Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет4/8
Дата23.02.2016
өлшемі0.78 Mb.
#2592
1   2   3   4   5   6   7   8

3.4. Қазiргi бар нормативтiк құқықтық базаның, қолданыстағы практиканың және дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiнiң сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытудың қолданыстағы мемлекеттiк реттеу саясатын талдау

      Саланы дамытудың қолданыстағы мемлекеттiк реттеу саясатының негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:


      1) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттық мiндеттемелерiнiң орындалуын бақылау - мемлекет тарапынан саланы реттеудi жүзеге асырудағы негiзгi акцент. Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құзыреттi органның функцияларына жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттардың талаптарын орындау мониторингi және бақылау кiредi.
      Келiсiмшарттар талаптарының орындалу мониторингi жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды орындау кезiнде келiсiмшарттардың талаптары мен заңнама талаптарының орындалуы жөнiндегi есептiлiк, жазбаша түсiндiрме нысанында беретiн бастапқы ақпаратының, сондай-ақ Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңға сәйкес және (немесе) заңнамалық актiлерге сәйкес уәкiлеттендiрiлген мониторингке қатысатын және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органның деректерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мониторингке қатысатын және (немесе) заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттiк бағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдар мониторинг және (немесе) бақылау деректерiн мониторинг деректерiн талдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органдарға бередi. Егер бақылау барысында жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттың талаптарын орындамау фактiсi анықталса, онда уәкiлеттi орган мұндай жер қойнауын пайдаланушыға қатысты заңдарға және келiсiмшарттың ережелерiне сәйкес шаралар қолданады;
      2) Жер қойнауларын ұтымды игеру мәселелерi жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асырған кезде ұзақ мерзiмдi аспектiде кен орындарын игерудiң экономикалық тиiмдiлiгiн айқындайтын, бұл ретте экология және жер қойнауын қорғау мәселелерiнiң шешiлуiн қамтамасыз ететiн негiзгiлерi болып табылады. Осы мәселенi iске асыру мақсатында пайдалы қазбаларды барлаудың және игерудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерiн талдауды, әзiрлеудi және қолдануды қамтамасыз ететiн «Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнiнде орталық комиссия» (бұдан әрi - ОБК) алқалық консультативтiк-кеңесшi орган құру көзделiп отыр. Комиссия жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнiндегi жобалық құжаттарды бекiту не бас тарту туралы ұсынымдарды қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға енгiзедi.
      Жер қойнауын ұтымды игерудi реттеудiң және бақылаудың тиiмдi жүйесiн жақсарту, арттыру, оны қазiргi заман талаптарына бейiмдеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу үшiн ОБК алдыңғы жұмыс тәжiрибесiн қорытуды және талдауды жүргiзу қажет;
      3) көмiрсутек саласындағы әлемдiк конъюктурадағы өзгерiстерге уақытында ден қою, сондай-ақ кен орындарын игерудiң кеш сатысында немесе жер қойнауының өнiмi аз учаскелерiн пайдалануды ынталандыру үшiн мұнай-газ саласындағы салық салу мәселелерiндегi икемдi саясат жүргiзу үшiн негiздер.
      Игеру кезiнде алынуы қиын қорлардың жоғары үлесiн ескере отырып, аз дебиттi ұңғымаларды бiрiншi кезекте ұтымды ету қажет. Ол көлденең оқпандарды бұрғылау (оның iшiнде ескi ұңғымалардан), қабаттарды тереңiнен сумен жару, қабаттарға неғұрлым тереңiнен кiргiзiп қайталама префорациялау, қабаттың оқпантүптiк маңына әртүрлi физикалық-химиялық әсер ету әдiстерi және т.с. секiлдi кен орындарын игеру тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi қазiргi заманғы технологияларды кең ауқымды пайдаланудың экономикалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Осы технологияларды қолдану ұңғымалардың «ескi» қорында өте аз шығынмен жаңа ұңғымалардың дебитiнен асып кететiн дебиттер өсiмiн алуға мүмкiндiк бередi;
      4) жасалған келiсiмшарттар бойынша мәселелердi реттеу және жаңа
кезеңге арналған стратегияны әзiрлеу қажеттiгiнен туындаған конкурстарды өткiзудегi шектеу екiншi жағынан инвесторлардың геологиялық барлау жұмыстарына қатысуының азаюына алып келедi.
      Мамандардың болжамы бойынша Қазақстан Республикасындағы көмiрсутек шикiзатынан алынатын қорлары қазiргi өндiру деңгейiнде шамамен 60-70 жылға жетедi, алайда, iрi мұнай-газ кен орындарындағы өсiп келе жатқан өндiру деңгейiн ескерсек, көрсетiлген уақытша шектеулер едәуiр қысқаруы мүмкiн. Сондықтан мұнай-газ саласын одан әрi дамыту жаңа кен орындарын ашу есебiнен қорлардың өсуiн қамтамасыз етуi тиiс.
      Қазақстанда көмiрсутек қорларын ұлғайтудың шынайы перспективалары бар, сондықтан Қазақстанның жер қойнауы әлеуетi әлi де жоғары болғандықтан, геологиялық-барлау жұмыстарына ерекше назар аударған жөн;
      5) мемлекеттiң Ұлттық компанияның атынан негiзгi жобаларға қатысуын күшейту.
      Мемлекет ықпалының ұлғаюы соңғы жылдары қазақстандық мұнай саласындағы басты үрдiске айналды. ҚМГ-сы Үкiмет саясатын жүргiзушi болды, оны мемлекет көмiрсутек шикiзатын өндiрудiң стратегиялық секторындағы жаңа активтердi сатып алуға ынталандырады.
      Атап айтқанда, жер қойнауы және мұнай туралы заңнама, оған бiрiншiден, тiкелей келiссөздер негiзiнде конкурс өткiзбей жер қойнауын пайдаланушы құқығын, екiншiден, Каспий қайраңының қазақстандық секторын игеру жөнiндегi жобаларда үлес мөлшерiнiң кемiнде 50 % алу мүмкiндiгiн бередi.
      Мемлекеттiң кен орындарын игеруге арналған жер қойнауын пайдаланушы құқығын және Қазақстанда сатуға шығарылатын кез келген мұнай активтерiндегi үлестi алудың басым құқығы ұлттық компания арқылы ғана жүзеге асырылғанын атап өту қажет.
      Бұл шаралар ҚМГ-ға мұнай-газ саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға мүмкiндiк бередi. Барлық қалған мәселелерде ҚМГ мұнай-газ секторының басқа да ойыншыларымен қатар бiрдей құқықтар мен мiндеттемелерге ие.
      Сонымен қатар, республиканың мұнай-газ кен орындарын игерудегi ұлттық компанияның қатысу үлесi төменгi деңгейде қалып отыр. Қазақстанда мұнай өндiрудiң жалпы көлемiндегi ҚМГ үлесi 2010 жылы 28 %-ды құрайды.
      Сонымен бiрге, ҚМГ экспансиясын қадағалау кезiнде iшкi және сыртқа нарықтарда барлық ҚМГ компаниясы үшiн бiртұтас салмақты саясатты жүргiзуге ерекше назар қоюды күшейту қажет.
      6) өңдеушi қуаттарға инвестицияларды ынталандыру.
      2007 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) құрылды. АЭА аумағы 3475,9 га-ны құрайды.
      Өзара байланысты мұнай-химия өндiрiстерiнiң құрылысы Атырау облысындағы АЭА -да жүзеге асырылатын болады, ол қазақстандық мұнай-химия өнiмiнiң өзiндiк құнын төмендетуге және оның халықаралық нарықтағы бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етедi.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық кодексi АЭА аумағында мұнай-химия өнiмдерi өндiрiсiн жүзеге асыратын ұйымдарға корпоративтiк табыс салығын, жер салығын, мұнай-химия мүлiк салығын төлеуден босату түрiнде жеңiлдiктер көзделген, Қазақстан Республикасының Кеден кодексiнде еркiн кеден аймағы режимiнде - шетелдiк және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиiстi аумақтық шекараларында тауарлар қауiпсiздiгi бойынша талаптардан басқа кеден бажы алынбай, тарифсiз реттеу шаралары қолданылмай орналастырылады және пайдаланылады;
      7) Жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрi - ЖЖМ) нарығын
реттеу Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерi нарығын мемлекеттiк реттеудi Министрлiк «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» ҚР Заңында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес жүзеге асырады.
      Қолданыстағы заң 2003 жылы қабылданды. Бүгiнгi күнi бiрқатар енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға қарамастан, қолданыстағы заңның көптеген кемшiлiктерi бар және ол бүгiнгi күннiң талаптарына жауап бермейдi.
      Сонымен, Заңға 2004 жылы әкiмшiлiк реформа шеңберiнде енгiзiлген түзетулерге сәйкес екi уәкiлеттi органның Қаржы министрлiгi мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң функциялары бiрiктiрiлдi. Бұл жағдай Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң заңда жоғалтқан өз функцияларын iске асыруда бiрқатар мәселелердi тудырды.
      Сондай-ақ, қолданыстағы заңнама мұнай өнiмдерi нарығында баға белгiлеу саясатын тиiмдi және толық жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi. Сыртқы нарықтардың елеулi ықпалы және бағаны мемлекеттiк реттеудiң тиiмдi тетiгiнiң болмауы маңызды әлеуметтiк мәнге ие және ел экономикасына елеулi әсер ететiн мұнай өнiмдерiне бағаның күрт өзгеруiне әкеп соқтыруда. Көрсетiлген факторлар әлеуметтiк шиеленiстiң өсуiне әкелмек және Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiне қатер төндiредi.
      Мемлекет басшысының ЖЖМ нарығын реттеу жөнiндегi жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау үшiн және оларға деген бағаның өсуiне жол бермеу үшiн осы нарықты реттеудiң жаңа тетiгiн енгiзу қажеттiгi туындады.
      Саланың ерекшелiгiн және оның мемлекетiмiз үшiн маңыздылығын ескере отырып, Министрлiк мұнай өнiмдерi нарығын реттеудiң жаңа тетiгiне көшудi көздейтiн жаңа заң әзiрледi.
      Республиканың iшкi мұнай өнiмдерi нарығын реттеудiң осы тетiгi 2009 жылдың желтоқсанынан бастап қолданылуда және iс жүзiнде қолданылғаннан берi өз тиiмдiлiгiн көрсеттi.
      Өз кезегiнде мұнай өнiмдерi туралы заң жобасында табиғи монополиялар саласында және реттелетiн нарықта басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бағаны мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сатуға арналған шектi бағаны белгiлейдi деп көзделген.
      Заң жобасы реттелетiн нарық субъектiлерiнiң табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектi бағаны Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда асырмау мiндеттемесiн көздейдi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мұнай өнiмдерiнiң iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан шығарылатын шикi мұнайға және мұнайдан өндiрiлетiн тауарларға экспорттық кедендiк баждарды енгiздi.
      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 шiлдедегi № 709 қаулысына сәйкес экспорттық кедендiк баждардың мөлшерлемесi белгiленген:
      шикi мұнайға 1 тоннаға 20 АҚШ доллары мөлшерiнде;
      ашық мұнай өнiмдерiне 1 тоннаға 99,71 АҚШ доллары мөлшерiнде;
      қара мұнай өнiмдерiне 1 тоннаға 66,47 АҚШ доллары мөлшерiнде.
      Сонымен қатар, ауыл шаруашылығымен айналысатын отандық кәсiпорындарды көктемгi-күзгi дала жұмыстары кезеңiнде жанар-жағармай материалдарының қажеттi көлемiмен және дизель отыны мен мазутқа қатысты жыл сайынғы негiзде iшкi нарықта ЖЖМ-га баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында маусымдық экспорттық кедендiк баждар қолданылып отыр:
      - жыл сайын 15 ақпаннан 15 қазанға дейiнгi кезеңде дизель отыны экспортына 1 тоннаға 130 евро мөлшерiнде кедендiк баж мөлшерлемесi салынады;
      - жыл сайын 15 сәуiрден 15 тамызға дейiнгi кезеңде мазут экспортына 1 тоннаға 15 евро мөлшерiнде кедендiк баж мөлшерлемесi салынады.
      8) iшкi газ нарығын реттеу
      Газ нарығының субъектiлерi, яғни тұтынушылар мен жеткiзушiлер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысымен бекiтiлген Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесiмен, сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесiмен (бұдан әрi - Жеткiзу ережесiмен) реттеледi.
      Елдiң индустриялық-инновациялық дамуына байланысты газ тұтынудың өсу үрдiсi газға деген сұраныстың ұлғаюын көздейдi және газ бағасының өсуiне алғышарт болады. Газ сату бойынша баға саясатын бiрте-бiрте реформалауды жүргiзу қажет. Қазiргi уақытта Қазақстандағы газдың өткiзу бағасы еуропалық газ нарығымен салыстырғанда едәуiр төмен және өңiрге байланысты мың текше метрi 23-тен бастап 143 АҚШ долларына дейiн құбылып тұрады.
      2020 жылдан кейiн елдiң ресурстық мүмкiндiктерi күрт шектеледi және бүгiнгi күннiң өзiнде Еуропа елдерi нарығындағы мың текше метрi 250-340 АҚШ долларын құрайтын жоғары бағаларды есептегенде, Қазақстанда газ бағасы шарасыз өсе бермек.
      Шектес елдердiң (Ресей Федерациясы және т.б.) газ бағасын ырықтандыру бағытын қабылдауына байланысты Қазақстанда газ бағасын кезең-кезеңмен ырықтандыруды енгiзу бойынша дайындық жүргiзу қажет.
      Бұл ретте iшкi нарықтың бағасы Еуропа нарығының бағасы деңгейiнен көлiктiк шығындарды алып тастағанда, сондай-ақ тағы 20-25% алумен анықталатын болады.
      Жылу энергиясы тарифында отын құрамының (газ) 70%-ға дейiнгiсiн құрайтынын ескере отырып, газға бағаның еуропалық деңгейге дейiн (мың текше м-ге 250-340 АҚШ долл.) өсуi газдың түпкiлiктi құнының өсуiне, сондай-ақ электр және жылу энергиясы құнының өсуiне әкелуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi агенттiгiнiң деректерi бойынша газға бағаның өсуi жағдайында жылу энергиясына тарифтер 140%-дан (Алматы, Оңтүстiк Қазақстан облысы) 200%-ға дейiн (Қостанай облысы) ұлғаюы мүмкiн.
      Осыған байланысты, осы ықпалды бiркелкiлеуге мүмкiндiк беретiн iс-шараларды, бiрiншi кезекте тұрғындардың әлеуметтiк ең осал топтары үшiн дайындау орынды.
      Сұйытылған газ нарығы негiзiнен бәсекелестiк ортаға жатады және тиiсiнше белгiлi бiр тауар нарығында үстемдiк (монополиялық) орынға ие компанияларды қоспағанда, нарықтық қатынастар негiзiнде қалыптастырылады. Тауар нарығында 35%-дан жоғары орынға ие субъектiлер Тiзiлiмге енгiзiледi және олардың бағалары реттеуге жатады.
      Табиғи және сұйытылған газдың iшкi нарықтағы перспективасы Iшкi газбен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында сомасы 64,3 млрд. теңге инвестициялық жобалар iске асырылатын болады:
      «Оңтүстiк Қазақстан облысының газ тарату жүйесiн қайта құру» - 16,5 млрд.теңге. Жобаны iске асыру Шымкент қаласының және Оңтүстiк Қазақстан облысының қазiргi бар және жаңа тұтынушыларын табиғи газбен үздiксiз және авариясыз қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      «Алматы қаласы мен Алматы облысының газ құбырларын қайта құру» - 15,9 млрд.теңге. Жобаның мақсаты Алматы қаласы мен Алматы облысында табиғи газды тұтынудың болжамды өсуiн қамтамасыз ету болып табылады.
      «Алматы қаласының шағын аудандарын және Алматы облысының елдi мекендерiн газдандыру» - 983,2 млн. теңге.
      «Алматы - Байсерке - Талғар» магистралдық газ құбырын салу» - 6,3 млрд. теңге;
      «Жамбыл облысының газ тарату желiлерiн жаңғырту». Қаралып отырған кезеңде жобалау жұмыстарын жүргiзу жоспарлануда.
      «Қостанай облысының Қамысты, Федоров және Қостанай аудандарында елдi мекендердi газдандыру үшiн магистралдық газ құбырларын салу» - 7,3 млрд. теңге;
      «Бухара газды ауданы-Ташкент-Бiшкек-Алматы» магистралдық газ құбырының бойында орналасқан Жамбыл облысының елдi мекендерiн газдандыру» - 2,7 млрд. теңге;
      «Ақтөбе облысының елдi мекендерiн газдандыру» - 4,8 млрд. теңге;
      «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қолданыстағы газ тарату желiлерiн тиiстi жағдайда күтiп-ұстау» - 8,8 млрд. теңге;
      «Алматы қаласының автокөлiгiн компримирленген табиғи газға ауыстыру» пилоттық жобасын iске асыру» - 470 млн.теңге;
      9) Қазақстанның экспорттық және транзиттiк әлеуетiн дамыту.
      2007-2009 жылдар кезеңiнде мынадай халықаралық келiсiмдерге қол қойылды:
      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 мамырдағы № 160-IV ҚРЗ Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Түрiкменстанның Үкiметi арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келiсiм;
      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 218-IV Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келiсiм;
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 ақпандағы № 18-IV Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келiсiм;
      «Атасу-Алашанькоу» магистралдық мұнай құбырын пайдалану кезiнде кейбiр ынтымақтастық мәселелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы 2007 жылғы 18 тамыздағы келiсiм;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы 2004 жылғы 17 мамырдағы Негiздемелiк келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 2007 жылғы 18 тамыздағы хаттама;
      2009 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2007 жылғы 18 тамыздағы ҮАК Хаттамасына қол қойылды;
      2009 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы 2004 жылғы 17 мамырдағы Негiздемелiк келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 2007 жылғы 18 тамыздағы хаттама;
      «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы 2002 жылғы 7 маусымдағы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға» 2008 жылы 20 қарашада Ялта қаласында (Ресей) қол қойылды.
      «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы ынтымақтастық және отын-энергетикалық кешендi дамыту туралы 2002 жылғы хаттамаға» 2009 жылы 30 желтоқсанда Мәскеу қаласында (Ресей) қол қойылды;
      10) Көмiрсутектерiн тасымалдау саласындағы тарифтiк саясат
      Бұл бағытта, бiр жағынан, шығындары тұтынушылардан жеткiзiлетiн өнiмге соңғы бағаны белгiлейтiн табиғи монополиялар тарифтерi негiздемесiн бақылауды қамтамасыз ету, екiншi жағынан инвестицияларды ынталандыру үшiн құбыр желiсi компанияларының рентабельдiлiгiнiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету қажет.
      «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар салаларына магистралдық құбырлармен мұнай және (немесе) мұнай өнiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер жатады. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне тарифтер реттелетiн қызметтерге арналған шығындар құнынан төмен болмауы көзделген және субъектiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруi тиiс.
      Қолданыстағы магистралдық құбырлармен мұнай тасымалдау бойынша қызметтерге арналған тарифтердi есептеу әдiстемесi учаскелер бойынша мұнай айдауға арналған тарифтер 1000 км-ге 1 тонна мұнай айдауға арналған үлес тарифiнiң негiзiнде есептеледi деп көзделген. Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тартылған активтерiнiң реттелетiн базасына пайда ставкасын қамтуы тиiс.
      Республиканың iшкi тұтынушылары үшiн тасымалдау аралығына қарамастан, әрбiр 1000 текше метр газ тасымалдауға есептелген магистралдық газ құбырлары бойынша газ тасымалдауға арналған бiрыңғай тариф қолданылады. Тауар нарықтарында үстемдiк етушi нарық субъектiлерiнiң газға арналған сату бағаларын реттеу жүзеге асырылуда. Транзиттiк елдер арқылы қазақстандық өнiмдi тасымалдаған кезде экономикалық негiзделген, қолайлы тариф деңгейi, тасымалдау жүйелерiне кемсiтпеушiлiкке қол жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк қолдау жүйесiн жалғастырған жөн. 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы мұнай транзитi туралы келiсiмге қосымшада 2009 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қолданылған деңгейде «Транснефть» АК» қоғамына магистралдық құбырлары бойынша қазақстандық мұнайды транзиттiк тасымалдау тарифтерi (5 жыл мерзiмге) белгiленген. Бұл ретте, 2010 жылдан бастап инфляция деңгейiне тарифтi жыл сайын индекстеу мүмкiндiгi көзделген.
      Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк жеткiзiлiм жағдайында баламалы бағыттармен салыстырғанда бағыттың бәсекелестiкке қабiлеттiгiн қамтамасыз ету қажет. Халықаралық газ транзитiне және ҚР аумағы бойынша экспортқа арналған тариф шарттық негiзде жүзеге асырылады;
      11) техникалық реттеу
      Қазақстан Республикасының әлемдiк экономикаға бiрiгу қажеттiгi, сондай-ақ Қазақстанның БСҰ-ға кiруге ұмтылуы саланың нормативтiк техникалық базасын жетiлдiру қажеттiгiне әкеледi. БСҰ талаптарына сәйкес БСҰ мүше елдiң нормативтiк базасы саудада техникалық кедергiлер келтiрмеуi тиiс және халықаралық стандарттардың талаптарымен үйлестiрiлуi тиiс.
      Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымның (бұдан әрi - ИСО) мүшесi болып табылады. Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының халықаралық техникалық реттеу жүйесiне өту процесiн оңтайландыру үшiн Қазақстан салада қолданылатын стандарттарды әзiрлеумен айналысатын ИСО техникалық комитеттерiне, кiшi комитеттерiне және жұмыс топтарына қатысуын кеңейтiп отыр, бұл Қазақстан Республикасы мұнай-газ компаниялары мамандарына халықаралық стандарттарды әзiрлеуге тiкелей қатысуға, қажеттi тәжiрибе жинақтауға, құжаттарды әзiрлеу кезiнде өз елiнiң мүдделерiн белсендi қорғауға мүмкiндiк бередi.
      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2005 жылдың мамырында күшiне енуi Қазақстан Республикасының шетелде қабылданған және халықаралық стандарттарға негiзделген техникалық реттеу моделiне көшуiне түрткi болды.
      Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi салалық министрлiк ретiнде техникалық реттеу (техникалық регламент) саласында нормативтiк-құқықтық актiлердi, өз құзыретi саласында мемлекеттiк стандарттарды ұйымдастырады, нормативтiк құжаттардың ғылыми-техникалық талдауын жүзеге асырады, техникалық регламенттердi әзiрлеу жоспары мен бағдарламасын, стандарттар мен өзге де құжаттарды, сондай-ақ халықаралық нормалармен олардың үйлесу жоспарын қалыптастырады.
      Нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және өңдеу мұнай-газ саласындағы саны өте шектелген ғылыми-зерттеу институттарын тартуды талап етедi. Саланың кадр ресурстары халықаралық стандарттар бойынша арнайы оқу курстарынан өтуi тиiс. Зерттеу институттары мен мұнай-газ саласының жетекшi өндiрушiлерi арасында өзара байланыс күшейтiлуi тиiс.
      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн мұнай-газ саласы құрылды және стандарттау жөнiнде техникалық комитеттер жұмыс iстеуде.
      Сонымен, Техникалық реттеу және метрология комитетi төрағасының бұйрығымен «Мұнай, газ, оларды өңдеу өнiмдерi, материалдар, жабдықтар және мұнай, мұнай-химия және газ өнеркәсiбi үшiн құрылыстар» техникалық комитетi (бұдан әрi - ТК) құрылды. ТК мұнай-газ саласындағы стандарттау бойынша негiзгi жұмыс бағыттарын айқындау, оған бекiтiлген стандарттау объектiлерi бойынша жұмыс жүргiзу, мемлекеттiк стандарттарды, стандарттау жөнiндегi өзге де құжаттарды әзiрлеу, мемлекетаралық және халықаралық стандарттау бойынша жұмысқа қатысу үшiн құрылды.
      2008-2009 жылдары Еуропалық комиссияның «Орталық Азиядағы газ секторында газ өлшеу мен сапа практикасына ерекше назар аударып, стандарттар мен қабылданған ережелердi үйлестiру» жобасына қатысу қабылданды, оның басты мiндетi қауiпсiздiк пен газ саласының кейбiр негiзгi техникалық стандарттарын бiрте-бiрте үндестiру бағытында одан әрi өңiрлiк ынтымақтастық критерийлерiн ескере отырып, маңызды халықаралық стандарттар мен ережелердi бейiмдеуге ықпал ету болып табылады.
      Техникалық реттеу саласындағы сала ұйымдарын халықаралық ынтымақтастыққа қатысуын күшейту халықаралық нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қажеттi тәжiрибе жинақтауға, халықаралық және өңiрлiк техникалық регламенттер мен сала стандарттарын әзiрлеу кезiнде Қазақстанның қызығушылығын қамтамасыз ету, отандық нормативтiк-техникалық құжаттар қорын құруға, өнiм сапасы мен қауiпсiздiгi саласында ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiн барынша пайдалануға мүмкiндiк бередi;
      12) Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеру мәселелерiне едәуiр назар аударылуда.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен қараңыз.U101105 бекiтiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасына (бұдан әрi - Мембағдарлама), ҚР Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 тамыздағы № 843 қаулысымен бекiтiлген Мембағдарламаны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған (I кезең) iс-шаралар жоспарына сәйкес Теңiзде мұнай өндiру инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары және КТҚС жағадағы алаңын дамытудың кешендi жоспары әзiрлендi. Қараңыз.U101105
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 шiлдедегi № 673  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың 2006 - 2010 жылдарға арналған (II кезең) iс-шаралар жоспарына сәйкес Түпқараған шығанағының жағалауындағы және ауданындағы жағадағы инфрақұрылым объектiлерi енгiзiлдi;
      13) магистралдық құбыр елде өндiрiлетiн көмiрсутек шикiзатының едәуiр үлесiн iшкi және сыртқы нарықтарға жеткiзудi қамтамасыз өтетiндiктен Қазақстан Республикасының стратегиялық маңызды объектiсi болып табылады. Магистралдық құбырлардың елдi энергетикалық және экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi стратегиялық рөлi осы салаға қатысты мемлекеттiк реттеуде айрықша әдiстердi қолдануды талап етедi.
      Магистралдық құбыр саласындағы қатынастар Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңның шеңберiнде 5 баппен реттеледi. Көрсетiлген Заң жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға, жер қойнауын кешендi зерттеуге және пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар, магистральдық құбыр саласындағы қатынастар өндiрiстiк циклдiк басқа да кезеңiнде туындайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану кезеңiне жатпайды.
      «Магистралдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
жобасы магистралдық құбыр саласындағы қызметтiң құқықтық негiздерiн
белгiлеудi, мемлекеттiк органдардың осы қызметтi реттеу жөнiндегi
өкiлеттiктерiн, магистралдық құбыр саласындағы қатынастар қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерiн айқындауды көздейдi және магистралдық құбырларды тиiмдi, сенiмдi, қауiпсiз пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр саласындағы ұлттық мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
      Магистралдық құбырдың елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызын ескере отырып, осы мәселелердi шешу жеке заң қабылдау тұрғысынан аса өзектi болып табылады.
      Газ саласындағы қатынастарды тiкелей реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер Жеткiзу ережесi болып табылады. Газ өндiру және жабдықтау саласындағы мәселелер бiрқатар заңдармен (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (Негiзгi бөлiм), «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары) жанама реттеледi.
      Алайда, газ саласының қазiргi шынайылылығын толық көлемде көрсететiн, газбен жабдықтауды және газды тұтынудың жалпы шарттарын реттейтiн және оны дамыту және жылдам жандандыру мақсатында осы салаға инвестиция тартуға ықпал ететiн бiрыңғай заңнамалық актi жоқ.
      Жеке заңды әзiрлеу қажеттiгi заң жүзiнде реттелмеген газ саласының, оның iшiнде орталық атқарушы органдардың және жергiлiктi өзiн өзi басқаратын, газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының рөлi мен функцияларына қатысты газ саласының, сондай-ақ газды жеткiзу, тасымалдау, сақтау және сатып алу мәселелерiне қатысты құқықтық қатынастардың көптеген мәселелерi мен проблемаларының көптiгiнен туындады.
      Жеке заң қабылданған және Қазақстан Республикасының газ нарығының субъектiлерi арасындағы қатынастар реттелген жағдайда, газдың мотор отыны және химия өнеркәсiбi үшiн шикiзат ретiнде кеңiнен пайдаланылуы үшiн жағдайлар туғызылатын болады, саладағы техникалық прогресс қамтамасыз етiледi, газдың республика iшiндегi тұтынылуы және экспорттық мүмкiндiктерi ұлғайтылады, газ нарығындағы бәсекелестiк пен ашықтық күшейедi, бұл газ саласынан елдiң кiрiстерiнiң ұлғаюына әкеледi;
      14) қазақстандық тауарлар мен қызметтер
      Қазақстандық үлестi арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қазақстандық үлес бөлiгiнде нормативтiк құқықтық базаны дамытуға бағытталған шаралар кешенiн iске асырып жатыр.
      2010 жылғы 24 маусымда қабылданған Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңда қазақстандық үлеске деген көзқарас тұжырымды өзгертiлген. Заңның нормалары қазақстандық үлес бойынша заңнаманың және келiсiмшарттық мiндеттемелердiң сақталмағаны үшiн құқықтық жауапкершiлiктi арттырады. Келiсiмшарттық мiндеттемелердi бұзған компанияларға қатысты келiсiмшартты бұзғанға дейiн әкiмшiлiк шаралар, айыппұл санкциялары қолданылатын болады.
      Заңда сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушыларға олардың сатып алуындағы қазақстандық үлес бөлiгiнде қойылатын талаптар күшейтiледi. Атап айтқанда, компанияның шығыстарынан Қазақстаннан тыс жерлерден сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша, сондай-ақ заңнаманы бұзумен сатып алынған шығындар алынып тасталады;
      15) экологиялық талаптарды күшейту
      Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңның талаптарына сәйкес мына жағдайларды қоспағанда, алауларда iлеспе және (немесе) табиғи газды жағуға тыйым салынады:
      қауiп-қатер немесе авариялық жағдайлардың туындауы, персоналдың өмiрiне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп-қатер;
      ұңғымалар объектiлерiн сынау, кен орындарын сынамалық пайдалану кезiнде;
      технологиялық жабдықтарды iске қосу-реттеу, технологиялық жабдықтарды пайдалану, технологиялық жабдықтардың техникалық қызмет көрсетуi және жөндеу жұмыстары кезiнде газды болмай қоймайтын технологиялық жағу кезiнде.
      Заңнама нормаларының кесiмдiлiгi көптеген мұнай-газ компанияларын қиын жағдайға соқтырды және саланың одан әрi дамуына ықпал еткен жоқ. Осыған байланысты, газды кәдеге жарату мәселелерi бойынша заңнамаға жекелеген түзетулер қабылданды, бұл кәсiпорындарға алауларда газды жағудан кезең-кезеңмен бас тартуды көздейтiн көмiрсутек шикiзатын өндiру кезiнде iлеспе газды кәдеге жарату бағдарламаларын әзiрлеуге және бекiтуге мүмкiндiк туғызды. Мұндай бағдарламаларды Қазақстанның барлық жер қойнауын пайдаланушылары әзiрледi.
      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнiң талаптарына сәйкес, оның iшiнде Газды кәдеге жарату жобалары да табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнде мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өттi.
      Бағдарламаларға сәйкес газдылығы аз кен орындары үшiн газ жеке мұқтаждықтарға, атап айтқанда, мұнай кәсiпшiлiгiн жылыту, көмiрсутек шикiзатын технологиялық жылыту үшiн пайдаланылады деп көзделген. Неғұрлым iрi кен орындары үшiн кәдеге жарату электр энергиясын өндiру, жер асты қабаттарына айдау, өңдеу зауыттарына не болмаса сату үшiн өңiрлердiң елдi мекендерiне тасымалдау үшiн газ құбырларын сату арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердi, бiрiншi кезекте Каспий теңiзiнiң жағалау аймағының қызметiне байланыстыларды қайта қарау қажет. 2011 жылы теңiзде және Қазақстан Республикасының iшкi су айдындарында мұнай төгiлуiнiң алдын алу және оларға ден қою жөнiндегi зерттеулер басталады.
      Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және жоғары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келу, сондай-ақ отандық өндiрушiлердiң өнiмдерiнiң бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында өндiрiлетiн автомобиль отынына қойылатын экологиялық талаптарды күшейту жөнiнде шаралар қабылданды.
      Қазақстан Республикасында Еуростандарттар талаптарына сәйкес келетiн мотор отындарын шығару және кейiннен оған өту үшiн Үкiмет қаулысымен «Бензин, дизель отыны және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi қабылданды.
      Беизиннiң, дизель отынының және мазуттың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн «Бензин, дизель отыны және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiне сәйкес олардың Қазақстан Республикасының аумағында айналымы кезiнде, автомобиль және өзге де техника үшiн автомобиль бензинiн және дизель отынын өндiрген кезде мынадай экологиялық нормативтер: 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2 экологиялық кезең, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3 экологиялық кезең, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4 экологиялық кезең енгiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет