Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама Мазмұны



бет3/13
Дата03.07.2016
өлшемі1.48 Mb.
#175597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Ішкі сауда.


Әлемдік бөлшек сауданың жалпы айналымы шамамен 14,5 трлн. АҚШ долларына тең, одан шамамен 30% Батыс Еуропа елдерінің үлесіне, тағы 25% АҚШ-тың, 2% – Ресейдің үлесіне келеді. ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2009 жыл үшін Қазақстанның бөлшек тауар айналымы 17,31 млрд. долл. немесе шамамен 2,5 трлн. теңгені құрайды, ол әлемдік бөлшек сауда тауар айналымының 0,12%-ын құрайды.

2005 – 2008 жылдар аралығындағы кезеңде бөлшек сауда секторының жалпы әлемдік айналымы орташа қарқынмен 8,3%-ға өсті. 2009 жылы экономикалық дағдарыс салдарынан бөлшек сауда айналымы 6,4%-ға төмендеуі байқалды. Алайда, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша тауар айналымы қалпына келе бастады.

Іске асырылмаған елеулі әлеуеті бар елдер – Қытай, Үндістан, Бразилия, Ресей әлемдік тауар айналымының дамуына елеулі оң үлес қосады. Бұл елдердің көпшілігінде ішкі сауданы дамыту жөніндегі кешенді мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді.

Бөлшек сауданы дамыту бірқатар факторлармен айқындалады, олардың ішінде мыналар елеулі болып табылады:

халықтың әл-ауқатының деңгейі (Қазақстанда теңгедегі орташа жалақы деңгейі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 31%-ға өсті (нақты көріністе);

халықтың саны 2009 жылы 5,4% өскен (кезең соңына халық санының көрсеткіші бойынша есеп);

халықтың тығыздығы – 2005 жылы Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы ел өңірлерінің неғұрлым жиі қоныстаған өңірлері болды және 2009 жылы да көшбасшылықты сақтады (орташа жылдық халық саны бойынша есеп);

қаржы ресурстарына қолжетімділік (Ұлттық банктің деректері бойынша 2005 жылы заңды тұлғалар үшін 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен теңгедегі кредиттер бойынша орташа банктік ставка 13,9%, ал 2009 жылы – 14,6% құрады);

базалық инфрақұрылымның және инфрақұрылымдық қызметтердің дамуы (2005 – 2009 жылдар кезеңінде ҚР бөлшек тауар айналымының көлемі 27,7%-ға ұлғайды, осы кезеңдегі ҚР сауда кәсіпорындары алаңдарының көлемі 66%-ға ұлғайды).

Қазақстандағы бөлшек сауда.


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушылардың жеке пайдалануы үшін оларға тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет бөлшек саудаға жатады. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлері, базарлар мен автоматтар, дүңгіршектер, автодүкендер, шатырлар, шығарылатын сөрелер арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек сауда дүкендері алаңдары, ассортименті, қызмет көрсету сапасы, техникалық жарақтандырылуы бойынша ерекшеленеді. Жіктеу кезінде оларды сауда алаңдарының көлемдері бойынша бөлу қабылданған, өйткені, «А», «B», «C» санаттарына бөлу бөлшек сауда дүкендерін жіктеудің маркетингте ең жиі таралған түрі болып табылады.

«А» санатының дүкендері – бұл сауда алаңы 100 шаршы метр2 астам дүкендер (бұдан әрі – шаршы м). Мұндай дүкендер көп ассортиментімен, клиенттердің ағынын жоғары өткізу қабілетімен, қолма қол ақшасыз есеп айырысудың техникалық мүмкіндіктерімен, жоғары сервис деңгейімен, жеткізу мен сақтауға арналған төмен үлестік шығындармен, неғұрлым жоғары еңбек өнімділігімен ерекшеленеді. Дәл жоғарыда аталған артықшылықтар себебі бойынша сауда желілері осы пішімдердегі дүкендерде жұмыс істегенді қалайды. Іскерлік әдебиетте және бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазіргі заманғы пішімдер» терминін пайдалану кезінде негізінен «А» санатының дүкендерін білдіреді.

«В» санатының дүкендері – бұл сауда алаңы 50-ден 100 шаршы м. дейінгі дүкендер. Сауда желілері сауда нүктелерінің бұл санатына онша барғысы келмейді, өйткені, мұндай нүктелер жеткізу мен сақтауға неғұрлым жоғары операциялық шығындарға және әкімшілік сипатындағы шығыстарға ұшырайды.

«С» санатының дүкендері – бұл сауда алаңы 50 шаршы м. аспайтын дүкендер. Бұл санат Қазақстанда неғұрлым көп таралған. Мұндай дүкендер басқаруға және есепке алуға өз талаптарында өте таңдамаушылығымен ерекшеленеді. Мұндай дүкендердің тауар айналымының жеке бөлігі көбінесе тіркелмейді, азық-түліктерді қалыпты сақтау үшін жағдай болмауы мүмкін. Бұл дүкендерде азық-түліктерді жеткізуге және сақтауға жоғары шығындар, жоғары сатып алу бағалары, шектелген ассортимент, сапасыз сервис бар. Осы санат дүкендерінен сауда желісін ұйымдастыру қиын, өйткені, клиенттердің және тауарлардың өткізу қабілеті өте шектеулі, ал үлестік операциялық және әкімшілік шығыстары неғұрлым ірі дүкендерге қарағанда елеулі жоғары. Мұның бәрі, тұтастай алғанда, осы санат дүкендеріндегі баға деңгейіне әсер етеді, олар, әрине, неғұрлым ірі пішімдегі дүкендерге қарағанда жоғары.


Бөлшек тауар айналымының көлемі. Арналар бойынша айналымдар


Б
Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі
өлшек тауар айналымы. 2009 жылы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 2 551,4 млрд. теңгені құрады, ол 2008 жылға қарағанда 2,7%-ға аз. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемін қалыптастыруда 51,1% базарлардағы саудаға және жеке кәсіпкерлерге тиесілі.

1997 – 2009 жылдар кезеңінде бөлшек тауар айналымының көлемі 342 млрд. теңгеден 2 551 млрд. теңгеге дейін (ағымдағы бағаларда) яғни 6,4 есе ұлғайды.

Көрcетiлген кезеңде бөлшек тауар айналымының тұрақты өсуi байқалады. Бөлшек тауар айналымының көлемi дағдарысты құбылыстарға байланысты 2,7%-ке төмендегенде, ерекшелік 2009 жыл болды.

Базарлар/Сауда кәсіпорындары.

Бөлшек тауар айналымы құрылымының даму сипаты қызғылықты. Мәселен, егер, 1997 –1999 жылдар кезеңінде «Базарлар» арнасы арқылы бөлшек тауар айналымы үлесінің сенімді ұлғаюы байқалатын болса, онда 2000 – 2008 жылдар аралығында оның сенімді төмендеуі және «Сауда кәсіпорындары (дүкендері)» үлесінің өсуі байқалады. «Базарлар» арқылы сату үлесінің төмендеуі елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруымен және халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруымен байланысты.

Е
Дереккөзі. «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ


гер 1999 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес базарлардағы және жеке кәсіпкерлермен сауда үлесі 77% құрайтын болса, онда енді 2008 жылы ол 40% дейін төмендеді және бір мезгілде «Сауда кәсіпорындарының» үлесі 23%-дан 60% дейін немесе 2,6 есе астамға өсті. Алайда, 2009 жылы экономикалық жағдайдың нашарлауымен байланысты «Сауда кәсіпорындары» арқылы тауар айналымы республиканың барлық бөлшек тауар айналымының 49%-на дейін күрт төмендегенін қайта көрсетті.

Қазақстан бойынша сауда алаңдарының құрылымы.


Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 1 қаңтарға 2005 – 2009 жылдар кезеңінде сауда алаңдарының көлемі 1 811 мың шаршы. м-ден 3 075 мың шаршы м-ге дейін немесе 53% ұлғайды. Бұл ішінара бөлшек сауданың инвестициялық тартымдылығы коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған бағаның өсуінің күшеюімен және бағаның одан әрі ұлғаюын күтумен жылжымайтын мүлік нарығындағы серпіліспен байланысты болды. Бұл кезеңде банктер сауда кәсіпорындарына да және халыққа да жаппай кредиттер берді (тұтынушылық кредиттер).

Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Өңірлік бөліністе бұл кезеңде сауда алаңдарының неғұрлым өсімі Астанада байқалды – 223%, ол, атап айтқанда, бас қаланың сол жағалауының дамуымен байланысты болды. Сауда алаңдарының өсу қарқыны бойынша екінші орында «мұнайлы» Атырау облысы болды – 203%. Сауда алаңдары елеулі өсті, Алматыда – 98%, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында – тиісінше 95%, 77% және 74%.

Сауда алаңдарының көлемінің ең аз өсуі Солтүстік Қазақстан (26%), Жамбыл (26%), Алматы (21%) облыстарында байқалды.

Ел бойынша сауда алаңдарының құрылымы. Республика бойынша сауда алаңдарының құрылымында неғұрлым үлес салмақ барлық сауда алаңдарының 47% – «С» санаты пішіміндегі дүкендерге тиесілі, екінші орында – «А» санатындағы пішімге (33%) тиесілі. «В» санатындағы дүкендерге сауда алаңдарының 16%, ал «Дүңгіршектер» пішіміне – бар болғаны 4% келеді.



Дереккөзі: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

«А» санатындағы дүкендердің неғұрлым көп үлесі Астанада байқалады – 48%, «В» санаты әсіресе, Батыс Қазақстан облысында – 22% және Алматыда – 19% ұсынылған.

«С» санатының дүкендері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көшбасшы болып табылады – 68%. Бөлшек сауда нүктесі сияқты дүңгіршектер ең алдымен Қызылорда облысында кең таралған – 13%.

Осы өңірлік шолудан көрінетіндей «А» және «В» санаттарындағы сауда пішімдерінің әртүрлі өңірлерде қамтамасыз етілуінің елеулі саралану проблемасы бар. Мәселен, батыс өңірі олармен неғұрлым қамтамасыз етілген болып табылады, онда басқа облыстармен және тіптен, астанамен салыстырғанда әлеуетті жоғары төлем қабілеті сұранысы бар. Бөлшек сауда сегментінде ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместігі көрініп тұр.

Сауда алаңдарымен қамтамасыз етілу. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне негізінде жүзеге асырылған «Сауда саясатын дамыту орталығы» Акционерлік Қоғам есептеріне сәйкес 2009 жылдың басында республиканың 1000 тұрғынына яғни, дүңгіршектерді/дүкеншіктерді қоса алғанда, бірақ сауда базарларын есепке алмағанда сауда кәсіпорындарының барлық түрлерінің 176 шаршы м. келеді. Бұл ретте, 176 шаршы м, тек 58 шаршы м. немесе 33% «А» санатындағы дүкендерге келеді, ал «С» санатындағы пішімге 83 шаршы м. немесе 47% келеді.

Барлық өңірлердің ішінен сауда алаңдарымен Алматы қ. (456 ш.м.), одан кейін Астана қ. (389 ш.м.) және СҚО (292 ш.м.) жақсы қамтамасыз етілген. Сауда алаңдарымен қамтамасыз етілу бойынша ең нашар жағдай Алматы (70 ш.м.) және Оңтүстік Қазақстан (69 ш.м.) облыстарында байқалады, бұл осы өңірлердегі сауданың дүкендермен емес басым түрде базарлар арқылы дамығанын көрсетеді.


Дереккөзі: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Базарлардың сауда алаңдары.


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2008 жылы «Базарлардың» ең көп алаңдары Алматы облысында орналасқа – 1 120 мың шаршы м. немесе республикадағы барлық базарлардың 20%.

Оңтүстік Қазақстан облысында 825 мың шаршы м. немесе базарлардың жалпы алаңының 15% орналасады. Алматы базарлардың алаңы бойынша үшінші орында тұр – 635 мың шаршы м (11%). Шамамен тең алаңдар Астанаға (430 мың шаршы м немесе 8%), Жамбыл (397 мың шаршы м немесе 7%) және Шығыс Қазақстан облыстарына (377 мың шаршы м немесе 7%) тиесілі.



Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Базарлар алаңдарының ең аз үлесі Солтүстік Қазақстан (161 мың шаршы м. немесе 3%), Қызылорда (152 мың шаршы м. немесе 3%), Павлодар және Қостанай облыстарында (шамамен 140 мың шаршы м. немесе 2%-дан) байқалады.

Қазақстан және өңірлер халқының сауда және базар алаңдарымен қамтамасыз етілуінің арақатынасы. Республика халқы дүкендерге жататын алаңдарға қарағанда (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Сауда кәсіпорындары» жіктемесі бойынша) базарларға жататын алаңдармен елеулі дәрежеде қамтамасыз етілген (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Базарлар/ЖК» жіктемесі бойынша). Орташа алғанда, «Сауда саясатын дамыту орталығы» Акционерлік Қоғам есебіне сәйкес республика бойынша 1000 адамға олардың алаңдары 67% (352 шаршы м.) және 33% (176 шаршы м.) ретінде сәйкес келеді.



Дереккөзі: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Өңірлер бөлінісінде барынша позитивті көрініс Қостанай облысында байқалады, онда сауда алаңдарының 60% дүкендерге және 40% – сауда базарларына келеді. Шығыс Қазақстан облысында дүкендер мен базарлардың алаңдары шамамен бірдей – 50% және 50%. Жамбыл, Атырау және Алматы облыстарында 78%, 84% и 86% алаңдар сауда алаңдарына тиесілі. Бұл арақатынас тұтынушылардың батыс және оңтүстік өңірлерде бөлшек саудадағы дүкендерге, ал кейбір өңірлерде – баға өлшемдерінің салдарынан базарларға басымдық берумен байланысты туындаған. Тауар айналымының тиімділігі.

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есептеріне сәйкес бөлшек сауда алаңдарының 1 шаршы метріне республика бойынша орташа алғанда жылына 800 мың теңгеден келді.


Дереккөзі: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

Сауда алаңдарының барынша тиімді жүктемесі Алматы қ. және Ақтөбе облысында байқалды, онда 1 шаршы м. сауда алаңдарында бір жылда 1 млн. 200 мың теңгенің сомасына өнім өткізілген, бұл республика бойынша орташа алғандағыдан шамамен екі есе жоғары. Сауда алаңдарының ең аз тиімділігі 2009 жыл үшін 1 шаршы м. Қостанай облысында – 392 мың теңге және Солтүстік Қазақстан облысында – 315 мың теңге байқалды.

Шоғырлану деңгейі

Базарларды шоғырландыру бөлшек сауданы дамытудың маңызды көрсеткіші болып табылады, базарларды шоғырландыру деп бір емес, бірнеше бөлшек сауда нүктелері бар, яғни, дүкендер немесе сауда желісі бар сауда кәсіпорындары жүзеге асыратын тауар айналымы/сату түсініледі.

Қ


Дереккөзі: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

азақстанда азық-түлік тауарлары базарларының шоғырлануы 5% аспайды. Ресейде Бөлшек сауда компаниялары қауымдастығының бағалауы бойынша жергілікті бөлшек базардың шоғырлануы барлық тауар айналымының 11%-на жетеді. Осындай елеулі айырмашылықтың негізгі себептерінің бірі Қазақстанда Ресейге қарағанда «А» санатындағы сауда пішімдерімен қамтамасыз етушілік елеулі төмен болып табылады, ал сауда желілері, мысалы, азық-түлік тауарларын сату жөніндегі сауда желілері негізінен «А» пішімінде жұмыс істейді. Сондай-ақ бөлшек тауар айналымының шоғырлануына үлкен деңгейдегі кедергі базарлар арқылы өнімдерді сатып алудан тұратын тұтынушылардың тәртіп моделі болып табылады.

Қазақстандағы шоғырландырылған базарлардың болмау себептерінің ішінде Қазақстандағы халық санының және тығыздығының төмендігін атап өтеміз, ол Ресейде байқалатын бизнес үшін ауқымды емес. Бұл батыс және Ресей сауда желілері әзірге қазақстандық нарыққа шығу мүмкіндігінің өте мұқият қарастыратынының басты себебі болып табылады.

Осылайша, үлесіне тауар айналымының 51% және сауда алаңдарының 67% келетін базарлардың басымдығы Қазақстанның сауда секторында сауданы өркениетті дамытуға жәрдемдеспейді.

Базарларда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейі жоқ, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды және салықтардың жиналуын қамтамасыз ету қиын. Бұдан басқа, тиісінше базарларда тауар ағынының көлемдерін, құрылымын, серпінін талдау мүмкін емес.

Саудасы дамыған елдерде базарлар бөлшек сауданың ескі нысанына жатады және іс жүзінде пайдаланылмайды немесе мамандандырылған бағыттар бойынша (мысалы, халық қолөнері бойынша) жұмыс істейді.

Бұрын атап өткеніміздей, республикадағы «уақыты өткен пішімдер» деп аталатын, яғни, «B», «C» және «Дүңгіршектер» санатындағы дүкендердің басымдығы көрініс береді, оларға дүкендердің барлық алаңдарының 67% тиесілі. Бұл санаттар алаңдардың шектелген көлемдерімен, төмен өткізу қабілетімен, жоғары үлестік шығындармен сипатталады, яғни, сауда қызметін шоғырландыру үшін негіз бола алмайды.

Дүкендердің, сондай-ақ, базарлардың әртүрлі санаттарының артықшылықтары мен кемшіліктері кестеде егжей-тегжейлі келтірілген.


Бөлшек сауда арналарының және пішімдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері


БӨЛШЕК САУДА АРНАЛАРЫ МЕН ПІШІМДЕРІ ТИІМДІЛІГІНІҢ ӨЛШЕМДЕРІ

Базарлар/ЖК

«B»/«C»/«Дүң-гіршектер» санатының дүкендері

«А» санатының жеке дүкені

Сауда желісі

МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕЛЕР

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Іс жүзінде жоқ дерлік

Төмен

Орташа

Жоғары

Мониторинг және статистика мүмкіндігі

Іс жүзінде жоқ дерлік

Төмен

Орташа

Жоғары

Отандық өндірушіні қорғау және жылжыту

Іс жүзінде жоқ дерлік

Іс жүзінде жоқ дерлік

Төмен

Жоғары

Салықтардың жиналуы

Төмен

Төмен

Төмен

Жоғары

Санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау

Төмен

Төмен

Орташа

Жоғары

ІШКІ ҮДЕРІСТЕР

Жеткізушіден жеңілдіктер мен тауар кредиттерін алу мүмкіндігі

Іс жүзінде жоқ дерлік

Іс жүзінде жоқ дерлік

Төмен

Жоғары

Қазіргі заманғы жоспарлау жүйелерін пайдалану

Іс жүзінде жоқ дерлік

Іс жүзінде жоқ дерлік

Төмен

Жоғары

Басқарушы кадрлық ресурстардың сапасы

Төмен

Төмен

Орташа

Жоғары

Менеджмент пен штатқа арналған үлестік шығындар

Жоғары

Жоғары

Орташа

Төмен

Үшінші тұлғалар қызметінің құны (көлік компаниялары, консультациялар және т.б.)

Жоғары

Жоғары

Орташа

Төмен

Логистикалық инфрақұрылымды пайдалану тиімділігі (көлік, қойма, тоңызатқыштар, жүкшілер және т.б.)

Төмен

Төмен

Орташа

Жоғары

Логистикаға арналған үлестік шығындар

Жоғары

Жоғары

Орташа

Төмен

Өндірушілермен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігі

Төмен

Төмен

Орташа

Жоғары

САТЫП АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

Ұсынылатын бағалар

Орташа

Жоғары

Орташа

Төмен

Ассортименттің ауқымдылығы

Төмен

Төмен

Жоғары

Жоғары

Жарнама компанияларының тиімділігі

Жоқ

Жоқ

Төмен

Жоғары

Адалдықтың тиімді дисконттық және өзге де бағдарламалары

Жоқ

Жоқ

Төмен

Жоғары

Кестеде келтірілген факторлар баға үстемелерінің төмен деңгейімен сауда қызметін жүргізудің мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мысалы, Батыс Еуропаның, METRO, REAL, Auchan, Carrefour сияқты және басқа да сауда желілері 3 – 4%-да «Өндіруші – Сауда Желісі» тізбегіндегі орташа баға үстемесі кезінде жұмыс істейді, ол операциялық тиімділігіне және олардың қызметінің ауқымының тиімділігіне негізделген.

Ұсақ дүкендер, базарлар және тіптен, «А» санатының жекелеген дүкендері бөлшек желілермен салыстырғанда бәсекелестік қабілеті жоқ екені мәлім және елде әлсіз инфрақұрылымдық дамуға және бөлшек саудадағы инвестициялардың жеткіліксіз деңгейіне, сәйкесінше, сауда үстемелерінің үлкен деңгейіне байланысты ғана жұмыс істеуін жалғастырады.

Осылайша, әртүрлі пішімдердегі өңірлік бөліністе бөлшек сауда алаңдарына шолу жасау және олардың тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізу қазіргі заманғы сауда пішімдері мен сауда желілерінің дамуының артықшылықтарын көрсетеді. Дамыған елдер осы жолмен жүріп өтті және Қазақстан да осы жолмен жүретіні айқын.


Көтерме сауда.


Көтерме сауда – бұл жеке, отбасылық, үй және өзге де осындай пайдаланумен байланысты емес кейіннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арнаған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Көтерме сауда бөлшек сауданы жүзеге асыру орнын алыс, оқшауланған жерлердің болуы кезінде мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерінде және базарларда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда көтерме тауар айналымы (ағымдағы бағада) 127,5%-ға ұлғайып, 6 872,3 млрд. теңгені құраған. 2009 жылы көтерме тауар айналымында азық-түлік тауарларының үлесі 16,9%, азық-түлік емес тауарларының үлесі – 83,1% құрады.

Соңғы бес жылда елдің көтерме тауар айналымындағы елеулі үлесті Алматы алады – 3 075,3 млрд. теңге немесе көтерме сауданың жалпы көлемінен 45%. Екінші көрсеткіш Астана қ. бойынша 1 002,5 млрд. теңге (немесе 15%) мөлшерінде, үшінші орында – Қарағанды облысы (495,1 млрд. теңге немесе 7%).

Соңғы бес жыл үшін көтерме сауда көлемдерінің жыл сайынғы өсуінің неғұрлым көп пайызы Астанада (64%), ең төмені – Солтүстік Қазақстан облысында (19%) байқалды.

Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

2008 жылы республиканың көтерме сауда құрылымында ең көп үлесті мұнай өңдеу өнімдері – дизель отыны мен автомобиль бензині, сондай-ақ, қара металдар мен астық, яғни, халық тұтыну емес тауарлары мен азық-түліктік емес тауарлар алды.

Алматы бойынша базар үлесінің және көтерме сауданың өсуінің жоғары көрсеткіштері бұл қаланың айрықша рөлімен түсіндіріледі. Алматы аса ірі автопаркі бар қала (ЖЖМ елеулі тұтыну және автомобилдерді көп сату), сондай-ақ тамақ өнімдерін елеулі бөлігін орналастыру орны (сыра, шарап, ас суын, шырындарды және сүт және кондитер өнімдерін өндіру) болып табылады.

Көлемдерді тең бөлінбеуі себептерінің бірі өзара байланыстардың бұзылуы және көтерме сауда кәсіпорындарында меншікті айналым қаражатының жеткілікті көлемінің болмауы болып табылады, бұл көбінесе ірі өткізу базарларының маңында, яғни өнімді тұтынудың неғұрлым көп деңгейі бар өңірлерде тауарлардың үлкен көлемінің шоғырлануына алып келеді.

Осылайша, Қазақстандағы көтерме сауда бүгінгі күні ең алдымен, ЖЖМ, астық, қара металдар, құрылыс материалдары сияқты тұтынушылық емес тауарлардағы қажеттілікті қамтамасыз ете отырып, сауданың жеке буыны болып табылады. Көтерме сауда бөлшек саудамен байланыстырушы буын рөлін атқармайды, тауар ағындарын реттегіш функциясын орындамайды, бұл ондағы айналыстағы тауарлардың құрылымынан көрінеді, мұнда бөлшек саудада өткізілетін тауарлардың түрлері айтарлықтай емес.


Биржалық сауда


Биржалық сауда – бұл сауда-саттықтарды, оның ішінде, электрондық сауда-саттықтарды, мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді жүргізу жолымен тауар биржасында жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Республикада 2010 жылғы 1 мамырда лицензия алған 33 брокерлік-дилерлік ұйым және 4 тауарлық биржа қызметін жүзеге асырады: «Еуразия Сауда Жүйесі» тауар биржасы» (ЕСЖ), «Қазақстан» халықаралық тауар биржасы», «Жамбыл облысының» тауарлық биржасы», «Астана» әмбебап тауар биржасы». ҚРСА деректеріне сәйкес 2009 жылы осы биржалардағы мәмілелердің саны 2005 жылмен салыстырғанда 3,7 есе төмендеген. Дегенмен, бұл ретте, сауда-саттыққа шығарылатын тауарлардың көлемі 29%-ға өсті. Жасалған мәмілелердің төмендеу серпінін атап өту қажет. Мәселен, егер 2005 жылы сауда-саттыққа шығарылатын биржалық тауарлардың жалпы көлемінен мәмілелер тауарлардың 84% бойынша жасалған болса, 2009 жылы – 58% бойынша жасалды.
Қазақстан Республикасында 2005 – 2009 жылдар аралығындағы тауар биржалары қызметінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2005

2006

2007

2008

2009

Биржалар саны, бірлік

12

11

9

10

9

Мәмілелер саны, бірлік

4 200

1 852

1 057

671

1 119

Сауда-саттыққа шығарылатын биржалық тауарлар көлемі, млн.теңге

73 199

28 543

12 068

25 383

94 548

Жасалған мәмілелер бойынша биржалар айналымы, млн.теңге

61 768

28 430

12 030

13 659

55 120

Дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі

Тауар биржаларындағы жасалған мәмілелердің негізгі үлесі мал және өсімдік өнімдеріне, майларына жатады, олардың үлесі бес жылдық кезең үшін жасалған мәмілелердің жалпы көлемінен 61%-ды және 2009 жылы жасалған мәмілелердің 97%-ын құрады. Жасалған мәмілелердегі екінші орынды минералдық өнімдер иеленеді (кендер, отын, мұнай және мұнай өнімдері), олардың үлесі 2005 жылы 75%-дан 2009 жылы 3%-ға дейін төмендеді.

Осылайша, биржалық сауда ел экономикасына елеулі әсер етпейді, атап айтқанда, 2009 жылы көтерме тауар айналымының жалпы көлеміндегі оның үлесі 1% аспайды. 2005 жылдан басталған кезеңде тауар биржаларының саны 3 бірлікке азайды, ол бұл нарықтың құрылымдалмағандығын, жаңа ойыншылардың мүмкін кездейсоқ пайда болуын, бұл бизнестің әлсіз тартымдылығын білдіреді. Сатудың бұл арнасы тұтынушылардың бірде бір тобында (өнеркәсіптік кәсіпорындар, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, дистрибуциялық компаниялар, азық-түлік тауарларын сату жөніндегі трейдерлер, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік компаниялар) жоғары сұранысқа ие емес. Тауар биржалары арқылы өткізілуі мүмкін ресурстар (тауарлар) иелерінің тарапынан ұсыныстар сатудың осы арнасы үлесін ұлғайтуға мүдделі емес.

Баға конъюктурасына тауар биржаларының іс жүзінде әсер ете алмауы мұнда кемшілік болып табылады. Белгілі Лондон тауар биржалары халықаралық сату арнасы функциясын орындаудан басқа, сондай-ақ, әлемді тауарлық нарықтарға елеулі әсер ете отырып, қандай да бір тауарлардың бағасын белгілеуді қалыптастырады, мәселен тауар биржалары арқылы тиісті биржалық тауарлармен 5-тен 20%-ға дейін әлемдік сауда жүреді. Бұл жағдайларда республикада биржалық сауданы дамытуға биржалық тауарлардың тізбесін және олардың қалыптасу кезеңінде қолданылатын тауар биржалары арқылы тауарларды өткізу көлемдерін заңнамалық тұрғыдан айқындауда көрініс беретін ұсынысты белсенді мемлекеттік ынталандыру әсер ете алады.


Электрондық сауда.


Электрондық сауда байланыстың электрондық құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатуға-сатып алуға арналған электрондық саудаға қатысушылардың келісімінің (шартының) негізінде сауда мәмілелерін жасау жолымен жүзеге асырылады.

Ә
Дереккөзі: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

лемдік бөлшек саудада Интернет арқылы сатудың рөлі артады, бірақ, электрондық сауданың ену деңгейі әлі өте үлкен емес және елдер арасында елеулі айырмашылықтары бар. Аумағы шағын алаңдармен және халықтың жоғары тығыздығымен сипатталатын неғұрлым технологиялық дамыған елдерде электрондық сауданың үлесі 5% жетеді және одан да жоғары. Қазақстанда электрондық сауданың перспективасы алыс қашықтықтармен, халықтың тығыз емес қоныстануымен, логистикалық жүйелердің әлсіз дамуымен, Интернеттің сауда функцияларын пайдаланбаумен (және оны салыстырмалы түрде жоғары емес пайдаланумен), көптеген нарықтардың аздаған көлемдерімен және ауқымның тиімділігін төмендететін тұтыну тауарларының сегменттерімен күрделенеді.

Қазақстанда 2009 жылдың соңында Интернетті пайдаланушылардың саны 3,15 млн. адамды немесе 100 адамға 19,8 пайдаланушыны құрады. Бірақ, бұл цифрлар Интернетті тауарлар мен қызметтерді пайдаланушылар ретінде пайдаланатындардың санына қарағанда, электрондық поштаны, желілік қоғамдастықтар мен жаңалық ресурстарын пайдаланушылардың санын білдіреді.

Ұсыныс тұрғысынан соңғы жылдары Қазақстанда электрондық сауда шеңберінде бизнес тарапынан қызығушылық пайда болды, ол әртүрлі бейіндегі жиырмадан астам интернет-дүкендердің, ұялы байланысты төлеу жөніндегі карточкаларды, мультимедиялық өнімді, кітаптарды, сондай-ақ азық-түлікті сату жөніндегі алаңдардың пайда болуымен сипатталады.

Алайда, қазақстандық Интернет пайдаланушылар санының салыстырмалы түрдегі аздығына қарамастан, сарапшылар KZ домендік аймағындағы Интернет сатулардың әлі де елеулі қалып қоюын атап өтуде, бұл осы нарықтың аздаған сыйымдылығымен, сатып алушылардың көпшілігінің сенімсіздікпен қарауымен байланысты болып отыр.

Қазақстанда сауданың бұл түрінің дамуын тежейтін мынадай бірқатар факторлар бар:

Интернетті пайдаланушылардың салыстырмалы түрдегі санының аздығы;

Интернеттің қазақстандық бөлігі контентінің дамымауы, ол KZ домендік аймағындағы Интернетті пайдаланушылар санының аздағы проблемасын қиындатады, өйткені, пайдаланушылардың көпшілігі неғұрлым мазмұнды және әртүрлі Ресей сайттарын пайдалануға артықшылық береді;

қазақстандық компаниялардағы қызметті оңтайландырудың ішкі резервтері, оның ішінде мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету есебінен;

Интернет пайдаланушылар мен қазақстандық бизнестің құпия қаржылық ақпаратты беру кезінде байланыс құралдарының сенімділігіне сенімсіздігі;

Қазақстан, әсіресе өңірлер халқының көп бөлігінің сатып алу қабілетінің төмендігі;

бөлшек сауданың дәстүрлі арналарының жетілмеуі. Бұл арналар жақсы дамыған жерлерде ғана Интернет оларға жаңа сапа алып келеді;

электрондық төлем жүйелерінің салыстырмалы түрде дамымауы;

қазақстандық электрондық бизнес нарығының дамуының әркелкілігі;

оларды пайдаланатын қазақстандық компаниялар үшін электрондық төлем жүйелерінің жоғары құны да маңызды болып табылады (банктердің комиссиялары 3% дейін жетеді).

Дегенмен, дамыған электрондық сауда – бұл технологиялық қажеттіліктің ұлғаюы және өмір бейнесі бойынша күшейе түсетін халықаралық тренд. Алайда, электрондық сауданы бөлшек сауда және сауданың басқа да түрлерінен, қор нарығының және қаржылық қызметтердің дамуынан айырып қарауға болмайды. Бұл аспектіде кәдімгі сауда немесе банктік қызмет үшін технологиялық шешім ретіндегі электрондық сауданың рөлі электрондық сауданың абстрактілік жеке дамуына қарағанда неғұрлым назар аударатын болып көрінеді.

Осылайша, электрондық сауданы дамыту үшін негізгі мағынаға коммуникациялық технологиялар саласындағы инфрақұрылым ие, өйткені ол негізінен оның даму деңгейі мен пайдалану кендігіне байланысты.


Қоғамдық тамақтандыру қызметтері.


Қоғамдық тамақтануға тағам өнімдерін өндірумен, қайта өңдеумен, сатумен және ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет жатады.



Д


ереккөз: ҚР Статистика агенттігі

ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінің саны 2005 – 2009 жылдар кезеңінде 1,6 есе дерлік артты және 22,7 мың мекемені құрады.

Өңірлер бойынша қоғамдық тамақтану қызметтерінің көлемі бойынша жетекші позиция Алматыға тиесілі (28,3 млрд. теңге). Екінші орынды Атырау облысы (14,2 млрд. теңге), үшінші орынды – Астана (9,9 млрд. теңге) алады.

Сонымен бірге қоғамдық тамақтану қызметі нарығының негізгі ерекшеліктері мен үрдістері мыналар болып табылады:

Алматы мен Астанада мейрамхана бизнесінің шоғырлануы;

нарықтың құрылымсыздығы, ірі ойыншылардың болмауы;

объектілердің пішімі бойынша көпшілік қабылдаған стандарттардың жоқтығы, маңдайшадағы жазулар мен мазмұнының жиі сәйкес келмеуі;

шетелдік брендттер санының онша көп еместігі (негізінен түріктердікі);

қоғамдық тамақтану жүйесіндегі франчайзингтің нашар дамуы;

орташа мейрамхана немесе дәмхана қызметінің аз уақытты мерзімі, осы бизнестің жоғары қауіптілігі және шығындылығы;

стихиялық, көбінесе кенеттен болатын, сұраныс, сынып/санат сияқты тұрақты клиенттердің жоқтығы;

әдеттегідей тек қана дисконтты карталармен шектелетін клубтық жүйенің бір жақты дамуы;

персоналды даярлаудың орталықтандырылған жүйесінің болмауы.

Сонымен қатар қоғамдық тамақтану саласы негізінен шағын бизнеспен айналысатынын атап өту керек. Ресейден айырмашылығы Қазақстанда табысты бизнесмен-рестораторлар, оның ішінде өзінің саны онша көп еместігі себепті танымал емес.

Осылайша, аталған сала көп жағдайда оның тұтынуға деген сұранысының өзгеруіне байланысты болады. Оның одан әрі дамуы көбінесе қызметі қызмет көрсету стандарттарын, клиенттер үшін жағдайлардың сапасына бағытталған қоғамдық бірлестіктерді, ұйымдарды дамыту жолымен өзіндік реттеумен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет