147. Отбасы әлеуметтік сүйемелдеуді қажет ететін жоғары қауіп (қатыгездік, зорлық-зомбылық, әйелдің мүгедектігі) жағдайында мәліметтер әлеуметтік қызметкерге, психологқа (қажет болған жағдайда білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі істер басқармаларына, жергілікті атқарушы органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға) беріледі. 148. Патронаждық бару нәтижелері туралы деректерді МСАК мамандары МАЖ-ға енгізеді. 149. Патронажды ұйымдастыру мониторингін МСАК ұйымының аға мейіргері немесе ол болмаған кезде отбасылық дәрігер (жалпы практика дәрігері) жүргізеді. 150. Қажет болған жағдайда пациентке емханаға өз бетінше баруға мүмкіндік бермейтін жіті және созылмалы аурулары (жағдайлары) бар пациенттер үшін МСАК мамандары үйде стационар ұйымдастырады. 151. Пациентті қабылдау сәтінен бастап емдеу ұзақтығы: 1) гемодиализдегі, перитонеальді диализдегі, химиялық және сәулелік терапиядағы, бағдарламалық терапиядағы, медициналық оңалтудағы және қалпына келтіретін емдеудегі пациенттерді қоспағанда, күндізгі стационарда кемінде үш жұмыс күні және сегіз жұмыс күнінен артық емес; 2) үйдегі стационарда кемінде үш жұмыс күні және жіті аурулар кезінде бес жұмыс күнінен аспайтын, созылмалы аурулар шиеленіскен кезде 8 жұмыс күнінен аспайтын жағдайларды құрайды. 152. МСАК дәрігері күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде пациентті қарап-тексеруді жүргізеді, жүргізілетін диагностикалық зерттеулер мен емдеуді түзетеді, қажет болған жағдайда қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулерді тағайындайды және қажет болған жағдайда клиникалық хаттамалардың ұсынымдарына сәйкес бейінді мамандардың консультацияларын ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |