орталық Азияның нарықтарын игеруге мән бере отырып, жоғары технологиялы шикiзат емес өнiм өндiру үшiн «зәкiрлi» (стратегиялық) инвесторларды, оның iшiнде шетелдiк инвесторларды тарту АЭА мен ИА-ның жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттырудың маңызды факторы болады.
АЭА мен ИА-ны жалпы бақылау және мониторингiлеу, әдiснамалық және заңнамалық сүйемелдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi 2010 жылы АЭА және ИА бойынша бiрыңғай уәкiлеттi орган болып айқындалады. Тиiстi жергiлiктi және орталық атқарушы органдар АЭА мен ИА-ның үйлестiрушi органдары болып айқындалады.
Инвесторларды басқару, iздеу әрi тарту және АЭА мен ИА қатысушыларына базалық және мамандандырылған қызмет көрсету үшiн мемлекеттiң шығындарды iшiнара өтеуi тетiгiн пайдалана отырып, кәсiби оператор компаниялар (халықаралық) тартылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |