Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама Мазмұны


Республиканың логистикалық жүйелерін және транзиттік әлеуетін дамыту



бет10/13
Дата03.07.2016
өлшемі1.48 Mb.
#175597
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Республиканың логистикалық жүйелерін және транзиттік әлеуетін дамыту


Тиімді географиялық орналасу Қазақстанға Еуропа мен Азия, Ресей мен Қытай арасындағы транзиттік көпір рөлін атқарады.

Транзитті дамыту ішкі және сыртқы сауданы дамыту, жол маңы сервисі, тиімді және дамыған тауар өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру, тиімді және дамыған тауар өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру, тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын төмендетуден көрінетін үлкен мультипликативтік әсерге мүмкіндік береді.

Қазақстанда көлік қызметі нарығының қазіргі заманғы даму кезеңі жағдайында елдің бірыңғай экономикалық кеңістігі құрамында өңірлердің үйлестірілген өзара іс-әрекетін қамтамасыз ететін өңірлік және өңіраралық бөліністердегі ықпалдастырылған көліктік-логистикалық жүйені қалыптастыру айрықша қызығушылық тудырып отыр.

Олардың жұмыс істеуі қазіргі заманғы логистикалық технологияларды жүк және тауардың қозғалысын ұйымдастыруда қолдануға негізделген. Оған контейнерлік және контейнерлік көліктік-технологиялық жүйелер, «just in time» (дәл мерзімінде) және «есіктен есікке дейін» логистикалық технологиялары; жүк терминалының желісі арқылы көлік-бөлу үдерісін ұйымдастыру технологиялары жатады, онда жүктерді жинау және қайта өңдеуге, тауар ағынына сервистік қызмет көрсетуге және түпкілікті тұтынушыға тауарды жеткізуге болады.

Қазақстанда сауда саласындағы көліктік-логистикалық қызметке арналған шығыстар үлесі біршама аз және ЖІӨ 1%-ынан аспайды, ол кезде Еуропада логистикаға ЖІӨ-нің 7%-ына жуығы тиесілі.

Айтылғандарды ескере отырып, жалпы инвестицияларды тарту және Қазақстанның сауда жүйесін дамыту үшін бұл ретте қолайлы жағдай жасап, бәсекеге қабілетті көліктік-логистикалық жүйені дамыту және құру қажет. Қолда бар бағалар бойынша халықаралық қатынастарда ұсақ партиялы жүктер мен контейнерлерді тасымалдау үшін қолда бар база қазіргі кезде қажеттіліктің кемінде 30%-ын қанағаттандырады.

Логистикалық қызметтің қазақстандық нарығының серпіні соңғы 2 – 3 жылда жүктерді тасымалдау және жинақтауға қажеттіліктің өсуімен айқындалады. Көліктік-логистикалық қызметтің күтілетін өсу қарқыны жылына 30%-ға жуық, олар 2004 – 2008 жылдары жылына 6 – 7%-ды құраған.

Қойма үй-жайларына Қазақстанның орташа қажеттілігі 2009 жылы 6,2 млн.ш.м. құрады. Қазақстан бойынша ұсыныс пен сұраныстың арақатынасы 0,84 құрайды. Іс жүзінде бізде 5,2 млн.ш.м. сауда кәсіпорындарының қойма үй-жайлары бар, олардың ішінде 2%-ы – А класты қоймалар (қазіргі заманғы кәсіби қоймалар), 13%-ы – В класты қоймалар (жартылай кәсіби қоймалар) және 85%-ы – С класты бейімделмеген қоймалар. Мамандардың бағалауы бойынша қойма нарығының болжамды өсуі 25 – 30%-ды құрайды.

Көтерме сауда құрылымын қалыптастыру үшін көліктік-логистикалық қызметті дамыту жолымен ірі отандық өндірушілерге арналған тауар айналымының арналарын құру қажет, бұл қазақстандық тауар өндірушілердің шетелдік нарыққа шығу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, сақтау саласында сапалы логистикалық дамыту қажет. Логистикалық жүйенің жұмыс істеуінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың көлік түрлері бойынша, бөлу функциялары бойынша, ұсынатын қызмет түрлері және т.б. бойынша жіктеу қажет.

Жалпы алғанда, Қазақстанда жалпы желілік көлік тораптарында көліктік-логистикалық орталықтарды құру мен олардың негізінде өңірлік және өңіраралық көліктік-логистикалық жүйені қалыптастыруды көздейтін логистикалық жүйені дамытудың ұзақ мерзімді (мысалы, 2020 жылға дейін) бағдарламасын (жол картасын) әзірлеу қажет.

Егер халықаралық дәліздер туралы айтатын болсақ, онда Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесін дамытуда олардың рөлі маңызды мысалы, «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі Еуропаның солтүстік-батысы және Скандинавия елдерін Орталық Азиямен және Парсы шығанағымен байланыстырады. «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты Ресей, Иран, Үндістан және т.б. елдердің көлік коммуникацияларын қуатты және таратылған жүйесіне сүйенеді.

Бомбей (Үндістан) портынан Санкт-Петербургқа дейін дәліздің жалпы ұзақтығы 7200 км. құрайды. Жүргізілген экспериментальдық тасымалдауларға сәйкес, Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Парсы шығанағы елдерінен Иран, Каспий теңізі, Ресей және бұдан әрі Шығыс және Батыс Еуропа елдері арқылы дәліздер бойынша жүктерді тасымалдау мерзімі 25 тәулікті, Суэц арнасы мен Жерорта теңізі арқылы қазіргі теңіз жолдарымен салыстырғанда - 45 тәулікті құрады. Сондай-ақ, көрсетілген дәліз бойынша бір контейнерді тасымалдау құны 2250 АҚШ долларын, керісінше дәстүрлі теңіз бағыты бойынша 2500 АҚШ долларын құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстан ТРАСЕКА бағдарламасына қатысады. «Еуропа – Кавказ – Азия көлік дәлізі» жобасы 1993 жылдың мамырында Брюссельдегі конференцияда қабылданды. Осы елдерде Кавказ және Каспий теңізінен Орталық Азия арқылы Еуропаның Батыс-Шығыс, Қара теңіз жағалауын дамыту үшін техникалық көмек көрсету жөніндегі (ТК) Еуропа Одағы (ЕО) бағдарламасы жүргізілетін болады. Бұдан басқа, қазіргі уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтиненталь дәлізін қайта жаңарту жүргізілуде.

Санкт-Петербург – Мәскеу – Нижний Новгород – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Үрімші - Ланьчжоу - Чжэнчжоу - Ляньюньган бағыты бойынша автодәліздің жалпы ұзақтығы 8 мың 445 км құрайды. Оның ішінде 2 мың 233 км РФ аумағы бойынша, 3 мың 425 км – ҚХР арқылы өтеді. Қазақстанда автодәліздің ұзақтығы 2 мың 787 км, құрайды, ол бес облыстың аумағы арқылы өтеді, олар: Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы.

Қазіргі баламалы дәліздермен (Транссиб автожолы, Суэц арнасы арқылы теңіз жолы) салыстырғанда аталған жобаның негізгі оң көрсеткіштері оның ұзақтығы мен жол жүру уақыты болып табылады. Егер теңіз дәлізін пайдаланған кезде жолда жүру уақыты 45 тәулікке дейін жетсе, ал "Трансиб" бойынша 14 тәулік, онда "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" дәлізі бойынша, Ляньюньгань портынан Еуропа елдері шекарасына дейін жол уақыты шамамен 10 тәулікті құрайды. Жоба Қытай – Қазақстан, Қытай – Орталық Азия, Қытай – Қазақстан – Ресей – Батыс Еуропа негізгі үш бағыттары бойынша тауар ағынын қамтамасыз етеді.

Бұл үшін:

1) Қазақстанның көлік инфрақұрылымын халықаралық ақпараттық және анықтамалық жүйесіне қосу;

2) Қазақстанның аумағында халықаралық көлік дәліздеріне және орталық-азия өңірінде бар көлік тораптарына арналған тауар ағыны қызметінің реттеуіштері ретінде сауда-логистикалық орталықтарын құру, атап айтқанда:

Кеден одағы елдерінің сауда-экономикалық қатынастарын ұйымдастырудың базалық элементтері ретінде республиканың шекаралық аумақтарында және стратегиялық көлік тораптарында, ең алдымен, шекаралар орналасқан өңірлерде – Алматы, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көліктік-логистикалық объектілерді (орталықтарды) құру;

елдің ірі тұтынушыларының нарығы маңынан, Астана, Алматы, Шымкент, Орал, Қызылорда қалаларында логистикалық жүйелер құру;

«Қорғас» және «Тасқала» (Батыс Қазақстан облысы) – Озинки (Ресей) шекаралық өту пункттерінде жоғары инвестициялық әлеуеті бар Алматы облысында Орталық Азия темір жолдары мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль дәлізі – бар халықаралық автомобиль және темір жол көлік дәліздерінің көліктік ресурстарын біріктіретін, көлік тораптарында орналасқан аумақтар ретінде көліктік-логистикалық орталықтары жүйесін құру;

«Қорғас-Шығыс қақпа» шекаралық сауда-экономикалық аймағы» арнайы экономикалық аймағы, «Тасқала – Озинки» шекаралық сауда-экономикалық аймағы» және «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы құрылымының шекара маңы аумағында халықаралық көліктік-логистикалық орталықтарды біріктіретін Қазақстанның бірыңғай логистикалық жүйесінің жол картасын (моделін) әзірлеу;

халықаралық көлік жолдары бойында жол бойы инфрақұрылымы (сервисі) құрылысы үшін жер телімін бөлуді және осы объектілерге инженерлік-байланыс инфрақұрылымын жеткізіп беруді қамтамасыз етуді қарастыру. Отандық өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.

Кедендік-тарифтік саясат. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағы жұмыс істейді, ол әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін бірқатар артықшылықтар ұсынады, өткізу нарығын кеңейтуге, тауарлардың экспорты кезінде көліктік және кедендік шығыстарды азайтуға, Ресей мен Беларусия арқылы тауарларды тасымалдау кезінде салық салу жүйесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, 2011 – 2014 жылдарда Қазақстанды мемлекеттік реттеудің жекелей және Кеден одағы шеңберінде мынадай жолдармен жетілдіру қажет:

1) құқықтық базаны жаңа талаптар арқылы бейімдеу:

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында экспортты дамыту және жылжыту мен экспортты экономикалық ынталандыру құралдары жөніндегі Ұлттық ұйымның құқықтық мәртебесін бекіту, сондай-ақ оған мыналардың бөлігінде тарифтік квотаны қолдану тетігін енгізу;

Кеден одағы шеңберінде тараптардың ұстанымдарын тиімді келісуге және оларды ұлттық ұйымдардың шешімдері шеңберінде ескеруге мүмкіндік беретін ережелерді, рәсімдерді және регламенттерді әзірлеу және енгізу, бұл кеден одағының ұлттық ұйымдардың жұмыс істеуінің тиімді және шұғыл тетіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

2) төмендегі әдістер арқылы өндірісті жаңартуды ынталандыру және қазақстандық өнімнің бәсекелестігін арттыру:

отандық өндірістердің технологиялық деңгейін көтеруге ықпал ететін және Кеден одағы елдерінде ұқсастығы жоқ өндірістік мақсаттағы жоғары технологиялық жабдықтарды, жинақтауыштар, дайын бұйымдарды әкелу үшін жағдайлар жасау (Кеден одағының әкелу кедендік баждары ставкаларын төмендету немесе нөлге түсіну жөніндегі комиссиясының отырысына ұсыныс әзірлеу);

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны және салалық бағдарламаларды іске асыруға нысаналы негізде байланысты, сондай-ақ Кеден одағы бойынша әріптес елдердегі ұқсас құжаттардың әкелу және әкету баждарын өзгерту кестесін бекіту;

кеден тарифінің эскалация деңгейін көтеру және жиынтықтауыштарға арналған әкелу баждарын азайту/нөлге түсіру;

3) бағаның тез, оның ішінде маусымдық сипаттағы ауытқуын болдырмау, сондай-ақ аграрлық саладағы (маусымдық баждар, бағалық диапазондардың негізіндегі баждары, тарифтік квоталар) импортты реттеу үшін арнайы құралдарды пайдалану бойынша Кеден одағы комиссиясының отырысына ұсыныстар әзірлеу арқылы өндірушілер мен тұтынушылар мүддесінің теңгерімін қамтамасыз ету. Осы шараларды қолдану өндірістің тұрақты мониторингі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің және азық-түлік тағамдарының маңызды түрлерін сату негізінде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясат шараларын ескеру қажет;

4) шикізатты қайта өңдеу және одан жасалған дайын өнімдерді өндіру бойынша, сондай-ақ фискалдық мақсаттарда әкетілген кедендік баждарды белгілеу және әкімшілік ету тетіктерін жетілдіру. Бұл ретте өткізу нарықтарын шығынға әкелмес үшін әлемдік нарықтардағы қазақстандық тауарлардың бағалық бәсекеге қабілеттілігін ескерген жөн;

5) Кеден одағы шеңберінде Қазақстан ұсынған шешімдердің негіздемелік базасын күшейту, олардың әлеуметтік-экономикалық және сауда-саяси салдарларын болжау, сондай-ақ кейіннен кедендік-тарифтік реттеудің алдын ала шараларының жоспарын әзірлеу үшін сыртқы ортада өсіп келе жатқан қатерлермен және халықаралық сауда үдерісінде Қазақстанның жылдам тартылумен байланысты сыртқы экономикалық салада мониторинг жүйесін құру.

6) Сауда саясаты мәселелері бойынша ақпараттық ресурстардың бірыңғай базасын құру арқылы Кеден одағы шеңберінде әзірленетін және қабылданатын шешімдерді талқылауға іскер топтарын тарту.

Тарифтік емес реттеу шаралары. Тарифтік емес реттеу шаралары қаржылық, техникалық, кредиттік және сауда саясаты шараларын, сондай-ақ экологиялық саясат іс-шаралары, адам денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға бағытталған шаралардың ауқымды біртекті тобын қамтиды. Осы шараларды біршама түрде пайдалану тауарлар мен қызметтердің сыртқы нарығы үшін кедергі жасайды.

Осыған байланысты 2011 – 2014 жылдарда мыналар:

1) нарықта бәсекеге қабілетті жағдайдың бұзылуы, тауарларды орналастыруды шектеу кезінде жекелеген түрлердің экспортына және/немесе импортына айрықша құқық беру тәжірибесін қысқарту. Әлемдік тәжірибеде импортқа және (немесе) экспортқа айрықша құқық беруді монополистік шаралар деп те атайды – бұл шаралар мемлекеттік өнімдердің экспортына (импортына) жекелеген шаруашылық субъектілеріне айрықша құқық беруді болжайтын, оның ішінде монополистік жағдайды құру, бір немесе шектелген тұлғалар тобына экономикалық, әлеуметтік не қаржылық себептері бойынша айрықша құқық беру салдарының шаралары. Осылайша, бүкіл импорты немесе жекелеген тауарлардың импорты мемлекеттік органдар не мемлекет бақылайтын кәсіпорындар арқылы өтуі тиіс. Жекелеген жағдайда жеке салаға айрықша құқық беріледі, бұл нарықтың басқа қатысушыларын ығыстырады.

2) сыртқы сауда саласында лицензиялауға жататын тауарлар тізбесін кезең-кезеңі бойынша Кеден одағы отырысына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ лицензия алу процесіне байланысты рәсімдер мен құжаттамаларды оңайлату;

3) Кеден одағы келісімдерінің нормаларын ДСҰ нормаларына сәйкес келтіру мақсатында тарифтік емес реттеу шараларының жүйесін жетілдіру;

4) Қазақстандық тауарлардың Кеден одағына мүше елдерінің нарығына қол жеткізуіне қатысты кедергілерге жол бермеу мақсатында тарифтік емес реттеу шараларының мониторингін жүргізу.

Тауарлардың импорты кезінде ішкі нарықты қорғау.

Кеден одағы құрылғанға дейін Қазақстанда әлемнің барлық елдерінен, оның ішінде Кеден одағы елдерінің импортына қатысты демпингке қарсы және өтемдік шараларын қабылдау мүмкіндігі болды, ал арнайы қорғау шаралары шығу еліне қарамастан барлық импортқа қатысты болды. 2010 жылғы шілдеден бастап сауда шаралары тек Кеден одағына кірмейтін елдерде өндірілетін тауарларға қатысты қабылдануы мүмкін.

Халықаралық құқық жүйесінде сауда шараларын қолдану 1947 жылғы ГАТТ-тың VI және XIX баптарымен және ДСҰ-ның ГАТТ-тың VI бабын қолдану туралы, субсидиялар мен өтемдік шаралары туралы және арнайы қорғау шараларын қолдану туралы Келісімдерімен реттелетінін атап өткен жөн. Әлемдік саудада барынша таратылған демпингке қарсы шаралар болып табылады – ДСҰ статистикасына сәйкес 1995 жылдан бастап 2008 жыл аралағында ДСҰ-ға мүше елдер 6000-ға жуық тексерулер жүргізген.

Жалпы алғанда, Сауда шаралары бойынша ДСҰ-ның құқықтық базасы мүше елдерге, егер тауарлар импортының өсуі қатерлер немесе отандық өндірістерге шығын келтірген жағдайда ішкі нарықты қорғауға; сауда әріптестері тарапынан әділетсіз сауда жағдайында отандық өндірушілердің мүддесін қорғау үшін шаралар қабылдауға; ДСҰ-ның басқа мүшелері тарапынан сауда шараларын негізсіз пайдаланған жағдайда отандық экспорттаушыларды кемсітушіліктен қорғауға мүмкіндік береді.

Сауда шараларын пайдалануда көшбасшы елдер мыналар болып табылады: Үндістан, Бразилия, Аргентина, Түркия, ЕС, АҚШ, Австралия, Канада, Қытай, ОАР. Ұлттық өндірістерді қорғау үшін ДСҰ мүмкіндігін табысты пайдаланатын дамыған елдердің сауда шараларын белсенді қолдану үрдістері байқалуда. Оларға қарсы сауда шаралары жиі қолданылатын елдер: Қытай (50%-дан астам), Таиланд, Тайвань, Индонезия, Корея, АҚШ, Үндістан және Ресей.

Осыған байланысты 2010 – 2014 жылдарда мыналарды:

1) Кеден одағы шеңберінде ауысу кезеңінде тексеру жүргізудің уақытша тетігін әзірлеу. 2010 жылғы шілдеден бастап Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану туралы келісім күшіне енді, бұл ретте Кеден одағы шеңберінде білікті мамандармен толыққанды жұмыс істейтін құзыретті органды құруға қосымша уақыт қажет болады. Осыған байланысты, осы уақытта Кеден одағының өндірушілері жосықсыз немесе тез өсетін импорттан қорғау мүмкіндігінен айырылып қалмас үшін тиісті тетіктер әзірлеу қажет;

2), өндіріске қауіп төндіретін немесе өз бастамасы бойынша тексеруге бастамашылық жасау мәселесін құзыретті органның қарауына кейіннен ұсыныстар әзірлеу үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін импорттың айтарлықтай көлемін анықтау мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде басым салаларға жататын салаларға мониторинг жүргізу;

3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану туралы өтінімді дайындау мен беру кезінде қазақстандық өндірушілерге жәрдемдесу, сондай-ақ оларға қатысты тексеруге бастамашылық жасалған және үшінші елдерде сауда шараларын қолданатын қазақстандық экспорттаушылардың мүддесін қорғауға мамандандырылған талдау тұғырнамасын құру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет