3.2 Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизмін жетілдіру жолдары
Қазіргі кезде салық әкімшілігін жүзеге асыруда бірқатар проблемалық мәселелер туындауды. Оған дәлел ретінде, соңғы кезде салық әкімшілігі саласында жүргізіліп жатқан реформаларды айтуға болады. Үстіміздегі жылы қолданысқа енген жаңа Салық кодексін жүзеге асыру кезінде маңызды мәселенің бірі – салық әкімшілігі болып табылады. Ондағы көтеріліп отырған проблемаларлың бірі – бизнес үшін салық әкімшілігінің процедураларын неғұрлым оңайлату, яғни салық қызметі органдарының салық төлеушілермен тікелей қарым-қатынасын азайту мақсатында салық есептілігінің электронды нысанасын мейлінше кең түрде практикаға енгізу. Салық кодексінде камералдық бақылаудың барлық түрлері мен процедуралырын, олардың рәсімделуі мен қолданылуын нақтырақ көрсету.
Салық әкімшілігінің обьектісі ірі шаруашылық субьектілердің қызметі болып табылады,себебі оның федералдық бюджеттің табысты бөлігінің қалыптасуына шешуші әсері бар.
Салық әкімшілігі салық саясатының сәтті қызмет етуінің негізін айқындайды. Салық әкімшілігінің саясатын құруда үш ең басты негізгі қағидасы бар:
Ереже жеткілікті айқын және адал қабылдануы тиіс;
Салық төлеуші және салық органдарының заңдарда бекітілген құқықтарының теңдігіне жету қажет;
Әр түрлі бұзушылықтарға салынатын санкциялар салық дисциплинасын
қолдауға, сонымен қатар салық органдарындағы коррупциямен күрес.
Салық жүйесінің айқындылық және адалдық қағидасы қарапайым салық заңдарын талап етеді.Мұндай заңнамалық саясатты акциздерге,кедендік төлемдерге және ҚҚС-ға қатысты жүзеге асыру жеңілірек. Табыстарға салық салуда қарапайымдылыққа жету қыйынырақ, бірақ бұл мүмкін болады, егер салық ставкалар төмен, ал салық салу базасы кең болса.Анықтамалар нақты, ал процедуралар жақсы ойластырылған болуы тиіс.
Қарапайым салық заңдары салық жүйесінің өтпелі кезеңі үшін үлкен мағынаға ие.Бұл жағдайда салық органдарының қызметкерлері, сондай-ақ салық төлеушілерді жаңа әкімшілік ережелерге үйренуін максималды жеңілдету қажет. Салық ведомстваларының қызметкерлерін, сондай-ақ салық төлеушілерді тәжірибелік оқытудың үлкен мағынасы бар.Бірақ тәжірибелік оқытуларға жылдар кетуі мүмкін, ал салық заңдары бірдей уақытта күшіне енеді. Сондықтан осындай айқын және қарапайым ережелерді құрудың көп пайдалы жағы бар. Әкімшіліктің алғашқы кезеңдерінде айқындылық пен адалдық болғаны дұрыс, сонда барлық қызығушы жақтар салық жүйесі бекіткен ережелерді орындайды және оларды жетілдіре бастайды.
Салық әкімшілігі үшін құқықтық балансты құру маңызды мағынаға ие. Салық төлеушінің құқықтары қорғалған болуы тиіс, бірақ және олардан да нақты заңдарды сақтау талап етіледі. Салық органдарының қызметкерлеріне құжаттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету тиіс, декларацияларды тексеруге және салық заңдарын бұзу мемлекетті салық шығындарына әкелуі мүмкін жағдайда мемлекеттің жағын қорғауға құқықтар берілуі тиіс.
Салық төлеушінің құқықтарын салықтық тексерістер кезеңіде және мәжбүрлі түрде салықты алу, сондай-ақ айыппұл салу кезінде қамтамасыз ету қажет. Егер айыппұлдар өте тыңғылықты құрылған болса, онда әкімшілік талпыныстары сәттілікпен аяқталатыны сөзсіз.
Салықтық құқықта сондай-ақ қарыз алушы мен кредитор арасындағы қарапайым іскерлік қатынастарды бақылаушы азаматтық заңның кейбір нормаларын пайдалану қажет.Бұл салық төлеушілерге жүйенің адал сипаттамасын түсінуге көмектеседі.
БЭФ-тың 2007-2008 жылға жасаған бақылауы бойынша еліміз ғаламдық бәсекеге қабілеттілік рейьингинде 61-ші орын алады. Онда салықтық реттеулер мен салық жүкемесі Қазақстанда бизнес жүргізудегі негізгі кедергі ретінде бағаланған. Мәселен, салық төлеушілер көп жағдайда салық комитеті тарапынан тексерулердің қорытындысына шағымданады, сол сияқты артық төленген салықты қайта есептеуді, егер артық төлегендігі анықталған жағдайда оны иесіне кері қайтарйды, бюджетке артық төленеген ҚҚС сомасын кері қайтаруды талап етеді және салы комитеті тарапынан болатын тесерулердің ұзақтығын сөз етеді. Салықық есептілік көлемінде құзырылы органдар бекіткен барлық салықтардың негізгі үлгілерінің жалпы саны – заңды тұлғалар үшін – 33, жеке тұлғалар үшін – 26. Корпоративтік салықтың үлгі көлемі – 170 бет, қосымша құн салығының үлгі көлемі – 60 бетке жуық. Кодексте қарастырылған жаңадан жасалуға тиісті құқықтық-нормативтік актілердің саны 300-ден астам. Ал, жеңілдіктердің саны- 135 болып отыр.
Салықтық әкімшілендіру деңгейін арттыру үшін салық және кедендік салаларында Қазақстан Республикалық әкімшілікті жүргізуді жетілдірудің 2009-2012 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы әзірленді. Бағдарламаны іске асыру - салық төлеушілердің өздерінің салықтық міндеттемелерін ерікті орындауына жағдай жасайды, салықты және бюджетке басқа да түсімдерді жинауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның өріс алуын болдырмайды. Сол сияқты салықтық рәсімдерді жеңілдету, тұтастай алғанда, көлеңкелі экономиканы қысқарту сияқты экономикалық пайданы өзіне қамтитын салықтық әкімшілендіруді реформалаудың 2010-2014 жылдарға арналған инвестициялық жобасы бойынша Дүниежүзілік банкпен бірлескен жұмыс жасалуда.
Дегенмен, салық әкімшілігі саласында басқа да жетілдіруді талап ететін шаралар бар, олар төмендегідей:
Мемлекеттік салық қызметінің жариялылық, біртұтастық және тәуелсіздік принциптері тек салықтық бақылаудың қалыпты инфрақұрылымы процесін қалыптастыру жағдайында болуы мүмкін;
Мемлекеттік бюджетке түсетін жетіспеушілікті төмендеті үшін арнайы шаралар қолдану және бюджетке қарыз салық төлеушілермн жүргізілетін жұмысты күшейту;
Салықтық құқық бұзушылық қылмыстарға қарсы қолданылатын салықтық санкцияларды тиімді үйлестіру және азаматтық құқық негізінде кейбір құқық бұзушылықтардың алдын алу практикасын қолдану;
Құқық қорғау және салық органдарының қызметтерін бір жүйеге келтіру, оларды жоғары техникамен қамтамасыз етілуін және шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтар арсында салықтың беделі мен мәдениетін арттыруды жүзеге асыру; Электронды салық қызметтері санын арттыру, ол үшін бүгінгі таңдағы салық төлеушілерге қызмет көрсету бойынша ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарын құру және дамыту .
Қызметкерлердің кәсіби деігейін көтеру, ол үшін жоғары оқу орындарында сапалы салық қызметкерлерін даярлау, ТМД және алыс шет ел мемлекеттерінің салық қызметкерлерімен, сондай-ақ аумақтық салық орандары қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуы. Салық органдары жұмысының бірқатар объективті және субъективті себептер салдарынан толық жетілмегендігі, салық төлеуден кейбір адамдардың жалтаруы, т.б. да жағдайлар салық органдарынан басқа шет мемлекеттегі салық органдарымен бірлесе жұмыс істеуді, әсіресе ақпарат алмасуды қажет етіп отыр.
Салықтық ауыртпалықты төмендету және салық әкімшілігін жүргізуді жеңілдету үшін, салық салу жүйесі 3 компонетінің- салықты анықтау үшін негіз, оның ставкасы және әкімшілікті жүргізу сипаттамаларының бірлігі болып табылады және шағын және орта бизнестің әрекет етуіне айтарлықтай әсер етеді. Мұнда барлық 3 компонент те маңызды болып келеді. Өйткені, салықты орнату үшін таңдалған негіз фирманың әрекет етуіне бұрмаланған әсерін тигізуі мүмкін; ставка мөлшері шамадан тыс болуы мүмкін; төмен ставкалы салық әкімшілігін жүрізудің таңдалған тәртібінің өзі де салық төлеушілерге елеулі шығындар жүктейді. Мысалы, мөлшері бойынша көп емес, тоқсан сайын төленетін салықты төлеу жеке кәсіпкерден арнайы есеп және есептілікті жүргізу үшін бухгалтер ұстауды қажет ететін ол үшін салыстырмалы үлкен шығыстарды талап етеді. Сонымен қатар, салық салу процессінде кәсіпкерлердің шығыны салық органдарының қызметкерлерінің табысы (оның ішінде көлеңкелі) болып кетеді, ал салық салудағы ставканың төмендеуінен көрген фирманың пайдасы бюджет кірісінің азаюы болып табылады және т.б. Сондықтан барлық мүдделік жақтардың жағдайын ескере отырып, салық салу жүйесін жетілдірудегі жүзеге асырылатын өзгертулер шағын және орта бизнес секторының дамуына айтарлықтай оң әсер тигізуге қабілетті.
Қазіргі таңда елімізде салық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру бойынша, Жаңа салық кодексі өңдеуші сектордың түсімдерін бір уақытта арттыра отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына ауыртпалықты төмендетеді және экономиканы жаңғырту мен диверсификациялауға ықпал ететін жағдай жасайды. Сонымен қатар, салық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру және салық процедураларын қысқарту есебінен бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуды қарастырады.
Салықтық әкімшілендірудегі негізгі өзгерістерге келесілерді жатқызуға болады. Жаңа Салық кодексін әзірлеу барысында концептуалды мәні бар негізгі мәселелердің бірі салық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру болды.
Салық әкімшілендірудің ағымдық күйін талдау осы салада шешілмеген көптеген мәселелердің болуы туралы растайды. Салықтық әкімшілендіру тиімділік критерийіне жеткілікті сәйкес келмейді, әртүрлі әкімшіліктік кедергілермен қиындатылған, көптеген нормативтік-құқықтық актілерге және түсіндірме сипатындағы құжаттарға негізделген.
Осыған байланысты Салық кодексінің жобасын әзірлеу кезінде оған салық салу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер және түсіндірме сипатындағы құжаттардың негізгі ережелері барынша молынан енгізілілді, сондай-ақ салық рәсімдерін оңайлату сияқты мәселелерді шешу маңызды болды. Сонымен бірге салық тексерулерін оңтайлауға бағытталған бірқатар шаралар ұсынылды. Олай болса, салық кодексінің жобасында салық тексерулерінің түрлері мен типтерінің критерийлері бекітілді, мерзімін тоқтату және ұзартуға байланысты оларды жүргізу мерзімі шектелді, сонымен қатар оларды жүргізудің кезектік процедуралары қарастырылды.
Салық процедураларын оңайлатудың негізгі шараларының арасынан келесі негізгі жаңа енгізулерді атап өтуге болады.
Басқа мемлекеттік органдардан алынатын деректердің өзгерістері (аты-жөні, аталуы, мекенжайының өзгеруі және т.б.) туралы өтінішті бермеу арқылы салық төлеушілерді тіркеу процедурасын оңайлату ұсынылады.
Қолданыстағы тәртіппен айырмашылығы қосымша құн салығын міндетті тіркеуге алу үшін, ең төменгі айналым мөлшері күнтізбелік жылға есептелетін болады. Бұл салық төлеушілер үшін де, салық органдары үшін де осы талапты сақтау барынша оңайлатады (қолданыстағы кодекс бойынша есептеу үшін кез келген он екі айлық кезең қабылданатын, бұл салық төлеушілерден ай сайын өзінің айналымын есептеуді талап ететін).
Халықаралық салық салу бөлімінде салық конвенцияларының ережелерін қолдану бойынша әікімшілендіру процедуралары оңайлатылды. Соның ішінде, салық агенттеріне салық конвенция ережелерін дербес қолдану құқығы ұсынылды, яғни резидент емес- салық төлеушінің резиденттілігін растайтын құжат негізінде халықаралыұ шарттарға сәйкес табыс салығының төмендетілген ставкаларын қолдана алады. Қосымша резидент еместер резиденттілігін растайтын құжатты ұсынбаған жағдайда бюджеттен немесе шартты банктік салымнан қайтып келудің қолданыстағы тәртібі сақталады. Осыған орай резидент еместердің өтінішке қоса ұсынатын құжаттарының тізімі барынша қысқартылды. Салық міндеттемесін орындау процедураларын оңайлату мақсатында бірқатар жаңа енгізулер ұсынылды:
төлем құжаттарында бөлек деректемелерді көрсету бойынша салық
төлеушіге қойылатын талапты алып тастап, салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін төлем құжатының жаңа үлгілерін ендіру;
салық есептемесін электронды түрде өткізген кезде электронды төлем
тапсырмасын автоматты қалыптастыру мүмкіндігін белгілеу;
берешекті өтеу кезектілігін белгілеп, артық төленген салықтарды есепке
алу және қайтару тәртібін бірыңғайлау (бересінің үлкен сомасынан төменгі сомаға дейінгі салық түріне байланысты).
Салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту тәртібін оңайлату мақсатында, салық төлеушіге үшінші тұлғаның мүлікті кепілге беру арқылы салықты төлеу мерзімін ұзарту құқығы ұсынылады. Осыған орай салық төлеу мерзімі күнтізбелік жылға қатыссыз он екі айға дейін ұзартылды. Салықтарды төлеу үшін мерзімді ұзартуға рұқсат алу өтінішіне қоса берілетін құжаттар тізбесі қысқартылды.
Аталмыш шаралардың барлығы әкімшіліктік кедергілерді азайтуға және салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Болашақта салық әкімшілігін жетілдіру мақсатында басқа да экономикалық саясаттың бағыттарымен және негізгі қағидаларымен сәйкес келетін, сондай-ақ ел экономикасының өсу стратегиясы басымдылығы мен мақсатына тікелей байланысты салықтық саясатты жүргізуі қажет.
Салықтық саясат пен әкімшілігінің басым бағыттары біздің ойымызша былай болуы тиіс. Сонымен, осындай бірқатар мәселелерді одан әрі дамыту мақсатында салық салу механизмін дамытып, тиісінше салық базасын кеңейту арқылы оның бюджеттік түсімдердегі рөлін арттыра түседі, ал ол халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беретіні және еліміздегі бірқатар көкейтесті мәселелердің шешілетіні сөзсіз.
Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы экономиканың өсімі негізде бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайту. Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың барлық топтарының салықтың мәдениетінің бар болып саналатындығы баршаға мәлім. Сол себептен, өкілетті және атқарушы органдар салықтық саясатты жүргізуші және кепілі мен бас идеологы ретінде қатысушылардың барлық топтардың мүдделерін үнемі есеп аалып отыруы керек. Қабылданған салықтық құқықтық заңдардың іске асыру бойынша кәсіби білім мен салық мәдениет белгісінің төмен болуынан деп айтуға болады. Нәтижеде біз заңдар толық іске асырылмайтын, ал экономика көлеңкелі бизнеске ұшырап отырмыз. Көлеңкелі экономиканың көлемі ұлғайған сайын салық есебінің кемуінде бюджет көздері қысқарылуда. Әсіресе жергілікті бюджет жетістіксіздігіне трансферттік жабу бюджет көздерін молайту емес керісінше тұтынушы психологиясын туғызуда.
Келесі мәселе жалпы ішкі өнімді өлшеуіндегі жаңа пайда болған субъектілік негізгі қорлардың салық салымы мен алымында жете бағаланды.
Салықтық әкімшілік тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары.
Қазіргі жағдайдағы салық әкімшілігін жетілдірудің қажеттігі тәжірибе көрсеткендегі төменгі шарттарда байқалады.
салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жеткілікті дәрежеде еместігінен;
салықтық бақылау субъектісі мен салық төлеуші арасындағы қарым-қатынастарда кездесетін қиындықтарды, салық төлеушілердің салық жүйесіне деген онша жақсы емес көзқарастарынан және де салық төлеуден жалтарушылардың негізінен; салықтық бақылау органының қаржылай жеткіліксіз қамтылуынан, яғни салық жинауға байланысты мемлекет шығынын үнемдеу тек экономикалық емес, саяси фактор да болып отыр.
Салықты бақылаудың тиімділігі олардың заңды бұзушылықтарды болдырмауына және салық қарыздықтарын болдырмау мен салық салу объектілерін көбейту арқылы бюджет тапшылығын жою. Мысалыға келесі мәліметтерді ұсынуға болады. Салықтық бақылаудың ақпараттық технологияларын жетілдіруде төмендегідей мәселелерді шешуді мақсат етіп қою керек:
әр маманды біліктілігінт арттыру үшін курс семинарлар міндетті түрде
өткізіп отыру;
салық инспекторы мен оны төлеушілердің ара қатынастарын жетілдіру.
Салық әкімшілігін жетілдірудің ең негізгі міндеті оның базасы мен саласын кеңейту. Салық салу базасы – дегеніміз – Салық кодексі бойынша мемлекеттік орган оның дұрыс есептелінуімен қатар салық салынбай жүрген объектілерді есепке алу.
Біздің ұйғаруымыз бойынша салық органы жұмысының тиімділігінң кешендік бағалау мақсатында толық дәрежесін сипаттайтын жалпылама көрсеткіш қажет. Оны салық төлеушілердің өздері есептеген деклорациялардағы нақты салық сомасы мен аймақтағы салық салу базасына есептелуге тиіс сомалармен салыстыру арқылы алуға болады. Нақты есептелген және есептелуге тиіс салық сомасының қатынасы – салықтың есептелуінің толық коэффициенті болып табылады. Бұл көрсеткіш жалпылаушы болып табылады да салық комитетінің жұмыс кешенінің ұйымдастырылуын қамтиды, салық төлеушілермен өзара қарым-қатынастардың дәрежесін есепке алады. Коэффициенттің толықболуы салық комитеті жағдайын зерттеу үшін негіз болуы мүмкін. Бұл көрсеткіш кәсіпорындардың төлеу қабілетіне және қарыз деңгейіне және тағы басқа экономикалық көрсеткіштерге байланысты емес. Бұл көрсеткіштің енгізілуі бағалаушы ретінде өте маңызды мәселелерді: салық салу базасының нақты есебінің әдісін анықтап шешуді қажет етеді.
Бағалық көрсеткіштерді екі түрге бөлуге болады:
салық органының жұмысын кешендік санаттаушы;
салық органы жұмысының әрбір жеке жақтарын сандық және сапалық
тұрғыдан жағдайын көрсетуші.
Жалпы, жаңа салық кодексі:
өңдеуші сектордың түсімдерін бір уақытта арттыра отырып,
экономиканың шикізаттық емс секторына ауыртпалықты төмендетеді;
экономиканы жаңғырту мен диверсификациялауға ықпал ететін жағдай
жасайды;
салық әкімшілендіру жүйесн жетілдіру және салық процедураларын
қысқарту есебінен бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуды қарастырады.
Салық жүктемесін төмендету мақсатында 3 жыл ішінде қолданыстағы корпоративтік табыс салығының ставкасы екі есе азайту ұсыналады. Салықты азайту өндірісті сатып алу және жаңғырту үшін қаржыландырудың қосымша көздерін қалыптастырады, кәсіпкерлердің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды. Бюджеттің теігерімін сақтау мақсатында корпоративтік тасбыс салығын 30% қолданыстағыға қарағанда кезең-кезеңмен төмендету ұсынылады:2009 - 2011 ж.ж.- 20% , 2012 жылы -20 % , 2013-17,5% дейін, 2014 -15% дейін .
Табыс салығының ставкасын төмендетуге қосымша инвестициялық салық пұрсаттылықтарын алу тәртібі оңайлатылды.
Егер қазіргі кезде салық пұрсаттылықтарын алу үшін Инвестиция жөніндегі комитетпен келісім-шарт жасау қажет болса, салық төлеушілер рұқсат алмастан жеңілдік нормаларын дербес пайдаланы алады. Бұл көптеген инвесторлардың инвестициялық салық пұрсаттылықтарына еркін кіруіне рұрсат береді. Пұрсаттылықтар өндірістік тұрғыдағы ғимараттарды, құрылымтарды, машиналар мен жабдықтарды сатып алу, салу бойынша салық төлеушінің шығындарын, сонымен қатар оларды қайта салу және жаңғырту шығындарын бір жыл ішінде немесе 3 жылға дейінгі кезеңде тездетіп шегеру нысандарын ұсынатын болады. Бұл шикізаттық емес секторға инвестицияларды арттыруға салық төлеушінің уәждемесін маңызды ұлғайтадыү Сонымен қатар, салық төлеушінің көтерген барлық нақты шығыстары және жалға алушымен жөндеу кезінде жүргізілетін шығыстары табыс салығын анықтау кезінде шегеріледі[28].
Бір уақытта зиянды ауыстыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін ұзарады, бұл инвестициялық жеңілдіктің басымдықтарын толығынан пайдалануға мүмкіндік береді.
Жобада шағын және орта бизнес үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу және төлеу міндеттемелерінің таратылуы қарастырылады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өткен кезеңдегі табысты бірдей дәл анықтай алмайды, сондықтан мұндай босату кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орындауларын жеңілдететін болады.
Қосымша құн салығының ставкасы 2009 жылдан бастап 12 пайызға тең болады. Бұл көрсеткіш қазақстандық қосымша құн салығын әлемдегі осындай салыұтың қалыпты стандарттары арасындағы ең төменгісі етеді, бұл ретте 2009 жылдан бастап жобада «дебеттік» сальдо деп аталатын салып алушыларға төленген қосымша құн салығы сомасының үстуінен өнім берушілерге төленетін ҚҚС сомасының артығын қайтару туралы ережені енгізу ұсынылды. Нөлдік ставканы қайтарумен қоса, ҚҚС дебеттік сальдосын қайтару кезеңі 4 жылға есептелген. Бұл шара әсіресе негізгі құралдарды жаңғырту және жаңалау кезеңінде өнім берушілерге төленген ҚҚС түріндегі салық төлеушінің айналым қаражатының тоқтап қалуын болдырмауға бағытталған.
Себебі, 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде дебеттік сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толығынан енгізу көзделуде. Ал, 2009 жылдан бастап ҚҚС бойынша жеңілдіктің негізгі бөлігін тарату жоспарланда. Осылайша, Қазақстанда шығарылмайтын жабдықтар импортына қосымқа құн салығы бойынша жеңілдіктер 2012 жылға дейін сақталған, «еркін қалып» аумағынан өткізу ҚҚС-тан босату, сонымен қатар мүлікті қаржы лизингіне өткізу, инфрақұрылымдық жобаларды сату бойынша айналым қаражатын ҚҚС босату 2014 жылға дейін сақталады. Салық кодексінің мәтініне бұрын үкімен қаулысымен қарастырылған акциздің барлық түрлеріне қолданылатын акциздік ставкаларды енгізу ұсынылды. Осыған орай отандық өндірілген және 2011 жылдан бастап сыртқа шығарылатын өнімнің ішімдік өнім түрлеріне, 2009 жылдан бастап- шылым өнімінің ставкаларын сәйкестендіру бойынша ауыспалы кезеңді жүзеге асыру шешімі қабылданды.
Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде 13-тен 5 5 пайызға дейінгі ставкаларымен қолданыстағы салықтың кемімелі шағын және орта бизнесәкілінен 11 пайыздық ставкамен жайпақ шағын және орта бизнесәкіліне көшуді жүзеге асыру болжанылуда. Жобада мүліктік салықтар блогын, атап айтқанда мүлік және көлік құралдары салықтарын реформалау көзделуде.
Осылайша, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салық салу бойынша барлық жылжымайтын мүліктен салық салынатын объектілерді қысқарту ұсыналды. Бұл жабдықтар мен машиналардан, офистік техникадан, жиһаздан және басқа мүлік түрлерінен салық алауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, жергілікті бюджеттер кірістерінің көлемін көп жоғалтуға жол бермеу мақсатында салық ставкаларын 1-ден 1,5 пайызға дейін ұлғайту ұсынылады, осыған байланысты оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін пайдаланатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің негізгі құралдарының құнына 0,5 пайыз және әлеуметтік салада қызмет атқаратын ұйымдар мен коммерциялық ұйымдардың негізгі қорларының құнына 0,1 пайыз жеңілдік ставкасы сақталған.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша бағасы 120 млн. теңгеден жоғары қымбат мүліктің ставкасы 0,5-тен 1 пайызға дейін көтеру ұсынылды. Бұл өзгерістер қымбат тұратын жылжымайтын мүлікке толығынан салық салуға және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салуға барынша прогресивтік мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кодекс мәтінінде бір мәнді талқылау үшін бұрын ұкіметтің қаулысымен бекітілген салық салу мақсатында жеке тұлғалардың мүліктеріне салық салық салу құнын айқындау әдістемесі енгізілді.
Көлік құралдарына салық бойынша пайдалану мерзіміне қарай жеңіл, жүк және арнайы көлік құралдарына түзету коэффиценттерін алып тастау ұсынылды. Осыған байланысты олардың ставкалары 2 есе төмендетілген.
Жобада шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимдері сақталды. Алайда, экономиканың өлеңкелң секторын қысқарту қажеттілігі мен нарықтардағы салық салу жүйесін ескере отырып, 2011 жылдан бастап бір реттік талон негізіндегі арнаулы салық режимін жою ұсынылды. Осы режимді алып тастау оны басынан бастап құрғандарға, яғни эпизодтық қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға әсер етпейді. Олар салық салынбайтын минимумға 12 ең төменгі жалақы мөлшерінде тең келетін болады, ендеше кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы ретінде танылмайды.
Кейбір өзгерістердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілеріне салық салу режиміне де қатысты болды. Қолданыстағы салық кодексімен бекітілген бірыңғай жер салығының жердің бағалау құнының 0,1%-дық ставкасы ірі шаруа қожалықтары үшін өте төмен болып табылады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алаңдарын тиімді пайдалануды ынталандырмайды. Бірыңғай жер салығының алаңдарына байланысты 0,1%-дан 0,5%-ға дейін прогресивті шәкілін енгізу ұсынылып отыр. Бұл жер телімінің ауданына байланысты. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірісін өндірушілер үшін басқа да режимдер сақталады: заңды тұлғалар- ауыл шаруашылығы өндірісін өндірушілер үшін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушы кооперативтер үшін салық төлемдерін 70%-ға азайту. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін ҚҚС төлемдерін 70%-ға азайту нормасы сақталған. Салықтық әімшілендірудегі негізгі өзгерістерге келесілерді жатқызуға болады. Жаңа Салық кодексін әзірлеу барысында консептуалды мәні бар негізгі мәселелердің бірі салық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру болды.
Салық әкімшілендірудің ағымдық күйін талдау осы салада шешілмеген көптеген мәселелердің болуы туралы растайды. Салықтық әкімшілендіру тиімділік критерийіне жеткілікті сәйкес келмейді, әртүрлі әкімшіліктік кедергілермен ұиындатылған, көптеген нормативтік-құқықтық актілерге және түсіндірме сипатындағы құжаттарға негізделген.
Осыған байланысты Салық кодексінің жобасын әзірлеу кезінде оған салық салу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер және түсіндірме сипатындағы құжаттардың негізгі ережелері барынша молынан енгізілілді, сондай-ақ салық рәсімдерін оңайлату сияқты мәселелерді шешу маңызды болды .
Салықтық қылмыстардың қазіргі таңда өзекті проблемалардың бірі екендігіне мынадай көрсеткіштер дәлел: халықтың ресми және нақты табыстарының арасындағы елеулі алшақтық; кейбір азаматтардың шығындары (үлкен көлемде валюталық құндылықтарды, жылжымайтын мүлікті, автокөліктерді, бағалы тұрмыстық заттарды және қымбат қызметтерді сатып алу) мен декларацияланылатын табыстарының арасындағы айдан-анық айырмашылық; халықтың жасырын жұмыспен қамсыздандырылуы (салықтық органдарда тіркелмеген немесе заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардағы жұмысшылардың көп болуы); банктен тыс айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшерінің өсуі; салық төлемеу дағдарысының өршігуі, яғни ұйымдардың комерциялық қызмет шегінде басқа шаруашылық субъектілерімен, сондай-ақ бюджетпен ақшалай есептесуге қабілетсіздігі немесе ақшалай есептескісі келемеуі; салық жинаудың төмендеуі; шетелге заңсыз шығарылатын капитал көлемінің өсуі (шетелдердің банктерінде шоттар ашу және шетел компаниялары мен құнды қағаздарын сатып алу).
Салықтық қылмыстар латенттілігінің деңгейінің жоғары болу себебі: салықтық қылмыстың ашылуына мүдделі жәбірленушінің немесе басқа да тұлғалардың болмауы; салықтық қылмыскерлердің айлакерлігі; жасалынған салықтық қылмыстарды тиімді жасырылуы; салықтық ықлмыстың жасалғандығын тікелей көрсететін нақты іздің болмауы; салықтық қылмысты жасау мезеті мен оны анықтаудың арасында елеулі уақыттың (бір жылдан жоғары) өтуі. Қазақстанда жыл сайын 40 %-ға дейін салық салынатын табыс жасырылынады және салық салынбайды.
Қорытынды
Дипломдық жұмысты қорыта отырып, мынадай қорытындыға тоқталуға болады:
- қазіргі кездегі Қазақстандағы салық әкімшілігі экономикалық процестердің тұрақсыздығы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, әр түрлі іс-әрекет сферасындағы салық төлемеушілік дағдарыс жағдайларында жүзеге асырылуда;
- салықтық әкімшіліктің жұмыс жасауының негіздері: 1) құқықтық база (салықтық қатынастарды реттеуге қатысы бар заңдар мен басқа нормативтік актілер); 2) салық төлеушілермен, құқық қорғау т.б. органдарымен өзара қарым-қатынастары мен бақылау субъектісі аппаратының құрылымын оңтайландыруға мүмкіндік беруде материалдық - техникалық қамтамасыз етілуі, салық төлеушілердің және салық салу базасының есебі үшін мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдарымен, банктік жүйелермен өзара қарым-қатынастың ақпараттық бұқарасының жасалуы;
- салықтарды бекітуші және олардың төленуін реттеуші заңдық және нормативтік актілер жеткілікті дамымаған. Бұл:
а)заңдар мен олардың жеке бір нормаларының жетілмегендігімен;
б)құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге апаратын анықтамалардың анық еместігімен;
в)заңдар мен заңдық актілердің келістірілмегендігімен;
г)салықтық әкімшілік тәжірибесінің негізінде қабылданған заңдық және нормативтік актілердің жоқтығымен байланысты.
Салық органдарының вертикалдық қатаң бағынушылығы мен аймақтық және жергілікті салық комитеттерінің құрылымдық аппаратының таңдау еркіндіктері арасында қарама-қайшылықтар бар. Бұл жоғары тұрған салық органдары мен төменгі тұрған салық органдарының әдістемелік басқару, кадрларды дайындау және қайта даярлау, әкімшілік бақылау жұмысын ұйымдастырудың болашағы бар бағыттарын таңдау, жақсы жұмыс тәжірибесін енгізу жағынан өзара қарым-қатынасына кері әсерін береді;
- бүгінгі таңда ақпараттық жүйелердің қолдану облысында жасалуының бірыңғай тұжырымдамасы жоқ. Ақпараттанудың бүкіл ақпараттық жүйесінің өзара байланысы сияқты оның әр түрлі деңгейдегі байланыстарының жұмыстары, өңдеу, жеткізу мәселелері теориялық жеткілікті қамтылмаған. Ақпараттық жүйе салық қызметінде бүгінгі таңда “төменнен жоғары”, “жоғарыдан төмен” жұмыс жасап жатқанымен атаулы талаптарға сай емес.
Осы нәтижелерді негізге ала отырып, салықтық әкімшілдендірудің тиімділігін арттырудың негізгі мүмкін болған бірнеше бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
біріншіден, салық жүйесінің құқықтық негіздерін және салық әкімшілігін жетілдіру;
екіншіден, салықтық бақылау субъектісінің ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру, ақпараттандыруды, салық органдарының басқа сыртқы ұйымдар мен мекемелермен өзара қарым-қатынасы бойынша жұмыстардың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
үшіншіден, салық органдарының материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуі; салық төлеушілермен жұмыс істеуді дамыту.
Ақпараттық-үгіттеу кеңістігін құру: пресс-конференциялар, брифингтер, кездесулер, теле-радиохабарлар, бейнероликтер; салық міндеттемелерінің тууы және орындау туралы түсіндіру ақпаратын құрайтын газет, журнал, брошюралар, буклеттер, жаднамалар, күнтізбелер шығару.
Салық органының әкімшілік процесстерінің ашықтылығын қамтамасыз ету және салық төлеушілерді оның қызметтері, толтырылатын құжат нысандары үлгілері, құжаттарды электронды түрде толтыру және тапсыру, құжаттар айналымы реттілігі, шешімдерді даулау және шағымдану тәртібі туралы ақпараттандыру . Арнай салықтық пресс-қызметтер құру.
Салық салу аясындағы нормативтік-құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізуді дайындау кезінде бизнес-құрылымдар мен кәсіби салық кеңесшілерін «кері байланыс» қағидасы бойынша тарту.
Қорыта келгенде, Республикамыздағы салықтық әкімшілікті ұйымдастыруды жетілдіріп дамыту арқылы, бүгінде ең өзекті мәселе, жалпы салық жүйесінің жақсаруына, сол арқылы еліміздің экономикасына, әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізетін шараларды кеңінен қарастыру керек. Атап айтқанда:
Салықтық бақылауда салық әкімшілігінің қатаң әділ болуын, оның
тұрақтылығын, тек фискалдық сипатта емес, тартымдылық сипаты басым болуын ойластыру;
Салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындау барысындағы
қателіктерінің себебін ашып, салық органдарының қызметіне қиындық туғызатын мәселелерді шешу;
Алдын-ала бақылау түрін дамытып, салықтық құқық бұзушылықтардың
болуына жол бермеу немесе алдын алуға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру;
Салықтық бақылауды реттеуші заңдылықтарға енгізілетін өзгерістер
жобасын ең төменгі сатыдағы салық органы қызметкерлерінің жоғарыға берген ұсыныстары негізінде жасау;
Салықтық бақылауды жүргізуші мамандарды дайындауға ерекше көңіл
бөлу, атап айтар болсақ, жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандарға міндетті түрде кем дегенде 2 жыл өтілдеме өткеннен соң ғана жұмысқа алынуы;
Қазақстан экономикасы мықты дамыған елдермен тәжірибе алмасып салық
мәдениетін барынша дамыту керек. Сонда ғана салық мәдениетінің жоғарғы деңгейіне жеткен кезде салықтық бақылау мен салықтық әкімшілік тарапынан басқаруға мемлекет бөліп отырған қаражат бірнеше есе ұлғаяды. Себебі, елдегі бизнес жағдайының жақсаруы мен бюджеттік түсімдердің көлемі салық қызметкерлерінің кәсіби деңгейлеріне тікелей бағынышты.
Достарыңызбен бөлісу: |