Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы


ЖМК бөлімшелерінде бригадалардың саны халықтың айналымы ескеріле отырып, бекітілген халықтың 35 (отыз бес) мыңына 1 (бір) бригада есебінен және одан аз қалыптастырылады



бет48/48
Дата15.02.2024
өлшемі0.51 Mb.
#491753
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Презентация АПП

ЖМК бөлімшелерінде бригадалардың саны халықтың айналымы ескеріле отырып, бекітілген халықтың 35 (отыз бес) мыңына 1 (бір) бригада есебінен және одан аз қалыптастырылады.

167. Шақырулардың жеделдігінің 4 санаты бойынша ЖМК көрсетуді "Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы№ ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес МСАК ұйымдары жүзеге асырады.

168. Пациенттің жай-күйін қарап-тексеру, диагностикалау және динамикасы деректерінің нәтижелері бойынша МСАК ұйымы жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің фельдшері немесе дәрігері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

пациентті стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тасымалдау;

пациентті шақырту орнында қалдыру;

пациентті үйде қалдыру (тұрғылықты жері бойынша).

169. Пациентті шақырту орнында немесе үйде қалдырған кезде МСАК ұйымының фельдшері немесе кезек күттірмейтін жәрдем бөлімшесінің дәрігері тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына одан әрі жүгіну үшін медициналық ұсынымдар береді немесе көрсетілімдер болған кезде пациентті санитариялық автокөлікпен стационарға тасымалдауды қамтамасыз етеді.

169. Пациентті шақырту орнында немесе үйде қалдырған кезде МСАК ұйымының фельдшері немесе кезек күттірмейтін жәрдем бөлімшесінің дәрігері тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына одан әрі жүгіну үшін медициналық ұсынымдар береді немесе көрсетілімдер болған кезде пациентті санитариялық автокөлікпен стационарға тасымалдауды қамтамасыз етеді.

170. Жеделдіктің 4-санатындағы шақыруға қызмет көрсеткеннен кейін МСАК ұйымы жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшері немесе дәрігері ақпаратты МСАК дәрігеріне береді.

МСАК дәрігері пациенттің үйде белсенді баруын жүзеге асырады, емдеуді тағайындайды, көрсетілімдер болған кезде амбулаториялық жағдайда зертханалық және аспаптық зерттеулерге немесе күндізгі стационарда емдеуге жібереді немесе № 669 бұйрыққа сәйкес пациенттің жағдайы мен диагнозына байланысты үйде стационар ұйымдастырады.

171. МСАК ұйымы жанындағы ЖМК бөлімшесінің бригадасы дәрілік заттарға рецепт жазусыз, уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақ берусіз, алкогольдік және есірткілік мас болу мәніне куәландырусыз, қайтыс болу фактісін куәландырусыз және қайтыс болу туралы қорытынды берусіз шақыртуға қызмет көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет