Міндеттері
|
- ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыру (бірлесіп қаржыландыру, саланы кадрлық қамтамасыз ету);
- биржалық және электрондық сауданы жедел дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
- сауда қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарына сәйкес келтіру;
- көтерме сауда жүйесін халықаралық транзиттік желіге ықпалдастыру;
- Қазақстан аумағындағы қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін дамыту, экспортқа бағдарланған жаңа өндірістерді қалыптастыру және жоғары технологиялық секторға шетелдік капиталды тарту үшін қолайлы жағдай жасау;
- сыртқы нарықтарға қазақстандық өнімді жылжыту үшін қолайлы жағдай жасау;
- ішкі саудаға қатысушыларға сервистік қолдауды (ақпараттық, талдау және өзге) ұйымдастыру.
|
Нысаналы индикаторлар
|
Өткен жылға %-бен санағанда бөлшек тауар айналымы (ағымдағы бағада) өсуінің жыл сайынғы қарқынын 2014 жылдан бастап кемінде 106 %-ға, атап айтқанда, 2010 жылы – 100%-ға, 2011 жылы – 102%-ға, 2012 жылы 103%-ға, 2013 жылы – 104%-ға жеткізу;
өткен жылға %-бен санағанда бөлшек сауданың нақты көлем индексінің жыл сайынғы өсуін 2010 жылы – 108%-ға, 2011 жылы – 104%-ға, 2012 жылы – 104,1%-ға, 2013 жылы – 104,4%-ға, 2014 жылы – 105,3%-ға жеткізу;
2014 жылға қарай бөлшек сауда алаңдарының (базарларды қоса алғанда) жалпы көлемінде сауда кәсіпорындары алаңдарының үлесін 30%-ға ұлғайту;
2014 жылға қарай 1000 адамға шаққанда сауда алаңдарымен қамтамасыз етілу үлесін 30%-ға ұлғайту;
бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде қазіргі заманғы сауда пішімдерінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу;
1 шаршы метр сауда алаңына арналған сату көлемдерін (базалық жыл бағасында) 40%-ға ұлғайту;
бөлшек нарықтың шоғырлануының деңгейін 7%-ға дейін ұлғайту;
ашық баға белгілеуді арттыру мақсатында тауар айналымының жалпы көлемінде биржалар арқылы сауда операциялары көлемінің үлесін 2010 жылы – 0,8%-ға, 2011 жылы – 0,9%-ға, 2012 жылы – 1,0%-ға, 2013 жылы – 1,1%-ға және 2014 жылы – 1,2%-ға дейін ұлғайту,
өткен жылға %-бен санағанда сыртқы сауда айналымы өсуінің жыл сайынғы қарқынын 2010 жылы – 110,0%-ға; 2011 жылы – 106,2%-ға, 2012 жылы – 105,0%-ға; 2013 жылы – 103,7%-ға; 2014 жылы – 104,1%-ға жеткізу;
Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағын қалыптастыруды аяқтау;
Кеден одағына мүше елдердің импорттық кеден баждарының ставкаларын біріздендіру (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы) – 2010 жылы – 96% деңгейінде, 2011 жылы– 96% деңгейінде, 2012 жылы – 97% деңгейінде, 2013 жылы – 99% деңгейінде және 2014 жылы – 99% деңгейінде; Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыруды аяқтау;
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру.
әлемдік сауда жүйесіне тартылушылық бойынша ДЭФ рейтингін 80 орынға дейін жоғарылату.
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі
|
Іс-шараларды іске асыруға 2011 жылы республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 007 «Экономика, сауда және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулерді жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 20 млн. теңге, 2012 жылы – 35 млн. теңге, 2013 жылы – 25 млн. теңге бөлінетін болады. Іс-шараларды іске асыруға 2014 жылы қажетті қаражат 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің шеңберінде қарастырылатын болады.
Бағдарламаны қаржыландыру даму институттарының қаражаты, кәсіпорындардың өз қаражаты, отандық және шетелдік инвестициялар есебінен және республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
|