Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы



бет8/13
Дата17.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#142746
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Iс-қимылдар стратегиясы

      Экономиканың қажеттiлiктерiне және еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету жөнiндегi мақсаттарға қол жеткiзу үшiн техникалық және кәсiптiк, инженер-техникалық және қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң өзара байланысты жүйесiн қамтитын үзiлiссiз моделдi қалыптастыру, теңгерiмдi, серпiндi еңбек нарығын дамыту, экономиканың басым секторларына мамандар тарту үшiн мемлекет пен бизнестiң өзара iс-қимылы, сондай-ақ iшкi және сыртқы көшi-қонды пайдалану жөнiндегi iс-шаралар iске асырылатын болады.


      Орта буындағы бiлiктi жұмысшылар мен мамандар тапшылығын ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiм беруге (ТКБ) басым көңiл бөлiнбек.
      Техникалық және кәсiптiк бiлiм берудi дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) ТКБ оқу орындарының инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту:
      экономиканың басым секторларының қажеттiлiктерiне бағдарланған  жұмыс iстеп тұрған оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту;
      ТКБ жаңа оқу орындарын салу. ТКБ-ның әкiмдiктер өтiнiм беретiн оқу орындарын салу жөнiндегi жобаларды iрiктеу Индустрияландыру картасына енгiзiлген жобалар бойынша жиынтық қажеттiлiктi ескере отырып, конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Жобалар iрi кәсiпорындардың қатысуымен республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бiрлесiп қаржыландыру шартында iске асырылатын болады;
      мұнай-газ саласы бойынша Атырау қаласында, отын-энергетика саласы бойынша Екiбастұз қаласында, өңдеушi сала бойынша Шымкент қаласында және машина жасау саласы бойынша Өскемен қаласында өңiраралық кәсiптiк орталықтар салу;
      индустриялық-инновациялық даму жобалары бойынша қазiргi ТКБ ұйымдарының базасында базалық оқу орталықтарын құру;
      2) еңбек нарығындағы сұранысқа және халықаралық стандарттарға сәйкес мыналарды:
      жұмыс берушiлер бiрлестiктерiн және қызметкерлерiн тарта отырып, ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн;
      кәсiптiк стандарттарды;
      құзыреттi мамандар даярлаудың интеграцияланған (модульдiк) бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу жолымен бiлiм беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
      3) ТКБ құрылымы мен басқару жүйесiн жетiлдiру:
      ТКБ дамыту жөнiндегi Ұлттық, өңiрлiк және салалық кеңестердiң экономиканың басым секторларының Индустрияландыру картасының кадрларын мақсатты даярлау үшiн республикалық және өңiрлiк деңгейлерде үйлестiру кеңестерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
      жұмыс берушiлердi және салалық қауымдастықтарды тиiстi келiсiмдер жасасу, ТКБ-ны, оқу орындарын және кәсiпорындар жанындағы оқу орталықтарын дамытуды қолдау жолымен әлеуметтiк әрiптестiк шеңберiнде кадрлар даярлауға тарту, өндiрiстiк практика, тағылымдамалар үшiн жұмыс орындарын, стипендиялар ұсыну;
      4) индустрияландыру мiндеттерiн шешу үшiн бiлiктi кадрлар даярлау сапасын қамтамасыз ету:
      мамандар бiлiктiлiктерiн сертификаттаудың, оның iшiнде халықаралық сертификаттаудың салалық жүйесiн енгiзу;
      бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi өңiраралық орталықтар базасында ТКБ ұйымдарының кадрлық әлеуетiн күшейту;
      жоғары оқу орындарында ТКБ оқу орындары үшiн өндiрiстiк оқыту оқытушылары мен шеберлерiн даярлау.
      Индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      жоғары оқу орындары, ҒЗИ және жүйе құраушы өнеркәсiп кәсiпорындары арасында өндiрiстiк практикалар базасын қалыптастыруға келiсiмдер жасасу;
      ұлттық және трансұлттық компаниялардың қаражатын тарта отырып, отандық және шетелдiк жоғары оқу орындарының бiрлескен бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
      жоғары оқу орындарының отандық және шетелдiк жетекшi өнеркәсiп кәсiпорындарымен және жетекшi ҒЗИ-мен профессор-оқытушылар құрамын жоғары технологиялық кәсiпорындарда, отандық және шетелдiк жоғары оқу орындарында бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау, тағылымдамадан өткiзу мәселелерi бойынша көп жақты кооперациясы.
      Кадрларға деген қажеттiлiк ұсынылған кезде салалық мемлекеттiк органдар кәсiптер мен мамандықтар (соның iшiнде жеке, эксклюзивтi даярлау) жобаларын iске асыру үшiн қажеттi барлық мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыратын болады.
      Кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру
      Басқарушы кадрларды даярлау жекелеген кәсiпорындардың да, тұтастай ел экономикасының да жаһандық нарықта бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудiң шешушi факторы болып табылады.
      Осы мақсатта экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлердi шет елге тағылымдамаға жiбере отырып, олардың бiлiктiлiгiн арттыру саласында жергiлiктi және шетелдiк әрiптестермен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
      Персоналды алдын ала оқытуды ұйымдастыру өмiр бойы бiлiм мен iлiмдi үнемi жаңарту үшiн жағдай жасауға негiзделген. Бұл үшiн кадрларды даярлау және қайта даярлаудың үш деңгейлi жүйесi - жоғары, орта және бастапқы бiлiм беру мекемелерiнде; өндiрiсте (фирмаiшiлiк даярлау), уәкiлеттi органдардың халықтың мақсатты топтарын жұмыспен қамту жөнiндегi оқытуы және қайта оқытуы одан әрi дамытылып, пайдаланылатын болады.
      Қызметкерлердi басым тәртiппен қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар шеңберiнде азаматтардың мынадай санаттары қамтылатын болады: толық емес жұмыс режимiнде iстейтiн не қысқару қаупiнде тұрған қызметкерлер және халықтың мақсатты топтарының өкiлдерi.
      Осы мақсатта мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк негiзiнде қайта даярлаудан өткен тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөнiнде шаралар қабылданады.
      Мемлекет пен бизнестiң өзара iс-қимылы бойынша экономиканың басым секторларына мамандар тарту үшiн мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
      iшiнара ақы төленетiн өндiрiстiк практика тетiгiн дамыту;
      бос орындар жәрмеңкесiн өткiзу;
      әлеуметтiк жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастыру;
      «Түлек» дерекқорын қалыптастыру және үнемi жаңартып отыру;
      Iшкi және сыртқы көшi-қонды пайдалану
      Бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшiн бiлiм беру жүйесiнiң мүмкiндiктерiн пайдаланумен қатар iшкi және сыртқы көшi-қон тетiктерi мынадай жолдармен кеңiнен қолданылатын болады:
      өңiрлiк еңбек нарықтарында, оның iшiнде жұмыссыздар арасынан қажеттi кадрларды (қызметкерлердi) iздестiру;
      елдiң еңбек ресурстары артық өңiрлерiнен жұмыстың вахталық әдiсiн қоса алғанда, еңбек ресурстарын тарту;
      нақты жобаларға сұранысқа сәйкес шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны ұтымды бөлу жолымен шетелдiк жұмыс күшiн тарту.
      Сыртқы еңбек көшi-қонын реттеу бiлiктiлiгi жоғары жұмыс күшiне сұранысты қанағаттандыруға, iшкi еңбек нарығында ширығуды азайтуға, инвестициялар ағынын ынталандыруға бағытталатын болады.
      Көшу ағынын тежеу мен «ақыл-ойдың сыртқа жылыстауы» процесiн уақытша және/немесе тұрақты негiзде жұмыс iстеу, дәрiс оқу, бизнес жүргiзу үшiн бiлiктiлiгi жоғары (оның iшiнде, бұрынғы отандастар арасынан) мамандар шақыру нысанында «ақыл-ойды байыту» процесiне «түрлендiруге» ерекше көңiл бөлiнедi.
      Теңгерiмдi, серпiндi еңбек нарығын дамыту бойынша мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
      2010 жылы:
      Индустрияландыру картасы базасында салу және пайдалану кезеңiн қоса алғанда, алдағы кезеңге нақты мамандықтар бойынша кадрларға қажеттiлiк айқындалатын болады;
      жұмыс күшiне ұзақ мерзiмге арналған сұраныс пен ұсынысқа бiр мезгiлде статистикалық зерттеу жүргiзiлетiн болады;
      еңбек нарығының түрлi бiлiктiлiктегi кадрларға, оның iшiнде, әлемдiк еңбек нарығы дамуының халықаралық үрдiстерiн ескере отырып, ағымдағы және перспективалық қажеттiлiгiнiң тұрақты мониторингi жүйесiн құру көзделiп отыр.
      2014 жылы ұлттық деңгейде шетелдiк жұмыс күшiн тартуды және пайдалануды, өңiрлер бөлiнiсiнде жұмыс берушiлердiң кәсiптiк және бiлiктiлiк құрамы бойынша кадрларға қажеттiлiгiн қамтитын бiрыңғай ақпараттық дерекқор құру қажет.
      Ақпараттық база шеңберiнде халықты еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйi туралы хабардар етудiң жаңа сапалы жүйесiн құру және ақпараттық-консультациялық қызметтер желiсiн айтарлықтай кеңейту қажет.
      Республикалық деректер банкiн құру негiзiнде жұмыс күшiнiң сұранысы мен ұсынысының өңiрлiк болжамы да әзiрленедi.

Заңнаманы жақсарту

      Қазақстан Республикасының мынадай Заңдары мен Кодекстерiне:


      1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн құру және кәсiптiк стандарттар әзiрлеу жөнiндегi құзыреттi белгiлеу бөлiгiнде;
      2. Жеке кәсiпкерлiк туралы, Мемлекеттiк кәсiпорын туралы Қазақстан Республикасының заңдарына ұйымдарда өндiрiстiк практика үшiн орын беру және кейiннен бiлiктiлiгiн бере отырып, персоналды өндiрiсiшiлiк оқыту (тiкелей жұмыс орнында) бөлiгiнде;
      3. Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңына түлектердi жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
      4. Халықтың көшi-қоны туралы Қазақстан Республикасының Заңын (жаңа редакцияда) және Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау.

2.6 Әкiмшiлiк кедергiлердi азайту

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесiн жетiлдiрудiң 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру шеңберiнде анықталған 1004 рұқсат беру рәсiмi түрлерiнен 348 рәсiмдi тоқтату бойынша ұсыныстар әзiрлендi, бұл 2008 жылмен салыстырғанда жылына шамамен 880 лицензиялау-рұқсат беру құжат айналымын азайтуды болжайды (29 млн. жуық рұқсат беру құжаты берiлдi).


      2009 жылы 72 заңнамалық актiге, оның iшiнде 8 кодекске өзгерiстер енгiзген «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерге жеке кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
      Заң кәсiпкерлiк субъектiлерiне бақылау-қадағалау функциялары берiлген мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерiстердi оңтайландырып, реттеуге мүмкiндiк бердi. Тексерiстердi оңтайландыруға және реттеуге тәуекелдердi бағалау жүйесiн енгiзу, тексеру парақтарын, ведомстволық статистикалық есептiлiк нысандарын бекiту есебiнен қол жеткiзiледi.

Негiзгi мiндет

      Кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға кедергi келтiретiн әкiмшiлiк кедергiлердi азайту.



Нысаналы индикаторлар

      1. Бизнестi тiркеуге және жүргiзуге байланысты операциялық шығындарды 2011 жылы қысқарту, ал 2015 жылға қарай - тағы 30%-ға қысқарту.


      2. Дүниежүзiлiк Банктiң Doing Business рейтингiнде Қазақстанның көрсеткiштерiн 6 позицияға жақсарту.
      3. 2009 жылмен салыстырғанда лицензияланатын қызмет түрлерiн 30 %-ға қысқарту және лицензиялар, рұқсаттар, келiсiмдер мен басқа да рұқсат беру құжаттарын беру тәртiбiн оңайлату.
      4. Бақылау-қадағалау функциялары берiлген мемлекеттiк органдар жүргiзетiн жоспарлы тексерiстердiң санын 30 %-ға дейiн қысқарту (салық қызметi органдарын қоспағанда); Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн негiздер бойынша тексерiстердi жою.

Iс-қимылдар стратегиясы

      Кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға кедергi келтiретiн әкiмшiлiк тосқауылдарды азайту жөнiндегi шаралар мынадай бағыттарға шоғырланатын болады:


      Лицензиялық-рұқсат беру және тiркеу жүйесiн жетiлдiру:
      1. Рұқсат беру жүйесiн «тарылту»:
      рұқсат беру құжаттары мен рәсiмдерiнiң санын қысқарту және олардың түпкiлiктi тiзбесiн заңнамалық деңгейде бекiту;
      лицензиялау iс-қимылы саласын тарылту, оның iшiнде бiлiктiлiк талаптарымен қамтамасыз етiлмеген лицензияланатын қызмет түрлерi мен кiшi түрлерiн тiзбеден алып тастау;
      лицензиялау саласына халықаралық, оның iшiнде қаржы секторын қоспағанда өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар енгiзетiн тәжiрибенi енгiзу.
      2. Рұқсат беру рәсiмдерiн оңайлату және жетiлдiру:
      «жалғыз терезе» қағидатын барлық рұқсат беру құжаттарына және қаржы секторын қоспағанда, барлық мемлекеттiк органдарға қолдану. Мемлекеттiк органдармен бiр рұқсат беру құжатын беру шеңберiнде қажеттi барлық келiсулердi осы құжатты беретiн мемлекеттiк орган жүзеге асыратын болады;
      рұқсат беру құжаттарының алынуына байланысты мынадай жолдармен алынған уақытша шығындар мен ысыраптарды қысқарту: құжаттардың толықтығын қарау мерзiмiн 2 күнге дейiн шектеу; құжаттарды мiндеттi түрде нотариалды куәландыруды алып тастау; «үндемегенi - келiскенi» қағидатын енгiзу, яғни егер мемлекеттiк орган құжатты белгiленген мерзiмде бермесе немесе беруден дәлелдi себептермен бас тартпаса, құжат берiлдi, рәсiм келiсiлдi деп есептеледi;
      хабарлау тәртiбiн пайдалану саласын кеңейту және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру тәртiбiн қысқарту;
      рұқсат беру рәсiмдерiне мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерiн енгiзу;
      қаржы секторын қоспағанда, е-лицензиялау саласын кеңейту:
      2010 - 2011 жж. - олардың аумақтық бөлiмшелерiн қоса алғанда, орталық мемлекеттiк органдар - лицензиарлар;
      2011 - 2012 жж. - жергiлiктi мемлекеттiк органдар - лицензиарлар.
      3. Кәсiпорындарды ашу және жабу рәсiмдерiн оңайлату.
      4. Сыртқы экономикалық қызметтi реттеу рәсiмдерiн оңайлату.
      5. Кәсiпкерлiк қызметтi нормативтiк құқықтық реттеудi жетiлдiру:
      әрбiр мемлекеттiк органның қызметiнде әзiрленетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң реттеушi әсерiн талдау (бұдан әрi - РӘТ) рәсiмiн енгiзу;
      кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң мемлекеттiк органдар жанындағы Кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi жөнiндегi сараптау кеңестерiндегi өкiлдiктерiн кеңейту;
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердi 2011 жылғы 1 қаңтарға қарай олардың деңгейiн бiр мезгiлде арттыра отырып (10 мыңнан астам) РӘТ принципiнде қайта қарау;
      2011 жылға қарай Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң дерекқорына жалпылай тегiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету.
      6. Кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және жүйелеу:
      бизнеске құқық қорғау органдары жүргiзетiн тексерiстердi оңтайландыру, қысқарту және регламенттеу;
      құжаттардың түпнұсқаларын алып қою негiздерiн қысқарту мүмкiндiгiн қарау;
      кәсiпкерлiк қызметке негiзсiз араласуды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдарының тергеуге дейiнгi тексеру мәселелерiн реттеу;
      7. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң заңды құқықтарын, оның iшiнде, бизнестi жоспардан тыс тексеру тәртiбiн регламенттеу есебiнен қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн күшейту;
      8. Кәсiпкерлiк қызметтi техникалық реттеу принциптерiн енгiзудi кеңейту жолымен кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеудi ырықтандыруды қамтамасыз ету.
      9. Қазақстандық қамтуды дамыту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру.

Заңнаманы жақсарту

      Қазақстан Республикасының мынадай заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу:


      1. «Банкроттық туралы».
      2. «Темiр жол көлiгi туралы»
      Қазақстан Республикасының мынадай заңдарын әзiрлеу және қабылдау:
      3. «Кейбiр заңнамалық актiлерге рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы».
      4. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының Үкiметi мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдауға арналған құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы».

2.7 Бәсекелестiктi дамыту

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Дағдарыстың салдарын еңсеру жөнiндегi мiндеттердi шешу және кейiнгi экономикалық өсiмдi дайындау кезiнде бәсекелестiктiң маңызы артады. Әлемдiк экономикалық дағдарыс үрдiсi тұтастай алғанда бәсекелестiктiң дамуына әсер еттi.


      2009 жылы жүргiзiлген талдау нәтижелерi темiр жол саласы, отын-энергетика кешенi және телекоммуникация секторы ұзақ уақыт бойы монополияланған және шоғырлануы жоғары нарықтар болып отырғанын растады. Экономика құрушы болып табылатын бұл салалар аралас салалардағы бәсекелестiктiң дамуына айтарлықтай әсер етедi.
      Азық-түлiк тауарлары нарығында бәсекелестiк жеткiлiктi түрде дамымаған.
      Мемлекеттiң экономикаға қатысу үлесi жоғары, соның iшiнде мемлекет қатысатын кәсiпорындар саны ұлғаюда, бұл бәсекелестiк ортаға керi әсер етедi, ал мемлекеттiк кәсiпорындарға ұсынылатын негiзгi қызмет көрсетулердiң сапасы ете төмен болуда.

Негiзгi мiндеттер

      Еркiн бәсекелестiктi дамыту және тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығына тең қолжетiмдiктi қамтамасыз ету арқылы бизнестiң экономикалық белсендiлiгiнiң өсуi үшiн жағдайлар жасау.



Нысаналы индикатор

      1. Тауар нарықтарына талдаулар жүргiзу






Өлшем бiрлiгi

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Тауар нарықтарына талдаулар жүргiзу

бiрлiк

20

20

20

20

20

      2. Адал бәсекелестiктi қорғау (насихаттау)




Өлшем бiрлiгi

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Әдiл бәсекелестiктiң басымдықтары және негiзгi қызмет жөнiндегi жұмыс нәтижелерi туралы ақпараттық материалдар әзiрлеу (БАҚтағы жарияланымдар, теледидар мен радиода сөз сөйлеу)

бiрлiк

120

144

145

149

150

Бизнес пен мемлекеттiк органдар өкiлдерi үшiн монополиялық қызметтi шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөнiндегi қоғамдық iс-шаралар (соның iшiнде конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар)

бiрлiк

40

50

55

60

65

Iс-қимылдар стратегиясы

      Қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiң республиканың нарықтарына қатысу үлесiн азайту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу, экономиканың салаларын монополиясыздандыру, сондай-ақ монополияға қарсы бақылау құралдарын жетiлдiру талап етiледi:


      1) монополияға қарсы бақылауды арттыру және қызметтiк бейiндi емес активтердi жеке секторға беру жолымен мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет қатысатын ЖШС мен АҚ-лардың қызметiн реттеу;
      2) бәсекелестiктi дамыту және экономиканың салалары мен секторларын монополиясыздандыру мақсаттарын, сондай-ақ оларды iске асыру жөнiндегi нақты шараларды мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына енгiзу;
      3) темiр жол көлiгiмен тасымалдау нарығында:
      инвестициялық тарифтi бекiту;
      магистральдық желiлерге және басқа да инфрақұрылым объектiлерiне кемсiтпей қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
      заңнамаға тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып, жолаушыларды темiр жол көлiгiмен әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау бойынша бағытқа құқық беру мерзiмiн 1 жылдан 3-5 жылға дейiн ұзарту;
      әдiл тариф белгiлеу мақсатында тоғыстыра субсидиялауды жою және жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қызметтерiне тарифтер қалыптастырудың ашық саясатын қамтамасыз ету;
      4) әуе тасымалы мен әуежай қызмет көрсетулерi нарығында:
      әуежай және тасымалдау қызметтерiн бөлу;
      техникалық қызмет көрсетуде, багажды, жүктердi және почтаны өңдеуде, перронда қызмет көрсетуде, тамақ өнiмдерiн жеткiзуде, бажсыз саудада, автотұрақтарда және т.б. бәсекелестiктi дамыту;
      авиа компаниялардың әуежайлар мен аэронавигация қызмет көрсетулерiне кемсiтусiз қол жеткiзу ережесiн әзiрлеу және енгiзу;
      бюджетi төмен авиа тасымалдарын кеңейту үшiн жағдай жасау, iскерлiк және шағын авиацияны дамыту;
      авиа тасымалдаушылары үшiн тең бәсекелестiк жағдай жасау (оның iшiнде мемлекеттiк көмек берудi бақылау жолымен);
      авиа компанияларына және әуежайларға делдалдық құрылымдарды айналып өтiп, авиа ЖЖМ өндiрушiлермен тiкелей келiсiмшарттар жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
      авиа тасымалдаушылардың авиаотынды сақтауы жөнiндегi әуежайлардың қызмет көрсетулер ұсынуын және балама отын құю кешендерiн салу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету.
      5) телекоммуникация нарығында:
      орта мерзiмдi перспективада телекоммуникация қызмет көрсетулерi нарығының экономикалық шоғырлану дәрежесiн азайту мақсатында қор нарығында «Қазақтелеком» АҚ акцияларының пакеттерiн және тiркелген, ұялы байланыс және Интернет операторларындағы қатысу үлестерiн сату;
      байланыс операторларының мұқтажы үшiн оларды босату мақсатында радиожиiлiктi конверсиялау жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзу;
      жалпы пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне тең ашық қол жеткiзудi, сондай-ақ айқын әрi кемсiтусiз оператораралық қосылуды қамтамасыз ету;
      6) мұнай өнiмдерi мен көмiр нарығында:
      мұнайды алу-берушiлердiң МӨЗ қызмет көрсетулерiне тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
      iшкi нарықта мұнай өнiмдерiнiң тапшылығын жою мақсатында қазақстандық мұнайды толлинг схемасы бойынша Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының МӨЗ-де өңдеу туралы мәселенi қарау;
      бензиндi, дизель отынын, авиациялық керосиндi, табиғи және сұйытылған газды, көмiрдi сату нарығындағы өнiмсiз делдалдық құрылымдарды жою;
      7) азық-түлiк тауарлары нарығында:
      ритейлер тарапынан өктемдiк фактiлерiн жою үшiн ритейлердiң азық-түлiк тауарларын жеткiзушiлермен өзара қатынастарының жеткiзушiлердiң iрi сауда желiлерiне кемсiтусiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн және әртүрлi шарттар таңуды жоятын тетiгiн заңнамалық деңгейде регламенттеу.

Заңнаманы жақсарту

      Қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және мынадай нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау:


      1) бiрқатар заңдарды «Бәсекелестiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес келтiру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк монополиялар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу және қабылдау;
      2) «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бәсекелестiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу және қабылдау;
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысымен бекiтiлген Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесiне 2010 жылы бағыттар беру мерзiмiн 1 жылдан 3 жылға дейiн ұлғайту бөлiгiнде темiр жол көлiгiмен әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауды субсидиялау тетiгiн жетiлдiру бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу;
      4) жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау тәртiбiн, жеке тасымалдаушылар институтының пайда болуына сәйкес темiр жол вокзалдарының жұмысын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық құжаттаманы қайта қарау және өзгерiстер енгiзу;
      5) әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы екi жақты үкiметаралық келiсiмдердi монополияға қарсы заңнаманың нормаларына сәйкес келтiру бөлiгiнде әуе тасымалын реттейтiн заңнаманы үйлестiру (оларды кемсiтудi немесе әдiлетсiз бәсекелестiк саясатын жоюға бағытталған бәсекелi нормалармен толықтыру);
      6) «Темiр жол көлiгi туралы» Заңға және басқа заңнамалық актiлерге инвестициялық тарифтi бекiту бөлiгiне өзгерiстер енгiзу;
      7) МӨЗ қызметтерiне кемсiтусiз қол жеткiзу ережесiн қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет