Қазақстан Республикасында салық жүйесiндегi салықтық әкiмшiлiк ету механизмінің теориялық негіздері



бет4/13
Дата03.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#451432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
stud.kz-48694

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................81


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Рыноктық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданады. Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық қажеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтардың арқасында экология жағынан зиянды өндірістердің кеңейуіне айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықтың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады. Салық әкімшілігі арқылы қоғамымыздағы келесі мәселелерді шешуге мүмкіншіліктер ашылады: әлеуметтілік – экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трансферттік қаржыландыру мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салық және салық салу заңын жүзеге асыруды тұрақты түрде салықтық әкімшілік арқылы бақылау жүргізуді ұйымдастыру және үнемі оның механизмдерін жаңарту.

Экономиканы қайта құруда, оны реттеуде, ел бюджетiнiң кiрiсiн құрастыруда ”Салық әкімшілігінің” алатын орны ерекше. Өйткені, бюджет пен шаруашылық субъектілерінің арасында қарым қатынасты қалыптастыруда фискалды және реттеушілік қызметті жүзеге асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағыттары өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Елiмiздiң Президентi Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: “Егер мемлекет қазынасын сақтап, ұлғайтпасақ, егер салықтардың толық көлемде жиналуын қамтамасыз ете алмасақ, ешқашан қалыпты және мықты мемлекет болып саналмаймыз”, - деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты елiмiзде әлi де болса салық салу жүйесiне жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлiп, салықтық әкімшілік ету әдістерін тиiмдi ұйымдастыру шаралары жүргiзiлiп жатыр.

Салық әкімшілігі саясаты облысындағы негізгі бағыт - мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он бес жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он сегіз жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес салықтық әкімшілікті жүргізу арқылы жұмыстар да атқарылуды.

Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салық рәсімдерін оңайлату мен олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық әкімшілігін жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың іскерлік белсенділігін өсіруді ынталандыру. Осының бәрі салық жүйесінің алдында тұрған міндет болып табылады. Осы қойылған міндеттерді шешу үшін 2008 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленді.Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы ақпандағы Жолдауында жаңа Салық кодексі «салық қызметтерінің оның нормаларын өз мүмкіндіктерін қорғайтындай, әкімші­лендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделеріне тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек» деп атап көрсетті.

Жаңа Салық кодексін енгізудегі мақсат – бұл салықтық әкімшілдендіруді жақсарту, бизнесті және фискальдық тәртіпті арттыру. Ел экономикасындағы бәсекелік ортаны дамыту мақсатында жаңа Салық кодексі Қазақстанда жекелеген шаруашылық қызметінің субъектілері пайдаланып келген салық жеңілдіктері мен преференциялардың күшін жоюды және салықтар мен алымдардың ставкаларын азайтуды көздейді.

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру, бизнестің «көлеңкеден» шығуы және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттің 2009 – 2013 жылдарға арналған салық саясаты мыналарға бағытталатын болады:- елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік беретін бәсекелі салық жүйесін құру;- салық жүйесін Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру, бұл экономиканы жаңғыртуға және оны әртараптандыруға ықпал етуге тиіс;- жеңілдіктерді оңтайландыру және тиісінше экономиканың шикізаттық емес секторына салық жүктемесін азайту, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;- қосылған құн салығын алдыңғы қатарлы әлемдік практикаға сәйкес келтіру;

- импортқа және ішкі өндіріске арналған акциздердің ставкаларын бір ізге түсіру;

- жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау;

- әкімшілдендіру рәсімдерін оңайлату, салық қызметтерінің сапасын және салық рәсімдерінің ашықтығын арттыру, салық есептілігінің мөлшерін қысқарту, салық тексерулерін тәртіпке келтіру.



Қазіргі кезде "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда салықтық әкімшілік бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар, салық әкімшілігінің әдістері мен нысандарын сапалы да, уақтылы қайта құруға және аталған процесстерді ақпараттармен мұқият қамтамасыз етуге жағдай жасауы қажет. Осы мақсатта жазылған диплом жұмысының тақырыбы өзекті болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизмінің экономикалық мазмұнын ашу және салықтық әкімшілік етудегі салықтық тексерудің рөлін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу болып табылады.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:


  • салықтық әкімшілік ету механизмін ұйымдастырудың экономикалық

мазмұнын ашып, қажеттілігін негіздеу;

  • салықтық әкімшілік ету механизмінің заңдық және нормативтік

базаларының негіздерін қолдана отырып талдау жасау арқылы салықтық әкімшілікті күшейтудің жолдарын ұсыну;

  • Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшілік ету мехнизмінің

тиімді қызмет етуіндегі салық тексерулерінің рөлін анықтау;

  • Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіндеі салықтық әкімшілік

ету механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • Салықтан жалтарудағы көлеңкелі экономика жасауға жол бермеудегі

салықтық әкімшілікті күшейту арқылы шешу жолдарын қарастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет