Қазақстан Республикасында сауда саласы азаматтардың өмірінде үлкен мәнге ие. Жылдан жылға сауда орындары көбейіп келеді



бет1/8
Дата30.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#168129
  1   2   3   4   5   6   7   8

Кіріспе


Қазақстан Республикасында сауда саласы азаматтардың өмірінде үлкен мәнге ие. Жылдан жылға сауда орындары көбейіп келеді.

Соңғы кездері үлкен сауда-ойын-сауық комплекстерін салу тенденциясы қалыптасып келеді.

Сауда-ойын-сауық комплекстер адамдар көптеп шоғырланған объектілердің қатарына жатады.

Практика жүзінде іске асырылған және түрлі нормативтік құжаттармен бекітілген өртке қарсы шаралар жүйесі жаңа құрылыс материалдарының пайда болғанына және жоспарлаудың жаңа түрлерінің пайда болғанына байланысты болашақта одан әрі жетілдірілуі қажет.

Әрі сауда дүкендеріндегі өрттер, әдетте өшірілуі қиын да күрделі болып келеді, үлкен қиындықпен өшіріледі, адам өміріне, денсаулығына үлкен қауіп төндіреді және үлкен материалдық шығын түсіреді.

Мұндай өрттерді сөндіруге ұйымдық-техникалық дайындық-өртке қарсы қызмет гарнизонының маңызды мәселелерінің бірі б.т.

Сауда орындарындағы өрттердің пайда болу және даму құбылыстарын жиналған тәжірибелерге сүйене отырып, алдын-ала болжауға және себебін түсіндіруге болады.

Қалыптасқан ғылыми тәжірибелер жүйесі дүкендердің өрт қауіпсіздігінің профилактикалық сұрақтарын ғылыми негізделген шешімдермен шешуге негіз береді.

Ауқымды мөлшерде қолданылатын тауарлардың, тамақ өнімдерінің өрт қауіптілік қасиеттері нақты зерттелген.

Дамыған сауда-ойын-сауық орындарында тұтынушыға ұсынылатын тауарлармен қатар, ойын-сауық қызмет көрсету түрлері: кинотеатр, мұз айдыны, дүкен ішіндегі автотұрақ, банктердің кассалық есептеу бөлімдері, валюта айырбастау пунктері, ресторандар, кафе, ойын автоматы залдары және т.б. қызмет түрлері ұсынылады. Осының өрт сөндірушілерге өрт сөндіру, адам құтқару, эвакуациялау жұмыстары кезінде үлкен қиындықтар туғызады.

Қазіргі кезде дамыған өр сауда орталықтарын салу үшін құрылыс материалдарының жаңа түрлері қолданылады. Ал олар өз кезегінде өртенгенде адам өміріне қауіпті улы заттар бөледі.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі қорытындылай келе ірі сауда дүкендеріндегі өртті сәтті ликвидациялау үшін мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жетекшілік жасайтын тобына объектінің тактика-техникалық сипаттамасын, құрылыс материалдарының өртенгенде күшінің өзгеруін білу қажет.




1. Дипломдық жобаның тақырыбының негіздеу




    1. Дипломдық жобаның тақырыбының таңдалуын негіздеу

Сауда оырндарында өрт сауда залында, қоймасында, қосымша бөлмелерде п.б. мүмкін. Сауда және қойма бөлмелерінің үлкендігі, ондағы жанғыш материалдардың көптігі өрттің алыс қашықтыққа тез таралуына септігін тигізеді. Әсіресе өрт күндіз п.б. өте қауіпті, себебі күндіз қызмет көрсету персоналы мен тұтынушылар көп болады. Мысалы «Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыі қызмет көрсету персоналы 120 адамнан болғанда бір мезгілде 600 адамды қабылдай алады.

Сауда орындарындағы өрттердің сызықтық жылдамдығы 0,5-1,2 м/мин аралығында болады, өрт терезе қуыстарының үлкендігі және бөлмелердің үлкендігі арқасында тез дамиды және бөлме тез түтінденеді. Бұл адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Алматы қаласындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесінің құрамында: 12 өрт бөлімі, АСР және ірі өрттерді сөндіру үшін арналған 1 арнайы бөлімше, күш пен құралдарды ұйымдастырушы басқару орталығы, өрт сөндіру кезекшілік қызметі бар.

«Мега» ойын сауықтыру сауда орталығы – бұл күрделі жоспармен салынған, келуші адам саны көп күрделі сауда комплексі.

Өрт бөлімдерінің жауынгерлік дайындығын ұштау мақсатында өрт сөндіруді ұйымдастыру және бөлімдердің өртте қимыл тактикаларын ұйымдастыру сұрақтарын талдау қажеттігі туындады.

Алматы қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесі «Мега» ойын сауықтыру сауда орталығыіндегі өртті ликвидациялау жұмысының тиімділігін арттыру үшін 1 өрт-тактикалық оқу-жаттығу және 8 өрт-тактикалық мәселелері шешілген сабақ өткізді.

1.2. Сауда орындарындағы өрттерді статистикалық анализдеу

Сауда орындарындағы өрттердің анализін қорытындылай келе, өрт пайда болғанда жалын тауар қораптарының және бөлмелердегі қосымша әсемдеу материалдарының бойымен тез тарайды, бөлмелер түтінге лезде толып өрт сөндірушілерге адамдарды құтқаруға және сөндіру жұмыстарымен айналысуға кедергі келтіреді.

1993-2005 ж.ж. аралығында Алматы қаласындағы сауда орындарында, 803 өрт болды және сол өрттерден 12 адам өліп, 284адам зардап шекті, 122450000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Осылай 2001 ж. 21-наурызында 02сағ. 48 минутта Алматы қаласындағы «Ресей» супермаркеті жанды. Өрт кезінде 4 адам жану өнімдеріне уланып зардап шекті. 200 м2 ауданда мата өндірісінің 3 бөлімі жанып, 5.500.000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

2002 ж. 2-сәуірінде «Достар-маркет» территориясында өрт болды, тамақ өнімдерін сататын 250 м2 ауданды алыпжатқан 40 киоскі жанды. Өрттен түскен шығын 6.732.824 теңгені құрады.

2002 ж. 29-наурызында Алматы қаласындағы «АлматыТехСнаб» АҚ сауда базасының территориясындағы кинотехника қоймасында өрт п.б. Қойманың бөлмелерінде 500 м2 ауданды алып жатқан автомобиль покрышкалары (штабельдерде) жанды. Өрт жалынынан тауар түгелімен, ал ғимараттың көп бөлігіне ауыр зиян тиді. Әлемдік деңгейдегі өрттерден мысал ретінде 1967 жылғы Брюссельдегі «Инновасьен» дүкенінде п.б. өрт бола алады. Өрттің тез таралуынан және қою түтін концентрациясынан 325 адам дүние салды. Өрт бутан баллонының жарылысынан туристік қондырғылар бөлімінде шамамен 13 сағат 30 минутта п.б. Жалынның әсерінен туристік заттар, әсіресе палаткалар лезде жана бастады. Әрі қарай көрген-білгендердің айтуынша өрт білдей бір кварталды алып жатқан ғимаратты көзді ашып жұмғанша жалынға орады. Сатып алушылар және 1200 адамға жуық қызмет көрсету персоналы арасында үрей п.б. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келгенше ғимарат ошақтың астындағы отқа ұқсап, өртке оранып жатты. Өрт сөндірушілердің бар күші эвакуация шараларына және көршілес орналасқан ғимараттарды өрттен қорғауға жұмсалды. Сол кезде алты қабатты сауда ғимараты түгелімен өртеніп кеткен еді.

Келтірілген мысалдардан ой түйіндесек, сауда орындарындағы өртті сөндіруге өртке қарсы қызмет мекемелерінің көп күш пен құралдарын тарту керектігін түсінеміз. Өрт тез тарайды, адам өміріне үлкенматериалдық шығынға алып келеді.

Экономикамыздың жылдан-жылға дамып, соның ықпалымен өрт күзеті гарнизондарының техникалық жарақтануы жаңа биіктерге көтерілгеніне қарамастан, сауда орындарында өртті ликвидациялау әлі де болса аса ауыр да күрделі болып қала береді.

Мұндай өрттерді сапалы түрде ликвидациялау үшін басқарушы құрамның және кезекші қарауылдың жеке құрамның тактикалық дайындығын жетілдіру керек сияқты. Менің ойымша мұны іске асыру үшін гарнизон масштабында өрт-тактикалық оқу-жаттығу шараларын және өрт-тактикалық шешімі бар сабақтар өткізу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет