3) мейіргерлік араласу жоспарын жасау; 4) дәрігердің тағайындауы бойынша дәріханада алу үшін "Дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі" бағдарламасы арқылы дәрілік заттарға тегін рецепт жазып беру; 4) дәрігердің тағайындауы бойынша дәріханада алу үшін "Дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі" бағдарламасы арқылы дәрілік заттарға тегін рецепт жазып беру; 5) созылмалы аурулары бар, оның ішінде АББ-ға тартылған пациенттерге динамикалық байқау жүргізу; 6) фертильді жастағы әйелдердің тізімін жасау және фертильді жастағы әйелдерге динамикалық байқау жүргізу; 7) жүктілікті жоспарлаған кезде отбасы, әйелдерді жүктілік алды даярлықпен қамтамасыз ету 8) пациент пен отбасы мүшелерін жалпы күтім және ауруды басқару рәсімдеріне оқытуды ұйымдастыру, тиімділігіне мониторинг жүргізу және бақылау; 9) жүкті әйелдерге, босанғаннан кейінгі әйелдерге, бір жасқа дейін балаларға, диспансерлік пациенттер мен қарттарға патронаж жасауды жүзеге асыру; 10) денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы жөніндегі қызметті, медициналық мейіргердің дәрігерлік тағайындауларды тиісінше орындауын ұйымдастыру, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлердің профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуын бақылау, іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау; 11) есепке алу және есептік мейіргерлік құжаттаманы жүргізу; 12) азаматтарға алғашқы медициналық көмек, оның ішінде экстремалды жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсету. 118. МСАК дәрігері амбулаториялық жағдайда пациенттерді қабылдауды, шақыртуларға, активтерге қызмет көрсетуді және үйде патронаждық бақылауды жүзеге асырады, балаларды тамақтандыру, денені шынықтыру, мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке дайындау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммунопрофилактика, салауатты өмір салтын насихаттау, ұтымды тамақтану мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асырады, жүктілікті диагностикалауды, жүктіліктің барысын бақылауды жүргізеді, жүкті әйелдердегі экстрагенитальды патологияны анықтау және емдеу, босануға психопрофилактикалық дайындық, жүктілікке және босануға қарсы көрсетілімдерді анықтайды, жүктілікті тоқтатуға жібереді, босанғаннан кейінгі кезеңде және жүктілікті тоқтатқаннан кейін әйелдерді оңалтуды жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |