Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама Мазмұны



бет4/13
Дата03.07.2016
өлшемі1.48 Mb.
#175597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сыртқы сауда.


Сыртқы сауда деп шығаруды (экспорт) және (немесе) әкелуді (импорт) қамтитын елдер арасындағы сауда түсініледі. Нарықтық экономика жағдайында сыртқы сауда операцияларын кәсіпорындар мен ведомстволар дербес жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекет сыртқы сауда саясатының құралдарын пайдалану арқылы (кедендік-тарифтік саясат, тарифтік емес саясат, тауарлардың импорты кезінде ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, келісімдер жасасу жолымен сауда қарым-қатынастарын дамыту) сыртқы тауар тасқынын реттейді.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен бірлесіп, Кеден одағының шеңберінде жұмыс істейді. Кеден одағын құрудың негізгі міндеті осы аумақтан шығатын тауарларға қатысты бірыңғай кеден аумағын құру, сондай-ақ оларға кедендік баждар мен экономикалық сипатына шектеу қолданылмайтын еркін айналымға шығарылған үшінші елдерден әкелінген тауарлар болып табылады. Бұл ретте қатысушы мемлекеттер бірыңғай кеден тарифін және үшінші елдердің тауарларымен сауда жасауды реттеудің бірыңғай шараларын қолданады.


Сыртқы сауда құрылымы.


Қазақстан үшін Кеден одағының елдері негізгі әріптестердің бірі болып табылады, олардың республиканың сыртқы саудасындағы үлесі 18% құрайды және тұрақты болып табылады.

Тұтас алғанда, Қазақстанның сыртқы сауда серпіні соңғы 5 жылда өсумен сипатталады. Егер 2005 жылы тауар айналымы 45,2 млрд. АҚШ долл. құраса, 2009 жылы сыртқы сауданың деңгейі 71,6 млрд. АҚШ долл. құрап, 58,4% өсті. Салыстыру үшін, Ресей Федерациясында тауар айналымы 2009 жылы 469 млрд. АҚШ долл. (қазақстандық айналымнан 6,5 есе көп), ал Беларусьта 49,8 млрд АҚШ долл. құрады.

Бағыттар бойынша сыртқы саудадағы үлестік салмақ. Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымының үлестік салмағы 2009 жылы 26,3% (немесе 18,8 млрд. АҚШ долл.), ал алыс шетел елдерімен сауда үлесі 73,7% (немесе 52,7 млрд. АҚШ долл.) құрады. Тауар тасқынының бағыттары бойынша сыртқы сауда құрылымындағы едәуір өзгерістер орын алған жоқ. 2009 жылы елдер арасындағы Қазақстанның негізгі сауда әріптестері:

- ЕО елдері (40,2% – 28,8 млрд. АҚШ долл.);

- Ресей (17,4% – 12,4 млрд. АҚШ долл.),

- Қытай (13,2% – 9,5 млрд. АҚШ долл.),

- Украина (4,8% – 3,4 млрд. АҚШ долл.),

- АҚШ (2,8% – 2,0 млрд. АҚШ долл.) болды.

Сыртқы сауда сальдосы. Қазақстандық сыртқы сауда сальдосы экспорттың едәуір көлеміне байланысты оң болып табылады. Сөйтіп, 2009 жылы сальдо 2005 жылмен салыстырғанда (10,5 млрд. АҚШ долл.) 40,9% -ға ұлғайып 14,8 млрд. АҚШ долл. құрады, бұған алыс шетел елдеріне экспорттық жеткізілімдердің артуы есебінен қол жетті. Бұл ретте ТМД елдерімен саудадағы сальдо керісінше теріс болып табылады және (-5,3) млрд. АҚШ долл. құрайды, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 30%-ға төмен.

Оң сальдо ұлттық валюта бағамының өсуі үшін қолайлы фактор болып табылатынын атап өту керек. Алайда оған көбінесе шикізат экспорты, атап айтқанда отын-энергетикалық тауарлар көлемінің (барлық экспорттың 69,5%) өсуі есебінен қол жетті.


Импорт


Негізгі жеткізушілер. Қазақстандық кедендік статистика деректеріне сәйкес 2009 жылы импорт 2005 жылмен салыстырғанда $17,4 млрд. –тан $28,4 млрд. дейін, яғни 63,7%-ға ұлғайды. 2009 жылы Қазақстанға негізгі жеткізушілер алыс шетел елдері болды, оған барлық импорттың 57,5% келді.

Қазақстанға әкелінетін тауарлар. 2009 жылы Қазақстанға әкелінетін негізгі өнім:



Дереккөз: ҚР Қаржымині КБК

Импорттың құрылымы Қазақстан көбінесе дайын өнімдерді, жабдықты, көлік құраларын әкелетініне куәлік береді.

Қазақстанға Кеден одағына мүше елдерден әкелінетін тауарлар. Қазақстандық кедендік статистиканың деректері бойынша Ресейден келетін импорттың үлесіне 31,3% немесе 8,9 млрд. АҚШ доллары, ал Беларустан келетін импорттың үлесіне – 1,3% немесе 367,1 млн. АҚШ доллары келеді.

Қазақстанға Ресейден әкелінетін негізгі өнімдер:

- шикі мұнай – 16,3% (1,4 млрд. АҚШ долл. немесе 6,1 млн. тонна);

- мұнай өнімдері – 7,1% (635,9 млн. АҚШ долл. немесе 1,5 млн. тонна);

- қара металдан жасалған құбырлар – 5,2% (458,2 млн. АҚШ долл. немесе 192,9мың тонна);

- қара металдан жасалған металл конструкциялар – 1,5% (134,8 млн. АҚШ долл. немесе 26,4 мың тонна) болып табылады.

Осылайша, әкелінетін тауарлардың негізгі үлесі Павлодар мұнай-химия зауытында өңделетін шикі мұнайды қоспағанда, түпкілікті пайдалану үшін пайдаланылатын дайын өнімдер болып табылады.

Қазақстанға Беларусь Республикасынан әкелінетін негізгі өнімдер:

- пневматикалық резеңке жаңа шиналар мен доңғалақ тыстары – 10,3% (37,7 млн. АҚШ долл. немесе 500,7 мың дана);

- қызылшадан жасалған қант – 8,6% (31,5 млн. АҚШ долл. немесе 55,9 мың тонна);

- сүт және қоюлатылған қаймақ – 7,4% (27,1 млн. АҚШ долл. немесе 18 мың тонна);

- ұшу аппараттары (тікұшақтар,ұшақтар) – 5,6% (20,6 млн. АҚШ долл. немесе 4дана);

- тракторлар – 5,0% (18,5 млн. АҚШ долл. немесе 1 028 дана);

- астық жинауға немесе ауыл шаруашылық дақылдарын бастыруға арналған машиналар немесе механизмдер – 5,0% (18,3 млн. АҚШ долл.);

-жүк көлік құралдары – 4,3% (15,8 млн. АҚШ долл. немесе 96 дана);

- сарымай – 4,2% (15,3 млн. АҚШ долл. немесе 5 810,3 тонна).

Беларусьтен көбінесе дайын өнімдер де әкелінеді. Бұл ретте ең көп үлес азық-түлік тауарларына (сүт, қант), сондай-ақ машина жасау өніміне тиесілі.

Кеден одағы құрылғанға дейін Қазақстанның кеден-тарифтік саясат көбінесе тұтынушылардың мүддесін қорғады және шын мәнінде отандық өндірістің дамуын ынталандырған жоқ.. Нәтижесінде, бүгінгі күні республикада өндіруге мүмкіндік бар тауарлар импортының едәуір үлесі жоғары. Бұл ретте бұл сипаттама негізінен халық тұтынатын тауарларға және өнеркәсіп өндірісінде пайдаланылатын тауарларға жатады.

Сонымен, кеден-тарифтік қорғаудың орта есеппен 10 – 20% дейін артуы машина жасау, металлургия, құрылыс материалдарын өндіру, химия және мұнай-газ-химия, жеңіл және келешекте фармацевтика саласына оң ықпалын тигізеді. Азық-түлік өнімдері бүгінгі күні елдің нарықтарында ұсынылды және оның негізгі бәсекелесі ТМД елдерінен, оның ішінде Кеден одағы елдерінен әкелінетін тауарлар болып табылады, оларға қатысты кедендік баж қолданылмайды.


Экспорт.


Негізгі сатып алушылар. Қазақстандық кедендік статистиканың деректеріне сәйкес 2009 жылы республиканың экспорты 43,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Өсім 2005 жылмен салыстырғанда (27,8 млн. АҚШ долл.) 55,1% алыс шет елдерге жеткізілімдердің (өсім 53,1%-ға) көбеюімен байланысты. Бұл елдердің қазақстандық тауарлардың негізгі сатып алушылары болып табылатынын және олардың үлесіне барлық экспорттың 84,3% (немесе 36,4 млн. АҚШ долл.) келетінін, сонымен бірге ТМД елдерінің үлесі Қазақстанның жалпы экспортында 15,7% (немесе 6,8 млн. АҚШ долл.) құрайтынын атап өту қажет.

Қазақстаннан шығарылатын тауарлар. Қазақстандық өнімнің экспорттық жеткізілімдері көбінесе шикізаттық сипатта болады. Мәселен, отын-энергетикалық тауарларды шығару (мұнай және мұнай өнімдері) 69,5% ($30 млрд.); қара металлдар – 6,9% ($3 млрд.); бейорганикалық химия өнімдері – 5% (2,1 млрд. АҚШ долл.); кендер, қож, күл – 4% (1,7 млрд. АҚШ долл.) құрайды. Экспорттың ұқсас құрылымы 2005 жылы да болды және іс жүзінде өзгерген жоқ.



Дереккөз: ҚР Қаржымині КБК

Кеден одағына мүше елдерге шығарылатын тауарлар. Қазақстандық кедендік статистиканың деректері бойынша Ресейге экспорттың үлесіне 8,2% немесе 3,5 млрд. АҚШ долл., ал Беларусқа экспорттың үлесіне – 0,1% немесе 54,7 млн. АҚШ долл. келеді.

Қазақстаннан Ресейге шығарылатын негізгі өнім түрлері:

кендер мен темір концентраттары – 13,7% (485,5 млн. АҚШ долл. немесе 8,3 млн. тонна);

тас көмір – 11,6% (412 млн. АҚШ долл. немесе 23,8 млн. тонна);

шикі мұнай – 9,8% (347,3 млн. АҚШ долл. немесе 1,8 млн. тонна);

жасанды корунд – 8,6% (305,2 млн. АҚШ долл. немесе 1,4 млн. тонна);

химиялық радиоактивті элементтер – 7,6% (268,6 млн. АҚШ долл. немесе 3 мың тонна);

темірден жасалған жазық прокат – 6,3% 223,8 млн. АҚШ долл. немесе 277,7 тыс. тонна);

мұнай газдары – 4,7% (168,3 млн. АҚШ долл. немесе 6,7 млн. тонна).

Осылайша, әкелінетін тауарлардың негізгі үлесі шикізат немесе түпкі өнім өндіру үшін пайдаланылатын жартылай фабрикаттар болып табылады.

Қазақстаннан Беларусь Республикасына шығарылатын негізгі өнімдер:

темірден жасалған жазық прокат – 44,7% (24,5 млн. АҚШ долл. немесе 33,1 мың тонна);

салқындай басылған жазық прокат – 17% (9,3 млн. АҚШ долл. немесе 20,7 мың тонна);

конвейерлік таспалар немесе жетек белдіктер – 5,2% (2,8 млн. АҚШ долл. немесе 1 мың тонна);

ыстықтай басылған жазық прокат – 5,1% (2,1 млн. АҚШ долл. немесе 2 мың тонна);

ферроқорытпалар – 3,9% (1,8 млн. АҚШ долл. немесе 4,7 мың тонна) болып табылады.

Беларусьқа сонымен қатар көбінесе не шикізат не кейіннен өңдеу үшін жартылай фабрикаттар шығарылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Кеден одағы құрылғанға дейін Қазақстанның экспортты реттеуге қатысты кеден-тарифтік саясаты көбінесе шикізат пен жартылай фабрикаттар шығаратын отандық кәсіпорындарды қолдағанын, бірақ дайын өнімдерді өңдеуді және кейіннен өндіруді ынталандырмағанын байқауға болады. Нәтижесінде, бүгінгі күні шикізаттық өнімдер мен жартылай дайындалған өнімдер экспортының едәуір үлесі болып отыр. Бұл ретте бұл сипаттама негізінен металлургиялық және мұнай өнімдеріне қатысты. Кедендік-тарифтік қорғаудың орта есеппен 10-20% дейін артқанын ескере отырып, машина жасау, дайын металлургия өнімдерін өндіру, құрылыс материалдарын өндіру, химия және мұнай-газ-химия, жеңіл өнеркәсіп сияқты салаларда шикізат қажеттілігі туындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет