5.7 Транзиттiк әлеуеттi пайдалану
Iс-шараларды 2010 - 2014 жылдар кезеңiнде жүзеге асырылатын болады.
Әлемдiк көлiк жүйесiне кiрiгу халықаралық стандарттар енгiзудi, халықаралық дәлiздердi дамытуды, басқа елдердiң баламалы маршруттарына қарағанда жақсы жағдай жасау, басқа да сауда-көлiк проблемаларын шешудi және өздерiнiң экспорттық, импорттық және транзиттiк мүмкiндiктерiн белсендi дамытуды талап етедi.
Қазақстан Республикасының еуразиялық континент ортасында орналасуы оның Еуропа мен Азия арасындағы, сондай-ақ Ресей мен Қытай арасындағы транзиттiк көпiрдiң геосаяси рөлiн алдын ала айқындайды.
Қазақстан аумағымен республикадағы қазiргi көлiк инфрақұрылымы негiзiнде қалыптасқан төрт халықаралық көлiк дәлiзi өтедi:
1) ТАТЖМ солтүстiк дәлiзi: Ресей мен Қазақстан (Достық - Ақтоғай - Саяқ - Мойынты - Астана - Петропавловск (Пресногорьковская) учаскесiнде) арқылы Батыс Еуропа - Қытай, Корея түбегi мен Жапония;
2) ТАТЖМ оңтүстiк дәлiзi: Түркия, Иран, Орта Азия елдерi мен Қазақстан (Достық - Ақтоғай - Алматы - Шу - Арыс - Сарыағаш) арқылы Оңтүстiк - Шығыс Еуропа - Қытай және Оңтүстiк-Шығыс Азия;
3) ТРАСЕКА: Қара теңiз, Кавказ және Каспий теңiзi (Достық - Алматы - Ақтау уческесiнде) арқылы Шығыс Еуропа - Орталық Азия;
4) Солтүстiк - Оңтүстiк: Ресей мен Иран арқылы Қазақстанның Ақтау теңiз порты — Ресейдiң Орал өңiрлерi және Ақтау - Атырау учаскелерiнiң қатысуымен Солтүстiк Еуропа - Парсы шығанағы елдерi.
Негiзгi трансконтиненталды маршруттарды жасауға қатысатын бағыттардан басқа Сарыағаш - Арыс - Қандағаш - Озинки бағытындағы аймақтық транзиттiк тасымал үшiн маңызы бар ТАТЖМ Орталық дәлiзiн айта кету қажет.
Дәлiздер Шығыс - Батыс қатынасындағы қашықтық пен жүк жеткiзу мерзiмiн едәуiр қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Қытайдың, атап айтқанда оның басты аймақтары экономикасының қуатты өсуi бүгiнде әлемдiк нарыққа тауарлардың түрлi шоғырын жеткiзу қажеттiлiгiн туғызады. Сонымен қатар, мамандардың бағалауы бойынша, Қазақстандағы транзиттiң даму деңгейi саланың және жалпы республиканың әлеуетiне сай емес. Мысалы, 2003 жылы Қытайдың ЕО елдерiмен сыртқы сауда көлемi 115 млн. тоннаны құраған, мұнда Қазақстан Республикасының аумағымен осы бағыттағы транзиттiк тасымал көлемi шамамен 3 млн. тоннаны құраған.
Көлiк дәлiздерiнiң геогорафиялық желiсi өнеркәсiп және шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған. Оны аумақтық дамыту болашағын, өндiрiстiк күштердi орналастыруды және халықтың қоныстануын ескерiп, әрi қарай оңтайтанландырып, iшiнара қайтадан бағыттау талап етiледi.
Темiр жол көлiгiнiң транзиттiк әлеуетiн дамыту мен оны пайдалануды арттырудың ең жақсы болашағы бар.
Транзиттiк қозғалыс үшiн темiр жол дәлiздерiнiң тартымдылық кешенiн арттыруға инфрақұрылым сапасын арттыру, тарифтiк саясатты жетiлдiру және әкiмшiлiк мәндегi кедергiлердi жою енгiзiлу керек. Қызмет көрсетудi жетiлдiру тасымалдау дәлдiгi, сенiмдiлiгi және жылдамдығы сияқты критерийлер бойынша жүзеге асырылуы тиiс. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қозғалыстың әмбебап болуын қамтамасыз ету жүйесiн құру қажет.
Трансазиаттық темiр жол торабымен халықаралық тасымалды қамтамасыз етуде қазақстан-қытай шекарасындағы Достық станциясын дамыту ерекше орын алады.
Достық-Алашанькоу халықаралық шекара посты арқылы темiр жол көлiгiмен тасымалдауды тұрақты өсiру мақсатында қытай тарапынан Алашанькоу және Үрiмшi станциялары мен Ақтоғай - Достық учаскесiнiң терминал ыдыстарын 2015 жылы 25 млн. тоннаға дейiн кеңейтумен қоса, оның өткiзу қабiлетiн барынша ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн шараларды жүзеге асыру қажет.
Болашақта қазiргi магистральдар арасын байланыстыратын учаскелер салу жолымен Қазақстан аумағы арқылы «түзетушi» темiр жол желiлерiн салу Түрiкменстан, Иран, Түркия және Еуропа елдерi бағыттарындағы транзиттiк дәлiздердiң өткiзу қабiлетiн жылына 100 млн. тоннаға дейiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi, жаңа учаскелердi жобалау оларды кейiн электрлендiрудi ескерiп жасалуы керек.
Қытайдан транзиттiк тасымалды әрi қарай ұлғайтуды қамтамасыз етудi Қытай салып жатқан Цзинхе - Қорғас темiр жол желiсiнiң жалғасы болатын Қорғас - Жетiген темiр жол желiсiн салумен және екiншi халықаралық шекара темiр жол өткелiн ашумен шешу мүмкiн, ол еркiн сауда аймағын (Қорғас өткелiнiң шекара бекетiнде) дамытуда оң көрiнiс табатын болады.
Батыс Еуропа - Батыс Қытай трансқұрлықтық автокөлiк дәлiзiн ұйымдастыру жөнiндегi жобаны iске асыру шеңберiнде Орталық Азия елдерiне, соның iшiнде Өзбекстаннан және Қырғызстаннан дәлiзге барлық шығу жолдарын қайта жаңарту көзделуде.
Еуропа - Ресей — Қазақстан — Қытай жолы - Қытайдан Еуропаға қатысушы елдерi, шекарасы аз ең қысқа жол. Бұл бәсекелестiк басымдық жобаның болашағын айқындайды, жолдағы уақыт 10 күн құрайды (Транссiб автожолымен - 14 күн, Суэц каналы арқылы теңiзбен - 45 күн). Жоба логистикалық орталықтарының қызметi мен заманауи зияткерлiк жүйемен бiрге дәлiздiң тамаша техникалық қол жетерлiк үйлесiмiн қосатын биiк қызмет биiк деңгейiн қамтамасыз етедi.
Транзит өз соңынан iшкi және сыртқы сауданы дамытуда, тауарлар мен қызметтердiң өзiндiк құнын төмендетуде, индустриялық, инновациялық, агроөнеркәсiп, машина жасау, өндiру секторларымен тағы да басқа көптеген аспектiлердiң дамуымен сипатталатын алып мультипликативтi әсерiн әкеледi.
Республикада халықаралық автотасымалды дамытуға кедергi болатын маңызды мәселе iлеспе құжаттар мен жүктердi өңдеудiң тиiмсiз жүйесiнiң болуы, артық тексерулер мен бақылаушы органдар тарапынан келетiн кедергiлер, алымның, соның iшiнде ресми емес алымдардың көп мөлшерi.
Осы мәселелердi көлiктiк рәсiмдеудi, көлiкке құжаттаманы оңайлату және құрылып жатқан Дәлiзде қолданылатын логистикалық жүйе (әрi қарай - ЛЖ) құру арқылы шешкен орынды.
Мысалы, ИЖТМ құрған Халықаралық шекаралас ынтымақтастық «Хоргос» орталығынан басқа Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлiзi құрылысының бекiтiлген техника-экономикалық негiздемелер барлық бағыт бойлап 5 iрi және орта ЛЖ құрылысы, сондай-ақ қажеттiлiгiне байланысты республиканың басқа өңiрлерiнде шағын ЛЖ құрылысы туралы айтылған.
Әлемдiк тәжiрибеде ЛЖ құрылысы трансшекаралық көлiк рәсiмi мен құжаттаманы оңайлату, әр түрлi алымдарды қысқарту және тауар мен көлiктiң Дәлiз арқылы шекарадан өту уақытын қысқарту, сондай-ақ тасымалдаушылардың кедендiк рәсiмдеу, барлық түрдегi сауда ұйымдары, банктер, қонақ үйлер, сақтандыру және келiсiмшарт агенттiктерi, т.б. кiретiн сауданың өркениеттi түрi қаралған көлiк шығынын қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Әуе көлiгi инфрақұрылымының транзиттiк әлеуетiн қолданудың тиiмдiлiгiн арттыру көлiк жүйесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын авиакөлiктiк инфрақұрылымның транзиттiк әлеуетiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру және қазiргi заманғы әуе кемелерiн пайдалану негiзiнде Азия - Еуропа - Азия бағыттарында авиатасымалдардың транзиттiк әлеуетiн және Қазақстанның магистральдық әуежайлары арқылы Еуропа мен Азия елдерiне бағыттардың ыңғайлы тоғысуын ұйымдастыруды iске асыруға бағытталады; транзиттiк рейстерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшiн Қазақстан әуежайларының инфрақұрылымын дамыту.
Қазiргi уақытта ҚР Астана, Алматы және Атырау қалаларының үш магистральдық әуежайлары қызмет етедi.
Алматы әуежайы «Қиыр Шығыс және Оңтүстiк-Шығыс Азия - Еуропа» бағытындағы жүк тасымалдарына қызмет көрсетуде елеулi роль атқарады. Алматы қаласының әуежайында 2009 жылдың басында халықаралық талаптарға сәйкес келетiн «А» санатындағы, ауданы 20000 кв.м мультимодальдық жүк терминалы пайдалануға берiлдi. Терминалда экспорт, транзит, импорт, кедендiк қойма аймақтары, почтаны өңдеу бойынша халықаралық орталық, кедендiк ресiмдеуден кейiн жүктi ұзақ мерзiмге сақтау үшiн ашық зона бар.
Терминалдың инфрақұрылымына ауданы 2700 кв.м рельс маңындағы терминал, темiр жол тармағы және жүктердi қабылдау, өңдеу және сақтау үшiн контейнерлiк алаңша кiредi.
Жалпы Қазақстанның авиациялық әкiмшiлiгi бiрiншi кезекте қалыптасушы әуежай-хабтардан Еуропа - Қазақстан - Азия өзара тоғысатын желiлер бағыттарын құруды болжайтын әуе қатынасын кеңейту, жаңа халықаралык авиарейстердi ашу саясатын жүргiзедi, бұл ҚР арқылы өтетiн жолаушылар ағынын бiрнеше есе ұлғайтады. Сондай-ақ, өңiрлiк әуежайларда авиациялық қатынастардың дамуына ерекше назар аударылады.
Шетелдiк авиатасымалдаушылардың жүк авиарейстерi бағдарламасын Астана, Алматы, Атырау қалаларының әуежайлары, сондай-ақ Қарағанды қаласының әуежайы арқылы, сонымен бiрге ИКАО ережелерi бойынша «бесiншi ауа еркiндiгiн» ұсынумен орындауға рұқсат беру мүмкiндiгi көзделедi, бұл осы әуежайлардың карго-хаб түрiнде дамуы үшiн жағдайлар жасайды. Қарағанды қаласының әуежайында «А» класты, ауданы 3500 кв. метр карго-терминал ашылды. Карго-терминалдың өткiзу қабiлетi жылына 30 мың тонна жүкке қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi. Терминал тоңазытқыш камераларымен және жүктердi тиiмдi өңдеу бойынша қойма процестерiн басқарудың автоматтандырылған жүйесiмен жабдықталған.
2011 — 2012 жылдар кезеңiнде Атырау қаласының әуежайында көлiк-логистикалық орталық салу жоспарлануда.
Сонымен 2015 жылға қарай республика аумағы арқылы транзит көлемi 15 %-ға, кiрiстер көлемi 20%-га ұлғаяды.
Инновацияны дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдеу
Көлiк-коммуникация кешенi бiр-бiрiмен байланысты салалардың материалдары мен қызметтерiнiң iрi тұтынушысы болып табылады. Инновациялық дамытудың маңызды бағыты болып жаңа технологиялар мен материалдардың инфрақұрылымдық жобаларын iске асыру кезiнде қолдану, сондай-ақ көлiк процестерiн ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Iшкi тұтынудың өсуiне автожол саласы үлкен әсерiн тигiзедi.
Қазiргi уақытта екi жаңа технологияны қолдану арқылы күл-минерал негiзiнде цемент-бетон төсемнен, герман технологиясы бойынша 96 км цемент-бетон төсемiнен салынған алғашқы қазақстандық автобан «Астана - Щучье» болып табылады.
Аталған материалды қолдану оң артықшылыққа ие: аса төзiмдi, 20 жылға дейiн қызмет көрсету мерзiмi, температураның өзгеруiне тұрақтылық, төсемнiң iлiнiсу коэффицентiнiң тұрақтылығы және ылғалдан болмашы тәуелдiлiгi, жақсы көру мүмкiндiгi және түнгi мезгiлде шағылысуы, отандық материалдарды қолдану мүмкiндiгi, сондай-ақ қалған 128 км учаскелерiнде үстiңгi қабат аса төзiмдi, қиыршықтас-мастика асфальт-бетоннан (бұдан әрi - ҚМАБ) гесинтетикалық материалдан тiгiлген жол киiмiнiң қызмет ету мерзiмiн ұлғайту мақсатында қолдану арқылы жасалды. Бұл жол киiмiнiң құрылымы төсемнiң, жалпы алғанда жол киiмiнiң қызмет ету мерзiмiн ұлғайтады, ал бұл күрделi және орта жөндеу жүргiзудiң жөндеу аралық мерзiмiн ұлғайтады.
Аталған жаңа технологияларды енгiзу «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» Халықаралық транзиттiк дәлiздiң қайта құру жобасын жүзеге асыру кезiнде концессиалық жобаларды және республикалық мәндегi басқа да жолдарды қайта жаңарту кезiнде жалғасатын болады.
«Астана - Щучье» учаскесiнде жол қозғалысын басқару мен мониторингтiң автоматтандырылған жүйесi болатын концессиялық жобаның байланыспен және электрмен жабдықтаудың ведомстволық желiсi болып табылатын ИТЖ енгiзу жоспарлануда.
Сонымен бiрге Астана және Қарағанды қалаларында 2009 жылы асфальт-бетонға қосуға пайдаланылатын автомобиль шиналарын (резина ұнтақтары) пайдаға асыру өндiрiсi басталды. Мұндай қоспалар жол төсемдерiнiң төзiмдiлiгiн арттырып, соққыға, аязға төзiмдiлiгiн, сондай-ақ температура өзгерген кезде төсемнiң шытынауға тұрақтылығын арттыруға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте жол төсемiнiң пайдалану мерзiмi 1,5-2 есеге ұлғаяды.
Шұңқырларды жөндеу кезiнде төменгi температурада да ақауды жоюға мүмкiндiк беретiн мак ұнтағы қолданылады, ал бұл төсемнiң әр түрлi ақауларын жою кезiнде жылдамдықты қамтамасыз етедi.
Темiр жол көлiгi саласында инновациялық дамытудың негiзгi бағыттары магистральдық темiр жолдарды заманауи техникалық қондырғылармен жабдықтау, сондай ақ оларды диагностикалау және күту жүйелерiмен жабдықтау және темiр жол көлiгiн басқарудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзудi қосқанда, көлiктiк процестердi аппараттық қамтамасыз етудiң шоғырланған жүйесiн құру болып табылады.
Жолдың үстiңгi қабаты элементтерiнiң қызмет етуiнiң әр түрлi мерзiмiне байланысты: рельстер мен шпалдарды, бекiтiлген бөлiктер мен балластарды ауыстыру да әр түрлi мерзiмде жүргiзiледi және орындалатын жол жұмыстарының көлемiн ұлғайтып, адам, қаржы және материал шығынына алып келедi.
Жолдың үстiңгi қабаты элементтерi үшiн жаңа төзiмдi, берiк материалдар жасау жолдың үстiңгi қабаты құрылымының жұмысқа қабiлеттiлiгiн арттырып, темiр жолды пайдалануға арналған материал мен қаражат шығындарын айтарлықтай үнемдейдi.
Автомобиль көлiгi саласында цифрлық тахограф енгiзiледi. Бұл халықаралық автомобиль тасымалын жүргiзетiи көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты және арнайы қосылатын мәлiметтер базасын құру мен қауiпсiздiк қағидаттарын әзiрлеудi көздейдi.
Тахограф халықаралық жүк және жолаушы тасымалдауды жүзеге асыратын автомобильдер үшiн мiндеттi қондырғы болып табылады. Бүгiнгi таңда ЕО елдерiнде қайта шығарылатын автокөлiк құралдары зауыттан тек цифрлық тахографпен шығарылады.
Сонымен бiрге автокөлiк құралдарын қозғалыс кезiнде өлшеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу жоспарлануда. Ол бiлiкке түсетiн жүктi өлшеу арқылы автокөлiктiң асыра жүктелуiнiң алдын алу және автокөлiктi классификациялау мақсатында жасақталған. Жоғары шапшаңдықтағы өлшеу жүйесi автокөлiктi ағымды тоқтатпай-ақ өлшеуге мүмкiндiк бередi, ал бұл жүк автокөлiгiнiң тығыз ағымы бар жерлерде маңызды рольге ие.
Автожол саласын ғылыми және инновациялық дамытуды жүзеге асыру мақсатында:
1) пайдаланудың нақты жағдайларын ескерiп, жобалау әдiстерiн жетiлдiру мақсатында жол құрылымының механикасы бойынша кешендi зерттеу жүргiзу;
2) битумдардың қасиетiн зерттеу, соның iшiнде отандық өндiрiлген және асфальт-бетонды да осы негiзде, республиканың климаттық жағдайларына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында және жол төсемдерiнiң ұзақ мерзiмдiлiгiн күшейту мақсатында зерттеу жүргiзу;
3) цемент-бетоннан жасалған төсемдер мен табаны бар жол киiмдерi құрылымын күту және жобалау, құрылыс, жөндеудiң әлемдiк тәжiрибесiн зерттеу, ҚР жағдайларына сай техникалық шешiмдердi әзiрлеу мен зерделеу жүргiзу;
4) жол құрылысы материалдары мен құрылғыларды сынау үшiн олардың төзiмдiлiгi мен берiктiгiн анық бағалауды арттыру мақсатында жабдықтар мен әдiстердi жетiлдiру;
5) Көпiр құрылысын сақтау және олардың артып келе жатқан көлiк жүктемесiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету бойынша ресурстарды үнемдейтiн
техникалық шешiмдер дайындап, зерттеу жүргiзу.
6) Қазақстанның магистральдық автомобиль жолдарының жол жағдайларына әсерiн оларды пайдалану сенiмдiлiгiн арттыру мақсатында жолдардың геометриялық элементтерге қойылатын нормативтiк талаптарын жетiлдiру және жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында зерттеу;
7) жаңа технологиялар мен жол құрылысы материалдарын сынау орталығын құру жоспарланып отыр.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерi табысты қолданылуда. Атап айтқанда, сыналған жаңа техникалық шешiмдерге (материал, құрылым, технология) Астана - Щучье, РФ шекарасындағы Петропавл - Соколовка, Жақсы - Есiл - Бузулук, Атырау - Ақтау (Қаратабан - Доссор) тәжiрибе учаскелерiнде талдау жүргiзiлдi.
Әзiрленген барлық дерлiк ғылыми тақырыптар көлiк-коммуникация кешендерi саласында пайдаланылуда, онда ең ақырғы нәтиже нормативтiк-техникалық құжаттар, есептер, жаңа жол-құрылыс материалдары және технологиялар болып табылады.
Жалпы алғанда көлiк саласының автожол саласындағы автожол көпiрлерiнiң темiр-бетон аралық құрылымының ресурсын болжауда, автомобиль көлiгi саласында iрi қалаларда жолаушы тасымалдауды диспетчерлiк басқару, экологиялық қауiпсiздiк, сондай-ақ автокөлiк құралдарын рұқсат етiлген АТҚ салмақ габариттерiнiң параметрлерi бойынша зерттеу; көлiк қызметi нарығында бәсекелес ортаны зерттеу бойынша аймақтық экономикалық ұйымдар арасында ғылыми қолданбалы зерттеу жүргiзу жоспарлануда.
Әуе көлiгiнде қазiргi заманғы технологияларды дамыту және пайдалану негiзiнен әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету, сондай-ақ әуежайларда жүктердi қабылдау мен өңдеу және жолаушыларға қызмет көрсету саласында жүргiзiледi.
Қысқа мерзiмдiк перспективада Дүниежүзiлiк геодезиялық координаталар жүйесiн енгiзу мүмкiндiгi қарастырылуда. Осы инновация әуе кемелерiнiң спутниктiк навигация жүйесiнiң көмегiмен қонуға бет алу дәлдiгiн арттырады, бұл ұшулар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi элемент болып табылады. Сонымен бiрге «Қазаэронавигация» РМК аэронавигациялық ақпаратты басқару жүйесiн дамыту, ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары мен инфрақұрылым жабдықтары бағдарламаларын iске асыруды жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде талап етiлген қозғалысты қауiпсiз басқару деңгейiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
Осы бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ұшуларды қамтамасыз етудiң қазiргi заманғы радиотехникалық құралдары енгiзiлдi. Осы қазiргi заманғы жабдық түпкiлiктi ауыстыратын жабдықтан элементтiк база, сондай-ақ қызмет ету принципi бойынша ерекшеленедi.
Жүйенi жаңғыртудың кезеңдiк процесi негiзiнде әуе қозғалысын ұйымдастырудың жоғары тиiмдi технологияларын енгiзу қамтамасыз етiледi:
1) вертикалдық эшелондаудың қысқартылған минимумдарын енгiзу;
2) аймақтық навигация әдiстерiне көшу;
3) «еркiн ұшу» тұжырымдамасын iске асыру;
4) тәуелдi бақылау технологиясын пайдалану.
Азаматтық авиация субъектiлерiнiң инновациялық қызметiнiң аспектiлерiн қарап, сондай-ақ операцияларда қолма-қол есептесудiң басым болуымен есепке алуды жетiлдiру бойынша жұмыстың жалғасуын атап өту қажет. Қазiргi уақытта «Эйр Астана» АҚ авиакомпаниясы Интернет арқылы брондау жүйесiн енгiзудi аяқтады, онда екi төлем жүйесi, яғни Қазақстан үшiн «Қазкоммерцбанк» және басқа елдер үшiн МIGS (Сидней) төлем жүйелерi жүргiзiледi, осылайша тiкелей Интернет арқылы жолаушыларға электрондық билеттердi брондауға және сатып алуға мүмкiндiк жасалады. Резервацияның ғаламдық жүйелерiнде (GDS'S), атап айтқанда Амадеус, Галилео және Абакус жүйелерiнде электрондық билеттердi сату ашылған. Сондай-ақ, авиакомпания электрондық билеттердi сатуды енгiзудi интерлайн келiсiмдерi бойынша кеңейтуде. «SСАТ авиакомпаниясы» АҚ-та SIТА Gabriel брондаудың автоматтандырылған жүйесi енгiзiлдi, негiзгi бағыттарда электрондық билеттердi кезең-кезеңiмен енгiзу жүргiзiлуде (ЕТКТ).
Сонымен бiрге, ККМ мен Халықаралық әуе көлiгi қауымдастығы (ИАТА) арасында ҚР әуе көлiгi саласында қазiргi заманғы технологияларды қолдану бойынша стратегиялық әрiптестiк пен ынтымақтастықты кеңейту жөнiндегi бiрлескен құжатқа қол қою бойынша жұмыс атқарылуда.
Азаматтық авиация саласында инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру кезiнде мыналар көзделедi:
1) әуежайлық кешендердiң, әуеайлақтық және әуежайлық кешендердi салу, қайта жаңартуды қоса алғанда жай-күйiн ИКАО-ның халықаралық стандарттарының талаптарына кезеңiмен сәйкес келтiру;
2) өңiрлiк авиакомпаниялардың белсендi даму саясатын сақтау;
3) авиапарктi кеңейту, iшкi авиақатынастар нарығын дамыту.
Қазақстандық қамтылуды дамыту бiздiң елiмiздiң азаматтарының әл-ауқаты мен өмiр деңгейiнiң сапасын көтеруге бағытталған индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асырудың жаңа кезеңiндегi маңызды және өзектi бағыт болып табылады.
Темiр жол саласында iшкi қажеттiлiктi қанағаттандыру және өнiм экспорты үшiн темiр жол көлiгiнiң техникалық құралдары өндiрiсiн құру бойынша кешендi шаралар iске асырылатын болады. 2015 жылға дейiнгi кезеңде локомотивтердi өндiру жылына 150 бiрлiкке дейiн ұлғаяды, жылдамдықты жолаушылар вагондарын жылына 100 бiрлiкке дейiн, жүк вагондарын жылына 5,2 мың бiрлiкке дейiн шығару жүзеге асырылатын болады. Қазақстандық өндiрiстiң тартымдық жылжымалы құрамға қызмет көрсету және жөндеу бойынша сервистiк орталық торабы ұйымдастырылатын болады. Iрi вагондық құйма бұйымдарын 6 500 вагон жиынтыққа дейiн, тұтас құйылған доңғалақтарды жылына 125 000 данаға дейiн, жылына 100 000 тонна рельс, стрелкалық бұрмаларды жылына 4 500 жиынтыққа дейiн және стрелкалық электр жетектерiн жылына 600 жиынтыққа дейiн шығару жолға қойылатын болады, сондай-ақ электрмен жабдықтау және сигнал беру жүйесi жабдықтарын өндiру жоспарлануда. Отандық тауар өндiрушiлер игеретiн темiр жол өнiмдерi номенклатурасын 2 мыңнан 5 мыңға дейiн ұлғайту болжануда. Импортты алмастыратын өнiмдер рельстер, стрелкалық бұрмалар, сигнал беру, блоктау және байланыс бойынша жабдықтар, кабиналар, арбашық рамалары, аккумуляторлық батареялер, тежегiш колодкалар және басқалары болып табылады.
Көрсетiлген iс-шаралар нәтижесiнде 2009 жылдан бастап 2015 жылға дейiн темiр жол машина жасау өнiмдерi 30 есе ұлғаяды (10-нан 300 млрд. теңгеге дейiн), темiр жол, машина жасау өнiмдерi өндiрiсi кезiндегi оқшауландыру 50%-дан 90% дейiн құрайды.
2014 жылға дейiн темiр жол инфрақұрылымы саласындағы бiрқатар инвестициялық жобалар iске асырылатын болады. Оларға «Өзен - Түрiкменстанмен мемлекеттiк шекарасы» (146 км), «Қорғас - Жетiген» (293 км), «Ералы - Құрық» (14 км) жаңа темiр жол желiлерiн салу жатады.
Республикалық және жергiлiктi маңызы бар автожолдарды жөндеу, қалпына келтiру мен салу бойынша жоспарланған жобаларды жүзеге асыру шеңберiнде жол құрылыс шикiзаты, материалдар мен технологиялық компоненттер көлемiн өндiрудi анағұрлым арттыру талап етiледi.
Автожол саласында негiзгi импорттық материал битум болып табылады. 2010 жылы Ақтөбе облысында «Лад» ЖШС жылына 50 мың тн. жобалық қуатпен, Қызылорда облысында «УАД» ЖШС жылына 43 мың тн. жобалық қуатпен битум шығаруды iске қосу жоспарлануда.
2011 жылы Ақтау қаласында жобалық қуаты жылына 420 мың тн. битум зауытын пайдалануға енгiзу жоспарлануда.
Осы жұмыстардың нәтижесiңде сатып алынатын тауарлардағы қазақстандық қамтылудың көлемi 2010 жылы 89%-дан 2011 жылы 99%-ға дейiн өседi. Одан әрi осы көрсеткiш 100 пайыздық деңгейге жетуi мүмкiн, әйтсе де, құрылыс жұмыстарының үлкен көлемiне байланысты кейбiр материалдардың, цемент, битум сияқтылардың импорты мүмкiндiгi қайткен де қалады.
Су көлiгi саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда 2014 жылға дейiнгi кезеңде қазақстандық қамтылудың үлесi 32,5% құрайды. Ал бұл тар мамандандырылған жабдықтарды, сондай ақ Қазақстанда шығарылмайтын теңiз, өзен флотының кемелерiн алуға себепшi болады.
Азаматтық авиация саласында қажеттiлiктер үшiн шетелдiк жеткiзушiлерден мынадай тауарлар мен қызметтер сатып алынуда: аэронавигациялық және радиотехникалық жабдық, жарық бергiш жүйе, метеожабдық, әуеайлақтық арнайы техника, әуе кемелерiнiң қосалқы бөлiктерi мен құралдауыштары, телескопиялық басқыштар, әуе кемелерi. Қазақстанда әуе кемелерiне күрделi жөндеу, аэронавигациялық және радиотехникалық жабдықтардың жарамдылығын қолдау бойынша жұмыстар тиiстi техникалық орталықтардың болмауына байланысты жүргiзiлмейдi.
2010 - 2014 жылдар кезеңiнде Қазақстанда өнеркәсiптiң импортты алмастыру секторының жаңа өндiрiстерiн (битум, цемент) құру шартымен азаматтық авиацияның инфрақұрылымдық объектiлерiн салу және қайта жаңарту жобаларын iске асыру барысында көрсетiлген материалдардың отандық өндiрiсiн пайдалану мүмкiн. Алайда бұл ретте осы материалдарды сатып алу үшiн объектiлердi салу мен қайта жаңарту кезiнде шығындар үлесi жобаның жалпы құнынан 1-2 % құрайды, осыған байланысты қарастырып отырған импортты алмастыру секторында қазақстандық қамтылудың ұлғаюы айтарлықтай емес.
Қазақстандық қамтуды қолдауда шағын авиацияны дамыту саласында жергiлiктi әуеайлақтарды қалпына келтiру, шағын авиация кемелерiн жаңарту мәселелерi көтерiлуде.
Инвестициялық және қаржы саясаты
МЖӘ бұл мүдделер теңгерiмiне қол жеткiзуге, тараптардың тәуекелдерi мен жауапкершiлiгiн бөлiсуге мүмкiндiк беретiн қоғамдық мәнi бар жобаларды iске асыруға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тарту бойынша мүмкiн болатын және тиiмдi тетiктердiң бiрi.
МЖӘ тетiктерiн пайдаланған кезде мемлекет пен жекеменшiк секторының өзара пайдалы ынтымақтастығын арттыруға, ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға, экономиканы әртараптандыру үшiн қажеттi инфрақұрылымды жеделдетiп жаңғыртуға мүмкiндiк туындайды.
Жеке инвестициялардың қатысуы кәсiпкерлiк қызмет саласын кеңейтуге, тәжiрибе, мемлекеттiң жауапкершiлiгi саласына жекеменшiк секторының бiлiктiлiгi мен технологиясын тартуға мүмкiндiк бередi.
Жеке бизнестi тарту мынадай келiсiмшарттар негiзiнде МЖӘ тетiктерiн пайдалану арқылы жүзеге асыру мүмкiн болады:
1) басқару мен ұстауға келiсiмшарттар;
2) пайдалануға және ұстауға келiсiмшарттар;
3) жобалауға, салуға, қаржыландыруға және пайдалануға (соның iшiнде концессия) келiсiмшарттар;
4) салу және пайдалануға келiсiмшарттар.
Қазақстанда аса қолайлы нысанды концессия болып табылады. Бұл МЖӘ басқа нысандармен салыстырғанда концессиялық келiсiмдердегi тәуекелдердi теңгерiдi бөлуге байланысты.
Қазiргi уақытта көлiктiк-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда МЖӘ тетiктерiн дамыту үшiн жағдай жасалған. ҚР алғашқы концессиялық жоба «Шар станциясы - Өскемен» темiр жол желiсiн салу болып табылады.
2010 - 2014 жылдар аралығында төмендегi жобалардың концесиялық негiзiнде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:
1) «Астана - Қарағанды» автомобиль жолын қайта жаңарту;
2) «Астана - Щучье» автожолында кейiн ақылыны енгiзумен ИКЖ енгiзу;
3) «Алматы - орғас» автомобиль жолын қайта жаңарту;
4) «Ташкент - Шымкент» автомобиль жолын қайта жаңарту;
5) «Орал - Каменка - РФ шекарасы (Өзiнкiге)» автомобиль жолын қайта жаңарту;
6) «Алматы - Қапшағай» автомобиль жолын қайта жаңарту;
7) «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу;
8) «Ералы - Құрық» жаңа темiр жол желiсiн салу;
9) Ақтау қаласының әуежайында ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды аяқтау;
10) Кендiрлi жаңа халықаралық әуежайын салу.
Темiр жол саласында концессия (МЖӘ) келiсiмшартына мемлекеттiң инвестициялық мiндеттер, тарифтердiң деңгейi, сапа стандарттары мен субсидиялардың ұсынылатын мөлшерiн қамтитын бiлiктi кәсiпкерлердiң (тасымалдаушы, мердiгер құрылысы ұйымы) бизнес-жоспарларының конкурсын жеңiп алу негiзiнде субсидиялау жөнiндегi мiндеттемелерi кiредi.
Саланың рентабелдiгi төмен секторына (жолаушылар тасымалы), сондай-ақ өтеу мерзiмi ұзақ секторына (темiр жол желiлерiн салу жобалары бойынша) жеке инвестициялар ағынын ынталандыру үшiн мемлекет пен бiлiктi кәсiпкерлер арасындағы конкурстық негiзде ұзақ мерзiмдi шарттарға негiзделген концессия. (МЖӘ) тетiктерi белсендi қолданылатын болады.
Мысалы, концессия (МЖӘ) туралы шарт негiзiнде жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда көрсетiлетiн қызмет бағасы шарттың мәнi болуын керек. Шарттың қолданыс мерзiмi 30 жыл болып, жолаушыларды тасымалдаушылар жылжымалы құрам мен инвестициялау мiндеттемелерiнiң, көрсетiлетiн қызмет сапасы мен құнына қойылатын талаптар, жылжымалы құрамды сатып алуға кепiлдер болуын қарастыруы керек. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде залалды вагондарды жүргiзу туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен жергiлiктi билiк органдары қабылдайтын болады.
Шарт мерзiмiн жеткiлiктi ұлғайтумен қатар онда жылжымалы құрам мен басқа да активтер франшиза шартымен келесi тасымалдаушыға берiлетiн жағдайларда нақты айтылуы керек. Бұл жеке инвесторларға олар шарттың қолданыс мерзiмi өткеннен кейiн өздерiнiң күрделi салымдарын қайтаратындығына сенiмдiлiк ұялатады.
Жаңаларын ұйымдастырып, қазiргiлердi өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды тасымалдаушы компаниялар әлеуметтiк және коммерциялық тиiмдiлiгiн негiздеп, жеке бастама ретiнде енгiзе алады.
Бұл жылжымалы құрамның қызмет ету мерзiмi мен жаңа темiр жолжелiлерiн пайдалану мерзiмiне негiзделген ұзақ мерзiмдi перспектива бағдарланған iшкi және халықаралық инвесторларды тартуға ықпал ететiн болады.
Достарыңызбен бөлісу: |