80. МСАК орталығының әлеуметтік қызметкері медициналық қызметтерді Осы Стандарттың 59-60-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады. 81. МСАК орталығының психологы медициналық қызметтерді осы Стандарттың 61-62-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады. 82. МСАК орталығы мейіргерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 29-тармаққа сәйкес келеді. 83. МСАК орталығы фельдшерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 44-тармаққа сәйкес келеді. 84. МСАК орталығы акушерінің практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 45-тармаққа сәйкес келеді. 85. МСАК орталығы дәрігерінң практикалық дағдыларының ең төмен тізімі 66-тармаққа сәйкес келеді. 86. Осы Стандарттың 3-тарауына сәйкес МСАК мамандарының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тәртібі. 5 - параграф. Емхана 5 - параграф. Емхана 87. Емхана - өз қызметі ауданында тұратын халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған көпбейінді медициналық ұйым. Аудандық емхана аудандық орталықта аудандық немесе көпбейіндісалалы орталық аудандық аурухананың құрамында құрылады. Нөмірлі аудандық емхана халық саны 30 000 (отыз мың) және одан жоғары ауылдық елді мекендері бар ауданда аудандық аурухана жанынан құрылады. Қалалық емхана екітілген халық саны 30 000 (отыз мың) адамнан асатын, бірақ кемінде бір қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ) аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда құрылады. 88. Емханаға мынадай құрылымдық және ұйымдық-құрылымдық бөлімшелер кіреді: 2) жеке кірісі бар сүзгі; 3) отбасылық денсаулық орталығы (жалпы дәрігерлік, отбасылық медицина бөлімшесі);
Достарыңызбен бөлісу: |