Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы есеп астана қаласы 2010 жыл Мазмұны


Құрметпен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров



бет12/14
Дата13.06.2016
өлшемі1.32 Mb.
#133852
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.14.11.


Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

С.Н.Баймағамбетовке
ҰСЫНЫС
Құрметті Серік Нұртайұлы!
Ішкі істер органдарының азаматтық заңнаманы қолдануы мәселесі бойынша менің атыма келіп түскен хаттардың талдамасы осы салада белгілі бір күрделі мәселелердің бар екенін дәлелдейді.

Мәселен, В.Н. Рашитованың хатының мазмұнына келсек, оны жұбайы С.В.Рашитов 2008 жылғы сәуір айында Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ ПБ миграциялық полиция бөліміне Қазақстан Республикасы азаматтығын беру туралы өтініш берген.

2009 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі Комитет) материалды басқа мемлекет азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылуы туралы анықтаманы сұрату және іске қоса тігу үшін толықтыруға қайтарған. Осы материал Шымкент қаласының Абай аудандық ІІБ ПБ миграциялық полиция бөліміне 2009 жылғы 3 шілдеде түскен.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 32-бабына сәйкес азаматтық алуға өтінішті қарау мерзімі 6 айдан аспауы тиіс.

Одан басқа, ҚР ІІМ 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі нұсқаулығының 10-тармағында жергілікті ішкі істер органдарында және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Ішкі істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарында өтініштерді қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, барлығын қосқанда алты айдан аспауы тиіс деп көрсетілген.

Бірақ осы талаптарды бұза отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Миграциялық полиция басқармасы С.В. Рашитовтың өтінішін бір жылдан артық қарап, осы күнге дейін оның Қазақстан республикасы азаматтығын алу мәселесі өз шешімін таппаған.

Олыс ІІД қызметкерлерінің істі тиісті түрде ресімдемеуі себеп болған, осының салдарынан ол Комитетке қайтарылған.

Басқа мысал, Ресей Федерациясы Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Т.Г. Мерзлякованың Свердлов облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан В.В. Федотовтың мүддесіне соңғының азаматтығы мәселесі бойынша құзырлы органдардың тұжырымдамасын алуға ықпал ету жөніндегі өтініші.

В.В. Федотовтың қылмыстық іс материалдарына ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің миграциялық комиссия бөлімінің бастығы А. Тоқсановтың хаты қоса тігілді, оған сәйкес В.В. Федотов Қазақстан республикасының азаматы болып табылмайды және азаматтығы жоқ адам болып табылады.

Осы хат негізінде В.В. Федотовтың қылмыстық ісі Ресей Федерациясының 26 гарнизондық әскери сотының соттылығына жататындық мәселесі шешілді.

Сонымен қатар, Министрлікке және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберген біздің сұратулар бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабына сәйкес В.В. Федотов қазақстан азаматы болып табылады деген жауап келді.

Осы ақпарат Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберілді. Алайда, кейін жұмыс барысында, ол Ресей Федерациясының Бас әскери прокурорының көмекшісінің Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің арнайы полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы Г.В. Ким өзінің 2009 жылғы 6 мамырдағы хатында В.В. Федотов Қазақстан азаматы емес екенін тағы растағаны туралы хатын алған.

ҚР ІІМ және Бас прокуратурасының жауаптарында біздің кезекті сұратуымызға олардан В.В. Федотовқа қатысты Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің ол Қазақстан азаматы емес екені туралы ақпарат расталмады деп есептеу керек деген жауап келген.

Осылайша, аумақтық бөлімше мен мемлкеттік орган арасында үйлестіру болмағандықтан адам құқығын айтарлықтай бұзу жағдайы туындаған, ол сонымен қатар халықаралық сипатқа ие болды.

Жоғарыда мазмұндалғанды ескере отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес, құрметті Серік Нұртайұлы, Сізден осындай жағдайларды болдырмау жөнінде заңнамалық шараларды қолдану туралы тапсырма беруді сұраймын.

Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.18.11.

Қазақстан Республикасының

Премьер Министрі

К.Қ. Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Адам құқықтары жөніндегі институт қалыптасқан уақыттан бастап республиканың барлық пенитенциарлық мекемелерінің мониторингін жасады. Осы мониторингтің талдауы , сондай ақ келіп түсетін шағымдар Үкімет тарапынан шешуді талап ететін кейбір мәселелердің бар болуына сенуге негіз болып отыр.

Мәселен, еліміз қосылған халықаралық құжаттарда қамаудағылардың олар өздері тұратын жерлерге жақын ұсталу құқығы бекітілген.

Сонымен қатар, ҚАЖ мекемелерінің орналасуы халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына ғана емес , қолданыстағы ұлттық заңнаманың да талаптарына сай болуға мүмкіндік бермейді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 68-бабының талаптары орындалмайды, оған сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын олар өздері қамауға алынған не сотталған күнге дейін тұрған облыс аумағында өтеуі тиіс, себебі барлық облыстарда барлық режим түрлеріндегі түзеу мекемелері бола бермейді. Осындай жағдай сотталушыларды жазасын өтеп жатқан жерге, апелляциялық сатыдағы сот мәжілістеріне тасымалдауға, сондай ақ оларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалатын бюджет қаражатын арттырады. Неғұрлым кемсітіген жағдайда әйелдер мен кәмелетке толмағандар болады.

БҰҰдың қылмыскерліктің алдын алу және қылмыскелермен қарым қатынас жөніндегі Бірінші конгрессте қабылданған Ең төменгі стандарттық ережелерде қамаудағыларға климат жағдайы, бөлменің кубатурасы, жарығы, жылу жүйесі, және вентиляциясы ескеріліп барлық санитарлық нормаларға сай жеке камералар ен бөлмелер берілуі тиіс. Бұндай кепілдікті әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сотталушыларды ұстаудың камерлік жйесі арқылы қамтамасыз ету мүмкін.

Осы кезде ҚР Әділетминінің ҚАЖ комитетінің жабык типтегі 56 түзеу мекемесінен 52інде отрядтық жйе бойынша барақ үлгідегі жатақханаларда ұсталады (100-150 адам). Жұмыс істейтін түзеу мекемелері өткен ғасырдың 1930-1960 жылдары салынған ғимараттар мен құрылыстар, олардың негізгі бөлігі көп жылдар бойы күрделі жөндеусіз пайдаланылады. Көптеген мекемелер ауылдық жерлерде орналасқан, коммуникациялары ескірген және авариялық жағдайда. Кейбір ғимараттар істен шыққан. Зерттеу актілеріне сәйкес, 10 блыстың түзеу екемелерінің 43 жатақханасы авариялық жағдайда және ТЖМ мамандарының нұсқамалары бойынша күрделі жөндеуді талап етеді.

Сотталушыларға ұстау жағдайларын жасау мәселесін шешу ҚАЖ дамыту бағдарламасымен көзделген жаңа СИЗО және ТМ пайдалануға беру және бар ғимараттардың қайта құрылысын жасау арқылы мүмкін болады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта түзеу мекемелерінің ұзақ салыну мәселесі орын алып отыр, атап айтқанда:

2004 жылдан бастап Павлодар қаласында «Химпром» ААҚ өндірістік корпустарының өірлік бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау үшін 1500 орындық айрықша режимдегі түзеу колониясы ретінде қайта құрылысын жасау.

Бұл шешім Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы «Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі «Пенитенциарлық жүйені одан әрі реформалау туралы» хаттамалық шешіміне сәйкес қабылданған.

Қайта құрылыстың құны бағалардың 2004 жылға болжанып отырған деңгейінде 3 млрд. 860 млн. теңгені құрды. Бұл қаражат көп уақыт бойы 2004-2008 жылдары объект құрылысының нормативтік ұзақтылығы ескерілместен республикалық бюджеттен бөлініп отырған. Нәтижесінде, құрылыс материалдарына , электр қуатына, жанар жағар май бағаларының өсуіне және жалақының өсуіне байланысты бөлінген қаражат қайта құрылысты аяқтау үшін жеткіліксіз болып шықты. Бюджеттік қаражатты толық игерген жағдайда орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 60 пайызды құрды.

Қайта құрылысты аяқтау және объектіні пайдалануға беру 2007-2008 жылдарға жоспарланған, бірақ қаражаттың жетіспеуіне байланысты бірқатар объектілер бойынша жұмыстар аяқталмай қалды, нәтижесінде түзеу колониясы пайдалануға тапсыруға және сотталушыларды қабылдауға дайын емес.

ҚАЖ комитеті жобалау сметалық құжаттаманы түзетуді ескере отырып, 2010 жылға 1 млрд.484 млн. теңге көлемінде бюджеттік тапсырыс берген. Бірақ РБК шешімімен бюджеттік тапсырыс қолдау таппаған.



Алматы қаласында жаңа тергеу изоляторының құрылысы мен қайта салынуы (ЛА -155/ 18 мекемесі).

2004 жылы Қазақстан Республикасының ІІМнен Әділет министрлігінің

қарамағына қылмыс жасады деп күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған тергеу изоляторлары , солардың ішінде құрылысы аяқталмаған Алматы қаласындағы жаңа тергеу изоляторының құрылысы мен қайта салынуы (ЛА -155/ 18 мекемесі).

Бұл объектіні 2000 жылдан бастап ҚР ІІМ Алматы қаласы Турксиб ауданында орналасқан бұрынғы № 11940 әскери бөлімінің құрылыстары негізінде салынып жатқан. 2007 жылдан бастап оның құрылысын Әділетминінің ҚАЖК жалғастырған, соның нәтижесінде 2007 жылғы 31 қазанда мемлекеттік қабылдау комиссиясының шешімімен бірінші жіберілетін кешеннің объектілері пайдалануға берілген.

Жоба бойынша құны 3 мрд. 254 млн.  200 ың тенге. Құрылыс басталғаннан бері республикалық бюджеттен 3 млрд. 73 млн. 640 мың тенге блінген. Барлық қаражат толық игерілген. Бүгінгі таңда құрылысты аяқтау және объектіні толық пайдалануға беру үшін 180 млн.  560 мың. Тенге қажет. 2010 жылға бюджеттік тапсырыс РБК шешімімен қолдау таппады.

ҚАЖ салынып жатқан басқа да объектілеріне қаржы бөлу жөніндегі ахуал алаңдатушылық туғызып отыр, олар сотталушыларды халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына сай ұстау үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған болатын.

Осы объектілерді қаржыландыруды тоқтату атмосфера әсеріне байланысты құрылысы бітпеген құрылыстардың конструкцияларының бұзылуына, инженерлік коммуникациялар, құрылыстық конструкциялар элементтерінің қатардан шығуына, сыртқы және ішкі әрлеудің сапасының төмендеуіне, техникалық құралдардың ескіруіне және пайдаланудың кепілдік мерзімдерінің өтуіне, сондай ақ салынып бітпеген объектілерді күзетуге шығындардың өсуіне әкеп соғады, кейін бұл қалпына келтіру жұмыстарына одан да көп қаражатты талап етеді және объектілерді тапсыру мерзімін алыстатады.

Одан басқа, қазіргі кезде ҚР Парламентінде «Қазақстан Ресупбликасының кейбір заң актілеріне қылмыстық жазалауды атқару жүйесін және қылмыстық атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы қаралуда. Осы заң жобасы бір түзеу колониясында қатаң оқшауландыруды қамтамасыз ете отырып, оқшауландырылған учаскелерді жасау арқылы әртүрлі режимдерде жазасын өтеуге сотталғандарды жоғарыда аталған камераларда ұстау мүмкіндігін қарастырады. Бұл да айтарлықтай қаражат бөлуді талап ететін болады.

Лондон университеті жанындағы Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығының статистикалық деректері негізінде әққұ жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы еліміздің 100 мың – 23-ші,, яғни соңғы 3 жылда сотталушылар санының тұрақты өсі үрдісі байқалады. ҚР Әділетинінің ҚАЖК деректері бойынша ү.ж. басында республиканың пенитенциарлық жүйесінде 58692 сотталғандар мен тергеуде қамаудағылар ұсталса, (2007.01.01 – 51544), 2009.25.09. жағдай бойынша – 63302 .

Қамау орындарының тым толық болуы санитарлық гигиеналық жағдайдың нашарлануына, тұрудың айтарлықтай тығыз болуына әкеп соғады, қызмет көрсету жүйелері үшін тым жүктеме келтіреді, атап айтқанда, медициналық жағынан,

Бағдарламалық іс шараларды жүзеге асыруды қиындатады, қамаудағылар мен персоналдың қарым қатынасының тым күрделене түсуіне әкеп соғады, бұл зорлық зомбылық тәуекелін арттырады.

Еліміздің пенитенциарлық жүйесінде қалыптасқан ахуалды халықаралық және отандық құқық қорғаушы ұйымдар өкілдері өздерінің баяндамаларында сипаттайды, олар қылмыстық атқару жүйесін реформалау өте баяу жүргізілетінің атап өтеді.

Қазақстанның Азаптауға қарсы конвенцияның Факультативтік хаттамасын ратификациялау отырып, еліміздің адам құқықтары саласындағы имиджін нығайтуға ықпал етті және халықаралық стандарттарға сай бас бостандығынан айыру орындарын қоғамдық бақылау үшін ашықтығын дәлелдеді, колониялар мен тергеу изоляторларына мониторингтік бару, оның ішінде, халықаралық инспекторлардың бару саны артты.

Осыған байланысты, Қазақстанның сотталушыларға лайықты ұстау жағдайларын жасау жөніндегі халықаралық актілерден туындайтын міндеттемелеріне сүйене келе, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден ҚАЖдың бар объектілерінің жаңадан құрылысын жүргізу және жаңа объектілерін салуға қаражат бөлу кезінде жоғарыда аталған жағдайды назарға алуды сұраймын.


Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.23.11.

Қазақстан Республикасының

Премьер Министрі

К.Қ. Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Қазіргі таңда Қазақстан экономикалық дағдарыс жағдайында тиімді және мақсатты саясат жүргізіп отырған санаулы елдердің бірі болып отыр, оның негізгі бағыттары Мемлекет Басшысының 2009 жылғы наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауында белгіленген. Әлеуметтік, мәселелерді шешу, қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік топтарының өмір деңгейін үнемі арттыру осы бағыттардың бірі болып табылады.

Үкіметтің экономиканы тиімді дамыту және қазақстандықтардың әл аухатын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі күштерін атап отырып, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ кәсіпорнында қалыптасқан ахуалға Сіздің назарыңызды аудару қажет деп ойлаймын.

Еңбек, әлеуметтік құқықтарды реттеу, жұмысшылардың қосымша жеңілдіктерін және кепілдерін белгілеу мәселелері осы компания мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Металлургия комбинатының кәсіподақ ұйымы» ҚБ пен «Қорғау» көміршілер кәсіподағы» ҚБ арасында жасасылған ұжымдық шартта бекітілген.

Компания кәсіподағының ақпаратына сәйкес аталған уағдаластықтар орындалады.

Сонымен қатар, өз шешімін талап ететін бірқатар мәселелер бар.

Зейнетақы жасын оңтайландыру.

Бірнеше жылдар бойы тау кен және көмір өнеркәсібі кәсіподақтары ауыр, зиян және еңбектің қауіпті жағдайлары бар жұмыспен айналысатын жұмысшылардың зейнетке шығу жасын кеміту мәселесін қозғап жүр.

Олар жүргізген зерттеулерге сәйкес 50 жастан асқан кеншілер мен металлургтердің көпшілігі қауіпті және зиянды өндірістік факторларға, еңбектің ауырлығы мен қиындығына байланысты ауруларға шалдыққан. Шахтерлердің өмірінің орташа ұзақтығы Қарағанды облысындағы ерлердің осындай көрсеткішінен 5-6 ға төмен (58,6 жас). ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген еңбек жағдайларын медициналық кешенді зерттеу және кеншілер мен металлургтердің денсаулығына зиян, қауіпті өндірістік факторлардың әсерін бағалау осы санаттағы азаматтардың 50 жастан зейнетке шығу қажеттігін дәлелдейді (ақпарат көзі: ҚР Кәсіподақтар сайты www.fprk.kz).

Сонымен қатар, ТМД елдерінде зиян немесе қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты жұмыспен айналысатын жұмысшылардың зейнетке мерзімнен бұрын шығуы заңнамада қарастырылған.

Мәселен, Ресейдің 2001 жылғы 17 желтоқсандағы «О трудовых пенсиях в Российской федерации» заңында ерлерге 50 жасқа келгенде және әйелдерге 45 жасқа келгенде, егер олар жерасты, еңбектің зиянды жағдайдағы жұмыстарда, ыстық цехтарда тиісінше 10 жыл және 7 жыл 6 ай жүмыс істеп, тиісінше 20 және 15 жыл сақтандыру стажы болса кәрілік бойынша зейнетақы тағайындалады. «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Украина заңына сәйкес зиян және ауыр жағдайдағы жұмыстың кейбір түрлерімен айналысқан адамдарға әйелдерге 55 жасқа келгенде, ерлерге 60 жасқа келгенде зейнетке мерзімнен бұрын шығу құқығы көзделген.

Денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты төленетін соманы индекстеу туралы.

Қазақстан 2005 жылы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактіні ратификациялай отырып, өзіне әр адамның өзіне және оның отбасына деген, баспананы қоса алғанда, лайықты өмір сүру деңгейіне құқығын қамтамасыз ету жөніндегі құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме алған.

Сонымен қатар, Денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты төленетін соманы кәсіпрында еңбекақы деңгейінің өсуіне байланысты индекстелмейді.

ҚР Азаматтық кодексінің 943-бабына сәйкес еңбек ақының ең төменгң көлемі заңнамада белгіленген тіртіппен өскен жағдайда жоғалтқан еңбек ақы, денсаулыққа зақым келген немесе өліммен байланысты жағдайларда тағайындалған өзге де төлемдер сомалары айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты көбейеді.

Өндірісте еңбекке байланысты мүгедек болып қалған көптеген кеншілер, металлургтер үшін денсаулығына нұқсан келтірілген үшін төлемақы сомасы есептелген еңбек ақы көлемі бүгінгі еңбекақы деңгейінен айтарлықтай төмен. Бұл қаражаттың емделу, денсаулығын қалпына келтіру және дәрі дәрмек сатып алу үшін жеткіліксіз екені сөзсіз.

2009 жылғы 25 маусымда «Время» газетінде жарияланған «Шахтерская угроза» мақалада ү.ж. маусым айында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір шахталарында еңбекке жарамсыз болып қалған кеншілер Қарағанды қаласында рұқсатсық жиналыс өткізген, онда олар кәсіпорында денсаулығына нұқсан келтіруіне байланысты төленетін зиянның орнын толтыру сомаларын қайта қарауды талап еткен.

Еңбекте зардап шегу нәтижесінде мүгедек болған бұрынғы бірқатар шахтерлер, металлургтер олар алып отырған зиянның орнын толтыру сомасы шахтердің 1995 жылғы 1 қарашадағы жағдайдағы орташа еңбек ақыдан есептелген. (ақпарат көзі: www.time.kz 2009 ж. 15 қазандағы «Жертвы доброй воли» мақаласы).

Қауіпсіздікті мен еңбек қорғауды қамтамасыз ету.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір шахталарында жалғасып жатқан қайғылы оқиғалар онда орын алып отырған еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіндегі айтарлықтай кемшіліктердің куәсі. Бүкіләлемдік лайықты еңбек күніне арналған баспасөз мәслихатында «Лайықты еңбек» тау кен, көмір және металлургия өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы қайғылы статистиканы келтірді. 13 жыл бойы 1996 жылдан 2008 жылға дейін компания жұмыскерлері шахталар мен жер бетіндегі кәсіпорындарда 6203 өндірістік жарақат алған, оның ішінде 455 ауыр, соның нәтижесінде мүгеек болған және 191 өлімге әкеп соққан (ақпарат көзі: www.inform.kz, «Каждый добытый миллион тонн угля обходится в две человеческие жизни - профсоюз «Достойный труд» 2009 ж. 08 қазан).

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір шахталарында Қарағанды облысы прокуратурасы еңбек туралы заңнаманың және қауіпсіздік техникасының сақталуын тексеру нәтижесінде 13 423 шахта жұсшыларының бұзылған құқықтары қалына келтірілді. Облыс прокуратурас ының нұсқамасы бойынша шахталардың 8 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 30 лауазымды адам тәртіптік түрде жазаланды (ақпарат көзі: Kazakhstan Today «Прокуратурой Карагандинской области восстановлены нарушенные права работников шахт «Арселор Миттал» 2009ж. 23.01.)7

2009 жылғы 28 маусымда орын алған «Тентекская» шахтасындағы кезекті аварияда көмір мен газдың күтпеген жерден атылып шығу нәтижесінде үш жұмысшы қаза болды, екеуі зардап шекті. Үкіметтік комиссия жұмыс берушіні кінәлі деп тапты. Комиссия қорытындысы бойынша, «компания тау кен жұмыстарын жүргізу кеіне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін техникалық процестерді жетілдіру жөнінде жеткілікті шара қолданбаған».

Одан басқа, ү.ж. 21 қыркүйегінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚтың №2 кокс цехында көмір концентратының құлауы нәтижесінде бір жұмысшы қаза тапты, ү.ж. 26 қыркүйегінде «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Постремонтная» стансасы маңында үйме үстінен құлап 49 жастағы әйел –транспорттық басқару жолының кезекші монтері қаза болды.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 7- тармағы әркімнің, қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай жұмыс жағдайларын қоса алғанда, әділ және қолайлы еңбек жағдайларына құқығын жариялайды.

Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексінің 3116 317-тармақтарыжұмыс берушіге жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен ережелерге сәйкестігін қамтамасыз етуді жүктейді .

Осылайша, көптеген жылдар бойы кәсіподақтар мен Қарағанды облысының тұрғындары көтеріп жүрген мазмұндалған мәселелер қолданыстағы зейнетақы жүйесін зиян немесе қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты жұмыспен айналысатын жұмысшылардың зейнетке шығу жасын кеміту бөлігінде қайта қарау қажеттігін дәлелдейді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігіне денсаулығына нұқсан келтіруіне байланысты төленетін зиянның орнын толтыру сомаларын төлеу механизмін жетілдіру жөнінде осы мәселе бойынша құрылған жұмыс тобы аясында тиімді шаралар қолдануды, «Арселор Миттал Теміртау» АҚында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларын күшейтуді тапсыру қажет деп түсініледі.

Жоғарыда мазмұндалғанды негізге ала отырып, және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 21-тармағына сәйкес, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден осы үндеудегі көтерілген мәселелерге назар аударуыңызды және оларды шешуге ықпал етуіңізді сұраймын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2009.01.12.

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Қ.Ә. Мәмиге
Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!
«Время» газетіндегі 2009 жылғы 2 желтоқсандағы «Ой-бай, какие люди!» және 5 желтоқсандағы «Город слепых в стране глухих» жарияланымдарына байланысты Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері ү.ж. 9 желтоқсанда «Қазақ су қараңғылар қоғамы» қоғамдық бірлестіктің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнына мониторинг жасау үшін барып қайтты.

Осы барып қайту нәтижелері бойынша халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобы болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарының жүйелі түрде бұзылатыны анықталды.

Аталған нарық қатынастар жағдайында қарапайым өндірісіне теңестірілген мамандандырылған кәсіпорын іс жүзінде банкрот болып табылады. Үлкен кредиторлық қарыз пайда болды, өнім өтпейді, бұл толық көлемде жалақының кешігуіне және төленбеуіне әкеп соғады, еңбек заңнамасының нормалары бұзылады. Мысалы, ү.ж. қазан айында кәсіпорында жұмыс істейтін мүгедектерге жалақының 28 пайызы төленді. Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша науқастық парақтар төленбейді.

«Қазақ су қараңғылар қоғамы» қоғамдық бірлестік» ЖШС қазіргі директоры Н.Г. Жандаровтың айтуынша, кәсіпорынның қиын экономикалық жағдайын оның бұрынғы басшылығы күрделендіріп жіберді, олардың тиімсіз және заңсыз қызметі үшін бүгін онла жұмыс істеп жүрген мүгедектер жазасын тартып жүр.

Кәсіпорында жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты барлығы 72 мүгедек жұмыспен қамтылған, бұл Талғар ауданында тұратын су қараңғылардың төрттен бір бөлігі. Барлығы кәсіпорында 114 адам жұмыс істейді.

Кәсіпорынның барлық инфрақұрылымы құлдырап кеткен. Мүгедектердің әкімшілік, өндірістік және тұрғын үй ғимараты жер телімін бу қазанымен бірге қонақ үй салу үшін жеке тұлғаға сатылуы нәтижесінде жылу жүйесінен айырылған.

Кәсіпорында жұмыс орындары ұйымдастырылмайды, мүгедектердің тұрғын үй сатып алатын немес тым болмаса оны жалға алуға мүмкіндіктері жоқ. 18 мүгедектің жанұяларының барақ үлгісіндегі ведомстволық жатақханада тұру жағдайлары санитарлық нормаға сай емес, онда орталық жылу жүйесі, су, кәріз су құбырлары жоқ . Үкіметтің 2005 жылғы 20 маусымдағы № 754 қаулысымен бекітілген Ережелер бұзыла тұра 1 топтағы 15 мүгедекке 1 көмекші бекітілген.

Қоғамдық ұйымдардың жеке жылу жинау есебінен ұйымдастырған қайырымдылық көмегі аталған мамандандырылған кәсіпорында жұмыс істейтін мүгедектердің жылдар бойы жинақталған мәселелерін шеше алмайтыны анық. Бұл мәселенің талдауы көптеген осындай үлгідегі мекемелер үшін көкейтесті деп ойлауға негіз бар.

Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі, БҰҰдың Мүгедектер туралы конвенциясын ратификациялауы, сондай –ақ алдағы уақытта, 2010 жылы БҰҰдың жеткілікті тұрғын үй мәселесі бойынша арнайы баяндаушысының инспекторлық сапармен келуі арнайы әлеуметтік мекемелердің халықаралық мониторингі үшін барынша транспаренттікті қамтамасыз етуді болжайды.

2009 жылғы 13 қарашада өткен «Қазақстан Республикасы Президентінімен тікелей байланыс» аясында келіп түскен көптеген шағымдарға байланысты мемлекеттің мүмкіндігі шектелген адамдарға шынайы көмек көрсетуі Мемлекет басшысының айрықша бақылауына алынды.

Мазмұндалғандарға байланысты Сізден, құрметті Қайрат Әбдіразақұлы , «Қазақ су қараңғылар қоғамы» қоғамдық бірлестіктің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнында орын алған заңдылықтардың бұзылуына прокурорлық шара қолдану туралы тапсырма беруіңізді сұраймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет