3.4 Оң шетелдiк тәжiрибеге шолу
Темiр жол көлiгiнiң реформалары Солтүстiк және Оңтүстiк Америка, ЕО елдерi, Жапония, Австралия және басқа елдерде жүзеге асырылған. ЕО елдерiн, Латын Америка және Австралияны реформалық қатынаста iлгерi жылжыған елдер деп санауға болады.
Солтүстiк Америкадағы жағдайдың Қазақстандағы жағдайдан айырмашылығы бұл аймақтағы темiр жолдар әрқашан жеке меншiкте болды және өзара бәсекеге түседi. Секторларды реттеу бұл елдерде де болған, бiрақ оның негiзi өз жағдайлары бойынша Қазақстан темiр жолдарының жағдайларына жақынырақ келетiн ЕО елдерi мен Латын Америкасынан ерекшеленедi. ЕО елдерi мен Латын Америкасы барлық темiр жолдарының желiлерi бұрын мемлекет меншiгiнде болды және Қазақстандағы жағдайға ұқсас квази-монополиялық болып табылды. Бұдан басқа, Қазақстанда да Еуропадағы сияқты темiр жолдар жолаушыларының тасымалын, сондай-ақ жүк тасымалын жүзеге асыру үшiн пайдаланылады, бұл тек шектелген полигондарда ғана жолаушылар поезы (М-Тrack и ViаRаil) жұмыс iстейтiн АҚШ мен Канададағы жағдайларға қарама-қайшы келедi.
Солтүстiк Америкадағы реформаға: қызметтi қайта реттеу, темiр жолдардың санаты бойынша жергiлiктi және өңiрлiк жолдарды 1-сыныпты жолға бөлу кiредi. 1-сыныпты тiке-бiрiккен жолдардың арасындағы бәсекелестiк есебiмен, бұл жол өндiрiсiнiң 2 есе көтерiлуiне және қайта реттеуден 5 жылдан кейiн қызметтердiң құнын түсiруге жеткiлiктi болды.
Басқа өңiрлерде қайта реттеу салаға бәсекелестiктi енгiзумен қоса жүргiзiлдi.
Тәуелсiз тасымалдаушы - операторлардың кiру мүмкiндiгiмен үш негiзгi үлгi бар:
1) инфрақұрылымға заңнамалық бекiтiлген кiру мүмкiндiгiмен тiке-бiрiккен темiр жолдардың сақталуы;
2) темiр жолдың тасымалдау компаниясы және инфрақұрылым менеджерiне (операторы) толық (институционалды) бөлiну;
3) темiр жолдың тасымалдау компаниясы және инфрақұрылым менеджерiне (операторы) ұйымдастырушылық бөлiну.
Бәсекелестiк моделдерiнiң барлық үш түрi ЕО елдерiнде кездеседi. Бiрiншi модель сондай-ақ Австралияда және кейбiр басқа елдерде iске асырылған.
3-кесте. ЕО елдерiнде темiр жол көлiгiнiң бәсекелес үлгiлерiнiң түрлерi
Толық бөлiну
|
Ұйымдастырушылық бөлiну
|
Тiкелей-бiрiккен компаниялар
|
Инфрақұрылымды иелену құқығының бөлiмi
|
Холдингтiк компаниялар
|
(Швед үлгiсi)
Ұлыбритания
Финляндия
Дания
Нидерланды
Норвегия
Испания
Португалия
Словакия
Литва
|
(Француз үлгiсi)
Чехия
Эстония
Венгрия
Словения
Люксембург
|
(Германия үлгiсi)
Австрия
Бельгия
Италия
Латвия
Польша
Греция
|
Ирландия
Солтүстiк Ирландия
|
Реформаны iске асырудан әсердi ЕО елдерiндегi темiр жол қызметiнiң көрсеткiштерiн өзгерту негiзiнде бағалауға болады.
6-диаграмма. Еуропалық Одақ мемлекеттер қызметiнiң көрсеткiштерiнiң өзгеруi
РФ-да темiр жол көлiк реформасы РФ Үкiметiнiң қаулысымен темiр жол көлiгiн кезеңдiк реформалау бағдарламасы бекiтiлгелi берi 2001 жылдан бастап жүзеге асырылып келедi.
Көрсетiлген бағдарламаға сәйкес ресейлiк реформада тасымалдау қызметi мен инфрақұрылымды бөлу және тәуелсiз тасымалдаушылардың нарыққа дискриминациялық емес рұқсатын қамтамасыз ету арқылы реформалаудың еуропалық үлгiсiн қабылданған. Қазiргi уақытта саланың мақсатты үлгiсiне түзету талқыланып жатыр. Баламалық есеп жүктер тасымалы мен инфрақұрылымның монополиялық салаға қатысты ашық бәсекелестiк нарығының шағын саласына байланысты үлгi ұсынылды. Сонымен қатар жолаушылар тасымалының нарығы жеке вагондар мен локомотивтердiң тәуелсiз тасымалдаушыларына ашық болуы керек.
Ырықтандыру және қайта реттеу, темiр жол компанияларының коммерциялық бағдарын күшейту, бәсекелестiктi ендiруге байланысты темiр жол көлiгiн қайта құрудың жалпы мақсаты бар.
Темiр жол көлiгiн қайта құру және үлгiсiн таңдау принциптерiн жүзеге асыру барлық елде әлеуметтiк-экономикалық ортаға байланысты және темiр жол көлiгiнiң нақты жұмыс жағдайына тәуелдi өзiндiк ерекшелiгi бар, атап айтқанда, тасымал құрылымдары, жүктер мен жолаушылар тасымалы, жалпы үйiлген және өнеркәсiптiк жүктердiң, бағытты және вагондармен тасымалдаудың, темiр жол саласында географиялық жағдай мен экономикалық саясаттың ара қатынасы.
Осы Бағдарламаны әзiрлеу шеңберiнде РФ мен ҚР темiр жол көлiктерiн қайта құрудың бастапқы жағдаймен салыстырмалы талдау жүргiзiлдi.
2001 жылы Қазақстанда заңнамамен қабылданған темiр жол көлiгiн қайта құруға еуропалық тәсiл темiр жол көлiгi қызметiнiң бастапқы жағдайына сәйкес келедi және қолданыстағы институционалды құрылым мен саланың экономикалық үлгiсiне кешендiк құруды түзету негiзiнде жүзеге асырылуы керек.
Соңғы жылдары көлiк жағдайлары қағидатты түрде өзгердi: тасымал көлемi, көлiк құрылымының өсуiне жүктеме, қозғалыс қарқыны өстi. Қазiргi уақытта жол құрылымында пайдаланатын, мемлекеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн көтере алатын жаңа технологиялардың ерекше маңыздылығы көтерiлуде. Жол жұмыстары көлемiнiң өсуi мiндеттi түрде жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдар бөлiгiнде инновациялық шешiмдi қолданудың өсуiмен ұштастыру керек.
Қазiргi уақытта бiрiншi «Астана - Щучье» автобанының құрылысы кезiнде 96 км цемент-бетоннан тұратын жол құрылысының германиялық технологиясы және 128 км ұсақ тасты-маститтi асфальт-бетоннан тұратын жер төсемiнiң құрылғысы бойынша американдық тәжiрибе қолданылуда. Осы технологиялар атаулы елдерде бiрнеше жылдардан берi қолданылуда және өздерiн көрсете алды. Сондай-ақ Германия, Австрия, АҚШ, Канада, Қытай, Корея сияқты шетелдер тәжiрибесiнiң мысалында жер төсемiнiң тұрақты құрылымдық қабаты мен жол киiмдерiне пайдаланылатын геосинтездiк материалдар кеңiнен қолданыла бастады.
Соңғы жылдары Австрия, Германия, АҚШ, Жапония, Қытай сияқты шетелдерде ақылы жол желiлерiн дамытып жатыр. Әлемдегi iлгерi дамыған ақылы жол желiлерi Японияда (9200 км). 2010 жылдан бастап бюджетке түсетiн жүктеменi алуға мүмкiндiк беретiн, сонымен бiрге бiр уақытта Қазақстан жолдарының аса көп жүктелген учаскелерiн халықаралық талаптарға сәйкестiкке келтiретiн ҚР концессиялық жобаларды жүзеге асыру қарасытырылды.
Басқа елдердегi автожолдар дамуының талдауы көрсетiп отырғандай, бүгiнгi таңда соңғы 10 жыл iшiндегi қозғалыс қауiпсiздiгiн маңызды дәрежеге көтерген және жол пайдаланушыларына жайлы жағдай жасалатын автожолдарда интеллектуалды көлiк жүйелерi қолданылуда. Осы жүйелердi қазақстандық жолдарда, бiрiншi кезекте, соңынан жол желiсiнiң басқа бөлiктерiне енгiзу арқылы концессия шеңберiнде жүзеге асырылатын жобаларда, негiзгi халықаралық бағыттарда пайдалану жоспарланып отыр.
Авиакөлiктi дамыту саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзудiң шетелдiк тәжiрибесiн Ресей мысалында көруге болады. Қазақстандық авиациялық қызмет авиациялық қызметтердiң әлемдiк рыногындағы Ресей жағдайына ұқсас болып келедi. Авиакөлiктi дамыту стратегиясының кейбiр аспектiлерiн iске асыру бөлiгiнде ұқсас мiндеттер орын алған.
Ресейдiң авиатасымалдар рыногы дүниежүзiлiк дағдарыстың салдарларын айрықша сезген жоқ. Бұл әлемдiк көлiк жүйесiнен алшақта болуына байланысты. Халықаралық авиатасымалдардың жалпы көлемiнде Ресей рыногының үлесi зор емес және жалпы әлемдiк рыноктың 2,5 % құрайды.
Дағдарыс жағдайында авиациялық сала үшiн бастысы - нысаналы рынокта дамудың бәсекелестiк стратегиясын дұрыс қалыптастыру. Ресейде «2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған Ресей Федерациясының көлiк стратегиясы» бағдарламасы (бұдан әрi — Стратегия) әзiрленiп, iске асырылуда. Авиакөлiктiк саланы дамыту бойынша стратегияның негiзгi мақсаттары:
1) экономикада тауар қозғалысын жеделдету және көлiк шығындарын төмендетудi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы және тиiмдi көлiктiк инфрақұрылымды дамыту;
2) халық үшiн көлiк кешенi қызметтерiне қолжетiмдiлiктi арттыру;
3) Ресей Федерациясы көлiк жүйесiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және елдiң транзиттiк әлеуетiн iске асыру;
4) кешендi қауiпсiздiктi және көлiк жүйесiнiң тұрақтылығын арттыру.
Әуе көлiгiнiң жердегi инфрақұрылымын жаңғырту мен дамытуда желiлер байланысын, авиациялық байланыстардың стратегиялық бiрлiгiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, халықаралық және ресейiшiлiк магистралдық және магистралдық емес әуежайлар әуеайлақтарынан тұратын әуеайлақтардың ұлттық тiрек желiсi ерекше орын алады. Федералдық, өңiрлiк және жергiлiктi маңыздағы әуеайлақтардан тұратын қызмет көрсету желiлерiнiң түрлерi бойынша әуеайлақтардың үш деңгейлiк желiсiн қалыптастыру көзделедi.
Жолаушы және жүк ағындарын шоғырлануды және бөлудi қамтамасыз ететiн магистралдық әуежайлар базасында әуе тасымалдарын ұйымдастыру бағыттық желiнi ынталандыруға, тасымалдардың тиiмдiлiгiн арттыруға, әуежайларды мамандандыруды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Жаңа объектiлердi салу және қолданыстағы объектiлердi қайта жаңарту жолымен Ресейдiң аэронавигациялық жүйесiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту көзделедi.
Әуе көлiгiнiң жалпы инфрақұрылымының - жердегi авиакөлiктiк инфрақұрылым, азаматтық авиация ұшуларының жанармаймен қамтамасыз ету жүйелерi, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу инфрақұрылымы, әуе кемелерiнiң ұшуларына аэронавигациялық қызмет көрсету және метеорологиялық қамтамасыз ету, авиациялық-ғарыштық iс ұтқару, әуежайларда ұшуларды және авиациялық емес бизнестi медициналық қамтамасыз ету жүйелерiнiң баланстандырылған дамуын қамтамасыз ету басты мiндет болып табылады.
Тұтынушылар үшiн әуе көлiгi қызметтерiне қолжетiмдiлiктi және сапасын арттыру мыналар есебiнен қол жеткiзiледi:
1) авиакөлiктiк қызметтер спектрi мен географиясын кеңейту, қазiргi заманғы ӘК паркiн дамыту, авиатасымалдар және авиациялық жұмыстар ұсыныстарының құрылымын олар деген сұраныс құрылымына келтiру жолымен сұранысты қанағаттандыру;
2) әуе көлiгiнiң қызмет ету қауiпсiздiгiн, соның iшiнде экологиялық, әлемдiк деңгейге дейiн арттыру;
3) халықтың негiзгi бөлiгi үшiн әуе көлiгi қызметтерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;
4) азаматтық авиацияны ұтымды пайдалану, жалпы тағайындаудағы авиацияны және iскер авиацияны дамыту сферасын кеңейту.
Авиатасымалдардың бағалық қолжетiмдiлiгiн арттыру мыналар есебiнен жүзеге асырылады:
1) авиакомпаниялар арасында бәсекелестiктi дамыту жолымен тасымалдардың өзiндiк құнын төмендету, әуе кемелерi паркiн пайдалану және оңтайландыру белсендiлiгiн арттыру;
2) әуежайлардың авиациялық емес қызметтен қосымша кiрiстердi ұлғайту жолымен авиакомпаниялардың әуежайлық алымдар мен жердегi қызмет көрсету ставкаларының өсуiн ұстау;
3) қызметтердi тұтынушылардың түрлi санаттары мен қызмет көрсету кластарына қатысты, сондай-ақ «арзан» авиакомпанияларды құру жолымен икемдi тарифтiк саясатты iске асыру.
Елiмiздiң көлiк жүйесiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру және транзиттiк әлеуетiн iске асыру мақсатында iрi халықаралық магистральдық әуежайлар желiсiн дамыту және авиатасымалдаушылардың әуе кемелерi паркiн жаңартуды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Дүниежүзiлiк көлiк кеңiстiгiне бiрiгу шеңберiндегi және елiмiздiң транзиттiк әлеуетiн iске асырудың стратегияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) дүниежүзiлiк аналогтар деңгейiнде бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн халықаралық көлiк дәлiздерiнiң техникалық және технологиялық параметрлерiн дамыту;
2) экспорттық және импорттық жүктер, сондай-ақ үшiншi елдер арасындағы жүктердi тасымалдауларда ресейлiк көлiктiк ұйымдардың қатысу үлесiн ұлғайтуға көмек көрсетудi қамтамасыз ететiн заңнамалық және басқа да реттеудiң мемлекеттiк әдiстерiн iске асыру;
3) халықаралық әуе кеңiстiгiне бiрiгу, бiрiншi кезекте, контейнерлiк көпiрлердi қалыптастыруды қоса алғанда Еуразиялық экономикалық қоғамдастық және Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберiнде басқа халықаралық көлiк ұйымдарындағы және Ресейдiң басқа да сауда серiктестерiмен көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, көлiк саласындағы халықаралық келiсiмдер мен конвенциялар жүйесiне қатысуды кеңейту;
4) әлемдiк компаниялармен бәсекелесуге қабiлеттi ұлттық және интернационалдық көлiк компанияларын құрудың дәлелдемесi, iрi халықаралық көлiк жобаларына қатысуды кеңейту.
Бұл мiндеттердi iске асыру көлiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды талап етедi, ол отандық авиакомпаниялардың халықаралық әуе желiлерiнде тасымалдар көлемiн ұлғайтуға, авиатасымалдаушылардың сапалы қызмет көрсету және әуежайлық инфрақұрылымның өткiзгiш қабiлетiне өсiп келе жатқан қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. РФ авиатасымалдаушыларының әуе кемелерi паркiн жаңарту олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырады, оларға Ресей авиакөлiк рыногындағы ағымдағы және перспективтiк талаптарға сәйкес келу мүмкiндiгiн бередi.
Кешендi қауiпсiздiктi және көлiк жүйесi тұрақтылығын арттыру мақсатында авиакөлiктiк жүйенiң қызметiне заңсыз араласу актiлерiнен қорғау, азаматтық авиация персоналын даярлау бойынша оқу орындары мен орталықтарын, азаматтық авиацияның медициналық орталығын дамыту, көлiк саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды техникалық қамтамасыз ету жүргiзiледi.
Бұл әуе көлiгiндегi инциденттердiң санын және олардан болатын материалдық залалдарды айтарлықтай қысқартуға, әуе көлiгiнiң көлiктiң қауiпсiз түрi ретiндегi имиджiн арттыруға, ұшу құрамы және жердегi авиациялық персоналдың бiлiктi мамандар тапшылығын жоюға, авиациялық персоналды даярлау оқу процесiнiң техникалық жарақтылығын жақсартуға және оның ұшулар қауiпсiздiгi және авиатасымалдарға қызмет көрсетуiнiң қазiргi заманғы талаптарға сәйкес келуiн, авиациялық персоналдың денсаулығы мен авиациялық техниканың сақталуын қамтамасыз етедi.
Қазiргi уақытта негiзiнен Қытай Халық Республикасында (бұдан әрi - ҚХР) Оңтүстiк Американы қоспағанда, Қытайды әлемнiң түрлi аудандарымен байланыстыратын тiкелей халықаралық авиажелiлердiң желiсi қалыптасты. Қытайдың азаматтық авиациясында Боинг-777, Боинг-747, Боинг-767, Боинг-757, Боинг-737, Аэробус-340, Аэробус-310, Аэробус-320, МЛ-82, МД-90 және тағы сол сияқты әлемнiң ең соңғы ұшақ модельдерi қызмет етедi.
Қытай азаматтық авиацияның халықаралық ұйымдар қызметiне белсене қатысады, бүгiнде Қытай халықаралық конвенциялардың көпшiлiк бөлiгiне қосылды. Қазiр Қытайда қолданыстағы әуежайлар саны 163, 31 әуежай ИКАО-да тiркелген және халықаралық рейстерге қызмет көрсете алады.
Қытай экономикасының ұзақ дамуына қарай 2020 жылы Қытайда әуежайлар саны 240-тан асады, әуе тасымалдарының жалпы көлемi 140 млрд. ткм, жолаушылар тасымалы - 700 млн. адамды құрайды.
ҚР мен ҚХР арасындағы тұрақты әуе қатынасы 1993 жылғы 18 қазанда жасалған Әуе қатынасы туралы үкiметаралық келiсiм және Қазақстан мен Қытай арасындағы олардың авиациялық билiк орындары 2007 жылы 16 сәуiрде қол қойған Әуе қатынасы туралы меморандум (бұдан әрi - Меморандум) негiзiнде жүзеге асырылады.
Меморандумдағы ережеге сәйкес әрбiр тараптан екi тұрақты авиатасымалдаушы тағайындалады. ҚР тарабынан «Аir Аstana» және «SСАТ» авиакомпаниялары, Қытай тарабынан - «Chine Southern Airlines» және «Наinan Airlines» авиакомпаниялары тағайындалған авиатасымалдаушылар болып табылады. Сондай-ақ, Алматы - Пекин/Үрiмшi, Астана - Үрiмшi, Шымкент/Өскемен - Үрiмшi бағыттары бойынша қазақстандық тағайындалған авиатасымалдаушылардың, Пекин/Үрiмшi - Алматы, Үрiмшi - Астана, Үрiмшi - Шымкент/Өскемен бағыттары бойынша қытайлық тағайындалған авиатасымалдаушылардың тұрақты әуе тасымалдарын орындауы көзделген.
Сонымен бiрге, Меморандумға сәйкес Қазақстан мен Қытай арасында аптасына тұрақты рейстер саны бойынша шектеу бар. 2008 жылғы 1 маусымдағы жай-күй бойынша әрбiр тарап үшiн рейстер саны тоғызды, ал 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап онды құрады. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы ҚХР-ға ұшулар орындау кезiнде аптасына 7 рейс және ҚХР Қазақстанға 7 рейс орындайды.
4. Бағдарламаны iске асырудың мақсаты, мiндетi, нысаналы индикаторлары мен көрсеткiштерi
Бағдарлама мақсаты - көлiк қызметкерлерiнде экономика және халықтың қажеттiлiгiн толық көлемде қанағаттандыра алатын көлiк-коммуникация кешенiн дамыту.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру 2015 жылы келесi нысаналы индикаторларға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:
1. Нысаналы индикатор:
2015 жылы көлiк бойынша жалпы көлемдi қосымша құнының 63 % өсуiне қол жеткiзу үшiн көлiк-коммуникация көшенiң негiзгi көрсеткiштерiн ұлғайту.
Мiндетi: экономика мен халықтың сапалы көлiктiк қызметтерге қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
Көлiк-коммуникация кешенiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң өсiмi 2009 жылмен салыстырғанда 15%-ға, атап айтқанда жүк тасымалдау бойынша - 12%, жүк айналымы бойынша - 15%-ға, жолаушыларды тасымалдау бойынша - 15%, жолаушылар айналымы бойынша 21% құрайды;
Шикiзатсыз сектор өнiмiнiң өзiндiк құнындағы көлiктiк шығыстар үлесi кемiнде 8%-ға төмендейдi.
Қол жеткiузге жауаптылар: ККМ.
2. Нысаналы индикатор: республикалық маңызы бар автожолдардын 5,5 мың км салу және қайта жаңарту мен 6 мың км жөндеу және 10 мың км жергiлiктi маңызы бар автожолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу.
Мiндетi: республикалық және жергiлiктi маңызы бар автожолдардың көрсеткiштерiн дамыту және жақсарту.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
28 инфрақұрылымдық жобаны салу және қайта жаңарту, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi маңызы бар автожолдарды жөндеу.
2014 жылға қарай «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттiк дәлiзiн қайта жаңарту;
2015 жылға қарай орташа есеппен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 80 % және автожолдардың жергiлiктi желiсiнiң 65% жақсы және қанағаттанарлық жай-күйде болады.
Қол жеткiузге жауаптылар: ККМ, жергiлiктi атқарушы органдар.
3. Нысаналы индикатор:
2012 жылға қарай республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерiнде ақылы жүйенi енгiзу.
Мiндетi: Бюджетке жүктеменi төмендету және жолдардың өткiзу қабiлетiн арттыру.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
Интеллектуалды көлiк жүйесiн енгiзу арқылы (бұдан әрi - ИТЖ) 915 км автомобиль жолдарын қайта жаңарту және салу;
көлiк қозғалысының жоғары қауiпсiз жылдамдығын және оның барлық ұзақтығында жоғары сервистiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету.
4. Қол жеткiузге жауаптылар: концессионер, ККМ.
Нысаналы индикатор:
2015 жылға қарай Қазақстан аумағы бойынша автомобиль көлiгiмен транзиттiк тасымалдардың көлемi 1,5 есе өседi.
Мiндетi:
Халықтың және Қазақстан экономикасы салаларының жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдауға қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
Қазақстан аумағы бойынша автокөлiк құралдарымен транзиттiк тасымалдаулардан түсетiн кiрiстi 2015 жылға қарай 23,3 млн. теңгеге ұлғайту.
Қол жеткiузге жауаптылар: ККМ.
5. Нысаналы индикатор:
2014 жылға қарай 453 км темiр жол салу.
Мiндеттерi:
1) Темiр жол желiлерiнiң құрылысын республикалық бюджеттен қоса қаржыландырудың қажеттi көлемiн қамтамасыз ету;
2) Концессия сауалдары бойынша заңнаманы өрiстiру арқылы магистралды темiржол жүйесiн пайдалану саласында концессия жаңа формаларын дамыту (МЖӘ).
Нәтижелер көрсеткiштерi:
2014 жылға дейiн «Өзен - Түрiкменстанмен шекара» (146 км), «Қорғас - Жетiген» (293 км), концессия негiзiнде «Ералы - Құрық» (14,4 км) жаңа темiр жол желiлерiн салу.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ), «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
6. Нысаналы индикатор:
Қазақстан аумағы бойынша темiр жол көлiгiмен транзиттiк тасымалдар көлемiнiң өсiмi 25 % құрайды.
Мiндеттерi:
1) МТЖ объектiлерiн дамыту және жаңғырту, жаңа темiр жол желiлерiн салу;
2) Шекара маңы темiр жол станцияларының өткiзу қабiлетiн арттыру;
3) Жүктердiң қосымша көлемдерiн тарту мақсатында тиiмдi маркетингтiк саясатты iске асыру;
4) МТЖ қызметтерiне тарифтердi кезең-кезеңiмен сәйкестендiру:
- 2012 жылға қарай қатынастар түрлерi бойынша (импорттық және облысаралық);
- экономикалық орындылығын ескере отырып, жүк түрлерi бойынша.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
2009 жылға қарағанда темiр жол көлiгiмен жүктердiң транзиттiк тасымалдарынан түсетiн кiрiс деңгейiн 15 млрд. теңгеден астамға (қолданыстағы тарифтiк ставкаларға сәйкес) ұлғайту.
Бұған қол жеткiзу үшiн жауаптылар: ККМ, ТМРА, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
7. Нысаналы индикатор:
Жүк қатынасы жылдамдығын 15-20 %, ал негiзгi көлiк дәлiздерi бойынша 20-30 % арттыру.
Мiндеттерi:
1) Магистральдық темiр жол желiсi жолдарының үстiңгi қабатын күрделi жөндеу және жаңғырту;
2) Жылжымалы құрамды жаңарту және жаңғырту;
Нәтижелер көрсеткiштерi:
2009 жылға қарағанда темiр жол көлiгiмен жүктердi транзиттiк тасымалдаудың көлемдерiн 17 млн. тоннадан астам деңгейге дейiн ұлғайту.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ҚР ККМ, «Самұрық-Қазына» ҮӘҚ» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
8. Нысаналы индикатор:
Темiр жол көлiгi активтерiнiң тозу деңгейiн 60%-ға төмендету. Мiндеттерi:
1) Жылжымалы құрамды тасымалдар саласындағы жаңа тарифтiк саясатты iске асыру және жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдауға арналған тарифтердi жыл сайын 2011 жылдан бастап 2014 жыл кезеңiнде кейiннен инфляция деңгейiнде индекстеу арқылы арттыру есебiнен сатып алу және күрделi жөндеу;
2) Темiр жол жолаушылар вагондары мен локомотивтердi республикалық бюджет есебiнен сатып алу;
3) Темiр жолдарды жаңғырту және жаңарту.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
2009 жылға қарағанда темiр жол көлiгiмен тасымалданған жүк көлемдерi деңгейiн 6 % астамға және темiр жол көлiгiмен тасымалданған жолаушылар санын 12% астамға ұлғайту;
Темiр жол көлiгiнде ұсынылатын қызметтер сапасын және қауiпсiздiк деңгейiн арттыру.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ, ТМРА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
9.Нысаналы индикатор:
2014 жылға қарай темiр жол саласында жаңа тарифтiк саясатты iске асыру.
Мiндеттерi:
1) 2012 жылға қарай МТЖ қызметтерiне арналған тарифтердi кезең-кезеңiмен сәйкестендiру және МТЖ қызметтерiне шектi тарифтердi 10 жылға бекiту;
2) 2011 жылға жүк тасымалдау үшiн вагон құрауыштарын мемлекеттiк реттеуден шығару және 2014 жылдан бастап тасымалдау қызметiн қайта реттеу;
3) әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауына, тасымалдаушының шығынын 100 % субсидиялауға және жолаушы вагондарын, локомотивтердi сатып алуға бюджеттiк қаражатты қамтамасыз ету;
4) Концессия сауалдары бойынша заңнаманы өрiстiру арқылы жолаушылар тасымалдары саласында концессия жаңа формаларының жетiлуiне жағдайын жасау (МЖӘ);
5) тасымалдау қызметiн және МТЖ ұйымдастыра отырып бөлу.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
1) тәуелсiз тасымалдаушыларға магистральдық темiр жол инфрақұрылымына кемсiтушiлiксiз қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
2) Экспорттық өнiмдердiң өзiндiк құнындағы темiр жол көлiгiмен тасымалдауға арналған шығыстар үлесiн төмендету;
3) темiр жол көлiгiн басқарудың жаңа жүйесiн енгiзу.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ, ТМРА, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
10. Нысаналы индикатор:
2014 жылға қарай республиканың 13 әуежайында ұшу-қону жолақтарын, жолаушылар және жүк терминалдарын қайта жаңартуды (салуды) жүргiзу.
Мiндетi: әуежайлық инфрақұрылымды ИКАО талаптарына сәйкес келтiру.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
1) 10 әуежайда ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту жүргiзiлген (Ақтау, Қызылорда, Көкшетау, Семей, Қостанай, Орал, Өскемен, Талдықорған, Петропавл, Тараз);
2) 6 әуежайда жолаушылар және жүк терминалдарын қайта жаңарту жүргiзiлiп, салынды (Алматы, Көкшетау, Шымкент, Атырау, Тараз, Орал);
Сондай-ақ 2013 жылы жаңа халықаралық Кендiрлi әуежайы салынатын болады.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ, жергiлiктi атқарушы органдар.
11.Нысаналы индикатор:
Халықаралық әуе қатынастарының санын 2010 жылмен салыстыру бойынша екi есе ұлғайту және 2015 жылға қарай еуропалық авиациялық стандарттарды енгiзу.
Мiндетi:
Қазақстанның көлiк кешенi мүмкiндiгiн әлемдiк рынокқа жеткiзу үшiн дамыту және халықаралық тасымалдарға сұранысын қамтамасыз ету, саланың еуропалық авиациялық стандарттар талаптарына сәйкес келуi.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
1) Жаңа авиақатынастардың жұмыс iстеуi 2010 жылы - 47, 2011 жылы - 53, 2012 жылы - 64, 2013 жылы - 78, 2014 жылы - 94;
2) Еуропалық авиациялық стандарттарды бекiту I кезең:
2011 - 2015 жылдары - 5, 2015 - 2020 жылдары - 27.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ.
12. Нысаналы индикатор:
2013 жылға қарай 11 әуежай ИКАО санатына ие болады.
Мiндетi:
Техникалық сипаттамаларды ИКАО талаптарына сәйкес келтiру, ұшу-қону жолағын, жолаушылар мен жүктер терминалдарын қайта жаңарту (салу),
Нәтижелер көрсеткiштерi:
2013 жылға қарай 11 әуежай Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары бойынша санатталатын болады: олардың iшiнде 2010 жылы мына әуежайлар санатталған: Алматы, Астана III санат бойынша, Атырау әуежайы II санат бойынша, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда әуежайы 2011 жылға қарай, Көкшетау әуежайы 2012 жылы ИКАО I санаты бойынша.
Қол жеткiзген жауаптылар: ККМ.
13. Нысаналы индикатор:
Әуе тасымалдарының бәсекелiк нарығын құру.
Мiндетi:
Қазақстанның геостратегиялық жағдайымен берiлген транзиттiк әлеуеттi сауда-экономикалық байланыстар жолында дамыту және тиiмдi пайдалану.
Нәтижелер көрсеткiштерi: 4 халықаралық әуежай хабы жұмыс iстейдi (2010 жылы - Астана, Қарағанды, Алматы, 2015 жылы - Атырау)
Қол жеткiузге жауаптылар: ККМ, ТМРА.
14. Нысаналы индикатор:
Транзиттiк авиатасымалдар көлемi 8% өседi.
Мiндетi: Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгi арқылы транзиттiк рейстер санын ұлғайту үшiн жағдайлар жасау (2010 жылы - 118,0 млн. ұшақ/км, 2014 жылы - 123,5 млн. ұшақ/км, 2019 жылы - 228,4 млн. ұшақ/км).
Нәтижелер көрсеткiштерi:
2015 жылға қарай транзиттiк авиатасымалдардан түсетiн кiрiс 15,1 млдр. теңгенi құрайды.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ, ТМРА
15.Нысаналы индикатор:
2015 жылға сауда флотының санын 11 бiрлiкке дейiн жеткiзу, соның iшiнде 9 танкер және 2 құрғақ жүк кемесi.
Мiндетi: қазақстандық жүк тасымалын отандық кемелермен қамтамасыз ету.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
1) Жеке меншiк кемелермен жүк тасымалы көлемiн 40% дейiн жеткiзу;
2) Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңiзiне Ұлттық теңiз сауда флотымен мұнай тасымалдаудың 2/3 көлемiн және құрғақ жүк тасымалдарының 1/2 көлемiн қамтамасыз ету;
3) Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы айдынында кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету.
4) Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi (бұдан әрi - МГМ), «Қазмұнайгаз» ұлттық комапниясы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - АҚ «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ), «Қазақтеңiзкөлiкфлоты» ұлттық теңiз кеме қатынасының комапниясы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - «Қазақтеңiзкөлiкфлоты» ҰТКК» АҚ).
16. Нысаналы индикатор:
24 бiрлiк көлемiнде мемлекеттiк техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту.
Мiндетi: iшкi су жолдары бойынша кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
техникалық флоттың жалпы тозуын 50% төмендету.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ.
17. Нысаналы индикатор:
Өскемен, Бұқтырма және Шүльбi шлюздерiн қайта жаңарту және жаңғырту.
Мiндетi: iшкi су жолдарында кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және төтенше жағдай туындау қаупiн төмендету.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
Кеме қатынасы жолдары шлюздерiнiң техникалық жай-күйi деңгейiн 2014 жылға қарай 90 % көтеру.
Қол жеткiузге жауаптылар: ККМ.
18. Нысаналы индикатор:
Теңiзде кемелер қозғалысын және құтқару операцияларын басқару жүйесiн құру.
Мiндетi: Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында кемелердiң жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
1) Құрық, Атырау, Ақтау порттарында кемелер қозғалысын басқару жүйесiн құру;
2) 2014 жылға қарай Каспий теңiзiнiң барлық қазақстандық жағалауы бойынша кеме қозғалысын үйлестiру жылына 5000 кеме кiруге дейiн қамтамасыз ету және көлiк оқиғаларын болдырмау.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ.
19. Нысаналы индикатор:
Көлiктiк оқиғалардың санын 2009 жылғы деңгейге қарағанда 8% төмендету.
Мiндетi:
Көлiктегi авариялық деңгейдi төмендету.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
көлiк апатын 11650 жағдайға төмендету.
Көлiк оқиғаларын 2015 жылға қарай 11650 дейiн төмендету (2010 жыл - 12 380, 2011 жылы - 12 182, 2012 жылы - 11988, 2013 жылы - 11796, 2015 жылы - 11 650).
Қол жеткiузге жауаптылар:
ККМ, IIМ.
20. Нысаналы индикатор:
2012 жылға қарай «Еуро-3» экологиялық стандарттарды енгiзу.
Мiндетi:
2012 жылға қарай зиянды заттарды шығарындыларын 25% және пайдалану мерзiмi 12 жылдан асқан автомобильдердi 63% -дан 50% дейiн төмендету.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
2012 жылға қарай 1000 автомобильге шаққанда зиянды заттар шығарындыларын 25%-ға және пайдалану мерзiмi 12 жылдан асқан автомобильдердi 50% дейiн төмендету.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ, Қоршағанортаминi, ИЖТМ, Қаржыминi.
21. Нысаналы индикатор:
2012 жылға қарай халықаралық тасымалдарда цифрлық тахографтарды енгiзу.
Мiндетi:
2012 жылға қарай цифрлық тахографтармен жабдықталған халықаралық тасымалдарда автокөлiктiк құралдары бойынша дерекқор құру.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
халықаралық тасымалда 650 автокөлiк құралын цифрлық тахографтармен жабдықтау (2011 жылы - 50 бiрлiк, 2012 жылы - 150 бiрлiк, 2013 жылы - 350 бiрлiк, 2014 жылы - 650 бiрлiк).
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ, ҚР Байланыс және ақпарат министрлiгi (бұдан әрi - БАМ), ИЖТМ.
22. Нысаналы индикатор:
Көлiк саласы бойынша инвестициялық жобалардағы қазақстандық қамтудың үлесiн 2015 жылға қарай 86 % жеткiзу.
Мiндетi:
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердегi қазақстандық қамтылудың үлесiн арттыру, 2015 жылға қарай отандық тауар өндiрушiлермен және жұмыстар мен қызметтердi жеткiзушiлермен өзара қатынасты жақсарту.
Нәтижелер көрсеткiштерi:
импортты алмастыратын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндiрiсiн 2015 жылға қарай 458 400 млн. теңгеге ұлғайту.
Қол жеткiзуге жауаптылар: ККМ, көлiк-коммуникация кешенiнiң ведомстволық бағынысты кәсiпорындары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
Достарыңызбен бөлісу: |