Қазақстан Республикасында көлiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi N 1006 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында көлiк
инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi 2010 — 2014 жылдарға арналған
бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 1006 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында көлiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi 2010 — 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама
Астана, 2010 жыл
Бағдарламаның мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Көлiк саласының ағымдағы жай-күйiн талдау
4. Бағдарламаны iске асырудың мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткiштерi
5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында көлiк инфрақұрылымын
дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған
салалық бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) Әзiрлеу үшiн
негiздеме 1) «Қазақстан Республикасын үдемелi
индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010
- 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама
және Қазақстаы Республикасы Президентiнiң
кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану
туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк
жоспарлау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827
Жарлығы;
3) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк
жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң
кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4
наурыздағы № 931 Жарлығы.
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлiгi
Мақсаты Экономика мен халықтың көлiк саласындағы
қажеттiлiктерiн толық көлемде қанағаттандыруға
қабiлеттi көлiк-коммуникация кешенiн дамыту.
Мiндеттерi Экономика мен халықтың сапалы көлiк
қызметтерiндегi қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету.
Республикалық және жергiлiктi маңызы бар
автомобиль жолдарының көлiктiк-пайдалану
көрсеткiштерiн дамыту және жақсарту.
Бюджетке жүктеменi төмендету және жолдардың
өткiзу қабiлетiн арттыру.
Қазақстан халқының және экономика салаларының
автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдарына
қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.
Магистралды темiржол жүйесiн пайдалану және
жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру салаларында
концессиялық жобаларын iске асыру, соның iшiнде
мемлекеттiк жекеменшiлiк әрiптестiк (әрi қарай
- МЖӘ) жаңа формаларын дамыту.
Магистральдық темiр жол желiлерiнiң (бұдан әрi
- МТЖ) объектiлерiн дамыту және жаңғырту, жаңа
темiр жол желiлерiн салу.
Шекара маңы темiр жол станцияларының өткiзу
қабiлетiн ұлғайту.
Жүктердiң қосымша көлемдерiн тарту мақсатында
тиiмдi маркетингтiк саясатты iске асыру.
МТЖ қызметтерiне тарифтердi кезең-кезеңiмен
бiрiздендiру:
1) қатынас түрлерi бойынша (импорттық және
облысаралық) 2012 жылға қарай;
2) экономикалық орындылығын ескере отырып, жүк
түрлерi бойынша;
3) МТЖ қызметтерiне шектi тарифтердi 10 жылға
бекiту.
МТЖ жолын күрделi жөндеу және жоғарғы қабатын
жаңғырту.
Жылжымалы құрамды, темiр жолды жаңарту және
жаңғырту.
Тасымалдар саласында жаңа тарифтiк саясатты
iске асыру және темiр жол көлiгiмен
тасымалдауға тарифтердi 2011 жылдан бастап 2014
жылды қоса алғандағы кезеңде, кейiннен инфляция
деңгейiнде индекстеумен жыл сайын орташа
есеппен 15% арттыру есебiнен жылжымалы құрамды
сатып алу және күрделi жөндеу.
Республикалық бюджет есебiнен темiр жол жолаушы
вагондары мен локомотивтердi сатып алу.
2011 жылы жүк тасымалдау үшiн вагонның құрамдас
бөлiгiн мемлекеттiк реттеуден шығару және 2014
жылдан бастап тасымалдау қызметiн қайта реттеу.
Кезең-кезеңiмен әлеуметтiк маңызды жолаушылар
тасымалдауына байланысты тасымалдаушының
шығынын 100% бюджеттiк субсидиялауға көшу.
Тасымалдау қызметiн және МТЖ
ұйымдастырушылықпен бөлу.
Әуежай инфрақұрылымын Халықаралық азаматтық
авиация ұйымының (бұдан әрi - ИКАО) талаптарына
сәйкес келтiру.
Әлемдiк нарыққа жеткiзу үшiн Қазақстанның көлiк
кешенiнiң мүмкiндiктерiн дамыту және
халықаралық тасымалдарға сұранысты қамтамасыз
ету, саланың еуропалық авиациялық стандарттарға
сәйкес келуi.
Техникалық сипаттамаларды ИКАО талаптарына
сәйкес келтiру, ұшу-қону жолақтарын, жолаушылар
және жүк терминалдарын қайта жаңарту (салу).
Қазақстанның геостратегиялық жағдайымен
берiлген сауда-экономикалық байланыстар
жолындағы транзиттiк әлеуеттi дамыту және
тиiмдi пайдалану.
Қазақстан Республикасы (бұдан әрi - ҚР) әуе
кеңiстiгi арқылы транзиттiк рейстер санын
ұлғайту үшiн жағдайлар жасау (2010 ж. -118,0
млн. ұшақ/км, 2014 ж. - 123,5 млн. ұшақ/км,
2019 ж. - 228,4 млн. ұшақ/км).
Қазақстандық жүктердi отандық кемелермен
тасымалдауды қамтамасыз ету.
Iшкi су жолдары бойынша және Каспий теңiзiнiң
қазақстандық секторында кемелердiң қауiпсiз
жүзуiн қамтамасыз ету.
Iшкi су жолдарында кеме қатынасы қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар туындау
қаупiн төмендету.
Көлiктегi авариялық деңгейдi төмендету.
Зиянды заттардың шығарындыларын 25%-ға және
пайдалану мерзiмi 12 жылдан астам автомобильдер
санын 63%-дан 50%-га дейiн төмендету.
Халықаралық тасымалдарда цифрлық тахографтармен
жабдықталған автокөлiк құралдары жөнiнде
дерекқорлар құру.
Сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы және
қызметтердегi қазақстандық қамту үлесiн
арттыру, отандық тауар өндiрушiлермен және
жұмыс пен қызметтердi жеткiзушiлермен өзара
қатынасты жақсарту.
Iске асыру мерзiмi 2010 - 2014 жылдар
Нысаналы 2015 жылға қарай:
индикаторлар 1) көлiк бойынша жалпы қосылған құнды 63%
өсiруге қол жеткiзу үшiн көлiк-коммуникация
кешенiнiң негiзгi көрсеткiштерiн ұлғайту;
2) республикалық маңызы бар шамамен 5,5 мың
км автожолды салу, қайта жаңарту және 6 мың км
автожолды, жергiлiктi маңызы бар 10 мың км
жолды жөндеу;
3) республикалық маңызы бар автомобиль
жолдарының жекелеген учаскелерiнде ақылы жүйенi
енгiзу;
4) Қазақстан аумағы бойынша автомобиль
көлiгiмен транзиттiк тасымалдар көлемiн 1,5
есеге ұлғайту;
5) 453 км темiр жол салу;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалдар
көлемiн 25% өсiру;
7) жүк қатынасы жылдамдығын 15-20%, ал негiзгi
халықаралық көлiк дәлiздерi бойынша 20-30%
арттыру;
8) темiр жол көлiгi активтерiнiң тозу деңгейiн
орташа есеппен 60% дейiн төмендету;
9) темiр жол саласында жаңа тарифтiк саясатты
iске асыру;
10) республиканың 13 әуежайында ұшу-қону
жолағын, жолаушылар және жүк терминалдарын
қайта жаңарту (салу);
11) халықаралық әуе қатынасы санын 2010 жылмен
салыстырғанда екi есеге ұлғайту және еуропалық
авиациялық стандарттарды енгiзу;
12) 11 әуежайда ИКАО санаты бар;
13) әуе тасымалдарының бәсекелестiк нарығын
құру;
14) транзиттiк авиатасымалдарының көлемiн 8%
ұлғайту;
15) сауда флотын 11 бiрлiкке дейiн жөткiзу,
соның iшiнде 9 танкер мен 2 құрғақ жүк кемесi;
16) 24 бiрлiк көлемiнде мемлекеттiк техникалық
өзен флотын жаңарту және жаңғырту;
17) Өскемен, Бұқтырма және Шүлбi шлюздерiн
қайта жаңарту және жаңғырту;
18) теңiздегi кемелер қозғалысы мен құтқару
операцияларын басқару жүйесiн құру;
19) көлiк оқиғаларының санын 2009 жылғы
деңгейге қарағанда 8% төмендету;
20) «Еуро-3» экологиялық стандарттарын енгiзу;
21) халықаралық тасымалдарда цифрлық
тахографтарды енгiзу;
22) көлiк саласы бойынша инвестициялық
жобалардағы қазақстандық қамту үлесiн 86%
дейiн жеткiзу.
Қаржыландыру Бағдарламаны iске асыру үшiн қаржы
көздерi мен ресурстарының жалпы көлемi 2 831 705,0* млн.
көлемi теңгенi құрайды, соның iшiнде:
1) республикалық бюджет - 1 114 749,9* млн.
теңге, оның iшiнде мынадай мемлекеттiк
органдардың бюджеттiк қаражаты:
ҚР Көлiк және коммуникация министрлiгi (бұдан
әрi - ККМ) - 927 854,5* млн. теңге;
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгi (бұдан әрi - ИЖТМ) - 186 187,4*
млн. теңге;
ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi -
БҒМ) - 708,0* млн. теңге.
2) концессия - 643 585,0 млн. теңге;
3) қарыз қаражаты - 616 547,9* млн. теңге;
4) компанияның жеке қаражаты - 456 822,2**
млн. теңге.
Ескертпе:
* - қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына
арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру
кезiнде нақтыланатын болады;
** - қаражатты iшкi және сыртқы параметрлерi
мен факторлары өзгерiсiнде түзету мүмкiн.
2. Кiрiспе
Бағдарлама «ҚР үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және ҚР Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына, «ҚР мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы» ҚР Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес, сондай-ақ ҚР 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асырудың екiншi кезеңi болып табылатын ҚР 2020 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарының басты бағыттарына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама экономика мен халықтың көлiк саласындағы қажеттiлiктерiн толық көлемде қанағаттандыруға қабiлеттi көлiк-коммуникация кешенiн дамытуға бағытталған. Республиканың бiрiккен тұрақты көлiк жүйесi экономиканың барлық секторын теңестiрiп дамытуға жәрдемдесуi, сондай-ақ өзiнде әлеуметтiк және экологиялық аспектiлердi қамтуы тиiс.
Бағдарлама көлiк саласында жүргiзiлiп жатқан саясаттың логикалық жалғасы болып табылады, өзiне ҚР 2015 жылға дейiнгi Көлiк стратегиясының, көлiк саласындағы салалық бағдарламалар мен тұжырымдамалар: «ҚР автожол саласын дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы»; «ҚР теңiз көлiгiн дамытудың 2006 — 2012 жылдарға арналған бағдарламасы»; «ҚР кеме қатынасын дамыту және iшкi су жолдарындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң 2007 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы»; «ҚР сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамыту тұжырымдамасы» және «ҚР жолаушылар және жүк тасымалдары қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк жүйенi жетiлдiру тұжырымдамасының» негiзгi тәсiлдерiн бiрiктiрген.
Көлiк саласын дамыту көлiк салалары: автожол, темiр жол, азаматтық авиация, су көлiгiнде инфрақұрылымды дамыту деңгейiн арттыруға, Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникация кешенiнiң халықаралық көлiк желiсiне бiрiгу деңгейiн арттыруға бағытталған.
Көлiк саласындағы индустриялдық-инновациялық даму қазiргi темiр жол желiсiн жаңа учаскелердi салу арқылы желiнi оңтайландырумен қатар, қозғалыс қауiпсiздiгi мен жылдамдығының әлемдiк стандарттарына сәйкестiкке келтiруге; негiзгi халықаралық транзиттiк дәлiздердi, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңартуға, сондай-ақ жергiлiктi автожолдар желiсiн қайта жаңарту; аэронавигациялық инфрақұрылымды кезең-кезеңiмен жаңғырту және республиканың әуежай желiсiн қайта жаңғыртуды аяқтау, жаңа заманауи әуе кемелерiн (бұдан әрi - ӘК) сатып алу; теңiз сауда флотын заманауи кемелермен одан әрi жарақтандыру, iшкi су жолдарын кеме қатынайтын жағдайда ұстау және өзен техникалық флотын жаңғыртуды қамтамасыз ету бойынша шараларға бағытталған.
2015 жылға дейiнгi кезеңге көлiк саласындағы негiзгi басым саясат қазақстандық қамтуды мақсатты дамытып, кейiн бөлiп, қайта өңдеу арқылы шағын және орта бизнес үшiн жаңа бизнес мүмкiндiктерiнiң мультипликациясымен экономиканың дәстүрлi экспортқа бағытталған секторларындағы инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру болып табылады.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» Жолдауында Мемлекет басшысы мынадай мiндет қойды:
«Қазақстан әлемдiк көлiк-коммуникация жүйесiнiң бөлiгi болып табылады, ол бiзден елiмiздiң бүкiл көлiк инфрақұрылымын озыңқы дамытуды талап етедi».
Қойылған мiндеттi шешуде ККМ көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны iске асыруды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган болып табылады.
Елiмiздiң экономикалық өсуiнiң маңызды факторларының бiрi көлiк инфрақұрылымын серпiндi дамыту және жетiлдiру болып табылады. Республиканың көлiк кешенiн реформалауда позитивтi үрдiстер сәттi iске асырылуда. Қазақстандық көлiк кешенiн халықаралық көлiк жүйесiне бiрiгу процестерiн жеделдету және елiмiздiң транзиттiк әлеуетiн дамыту мақсатында көлiктiк қызметтердi көрсетудiң бәсекелi ортасы қалыптасты. Қазақстан көлiгi экономика салалары мен өңiрлердiң өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, республика халық шаруашылығының салалық кешендерiн (агроөнеркәсiп, отын-энергетикалық, кен-металлургия, құрылыс және басқалары) қалыптастыру ескерiлiп дамыды.
Жалпы көлiк жолаушылар мен жүктердi тасымалдаудағы өскелең сұранысты қанағаттандырды. 1995 жылдан бастап 2009 жылға дейiнгi кезеңде: жолаушылар тасымалы 2,4 есе, жүк тасымалы 1,5 есе, жүк айналымы 2 есе, жолаушылар айналымы 2,5 есе ұлғайды.
Қазiргi уақытта көлiк саласында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда: темiр жолдарды жаңғырту жүргiзiлуде, Өзен - Түрiкменстанмен мемлекеттiк шекара және Жетiген - Қорғас темiр жол желiсiнiң құрылысы басталды; жердегi инфрақұрылым объектiлерiн жаңғырту және дамыту бойынша бағдарлама iске асырылуда; 5 негiзгi әуежай (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қайта жаңартылды; Ақтау қаласы әуежайында жаңа аэровокзал пайдалануға енгiзiлдi; автомобиль жолдарының техникалық жай-күйiн жақсарту жөнiнде одан әрi жұмыстар жүргiзiлуде, 6 жолақты қозғалыспен «Астана - Щучье» жылдамдықты автомагистралi ашылды, жыл сайын кеме қатынайтын су жолдарын ұстау жұмыстары жүргiзiледi, Өскемен және Бұқтырма шлюздерiн қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру басталды.
Темiр жол саласы
Қазақстанның темiр жолдарының пайдалану ұзындығы 14,2 мың км (оның iшiнде екi жолды желiлер - 4,8 мың км (34%), электрлендiрiлген желiлер - 4,1 мың км (29%), тығыздығы - 1000 шаршы км 5,5 км, жүктасымалдылығы - километрге 24,4 млн. т км құрайды.
2009 жылы темiр жол көлiгiмен 247,7 млн. тонна жүк тасымалданған, ол 2008 жылғы көрсеткiштен 7,9% төмен, оның iшiнде транзит 14,8 млн. тонна немесе жалпы тасымал көлемiнiң 6,0%. Бұл ретте 2001 жылдан бергi кезеңде жыл сайынғы орташа өсiм 6% құрады.
2009 жылы жүк айналымы 197,3 млрд. ткм құраған, бұл 2008 жылғы көрсеткiштен 8,2% төмен, соның iшiнде транзит 24,5 млрд. ткм немесе жалпы жүк айналымынан 12,4%. Жүк айналымының жыл сайынғы орташа өсiмi 7% құрады.
Алайда, соңғы жетi жыл iшiнде басқа көлiк түрлерiмен тасымалдау көлемдерi темiр жол көлiгiмен тасымалдау көлемiне қарағанда тезiрек өскен. 2001 жылдан бастап темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау үлесiнiң қысқаруы Қазақстанның темiр жолмен жүк тасымалдары бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру қажеттiгiн көрсетедi.
2009 жылы Қазақстанның темiр жолдарымен 20,5 млн. жолаушы тасымалданған, ол 2001 жылғы деңгейден 1,1 млн. жолаушыға төмен, бұл ретте жолаушылар айналымы 67% өсiп, 2009 жылы 17,2 млрд. жкм құрады. Осы кезеңдегi жыл сайынғы орташа өсiм 5% құрады.
Қазақстанның жолаушылар тасымалдау нарығында автомобиль, әуе және темiр жол көлiгi арасында интермодальды (тұраралық) бәсеке бар. Соңғы жылдары алысқа жүретiн халықаралық автобус тасымалдарының сегментi елеулi өстi. Темiр жол көлiгiнiң артықшылығы жолда жүрудiң қауiпсiздiгi, сенiмдiлiгi мен жайлылығында болса, жолаушылар үшiн автобуспен жүру артықшылығы аса икемдi кесте, аса жоғары жүру жылдамдығы және жол құнының қымбат еместiгi1 болып табылады.
_____________
1 Темiр жол көлiгiмен салыстырғанда автокөлiкпен тасымалдау кезiнде инфрақұрылымды салу мен күтуге байланысты шығындар мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жабылады және билет құнына кiрмейдi.
Елiмiздiң жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы темiр жол көлiгiнiң үлесi шамамен 60% құрайды, бұл ретте барлық көлiк түрлерiмен тасымалдаудан түскен кiрiстердегi оның үлесi 20% құрайды.
ҚР темiр жол саласының қазiргi жай-күйi тұтынушылардың сервистiң ассортиментiне, икемдiлiгiне, сапасы мен клиентке бағыттауына бiр жағынан, жеткiзу жылдамдығы, сенiмдiлiгi мен келiсiмшарттық шұғылдығына қойылатын өскелең талаптар мен физикалық жағынан тозған активтер, моральдық жағынан ескiрген технологиялар, қызметтердiң бәсекеге қабiлеттi сипаттамалары екiншi жағынан нарық нақтылығына барабар емес институционалдық құрылым арасындағы теңгерiмсiздiкпен сипатталады.
Бүгiнгi Қазақстанның темiр жол саласы 1991 жылға дейiн қалыптасқан өндiрiстiк активтердiң өмiрлiк циклiн аяқтаумен байланысты байыпты сынақтар кезеңiнен өтуде.
Темiр жол көлiгiндегi реформаларды iске асыру кезiнде соңғы 10 жыл iшiнде мынадай мақсаттар айқындалды:
1) темiр жол көлiгiн МТЖ мемлекеттiк бақылау сақталған жағдайда нарыққа бейiмдеу;
2) тасымалдау және қамтамасыз ету қызметiндегi бәсекелестiктi дамыту есебiнен темiр жол көлiгiнiң көрсететiн қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгiн, тиiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;
3) салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшiн институционалдық жағдай жасау;
4) темiр жол көлiгiнiң импорт алмастыратын өндiрiстiк базасын дамыту.
Жалпы темiр жол көлiгiнiң реформасы ырықтандыру, жеке бастамалар мен инвестициялар тарту жолымен көрсетiлетiн қызметтердiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыруға бағытталған. ҚР Үкiметi Еуропалық Одақта (бұдан әрi - ЕО) қабылданған және темiр жол инфрақұрылымы мен тасымалдау қызметiн, бәсекелестiктi дамытуды тiгiнен (функционалды) бөлудi қамтитын тәсiлдi бейiмдедi.
Қазақстанның темiр жол саласын реформалау барысында төмендегiдей аралық нәтижелерге қол жеттi:
1) мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтiк-тұрмыстық активтер мен шаруашылықтың қызметтiң бейiнсiз түрлерi бөлiндi;
2) бәсәкелi секторға жөндеу кәсiпорындары бөлiндi;
3) жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастырушылық және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын iшiнара мемлекеттiк субсидияландыру басталды.
Жүргiзiлген iс-шараларға қарамастан ұйымдастыру өзгерiстерiн орындай, активтердi қайта бөлу жүргiзiлсе де, МТЖ қызметтерi мен тасымалдау қызметiн функционалдық бөлу (таңдалған салалық үлгi үшiн мiндеттi) жоқ.
Жекелеген сегменттердегi құрылым өзгерiсi мен нарықтың ашылуы саланың реттегiш үлгiсiнiң түбегейлi өзгеруiне әкелмеген. Табиғи монополия саласының тарылуына қарамастан, тасымалдау қызметi ҚР монополияға қарсы заңнамасына сәйкес бiрден бағалық реттеуге түстi.
Жоғары кiрiстiлер есебiнен, жүктердi жүк және төмен кiрiстi тасымалдау есебiнен жолаушылар тасымалын тоғыспалы қаражаттандыру (мемлекеттiк темiр жол тарифтерiн реттеу есебiнен белгiлi бiр салаларды қолдау жөнiндегi макроэкономикалық саясат құбылысы) сақталды.
Осының нәтижесiнде реформаның мақсатына әзiр қол жеткен жоқ және мемлекеттiк стратегия шеңберiнде негiзгi компонентi тасымалдау қызметiн ырықтандыру болып табылатын темiр жол көлiгiн реформалауды қисынды аяқтауға дейiн жеткiзу қажет.
Локомотив паркi
Локомотивтер паркiнде 1748 локомотив, соның iшiнде 578 электровоз, 1141 тепловоз және 29 паровоз бар.
Локомотив паркiнiң жай-күйi 72% жететiн жоғары тозумен сипатталады.
Локомотивтер паркiнiң 37% астамы нормативтiк артық жүрiспен пайдаланылады, ал парктiң 50% қызмет ету мерзiмi аяқталған.
Вагон паркi
2009 жылы ҚР жүк вагондарының жалпы паркi 94 348 бiрлiктi құрады, соның iшiнде 59 381 бiрлiк немесе 63% мүкәммалдық, ал 34 967 бiрлiк немесе 37% жеке меншiк болып табылады.
Мүкәммалдық вагондардың жалпы санында пайдаланылатын парк үлесi 75% (44 563 бiрлiк) құрайды.
2002 жылдан бастап ҚР жүк вагондарының жалпы паркi 6 633 вагонға немесе 7% (iстен шыққанын, толықтырылғанын есептегенде) ұлғайды.
Бұл ретте тәуелсiз меншiк иелерiнiң жүк вагондары паркi 3 есеге өсiп, 24 мың вагонға ұлғайды, мүкәммалдық парк 17,6 мың вагонға (iстен шыққанын, толықтырылғанын есептегенде) азайды.
Жүк вагондарының мүкәммалдық паркiнiң негiзгi проблемасы 72% жететiн оның жоғары тозуы болып табылады, 29 мың вагон немесе мүкәммалдық жүк паркiнiң 60% пайдалану мерзiмi 20 жылдан асып кеткен.
Жүк вагондары меншiк иелерiнiң жүк вагондарын беру қызметтерiне бағалық реттеудiң болмауы жылжымалы құрамды жаңарту үшiн қолайлы жағдай туғызуда. Сөйтiп, 34 967 вагоны бар жүк вагондары меншiк иелерiнiң парк құрылымында пайдалану мерзiмi 20 жылдан асқан вагондар үлесi 30% құрайды.
2009 жылы жолаушылар тасымалдауға арналған вагондар паркi 1 833 бiрлiктi құрады. Жолаушылар вагондары 28 жыл нормативтiк қызмет ету мерзiмi кезiнде бүгiнгi күнi қазақстандық вагондардың орташа жасы 21 жыл құрайды.
Электр поездардың мүкәммалдық паркiнiң 155 вагонынан 90 вагон жұмыс паркiнде тұр, келесi 5 жыл iшiнде 70 электр поезы вагоны есептен шығаруға жатады. Электр поездар паркiнiң тозу деңгейi осы уақытта 90% асады.
Жолаушылар вагондарын соңғы сатып алу 1993 - 1995 жылдары жүргiзiлген, сол кезде 317 вагон сатып алынған. 1985 жылдан бастап 1995 жылға дейiнгi кезеңде орташа есеппен жыл сайын 87 жолаушылар вагоны, 1996 жылдан бастап орташа есеппен жылына 15 вагон сатып алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |