қасақана от қойған немесе басқа себептер болған жағдайда өрттiң себебiн анықтаудың шарасын қолдануға, тергеу-оперативтiк топ келгенге дейiн заттай.
2. Сауда орындарындағы өрттерді сөндіру тактикасы 2.1 Сауда орындарындағы және қоймалардағы өрт жағдайы
Дүкендер әдетте арнайы салынған ғимараттарда немесе қоғамдық, тұрғын үй ғимараттарының бірінші қабатында орналасады. Дүкендердің негізгі конструкциялық элементтері жанбайтын материалдан жасалған. Дүкендер келесі бөлмелерден тұрады: сауда, көрме және демонстрация залдары; қабылдауға, сақтауға және тауар өңдеуге арналған бөлмелер; әкімшілік және тұрмыс бөлмелері. Негізгі бөлмелерге сауда залы жатады және ауданы өте үлкен, биіктігі 3,3 м. кем емес болып келеді. Сауда залындағы витриналарда, шкафтарда және өңдеу бөлмелерінен сауда залдары жанбайтын материалдардан жасалған және есік қуыстары шектеулі қабырғалармен бөлінген. Бұл бөлмелердің жоспары дәлізді жүйемен орындалған және сауда залдарымен, бір-бірімен жүк лифттерімен, жабық баспалдақ торларымен байланысады. Әрі дүкендерде тауар сақтайтын, өңдейтін бөлмелер ретінде подвалдар да қолданылады. Кейбір жағдайда бұл бөлмелердің ауданы, сауда залының ауданымен шамалас болып келеді.
Жаңашаланған қоймалар ғимараттары көп қабатты I-II өрт төзімділік дәрежелі және есік пен терезе қуыстары шектеулі болады. Материалдар көп ярусты стеллаждарда немесе штабельдерде сақталады. Ал ескі бұрын салынған қоймалардың ғимараттары IV-V өрт төзімділік дәрежелі бір қабатты болып келеді. Ауданы үлкен бағалы материалдары бар қойма бөлмелері 700-1500 м2 отсектерге бөлінеді.
Соңғы шыққан ғимараттарда негізгі өрт ауырлығын тауарлар, стеллаждар, шкафтар және жайма орындар құрайды және олар сауда залдарында 100 кг/м2 құрайды, ал қосымша және қойма бөлмелерде 2-3 есе жоғары болады.
Кейде жоғарғы қабаттарда цехтар, шеберханалар, ателье және басқа да сатып алушыларға қызмет көрсету орындары орналасады.
Дүкен ғимараттарында ішкі өрт су құбырлары орнатылады, стационарлы және жылжымалы өрт сөндіру қондырғылары, өрт туралы ескерткіш дабыл жүйелері (күзет дабылына қосылады, ал күзет дабылы өз кезегінде өрт байланысы орталық пунктімен тікелей байланыста болады).
Дүкендердегі өрт ала жоғары температура режімімен, жалынның жылдам таралуымен және тығыз түтінденуімен ерекшеленеді. Жалынның таралу жылдамдығы көбінесе бағалы материалдар түріне, орналастырылу тәсіліне және жанғыш ораманың бар-жоғына байланысты болады. Сәйкесінше матадан жасалған тігін заттары жабық бөлмеде жанғанда жалынның таралу жылдамдығы 0,3—0,4 м/мин құрайды, қағаз орамада сақталған заттар жанғанда — 0,4 - 0,5 м/мин, ал резеңкелі техникалық заттар жанғанда — 0,4-1 м/мин құрайды.
Материалдарды биік штабельдер мен стеллаждарға вертикаль бойынша орналастырғанда жалын 2-4 м/мин жылдамдықпен таралады, ал горизонталь бойынша 1-2 м/мин жылдамдықпен таралады.
Дүкендерде жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың шиша тараларда, аэрозольді пластмассаларда және басқа орамаларда болуы жалынның жылдам таралуына әсер етеді. Аэрозольді орамалардағы заттар және газға толы баллондар өрт кезінде жарылып, одан әрі жалынның жылдам таралуына алып келеді.
Синтетикалық тауарлар мен материалдардың жануы және олардың өрт жағдайында термиялық бөлінуі адам өміріне қауіпті асқын түтінденумен және токсигенді заттардың бөлінуімен қатар жүреді. Жану өнімдері өрт сөндірушілерге жұмыс жасауға кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен біргетауарларды да құртады. Түтіннің әсерінен герметизацияланбаған ортада сақталатын азық-түлік өнімдері жарамсыз болып қалады, ал тігін, галантерейлік және т.б. тауарлар өз сапасын жоғалтады.
Өрттің жылдам таралуы және сауда залдарының интенсивті түтінденуі эвакуация жолдарында бөгет болып, адам өміріне қауіп төндіреді.
2.2. Сауда орындарындағы және қоймалардағы өрт
сөндіру тактикасы
Өрт – дүкендерде қызмет көрсету персоналы жоқ кезде п.б. және өрт бөлімшелері жеткенше үлкен көлемді алып үлгіреді. Олар сақталатын материалдарын қажетін ескере өшіру заттарының және тәсілдерінің қатаң түрде дұрыс таңдалуын қажет етеді. Бөлімшелердің қимылдары темір есіктерді, ауыр жапқыштарды және темір торларды бұзудың қиындығына байланысты жиі-жиі үлкен кедергілерге тап болады.
Дүкендерде өрт пайда болғанда барлау жұмыстарының негізгі тапсырмаларымен қатар ӨСЖ адам өміріне қауіпті жағдайларды анықтап, қажетінде оларды құтқару, эвакуациялау жұмыстарын жүргізу қажет және өрттің таралу бағыттарын, бағалы тауарлардың эвакуациясын, оларды орналастыру орындарын, қызмет көрсету персоналының тасу құралдарының жарамдылығын анықтау қажет.
Өртке келгенде дереу қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады және барлау кезінде олармен міндетті түрде кеңеседі. Өрт дамуы кезінде барлауды бірнеше бағытта жүргізеді, яғни сауда залы беткейінен, әкімшілік және қосалқы бөлмелер жағынан жүргізеді. Егер дүкендер тұрғын үй ғимаратының бірінші қабатында орналасса, онда барлауды екінші қабаттағы пәтерлерде жүргізеді. Жанып жатқан дүкен бөлмелері арқылы өтіп жатқан сантехникалық коммуникация және вентиляциялық каналдарды мұқият тексереді.
Қоймада өрт болғанда барлау арқылы және қызмет көрсету персоналынан сұрастыру арқылы материалдардың сақталу қасиетін, жалынның көршілес секцияларға таралу мүмкіндігін, сақталатын заттар мен материалдардың эвакуациялау тәртібін анықтаймыз.
Өрт автомобильдерін және жеңдердің линияларын сауда залындағы өртті тез өшіретіндей және қоймаларды қорғайтындай етіп жұмылдырады.
Оқпандарды енгізетін негізгі кірістер ретінде сауда залы жағындағы терезелер, есіктер, баспалдақ торлары, ал дүкен ауласы жағынан қызмет кірістері, стационарлы өрт сатылары болады. Жең линияларын салуға резиналы жеңдер қолданылады. Өртті сөндіруге әдетте жабылмалы РСК-50 және шашыратқыш оқпандар қолданылады, ал дамыған өрт жағдайларында және шашыратқыш оқпандар қолданылады, ал дамыған өрт жағдайларында және констукция жанғыш материалдан болғанда РС-70 оқпаны қолданылады.
Қоймалардағы өртті сөндіруге есіктер, қақпалар, терезелер арқылы РС-70, РСК-50 және шашыратқыш оқпандар енгізіледі. Терезедегі темір торларды арнайы қайшымен немесе өрт машинасымен алып тастайды.
Өрт бөлімшелерінің өртке келгенде ең басты маңызды тапсырмаларына дүкендердің жанып жатқан бөлмелерінен тауарларды дер кезінде аман алып қалу б.т. Эвакуациялау жұмысын ұйымдастыру үшін ӨСЖ тәжірибелі командирі тағайындап, оның қарамағына күш пен құралдардың бір бөлігін береді. Материалдарды эвакуациялауға қызмет көрсету персоналын, жауынгерлік бөлімдерді және оқу орындарын тартады. Эвакуациялау кезінде барлық қолда бар транспорт механизмдерін, жүк лифтілерін, көтергіштерді, электрокарларды және т.б. қолданады.
Бірінші кезекте аса бағалы тауарларды, су тигенде жарамсыз блып қалатын заттар, жарылуға, токсигенді заттар бөлуге бейім материалдар эвакуацияланады.
Бүкіл тауарды дүкен ауласына немесе қауіпсіз орындарға көшіреді және басына күзет орнатады.
Сауда және қойма бөлмелеріндегі өртті сөндіруге су, сулатқышы бар су, ауа-механикалық орта жәрежелі көбік және арнайы өрт сөндіру заттары қолданылады. Су оқпандарының санын, су ағынының интенсивтілігіне қарай анықтаймыз. Ол 0,2 л/(м2с), тең. Ал ауа-механикалық генераторлар санын, көбік жасайтын ерітіндінің сумен арласқандағы көбігінің берілу интенсивтілігіне қараймыз. Ол 0,1 л/(м2с).
Сауда, көрме залдарында және басқа да биік, көлемді бөлмелерді өшіруге компактілі су ағыны, ал дүкен қоймаларында – шашыранды су ағынын қолданады. Мата, талшықты мата, тігін материалдарын өшіргенде – суалтқыштарды, ал жеңіл тұтанғыш заттарды, аэрозольді қаптамалардағы заттарды өшіргенде орта дәрежелі көбікті қолданады.
Қосымша бөлмелер жанғанда негізгі күштерді жанып жатқан бөлмелерге, ал резервтегі күшті сауда залдарын қорғауға жұмылдырылады. Ал тұрғын үй ғимаратының бірінші қабатындағы дүкен жанғанда негізгі күшті өрт сөндіруге, резервтегі күшті жоғарғы қабаттағы пәтерлерді қорғауға жұмсайды. Қоймалар жанғанда негізгі күшті оны өшіруге, қосымша күшті әрбір подвалдан пәтерге баратын технологиялық қуыстарға жұмсайды.
Су және көбік ағындарын стеллаждар, штабельдер және витриналар арасындағы өтпе жолдар бойымен шашады.
Дүкендерде өрт сөндіргенде ескеретін жайт, судан жарамсыз болып қалатын тауарлар сақталатын бөлмеге құйылған артық су үлкен материалдық шығынға алып келеді. Сондықтан сөндіру жұмыстарына жабылмалы оқпандар, шашыратқыш оқпандар қолданылады. Жанбайтын стеллаждардағы, штабельдердегі материалдарды брезенттермен, жабындармен жауып қояды. Еденге қойылған материалдар мен тауарларды суға малтпас үшін, оларды қорша ағаш үгінділерінен төбешік жасайды. Өрт сөндірумен бір мезгілде құйылған суды жинау жұмыстары да жүргізіледі.
Ұрыс алаңдарын сау залы жағынан, қойма, қосылмас бөлмелер жағынан, көп қабатты ғимараттардла баспалдақ торларынан, көршілес жатқан ғимараттар жағынан ұйымдастырады.
Қатты түтінденген бөлмелерде өртті ГТҚҚ звенолары көмегімен өшіреді және оларды ауыстырып тұруға резерв құрады. Өрт сөндіру кезінде мүмкін болатын жарылыстардан, жалын ұшқындарын, стеллаждар мен штабельдерден қорғану шараларын ойластыра білу керек.
Сауда орында өрт болғанда ӨСЖ міндетті:
– материалдарды орналастыратын орынды анықтауға, қорғауға, эвакуациялауға шаралар және тәртіп орнату;
– өрт сөндіруге жабылмалы оқпандар, шашыранды су, көбік және суалтқышы бар су беруге;
– өрттің п.б. себебін анықтауға, әдейі өртеу себептері біліне бастағанда заттардың жедел-іздестіру топтары келгенше сақталуын қадағалауға.
Достарыңызбен бөлісу: |