Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет5/8
Дата23.02.2016
өлшемі0.78 Mb.
#2592
1   2   3   4   5   6   7   8

3.5. Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмделуi мүмкiн қазiргi бар проблемаларды шешу жөнiнде шетелдiк оң тәжiрибеге, сондай-ақ жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулердiң нәтижелерiне шолу жасау

      Ресей


      Ресей аумағындағы мұнай кен орындарының көпшiлiгi, оның iшiнде Татарстанның кен орындары да олардың қорларының бiрте-бiрте таусылуына байланысты өндiрудi азайтумен сипатталатын пайдалану сатысында тұр. Өңiр ресурстарды игеру бойынша төртiншi - соңғы сатыда, өндiру төмендейтiн, бiрақ неғұрлым баяу қарқынмен немесе уақыттың белгiлi бiр кезеңiнде оңтайлы деңгейде тұрақтанатын алынатын қорлардың шамамен 80% iрiктелгеннен кейiнгi кезең.
      Татарстанда мұнай өндiрудiң төмендеуi шектi деңгейге жеттi және ол одан әрi төмендеген кезде республика экономикасын дамыту қажеттiлiгi толық көлемде қанағаттандырылмайды. Сонымен қатар, қол жеткiзiлген деңгейде өндiрудi тұрақтандыру республиканың мұнай өнеркәсiбiнiң өзiнiң дамуының соңғы сатысына жетуiнен, қорлар құрылымының күрт нашарлауынан, өндiрiстi жандандыру және жаңа кен орындары үшiн қаржы ресурстарының жеткiлiксiздiгiнен күрделi тапсырма болып табылады.
      Қиындықпен алынатын кен орындары қорын салықтық ынталандыру, сондай-ақ Республикада жұмыс iстеп тұрған кен орындарындағы аз дебиттi және сулылығы жоғары ұңғымаларды пайдалану «Жер қойнауы туралы» РФ Заңының, сондай-ақ Татарстан Республикасының «Жер қойнауы туралы» және «Мұнай және газ туралы» Заңдарының нәтижесiнде мүмкiн болды.
      Осы құжаттарға сәйкес мұнай өңдеу кәсiпорындары, егер мұнай өндiру 85% астам суланған кен орындарынан, коллекторлық қасиеттерi төмен иiрiмдерден, аз дебиттi шығынды ұңғымалардан, сондай-ақ мұнайды үшiншi әдiспен өндiрген кезде мұнайға акциз төлеуден босатылады.
      Татарстанда жүргiзiлген салық экспериментi (Татарстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң «Татнефть» компаниясына берген салық жеңiлдiктерi) жоғарыда жазылған факторларды ескеретiн, икемдi салық саясатын өңiрлiк деңгейдiң өзiнде жүргiзу еңбекпен қамтылуды (қызметкерлердiң жәрдемақы емес, жалақы алуы), жалпы экономикалық (табыс салығы) және жанама салықтарды және өңiр үшiн және Федерация үшiн дамудан басқа да мультипликативтiк нәтижелiлiктi сақтау есебiнен мұнай өндiрудi елеулi ұлғайтуға және әлеуметтiк-экономикалық нәтижелердiң өсуiне әкелетiнiн көрсеттi.
      Бұл елдiң оң тәжiрибесi өндiрiсте және тұрмыста (газдандыруды дамыту) отын ресурсы ретiнде мұнайды кеңiнен енгiзу негiзiнде мұнай өндiрудi тұтынушылар тобын қалыптастыруға, мұнайды тұтынушылар мен жеткiзушiлердiң өзара тиiмдi экономикалық қатынастарын құруға ықпал ететiн болады.
      Әлемнiң көптеген елдерiнде (АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Франция, Ресей және т.б.) газ туралы жеке заң бар.
      Ресей Федерациясында газбен жабдықтау саласындағы қатынастар мынадай заң актiлерiмен: мемлекеттiң энергетикалық ресурстарының стратегиялық түрлерiне деген қажеттiгiн қанағаттандыруға бағытталған «Газбен жабдықтау туралы» РФ Федералдық заңымен, көмiрсутек шикiзаты кен орындарының барлық түрлерiнен ендiрiлетiн және газ тәрiздi немесе сұйытылған күйде тасымалданатын газға қатысты қолданылатын «Газ экспорты туралы» РФ Федералдық заңымен реттеледi.
      «Газбен жабдықтау туралы» РФ Заңы газбен жабдықтау үшiн стратегиялық мәнi бар объектiлердiң ерекше режимiн көздейдi, газбен жабдықтаудың бiрыңғай жүйесiне негiзделген, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында бiрыңғай газ нарығын құру мен дамытудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
      Жалпы «Газбен жабдықтау туралы» РФ Заңының ерекшелiгi мемлекеттiк монополияға (газбен жабдықтаудың бiрыңғай меншiк иесi), монополиялық экспорт есебiнен газ тасымалдау жүйелерiн дамытуды кросс-субсидиялауға, сондай-ақ тасымалдау тарифтерiн және тұтынушылар үшiн газ бағасын реттеуге негiзделген.
      Беларуссия
      Беларуссияда газбен жабдықтау саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерi Беларусь Республикасының «Газбен жабдықтау туралы» Заңымен айқындалады.
      Осы Заңның қолданылу аясы мемлекеттiң және тұтынушылардың газға деген қажеттiлiгiн қамтамасыз ету кезiнде, сондай-ақ газбен жабдықтау объектiлерiн жобалау, салу, жөндеу және қайта жаңарту, пайдалану енгiзу және пайдалану, пайдаланудан шығару, консервациялау және (немесе) жою кезiнде туындайтын газбен жабдықтау саласындағы қатынастарды қамтиды. Заң магистралдық құбырлардың жұмыс iстеуi, құру, пайдалану, консервациялау және жою кезiнде туындаған қатынастарға қолданылмайды.
      Канада, Австралия, АҚШ
      ЕО шеңберiнде әрбiр мемлекет - қауымдастық мүшесi, Еуропалық газ директивасының жалпы ережелерiне сәйкес келетiн газ туралы өз ұлттық заңын қабылдады, алайда, олар әрбiр мемлекеттiң газ саласының белгiлi бiр сипатына қарай ерекшеленедi.
      ЕҚ мемлекеттерiнiң, Канаданың, Австралияның газбен жабдықтау саласындағы заңнамасында нарықты қайта реттеу бағытындағы даму үрдiсi байқалады. Бiрқатар жағдайларда жекелеген мемлекет (провинция) шеңберiнде газды тасымалдауға және таратуға монополия белгiленген, газ тасымалдау жүйелерiне тең қол жеткiзу, өндiрушiлердiң iрi тұтынушыларға тiкелей қол жеткiзуi қамтамасыз етiлген, тасымалдау тарифтерiн реттеу көзделген.
      АҚШ газ өндiрушiлерi арасындағы дамыған бәсекелестiктiң, әрбiр қалыптасқан бағытта газ тасымалдау қызметтерi монополиясының, тасымалдау тарифтерiн реттеудiң, тиiстi қызмет көрсету аймағында тәуелдi тұтынушыларға қызмет көрсету монополиясын сақтаудың, өндiрушiлердiң тәуелсiз тұтынушыларға тiкелей қол жеткiзуiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейтiн газбен жабдықтау саласындағы дамыған заңнамалық базамен сипатталады.
      ТМД елдерiндегi газ саласындағы заңнаманы ырықтандырудың төмен деңгейiн және керiсiнше, алыс шетел мемлекеттерiндегi (атап айтқанда, АҚШ) ырықтандырудың жоғары деңгейiн атап өткен жөн. Бұл өз кезегiнде жалпы алғанда бiрқатар факторларға тәуелдi газ нарығын дамыту деңгейiн көрсетедi:
      газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту деңгейi;
      экономикалық қызмет тығыздығы (нарықтың сыйымдылығы, кен орындарынан шалғай орналасу, төлемге қабiлеттi сұраныстың болуы);
      өзге де энергия көздерiмен (көмiр, мазут) бәсекелестiк;
      саяси факторлар және т.б.
      Газ саласын табысты дамытуды құқықтық қамтамасыз ету үшiн Қазақстанға экономикалық қызметiнiң ұқсас тығыздығы бар елдердегi құқықтық реттеу тәжiрибесiн, сондай-ақ газ саласының тұрақтану кезеңiндегi дамыған елдердiң тәжiрибесiн ескеруi қажет.
      Әлем елдерi үшiн экологиялық таза бензин мен отынға қойылатын талаптарды қатаңдату өзектi болып отыр. Мысалы, ЕО мұнай өнiмдерiн тұтынудың өсуiне байланысты және соның салдарынан экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бензин мен дизель отынына қатаңдатылған ерекшелiгiн енгiздi, 2005 жылдан бастап неғұрлым қатаң талап - Еуро-4, 2009 жылдан бастап Еуро-5 талаптарын енгiздi. АҚШ-та реформацияланған бензинге - экологиялық залалды азайтуды қамтамасыз ететiн және көлiк құралдарының техникалық деңгейiн сақтайтын белгiлi бiр құрамдас бөлiгi бар бензинге талаптар белгiленген.
      ЕО автомобиль бензиндерiнiң сапасына және олардағы iлеспе заттардың құрамын шектейтiн мына талаптарды көздейдi:
      хош иiстi көмiрсутектердi, өйткенi хош иiстi көмiрсутектердiң тотыққан өнiмдерi канцерогендi болып табылады;
      белгiсiз көмiрсутектердiң - себебi тұмша пен жердiң озон қабатының жойылып кетуi;
      күкiрттердiң - күкiрт тотығы қышқыл жауынның себебiн және шығарынды газдарды жете жағу үшiн у болып табылады, металдардың тоттануына ықпалын тигiзедi.
      Бұл ретте мiндеттi талап - бензинге құрамында қышқылы бар қоспаларды қосу.
      ТМД елдерiнде бензиндерге қойылатын талаптар қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкес келедi және құрамында бензол 5%-тен көп емес, хош иiстi қоспалар мен олефиндер - нормаланбаған, күкiрт бойынша 0,05% (мас.) немесе 500 ррм. болу нормалары.
      Еуропалық одақтың экологиялық бағдарламасына сәйкес (Еуро - 2, 3, 4 нормаларына кезең-кезеңмен өту) техникалық шарт талаптарында құрамында бензол (3-5% көп емес), хош иiстi қоспалар - 43% (Еуро-3) және 30% (Еуро-4); олефиндер сәйкесiнше 18% (масс.) және 14%; күкiрт - 0, 0150 (мас.) немесе Еуро-3-те 150 ррм және 0, 003 - 0,001 (мас.) немесе Еуро-4-те 30 - 10 ррm. болу бойынша неғұрлым қатаң нормалар.
      «Атырау МөЗ-де хош иiстi заттарды шығару бойынша кешен құрылысы» инвестициялық жобасы iске асырылғанға дейiн және кейiн құрамында бензол, хош иiстi көмiрсутектер, күкiрттiң болу нормалары және ЕО техникалық шарттарының нормалары 10-кестеде келтiрiлген.

10-кесте


Инвестициялық жобаға дейiн және кейiн АМӨЗ өнiмдерiндегi (автобензинде) кейбiр компоненттер құрамының нормаларын салыстыру

Көрсеткiштiң атауы

Жобаны iске асыруға дейiн

Жобаны iске асырудан кейiн

Еуро-3

Еуро-4

Бензолдың құрамы, көлемдiлiгi % көп емес

5,0

1,0

1,0

Күкiрттiң құрамы, ррm, көп емес

1000

30

150

50

Хош иiстi көмiрсутектер, көлемдiлiгi % көп емес

48,7

35

42

35

      «Nexant ChemSystems» (2005 жыл) және «Jacobs Consultancy» (2008 жыл) компаниялары Қазақстанда шығарылатын өнiмдердiң көлемiн есептеумен, халықаралық мұнай-химия өнiмi нарығына сұраныс пен ұсынысқа талдау жасады. Зерттеу нәтижелерi бойынша Қытайдың және Батыс Еуропаның, сондай-ақ Азия мен Таяу Шығыстың мақсатты нарықтарында қазақстандық мұнай-химия өндiрiстерiн құру жобалары мақсатты нарықтарда бәсекелестiкке қабiлеттi деп анықталды. Қазақстандық өнiмнiң негiзгi артықшылығы - шикiзат құны, оның есебiнен отандық мұнай-химия өнiмi әлемдегi төмендердiң бiрi болуы мүмкiн.
      Көмiрсутектердi өңдеудi және одан әрi қайта жасауды дамыту - ЖIӨ еселi ұлғайтуға және отын нарықтарына тәуелдiлiктi азайтуға мүмкiндiк беретiн мультипликаторлардың бiрi болып табылады. Парсы Шығанағы елдерi мұны тоқсаныншы жылдардан бастап әзiрлеуде және қазiр мұнай мен газ өңдеу бойынша қуаттарды пайдалануға енгiзуде, Иран мұнай экспортына және көмiрсутектердiң бағасының өзгеруiне тәуелдi болмас үшiн мұнай-химияның көмегiмен өзiнiң отын-энергетикалық кешенiн әртараптандырып келедi.
      Солтүстiк Каспийдiң және басқа да өңiрлердiң кен орындарын игеру тәжiрибесiн зерттеу жаңа тарихтағы мұнай өндiрушi елдердiң бiрде-бiрi, бұл мұнай жобаларына қатысушылар үшiн аса сезiмтал болғандықтан жергiлiктi үлес мәселесiн қызу талқылаудан айналып өткен жоқ.
      Бұл жер қойнауын беретiн елдер Үкiметтерi тарапынан, жобалардың өзiнен, сондай-ақ қызмет көрсету саласында көп жұмыс орындары санын алу, сондай-ақ жергiлiктi тауарлардың, материалдарды және қызметтердiң неғұрлым көп көлемiне қол жеткiзу ниетi болуына негiзделген. Екiншi тараптан мұнай операцияларын орындайтын мердiгерлер оларға ұзақ уақыттан берi үйреншiктi және сенiмдi қызмет көрсететiн нарықтағы белгiлi жеткiзушiлердiң тауарларын, материалдарын және қызметтерiн барынша пайдалану мүмкiндiгiн алғылары келедi.
      Басқа елдер мен компаниялардың тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, егер жүйелi шаралар әзiрленсе және қолданылса, сондай-ақ тараптар осы мәселенiң шешiлуiне қызығушылық бiлдiрсе, бұл мәселе табысты шешiлуi мүмкiн.
      Норвегияның, Малайзияның, Қытайдың, Пәкiстанның, Оңтүстiк Кореяның тәжiрибелерiң зерттей отырып, аталған елдердегi жергiлiктi үлестiң дамуына шынайы қолдау көрсеткен мына шараларды атап өткен жөн:
      жоғары технологиялық өнiмдер өндiрiсiн дамытуға ықпал ететiн салық салу жүйесiнiң тетiктерiн қолдану, сондай-ақ жалпы алғанда салық жүйесiн оңайландыру;
      жоғары сапа мен белгiлi бiр өндiрiс көлемiне жеңiлдiк кредиттер;
      ғылыми-техникалық кешенге қаражат салатын шетелдiк инвесторларды қолдау;
      Ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк конструкторлық жұмыстарға мемлекеттiк инвестицияларды ұлғайту (бұдан әрi - ҒЗТКЖ);
      дайын өнiм импорты үшiн тарифтiк емес тосқауылдар құру;
      салалық ынтымақтастық және мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiгiнiң жоғары деңгейi;
      инвестициялық жобалардағы жергiлiктi үлес бойынша мiндеттемелердi белгiлеу.
      Норвегия
      Мысал ретiнде норвегиялық экономикалық даму жолын алуға болады. Еуропаның кедей аумағы бола тұра, Норвегия мұнай-газ кешенiн дамыту нәтижесiнде қырық жылға жетпейтiн уақытта, бүгiнгi таңда, өмiр сүру ұзақтығымен, бiлiмдiлiгiмен және материалдық өмiр деңгейiмен айқындалатын адамзаттың даму индексi бойынша әлемдегi жетекшi орынға ие болып отыр.
      «Норвегиялық арманды» жүзеге асыру үшiн саяси еркiндiк, елге әлемдiк мұнай және газ көшбасшыларын тарту, озық ғылыми-техникалық бiлiм алу, мұнай-газ өндiру саласындағы тиiстi материалдық базаны құру, практикалық дағдыларды пысықтау, яғни ресурстарды дамыту үшiн барлық қажеттiлердi алу талап етiлдi. Мұнай саласының барлық қызмет түрлерiн мемлекеттiк басқару мен бақылау жүйесi құрылған болатын, бұдан басқа норвегиялық индустриямен бiрiктiрiлген мұнай негiзiнде өнеркәсiптiң жаңа салаларын дамыту үшiн жағдай жасалады.
      Жер қойнауын пайдаланушылар реттеушiге (Мұнай директораты) сатып алу жоспарлары мен кен орнын дамыту есептерiн ұсынады, оның шеңберiнде жергiлiктi үлестi (жергiлiктi кәсiпорындарды, жергiлiктi еңбек ресурстарын тарту, ҒЗТКЖ шығындары) дамыту көрсетiлуi тиiс. Мұнай Директораты жоспарлары тексередi, ұсынымдар әзiрлейдi, сосын әрбiр 2 жыл сайын қойылған мiндеттемелердiң орындалуына мониторинг жүргiзедi. Талаптар орындалмаған жағдайда лицензияны қайтарып алуға дейiн айыппұл санкциялары қолданылады.
      Бұдан басқа, Норвегияда шетелдiк жұмыс күшiн норвегиялық кадрларға алмастыру бойынша, шетелдiктi жұмысқа қабылдаған кезде норвегиялық маманды оқыту бойынша талаптар және оны 3 жылдың iшiнде алмастыру мiндеттемесi қатаң бақыланады.
      Норвегия, сондай-ақ iшкi халықаралық стандарттарды үндестiрудi табысты жүзеге асырды, стандарттау және сертификаттау жөнiндегi, оның iшiнде еңбек қатынастары саласындағы (мамандықтар, дәрежелер және т.с.с.) iрi халықаралық ұйымдар мен компанияларды тартуды салық және өзге де артықшылықтармен ынталандырды.
      Норвегияда жергiлiктi үлес мәселесiндегi талаптардың бiрi мұнай өңдеу өнеркәсiбiнде норвегия тiлiн пайдалану болып табылады.
      Норвегияда өте аз уақыттың iшiнде, бiр жағынан инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайды қамтамасыз ететiн, ал екiншi жағынан ұлттық мүдделердi ескеретiн және сақтайтын мықты мұнай-газ өнеркәсiбi қалыптастырылды. Жергiлiктi үлес салмағы, мұнай саласы сұранысының нәтижесiнде жеке сервистiк индустрия құрылып, ол ұдайы өстi. Бүгiнгi күнi корольдiктiң 4,5 млн. тұрғындарының 140 мыңы мұнай өндiруге байланысты бизнеспен айналысады.
      Норвегиялық Үкiметтiң күш-жiгерiнiң нәтижесiнде жергiлiктi үлестiң 60-80% жоғары салмағына қол жеткiзiлдi. Бұдан басқа, 2020 жылға қарай ел мұнай-газ технологияларының жетекшi халықаралық орталығы болуға ниеттi. Бұл үшiн ғылымды қажет ететiн салаға шетелдiк инвестицияларды тарту және көмiрсутектерiн барлау және өндiру саласындағы норвегиялық ноу-хау экспортын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      Бразилия
      Бразилияда мемлекеттiк сектор ерекше маңызды рөл атқарды және атқарып жатыр. Мысалы, «Петробрас» компаниясы мен Энергетика және тау-кен өнеркәсiбi министрлiгiнiң арасындағы ынтымақтастық кәсiби оқыту бағдарламасы үшiн (3 жылда 110 мың маман оқытылды) ресурстарды құрылымдауда және бөлуде анықтаушы болды. Инвестициялар жеткiзушi компаниялардың мүмкiндiктерiн дамытуға, атап айтқанда, жеткiзушiлер жүйелерi субсекторларына және негiзгi инфрақұрылымға, мысалы, Рио-Грандтағы кеме жөндеу зауытына салынды.
      Осы iс-шараларды қолдауда жер үлесiн дамыту жөнiндегi ережелер бiрнеше рет түзетiлдi. Бұрынырақта концессиялық келiсiмдер есептiлiктiң салыстырмалы жеңiлдетiлген формуласын қоса алғанда, жергiлiктi үлестi дамыту бойынша ғаламдық талаптарды көздеген болатын. Кейiннен жасалған келiсiмдерде және қосымша директивтер жеткiзу жүйесiндегi санаттарға байланысты неғұрлым сараланған мақсаттарды қамтыды.

4. Бағдарламаны iске асыру мақсаттары, мiндеттерi, мақсатты индикаторлары және нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

      Мақсаты: Мұнай-газ саласын теңгерiлмелi және тиiмдi дамыту


      Мұнай мен газ өндiру саласында бағдарламаның мақсатына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қарастырылады:
      Мұнай және газ конденсатын өндiру және экспорты жөнiнде белгiленген көрсеткiштердiң орындалуы;
      мұнай өнiмдерi мен газдағы iшкi нарық қажеттiлiгiн қамтамасыз ету;
      көмiрсутегiнiң барланған қорларының өсуiн және өндiру деңгейiн тұрақты түрде жоғары деңгейге шығаруы;
      саланың техникалық реттеу нормаларының үндесуi;
      мұнай-газ компанияларында қазақстандық үлес деңгейiн ұлғайту;
      еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қоршаған ортаға терiс әсердi төмендету;
      Алға қойған мақсатты iске асыру 2014 жылы мынадай мақсатты индикаторларға мүмкiндiк бередi:
      мұнай өндiру көлемiн 2014 жылы 85,0 млн. тоннаға дейiн арттыру (2009 жылға қарағанда 111,1 %);
      мұнай экспорттау көлемi 2014 жылы 75,0 млн.тоннаға дейiн (2009 жылға қарағанда 110,1 %);
      шикi газ өндiру көлемi 2014 жылы 55,8 млрд. текше метрге дейiн;
      құрғақ газ өндiру көлемi 2014 жылы 14,6 текше метрге дейiн (2009 жылға қарағанда 280,5 %) арттыру.
      көмiрсутегiнiң барланған қорлары 2015 жылы шамамен 300 млн. тоннаны құрайды.
      мұнай мен газ саласы ұйымдарын техникалық реттеу және нормативтiк техникалық құжаттар саласы нормативтiк-құқықтық актiлермен қамтамасыз ету.
      Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық үлес жөнiндегi келiсiмшарттық мiндеттемелерiн орындауы 2014 жылға қарай 70 % құрайды.
      2012 жылы iлеспе газды кәдеге жарату (жағылған газдың технологиялық шарасыз көлемiн қоспағанда) 95 % кем емес.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi:
      2014 жылы мұнай және шикi газ өндiру көлемiнiң өсуi 2009 жылға қарағанда 54,9% (өндiру өсiмi 19,8 млрд.текше метр).
      2010-2011 жылдарда Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында жалпы ауданы 115 000 шаршы километрде масштабы 1:100000 гравимагниттiк түсiрулер жүргiзу.
      2010-2012 жылдарда КТҚС солтүстiк бөлiгiнде және шектес жағалаулық аймақта (№№ 1-5 бейiндер) және КТҚС оңтүстiк бөлiгi шеңберiнде (№ 6 бейiн) көлемi 4000 қума километр аэромагниттiк тiректiк бейiндердiң 6 тобын пысықтау, 174000 шаршы километр ауданда далалық аудандық аэромагниттiметрикалық зерттеулер (216 000 қума километр көлемде).
      2014 жылы келiсiм-шарттар бойынша қаржылық мiндеттердiң орындалуын кемiнде 70% деңгейiне дейiн жеткiзу.
      2014 жылы 3 техникалық регламент әзiрлендi және бекiтiлдi:
      1. «Бензин, дизель отыны және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      2. «Автомобиль көлiк құралдарына арналған майлаулар мен арнайы
сұйықтықтардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      3. «Бензин қоспаларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      Қазiргi уақытта, 2 техникалық регламент әзiрленiп жатыр, ол 2001 жылы бекiтiлетiн болады.
      1) «Бензин, дизель отыны және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар»;
      2) «Бензин, дизель отыны және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар». Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық үлес жөнiндегi келiсiмшарттық мiндеттемелерiн орындауы 2014 жылға қарай 70 % құрайды.
      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда қол қойылған қазақстандық үлес бөлiгiнде мұнай-газ компанияларының мiндеттемелерiн орындау мониторингi жүргiзiлетiн болады. Жер қойнауын пайдаланушылармен тауарларда, жұмыстарда және қызметтерде қазақстандық үлес жөнiнде сандық көрсеткiштердi көрсетумен келiсiмшартқа қосымша келiсiмдер жасау және/немесе қайта қарау жоспарланып отыр.
      2015 жылға мұнай-газ компанияларының қазақстандық үлес деңгейiн
тауарлар бойынша 16 % дейiн, жұмыстар және қызметтер бойынша 85 % дейiн жеткiзудi жоспарлап отыр, кадрда мына көрсеткiштерге дейiн жеткiзу жоспарланып отыр: басшылық құрам - 70 % кем емес, жоғары және орташа кәсiби бiлiмi бар мамандар - 80 % кем емес, бiлiктiлiгi бар жұмысшылар - 90% кем емес.

11-кесте


2010 жылдан бастап 2014 жылға дейiнгi мұнай-газ компанияларының сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың болжамды үлесi (% есебiмен)

 
 


2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тауарлар, %

5,0

8,0

11,0

13,0

16,0

Жұмыстар, %

79,7

81,1

82,4

83,7

85,0

Қызметтер, %

79,7

81,1

82,4

83,7

85,0

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Заңын iске асыруда кем дегенде 70 НПА әзiрленетiн болады.
      Өңдеу өндiрiстерiн дамыту саласында бағдарламаның мақсатына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қарастырылып отыр:
      отандық көмiрсутек шикiзатын терең өңдеу, өндiру көлемiн арттыру.
      мұнай-газ саласының жаңа өндiрiстерi үшiн барлық деңгейлi мамандарын дайындау.
      Алға қойған мақсатты iске асыру 2014 жылы мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:
      МӨЗ-дегi мұнай өңдеу көлемiн 2014 жылы 15,1 млн. тоннаға (2009 жылға қарағанда 124,8 %) дейiн арттыру.
      Мұнай өнiмдерiн тұтыну құрылымының болжанып отырған өзгерiстерiн қанағаттандыруға бағытталған шығарылатын өнiм ассортиментiн оңтайландыру және арттыру.
      мұнай өңдеу тереңдiгiн 87-90 % дейiн жеткiзу.
      отандық мұнай өнiмдерiнiң сапасын 3 сатыға дейiн жеткiзу.
      Ақтау қ. жылына 500 мың тоннадан кем емес битум өндiру жөнiндегi, оның iшiнде жылына 420 мың тонна қуаттарды енгiзу.
      хош иiстi көмiрсутек өндiрiсi көлемiн жылына 133 мың тоннаға дейiн бензол, жылына 496 мың тоннаға дейiн параксилолды арттыру.
      полипропиленнiң мұнай-химия өнiмiнiң өндiрiсiн 2015 жылы - жылына 500 мың тоннаға дейiн және полиэтилен өндiрiсiн - жылына 800 мың тоннаға дейiн ұлғайту.
      инвестициялық жобалардың қажеттiлiктерiне сәйкес мамандарды дайындау;
      Мынадай инвестициялық жобаларды iске асыру көзделедi:
      Мұнай өңдеу қуатын жылына 5 000 мың тоннаға және өңдеу тереңдiгiн 84% дейiн, бензол өндiрудi - жылына 133 мың тоннаға және параксилол өндiрудi - жылына 496 мың тоннаға жеткiзiп Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту, мұнай өнiмдерiнiң сапасын экологиялық 4 сатыға дейiн жақсарту.
      I-кезең: «Мұнайды терең өңдеу жөнiнде кешен салу», iске асыру мерзiмi -2010 - 2013 жылдар.
      II-кезең: «Мұнайды терең өңдеу жөнiнде кешен салу», iске асыру мерзiмi: 2010 - 2014 жылдар.
      ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының және АМӨЗ баяу кокстау қондырғысының вакуумдық блогын қайта жаңарту, вакуумдық блоктың қуатын жылына 1800 мың тоннаға дейiн және баяу кокстау қондырғысын жылына 1 000 мың тоннаға дейiн жеткiзу. Жобаны iске асыру мерзiмi - 2010 жыл.
      ПКОП МӨЗ мұнай өңдеу қуатын жылына 6 000 мың тоннаға жеткiзiп, мұнай өңдеу тереңдiгiн 90% дейiн арттырып қайта жаңарту және жаңғырту, мұнай өнiмдерiнiң сапасын экологиялық 4 сатыға дейiн жақсарту. Жобаны iске асыру мерзiмi: 2010-2012 жылдар.
      ПМХЗ қуатын жылына 6 000 мың тоннаға жеткiзiп, мұнай өңдеу тереңдiгiн 90% дейiн арттырып қайта жаңарту және жаңғырту, мұнай өнiмдерiнiң сапасын экологиялық 4 сатыға дейiн жақсарту. Жобаны iске асыру мерзiмi - 2010 - 2013 жылдар.
      Ақтау пластикалық массалар зауыты базасында Қазақстанда жол битумын өндiру.
      Шикiзат - Қаражанбас кен орнының мұнайы. Өнiмдiлiгi - жылына кемiнде 420 мың тонна жол битумы. Жобаның құны - 241 млн.АҚШ долларынан кем емес. Жобаны iске асыру мерзiмi — 2012 жыл.
      ҚР Президентi Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетiлген тапсырмасын орындау үшiн отандық жағар май өндiрiсiн ұйымдастыру мiндетi қойылды. Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасында жағар май өндiрiсiн ұйымдастыру мүмкiндiгi зерттелуде.
      Атырау облысында полипропилен өндiрiсi - жылына 500 мың тонна және полиэтилен өндiрiсi - жылына 800 мың тонна болатын шоғырландырылған газ-химия кешенiн салу.
      Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшiн жағдайларды қамтамасыз ету.
      Инфрақұрылымды тасымалдау және дамыту бойынша мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мына мiндеттердi шешу қарастырылып жатыр:
      Мұнай және газ тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыру;
      қосылған құны жоғары мұнай-химия өнiмдерiн экспорттау көлемiн арттыру.
      Алға қойған мақсатты iске асыру 2014 жылы мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:
      газ тасымалдау көлемiн жылына 129,3 млрд. текше метрге дейiн, оның iшiнде «Бейнеу-Шымкент» жылына 5,0 млрд текше метрге дейiн арттыру;
      халықаралық транзит көлемiн 101,1 млрд. текше метрге дейiн арттыру (2012 жылы - жылына 3,6 млн. текше метрге дейiн);
      мұнай құбырларының өткiзу қабiлетiн 87 млн. тоннаға дейiн арттыру: КҚК жылына 67 млн. тоннаға дейiн, Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жылына 20 млн.тоннаға дейiн арттыру;
      КТҚС жағалаудағы инфрақұрылымының басым объектiлерiнiң тiзбесiне сәйкес жағалаудағы инфрақұрылымның объектiлерiн салу.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi:
      КҚК жылына 67 млн. тоннаға дейiн, соның iшiнде қуатын - 28 млн. тоннаға қазақстандық мұнайды — жылына 52,5 млн. тоннаға дейiн кеңейту (тасымалдау жөнiндегi деректер гидравликалық есептеулердiң нәтижелерi бойынша түзетуге жатады).
      КҚК кеңейту жобасын iске асыру фазалары:
      1-фаза (2012 жылы, жылына 40,6 млн. тонна, соның iшiнде қазақстандық мұнай - жылына 33,5 млн. тонна). ҚР аумағындағы жұмыс көлемi: жұмыс iстеп тұрған екi МӨС (Теңiз, Атырау); 116-204 км (88 км) учаскеде мұнай құбырын ауыстыру; СКАДА жүйесiн монтаждау.
      2-фаза (2013 жыл, жылына 31,2 млн. тонна, соның iшiнде қазақстандық мұнай - жылына 49,3 млн. тонна). ҚР аумағындағы жұмыс көлемi: жаңа АМӨС-4 салу және iске қосу-бабына келтiру; Атырау-АМӨС-4 учаскесiнде ЖЖ-220 кВ екi бiр тiзбектi желi салу.
      3-фаза (2015 жыл, жылына 67 млн. тонна, соның iшiнде қазақстандық мұнай - жылына 52,5 млн. тонна). ҚР аумағындағы жұмыс көлемi: жаңа АМӨС-3А, жұмыстарды аяқтау, СКАДА жүйесiн және сыртқы энергиямен жабдықтау объектiлерiн iске қосу-бабына келтiру. Пайдалануға беру мерзiмi - 2015 жыл.
      Қазақстан-Қытай мұнай құбыры мынадай жұмыстарды орындай отырып, өткiзу қабiлетiн жылына 20 млн. тоннаға дейiн арттыру:
      реверс және Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының өткiзу қабiлетiн 12 МТГ дейiн арттыру;
      Кеңқияқ-Құмкөл және Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының өткiзу қабiлетiн 20 МТГ дейiн арттыру;
      «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Құмкөл-Қарақойын-Атасу учаскесiндегi объектiлерiн қайта жаңарту.
      Жоба кезеңдерiн iске асыру уақыты Қазақстан-Қытай мұнай құбырының жүктемемен қамтамасыз етiлуiн анықтауға сәйкес белгiленетiн болады.
      Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесi инвестициялық жобасы - өткiзу қабiлетi алғашқы кезеңде жылына 23 млн. тоннаны құрайды, кейiнгi кезеңдерде жылына 35-56 млн. тоннаға дейiн арттырылатын болады. Жоба Қашаған кен орнын игерудiң 2-фазасына жоспарланған, тиiсiнше оны iске асыру кестесi жеткiлiктi ресурстық базаны құрумен байланыстырылатын болады. 2010 - 2015 жылдарда қажеттi келiсiмдер мен рұқсаттарды алып, салуға және кезең-кезеңмен кеңейтуге арналған жобалау алды және жобалық жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ бизнес-құрылым мен жобаны iске асыру шарттарын анықтау жоспарлануда. 2016 - 2019 жылдары бiрiншi кезеңдi салу және пайдалануға беру жоспарлануда.
      Қазақстан-Қытай магистралдық газ құбырын кеңейту 2014 жылы магистралдық газ құбырының жылына 30 млрд. текше метр өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ету және Түркiменстанда шығарылған газды транзиттеу және Қазақстанда шығарылған газды тасымалдау үшiн кейiннен жылына 40 млрд. текше метрге дейiн кеңейту.
      2014 жылдан бастап өткiзу қабiлетi 5 млрд. текше метрге дейiнгi Бейнеу-Шымкент газ құбырының 1-кезегiн (Қазақстан-Қытай магистралдық газ құбырының 2-учаскесi) енгiзу, ол қуаттар енгiзiлуiне қарай елiмiздiң оңтүстiк өңiрлерiндегi газға деген қажеттiлiктердi қамтамасыз етуi және импорттық газдан тәуелдiлiктi жоюы тиiс.
      2014 жылға дейiн КТҚС жағалаулық инфрақұрылымының 8 объектiсiн беру күтiлуде.
      Мақсаттарға, мақсатты индикаторларға, мiндеттерге, нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар.
      Бағдарламаны iске асыру үшiн мынадай мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың: Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң, Экология  және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң, Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң, облыс әкiмдiктерiнiң, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ-тың, Қазақстанның 4 даму банкiнiң қолдауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет