Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы



бет41/48
Дата15.02.2024
өлшемі0.51 Mb.
#491753
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Презентация АПП

132. Зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері болған кезде МСАК маманының көрсетілімдері мен жолдамасы бойынша пациенттерге, бейінді мамандардың консультациялары (ұсынымдары) "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) (бұдан әрі – 669 бұйрық) сәйкес ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде күндізгі стационар және үйде стационар жағдайында медициналық көмек көрсетіледі.

133. Пациенттер күндізгі стационар жағдайында созылмалы аурудың жіті немесе шиеленісуі болған кезде, емдеу және диагностикалық іс-шараларды жүргізу қажет болған кезде бірнеше сағат ішінде, оның ішінде хирургиялық араласудан кейін және тәулік бойы стационарда бір тәулікке дейін 2 реттен артық емес емдеуге жіберіледі.

134. МСАК мамандары үйде медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде шақыртулар мен активтерге қызмет көрсетеді, патронаждық бақылау жүргізеді, үйде стационар ұйымдастырады.

Үйге шақыртуларды қабылдауды МСАК ұйымының тіркеушісі телефон байланысы, колл-орталық операторы немесе "Дәрігерді үйге шақыру" ЭҮП арқылы жүзеге асырады.

 

135. Пациент өз бетінше немесе МСАК ұйымына телефон байланысы арқылы жүгінген кезде МСАК мамандары № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлердің үйге шақыруларын есепке алу нысаны" № 056/е нысанына ақпарат енгізеді және ауызша нысанда дәрігерге барған күні мен уақытын көрсете отырып жауап береді. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін үйде медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.

136. Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке "Жеке кабинетке" электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама келіп түседі. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызметін көрсетуге сұрау салу қабылданғаннан кейін пациентке медициналық көмек белгіленген уақытта көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет