6.3. №2 нұсқа бойынша өрт сөндіргендегі экономикалық шығындары.
Өртті автоматты өрт сөндіру қондырғысымен өшіргенде өрт сөндіргіш заттарға АӨСҚ (АУПТ) қоректенетін электроэнергияға жұмсалатын материалдық жаратылулар, өрт түсірген материалдық шығын, өрт түсірген жанама материалдық шығын.
Автоматты өрт сөндіру қондырғысына жұмсалатын материалдық жаратылуларды есептейміз.
Спринклерлі шашқыштың плавкалы кірмесінің температурасы 72С болғандықтан, АӨСҚ өрт п.б. бастап 3 минуттан кейін қосылады, осыған сәйкес АӨСҚ қосылған сәттегі өрт ауданын анықтаймыз:
м2
мұнда: vл – өрттің сызықтық таралу жылдамдығы, м/мин.
аупт – АӨСҚ іске қосылу уақыты, мин.
Бір спринклерлі шашыратқыш өшіретін аудан 12 м2, сондықтан АӨСҚ (АУПТ) іске қосылар сәтте өрт бір спринклерлік шашыратқышпен өше қояды. (АУПТ) жұмыс жасау ұзақтығы 30 минут, осыдан шыға өртті сөндіруге қажет судың жұмсалуын есептейміз:
Qводы = Q1 орос раб = 1,57 1800 = 2826 литр немесе 2,826 м3.
1 м3 су 47 теңге тұратынын ескере өрт сөндіргіш заттарға кеткен жаратылуларды анықтаймыз:
СОС = Qводы Ц1м3 = 2,826 47 = 132,82 теңге.
АӨСҚ қоректенетін электр энергиясына кеткен
материалдық шығынды есептейміз
Насостық станцияда насос қоректенетін электр қозғалтқыштарының номинал қуаты 75 кВт, ал АӨСҚ жұмыс жасау уақыты 30 минут ескере электр энергиясына материалдық шығындар:
Сэл. = Цэл. раб = 3 75/2 = 112,5 теңгені құрайды.
Өрттен түскен материалдық шығын.
Өрт сауда залында п.б. 7,06 м2 және өрт зонасында жалпы бағасы 780000 теңге тауар орналасқан, 1 стеллаждың құны 45000 теңге. Демек, өрттен түскен тікелей шығын 825000 теңгені құрады.
№2 өрт сөндіру нұсқасы бойынша өшіргенде
тікелей материалдық шығынды есептейміз.
№2 нұсқа бойынша өрт сөндіргенде жалпы материалдық шығын өртті сөндіруге кеткен және өрттен түскен материалдық шығындардың жалпы сомасын құрайды:
Спрям = Сз.т+Сущ. = 245,32+825000 = 825245,32 теңге.
№2 өрт сөндіру нұсқасы бойынша өшіргенде
жанама материалдық шығынды есептейміз.
Есептеу әдістемесіне сәйкес өрттен түскен жанама материалдық шығын тікелей шығынның он есе көбейген түрі деп аламыз және келесі формуламен анықталады:
Скосв = Спрям10 = 825000 10 = 8 250 000 теңге.
№2 өрт сөндіру нұсқасы бойынша
жалпы материалдық шығынды анықтаймыз.
№2 өрт сөндіру нұсқасы бойынша жалпы материалдық шығын тікелей өрт шығынын және жанама өрт шығынын құрайды және келесі формуламен есептеледі:
Собщ = Спрям + Скосв = 825 245,32 + 8 250 000 = 9 075 245,32 теңге.
№1 және №2 өрт сөндіру нұсқаларының экономикалық шығындарын салыстырамыз.
Есептеулер көрсеткендей, №2 өрт сөндіру нұсқасының экономикалық шығыны біріншіге қарағанда айтарлықтай төмен.
Нақтырақ айтсақ:
Алматы қаласының ГУ «СП және АСР» күш пен құралдарымен өшіргендігі материалдық шығын 56 821 160 теңге болады.
Автоматты өрт сөндіру қондырғысымен өшіргендегі материалдық шығын – 9 075 245,32 теңге болады.
Демек, №2 нұсқа бойынша өртті өшіргенде №1 нұсқаға қарағанда 6,2 есе төмен болады.
Өрттен түскен материалдық шығынды анықтаймыз.
Өрт сауда залының ортасында п.б., ал сауданы 9,62 м2 алып жатыр. Өрт ошағында 780000 теңге құрайтын тауары бар 1 стеллаж бар. Стеллаждың өз бағасы 45000 теңгені құрайды, демек, өрттен түскен тікелей шығын 825000 теңгені құрайды.
№2 өрт сөндіру нұсқасы бойынша өрттен түскен
тікелей шығынды анықтаймыз
Өрт келтірген жалпы материалдық шығын өрт сөндіру жұмыстарына кеткен және өрттің өзі келтірген шығын келесі формуламен есептеледі:
Спрям = Сз.т+Сущ. = 0,45+825000 = 825000,45 теңге.
№2 өрт сөндіру нұсқасы бойынша өрттен түскен
жанама шығынды анықтаймыз.
Есептеу әдістемесіне сәйкес өрттен түскен жанама материалдық шығын тікелей шығының он есе көбейген түрі деп аламыз және келесі формуламен анықталады:
Скосв = Спрям10 = 825000 10 = 8 250 000 теңге.
№2өрт сөндіру нұсқасы бойынша
жалпы материалдық шығынды есептейміз
№2 өрт сөндіру нұсқасы бойынша жалпы материалдық шығын тікелей өрт шығынының және жанама өрт шығынының жалпы сомасын құрайды:
Собщ = Спрям + Скосв = 825 000,45 + 8 250 000 = 9 075 000,45 теңге.
7. Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Барлау жұмысын газқағарсыз атқарғанда барлау тобы екі адамнан, ал газқағармен атқарғанда барлау тобы үш адамнан құралады. Топ басшасы болып ең жақсы дайындалған командир таңдалады. Және сол жұмыс кезінде ГТҚҚ нұсқамаларының тлаптарын мүлтіксіз орындау қажет. Меторополитенде немесе оған ұксас жер асты құрылыстарында барлауды бес адамнан тұратын звеномен жасауы керек.
Барлау тобының жеке құрамы өрт ауданына, сипатына, орнына, түтінденгендігіне және т.б. ерекшеліктеріне қарай келесі құрал-жабдықтарды алуы қажет:
а) тыныс орындарын қорғау (оқшаулағыш газқағарлар, бір типті);
б) жарықтандыру және байланыс құралдары;
в) құтқару және өзін құтқару құралдары;
г) конструкцияларды аршу құрал-сайман;
д) өрт сөндіру заттары.
Өртті барлау кезінде барлау тобы міндетті:
а) оқшаулағыш газқағарларда жұмыс істегенде ГТҚҚ нұсқамаларында берілген талаптарын орындау және жүрілген жолды жаттап алу;
б) есіктерді ақырын ашып, жалын ұшқынынан, ыстық газдардан қорғана білуі тиіс;
в) асқын кернеу тоғы бар, қысымы аса жоғары сыйымдылықтарда немесе жарылатын заттары бар бөлмелерге объект әкімшілігімен есептесіп, бекітілген ережелерінің барлығын орындауы қажет;
г) қимыл кезінде тірек конструкцияларының күйін бақылап және сол бақылауларын топ басшысына баяндап тұруы қажет;
д) жүргенде әдетте капитальді қабырғалар және терезелері бар қабырғаларының бойымен қозғалуы қажет.
ЖТС және ЖС бар бөлмелерге ашық жалынмен кіруге рұқсат етілмейді.
Өртте адамдарды құтқарғанда (апатты, стихиялық, төтенше жағдайлар және т.б.) ӨСЖ адамдарды құтқаруы шараларының әдістерін, тәртібін жағдайға байланысты бекітеді. Құтқару жұмыстарында су болып қалған немесе қатты ылғалданған құтқару арқандарын немесе жауынгерлік есепте тұрған арқандарды қолдануға тыйым салынады.
Құтқару және өзін құтқару жұмыстарын арқан ұзындығы толық түсуін қамтамасыз ететіндігіне көзі жеткенде ғана бастауға болады, құтқару ілмегі құтқарылушыға берік байланғанын тексеру қажет, ал құтқару арқанының карабинге дұрыс байланғандығын тексеру қажет. Құтқару және өзін құтқару жұмыстары қолғаппен орындалады.
Жауынгерлік қанат жаю кезіндегі техника қауіпсіздігі.
«Жауынгерлік қанат жаю» командасының алдында ӨСЖ міндетті:
а) жеке құрамы жеңдер линиясын төсеуге, құрал сайландарды жеткізуге ең қысқа және қауіпсіз жол таңдауға;
б) транспорт магистральдарында қанат жайғанда жүргізіліп жатқан жұмыстың қауіпсіздігін бақылауға, машиналардыкеліп жатқан күштерге және мүмкіндік болса жол қозғалыстарына да әсер етпейтіндей етіп орнатуға. Қажет болғанда транспорт қозғалысының барлық түрін тоқтатуға, теміржол рельстеріменлиниялар жүргізгенде қауіпсіздік посттарын орнатуға;
в) қауіп төнгенде адамдарды жылдам хабарландыруүшін ортақ сигнал белгілерін бекітуге, жарылыс қаупі, құлау қаупі туғанда жеке құрам қауіпсіз жерге дереу көшіруге.
Жауынгерлік қанат жаю кезінде рұқсат етілмейді:
а) өрт машинасы толық тоқтағанша оны орындауға;
б) өрт гидранттарының құдықтарын және газ және жылу коммуникацияларын ашық жалын көзімен жарықтандыруға;
в) су коммуникациясы құдығына оқшаулағыш газқағарсыз және құтқару арқансыз түсуге;
г) биіктікке көтерілгенде оқпан жеңінің линиясына бекітілген ілгішті киюге;
д) жіппен жүкті көтергенде немесе түсіргенде жүк астында орналасуға;
е) жұмыс бетін қаратып (кескіш, тескіш және т.б.) түрлі құрал-саймандар тасуға, араларды сыртқы қабынсыз тасуға;
ж) суды жеңдерді дұрыс бекітпей жатып беруге, оқпаншылар белгіленген орындарына жетпей жатып беруге.
Арнайы қызмет бөлімшелері қанат жағдайында, техникаларының, жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты қосымша қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Өртке байланыс орнатқанда техника қауіпсіздігі.
Өртте байланыс орнатқанда байланыс құралдарын электр қондырғыларының маңында орнату керек.
Байланыс линияларын электр линияларына параллель орнатуға болмайды, себебі байланыс аппаратураларын қолданатын адамдар тоққа түсуі мүмкін.
Өртте арнайы техникаларды қолданғанда байланыс құралдарымен қатар, жарықтандыруға, электр құралдарына қажет тоқ тудыратын электр қоректендірушілер қолдданылады.
Энергожүйенің тоқ көзін үш фазалы 230 В кернеу және 7,5 - 20кВт қуат беретін генераторлар жеткізеді.
Электр линияларын және қондырғыларын күрделі жағдайларда қодану жеке құрамнан техника қауіпсіздігін қатаң сақтауды талап етеді:
— жауынгерлік қанат жаю алдында автомобиль, яғни электр энергиясының көзі тежегішпен тоқтатылуы тиіс және жақсы жерлену қажет;
— электр энергиясы линиялары қорғағыш-сөндіргіш құралдармен жабдықталуы тиіс;
— жарық беруші және электрленген құралдармен жұмыс жасауға оларды пайдалану ережелерін меңгергендер жіберіледі;
— энергия жұтқыштарды қосқанда генератор фазаларындағы ауыртпалық бір-біріне 25% кем болмауы тиіс;
— жарық беруші және электрленген құралдардың ақаусыздығын периодты тексеріп тұру қажет;
— арнайы автомобильдердегі жауынгерлік есептің жеке құрамы электр қондырғыларымен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігі туралы алған білімін периодты түрде тексеріп тұру қажет;
— арнайы автомобильдердегі жауынгерлік есептегі жеке құрамның электр тоғынан зардап шекпендерге алғашқы көмек көрсете білулері керек.
Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі
Өртте тыныс алуға мүмкін болмайтын жерде өрт сөндірушілер оқшаулағыш газқағарларда жұмыс жасау қажет және ГТҚҚ нұсқамаларының талаптарын орындау қажет.
Улы заттар бөлінуі мүмкін бөлмелерде өрт сөндірушілер К-1 типті қорғаныс комплектерін, газқағарларды, резеңке етіктер киюлері қажет. Газ буларының концентрациясын төмендету үшін бөлмені шашыранды сумен себу қажет. Жылу радиациясы өте жоғары учаскелерде жұмыс жасап жатқан жеке құрам су шымылдығымен қамтылады, ал жеке өрт сөндіруші шашыратқыш оқпандармен қамтылады.
Өрт зонасының маңында жауынгерлік киімдері мен құралдары жоқ жеке құрам жұмыс жасауға рұқсат етілмейді.
Өрт сөндіргенде әрбір жұмыс жасап жатқан қызметкер өрт жағдайының өзгерісін, құрылыс конструкцияларының өзгерісін, технологиялық қондырғылар жағдайын бақылап отыруы қажет және қауіп туғанда барлық қызметкерлерді ескертуі тиіс.
Өрт сөндіргенде жүк және жолаушылар лифтін қолдануға рұқсат берілмейді.
Өрт сөндіргенде жарылыс қауіпті концентрация туындатпау үшін құбырлардан, аппаттардан шығып жатқан жеңіл тұтанғыш сұйықтардың ыстық газдарын өшіруге объект әкімшілігінің келісімінсіз рұқсат етпейді. Қажет болған жағдайда және әкімшілік тарапынан тікелей бақылау жасай отырып, газдың, булардың ағуын тоқтатуға шаралар қолданылады. Өрт сөндіруге қатысатын қызметкерлер суды және т.б. өрт сөндіргіш заттарды қолданғанда үлкен қауіп туғызатын заттарды білу қажет.
Биіктікте жұмыс жасағанда сақтандырғыш құралдарды қолданған дұрыс. Тағы:
а) сатыда оқпанмен жұмыс жасауды өрт карабинін бекіткеннен кейін ғана орындауға болады;
б) биіктікте оқпанмен жұмыс жасауға кемінде 2 адам бөлінеді;
в) оқпанды оған су беруін тоқтатқаннан кейін де қараусыз тастап кетуге болмайды, тағы мұз басқан, жанған, босап шатырларда өрт сөндірушілердің жүрулеріне болмайды.
Өрт сатыларының орнын ауыстырғанда, сол сатылармен көтерілген өрт сөндірушілерді ескерту қажет және сатының жаңа орнатылған орнын немесе басқа да төмен түсу жолдарын көрсету керек.
Электр құрылғыларымен және прожекторлармен жұмыс жасаушылар міндетті:
а) құрылғыларды тек резеңкі немесе резеңкеленген қолғаптарды ұстауға, пайдалануға;
б) электр құрылғысын қосарда арнай қорғаныс көзілдірігін киюге;
в) прожекторларды су тиіп кету мүмкіндігі жоқ, мығым жерлерге ғана орнатуға;
г) электр инструментін тоқ беруін тоқтатқанда, басқа орынға ауыстырғанда өшіруге;
д) тоқ қабылдағыштарды құрылғы корпусында кернеу п.б.-да немесе басқа да ақаулары п.б.-да өшіруге.
Электрленген құралдарды дайындығы жоқ тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.
Жеке құрам өртте конструкция аршу, оқпанмен су беру, саты орнату, жеңдер линияларын төсеу жұмыстары кезінде салбырап қалған кернеу бар тоқ өткізгіштердің бар-жоғын үздіксіз мұқият бақылап отыруы қажет және болған жағдайда ӨСЖ уақытныны баяндау қажет, тағы қауіпті зонада жұмыс жасап жатқан қызметкерлерді ескерту қажет. Таблыған өткізгіштердің тоқ көзінен ажырытылғанына көзі жетпей, оны кернеуі бар деп есептеп, сәйкес қауіпсіздік шараларын орындауы қажет. Электр өткізгіштерін үзу арқылы өшіру жүйеде 220 В артық емес фазалық кернеу кезінде және басқа өшіру әдістері табылмағанда ғана орындалады. Бұл жұмыс қарауыл бастығының бақылауымен және алдын ала практикалық дайындық шараларынан өткен жұмысшы арқылы орындалады. Тағы:
а) жүйенің өткізгішті кесуге қолайлы және қауіпсіз учаскесін анықтау тиіс;
б) сыртқы қоректенуші өткізгішті изолятор маңынан салбыраған өткізгіштерде кернеу болмайтындай етіп үзу қажет. Өткізгіштерді төменгі қатардан бастап кесу қажет;
в) әрбір сымды басқалардан бөліп алу қажет.
Көп сымды және бір сымды өткізгіштер мен кабельдерді кесуге рұқсат етілмейді. Ғимаратта жасырын өткізгіштер табылғанда объектінің бүкіл қондырғыларын тоқ көзінен үзу керек.
Жүргізушілер ӨСЖ бұйрығынсыз су беруге, суды тоқтатуға, автомобильдерді жылжытуға, сатыларды орнатуға және автомобильді қараусыз қалдыруға рұқсаты жоқ.
Өлшеу приборы жұмыс кезінде істен шыққанда жүргізуші дереу тікелей басшысына жеткізу қажет және автомобильді ауыстырғанша агрегаттың дұрыс жұмыс істеуін басқа қасиеттеріне қарап бақылауы қажет.
Қорытынды
Дипломдық жұмыс тақырыбының қарастырылып отырған мәселесі сауда орталықтарында өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын ұйымдастыру. Қарастырылып отырған объект Алматы қаласындағы «Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыі б.т.
Дипломдық жобаның аналитикалық бөлігінде соңғы 5 жыл ішінде Республикамыздағы және оның сыртындағы елдерде болған осындай өрттердің анализі келтірілген. Статистикалық анализ бойынша бірінші ӨСЖ жіберген ең жиі кездесетін қателер анықталды, кейде айтарлықтай адам өліміне алып келеді.
Есеп бөлімінде болуы мүмкін екі өрт сөндіру нұсқасының есебі көрсетілген. Біріншісі Алматы қаласының гарнизонының өрт сөндіру жұмысы, екіншісі автоматты өрт сөндіру қондырғысының өрт сөндіру жұмысы көрсетілген. Есептеу жұмыстары мұндай объектілерге автоматты өрт сөндіру қондырғыларының енгізілуі тиімді екенін көрсетті.
Өртке қарсы қызметінің халық-шаруашылық объектілерін қорғаудағы басты мақсаты өртті бастапқы стадиясында локализациялау және басу болғандықтан, аталған қондырғыны өз өрт сөндіруші командасы бар объектілерде, өндірісте, ұйымдардың кеңсе бөлмелерінде, медициналық және сауықтыру орындарында (клиника, санаторий, пансионат, турбаза) демалу және ойын-сауық саласында (қонақүй, ресторан, казино, спорт және көрме комплекстері) қолдану, өрттен түсетін шығынды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі:
-
Повзик Я.С. Өрт тактикасы. – М.: ВИПТШ МВД РФ, 2001 ж.
-
Иванников В. Өрт сөндіру жетекшісінің анықтамасы.– М.:Стройиздат,1987 ж.
-
Повзик Я.С. Өрт сөндіру жетекшісінің анықтамасы.– М.:ВИПТШ,2001 ж.
-
Бұйрық № 373 ҚР ТЖМ 27.12.2005 ж. бастап ӨҚҚОЖЖ
-
«Өрт тактикасы» курсы бойынша бақылау және курс жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар – М.: ВИПТШ МВД СССР,1987 ж.
-
СНиП 2.02-15-2003 – Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы
-
Өндірістік және өрт автоматикасы. II-бөлім. Бубырь Н.Ф. және т.б. М. 1986 ж.
-
Анықтама. Заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қаупі және оларды өшіру заттары. А.Н. Баратова және А.Я. Корольченко редакциясымен. М. «Химия», 1990 ж.
-
ҚР ТЖМ КТИ тындаушыларының дипломдық жобаларына әдістемелік нұсқаулар.
-
Өртке қарсы қорғаныс экономикасы. Аболенцев Ю.И. М. ВИПТШ, 1985 ж.
-
Бұйрық № 148 ҚР ТЖМ 2005 жылдың «13» желтоқсаннан бастап – Өртке қарсы қызмет бөлімдеріндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері.
14. ҚР ТЖМ-Өрт қауіпсіздігі туралы 1966 жылы 22-қазанда шыққан № 48-I заңы
15. ҚР – Азаматтық қорғаныс туралы 1997 ж. 7 маусымда шыққан N 100-1 заңы
16. ҚР – Техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 ж. 5 шілдеде шыққан N 19 заңы
17. ҚР – Қауіпті өндіріс объектілеріндегі өндірістік қауіпсіздік туралы 2002 жылы 3 сәуірде шыққан N 314 заңы
18. ҚР – Төтенше-құтқару қызмет және құтқарушылар дәрежесі туралы 1997 ж. 27 наурызда шыққан N 87-1 заңы
19. ҚР ТЖМ – Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының газ түтіннен қорғау қызметі бойынша нұсқаулар туралы 2005 ж. 28 қыркүйекте шыққан ҚР ТЖМ бұйрығы
20. ҚР ТЖМ - Өртке қарсы қызмет Жарғысын бекіту туралы 03.10.2005 ж. – шыққан №277 бұйрығы
21. ҚР ТЖМ 2005 ж. 28 қыркүйекте шыққан №267 бұйрығымен бекітілген жеке құрамның дайындық бағдарламасы
22. ҚР ТЖМ 2005 ж. 13 қыркүйекте шыққан №148 бұйрығымен бекітілген өртке қарсы қызмет бөлімдерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері
23. ҚР КН 2.02-11-2002 – ғимараттарды, бөлмелерді және құрылыстарды автоматты өрт дабыл жүйесімен, автоматты өрт сөндіру құралдарымен және адамдарға өрт туралы ескерту жүйесімен жабдықтау нормалары.
Достарыңызбен бөлісу: |