Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет


Қазақстан Республикасындағы балалардың



бет5/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.54 Mb.
#7479
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан Республикасындағы балалардың

иммунопрофилактикасы бойынша іс-шаралар
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы егу халық үшін міндетті болып табылады. Егу жүргізілетін жұқпалы аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасында балалар қауымын егу тегін медициналық көмектік кепілді көлеміне енеді және республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Бүгінгі күнге халықты иммунизациялау саласындағы мемлекеттің нысаналы саясатының арқасында елде полиомиелит, сіреспемен, дифтериямен ауыру жойылды, көкжөтелмен ауыру тым сирек кездесетін болды, «В» вирус гепатитімен ауыру, паротит індетіне шалдығу азайды. Қызылша мен қызамықты элиминациялау жөніндегі БДҰ бағдарламасын іске асыру одан әрі жалғасуда, сондай-ақ елдің полиомелиттен құтылған ел мәртебесін қолдау жөнінде жұмыс жүргізілуде, Қазақстанда 2008 жылдан бері профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне балаларға гемофильдік инфекцияға қарсы егу енгізілді.

Ерте жастағы балалардың өлімі мен ауруға ұшырауын азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі үстіміздегі жылдың аяғынан бастап жекелеген өңірлерде балаларға пневмококтық инфекцияға қарсы егуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Республикада ерте жастағы балаларға осы инфекцияға қарсы жаппай егу жөніндегі іс-шаралар 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасына енгізілді.
Жасөспірімдердің денсаулығы
Балалардың ауруларын уақтылы анықтау және оларды сауықтыру үшін республикада жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. 2010 жылдың қорытындылары бойынша қаралуға тиесілі балалардың 98,6% профилактикалық медициналық тексерумен қамтылды. Балалардың 26%-ынан ауытқу анықталды, олардың ішінде 68% науқас сауықты, балалардың 15% диспансерлік есепке алынды.

Балаларды профилактикалық тексеру нәтижелерін талдау 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда көзінің көруі нашарлаған балалардың деңгейінің сақталып отырғандығына қарамастан, құлақ естуі төмендеген балалардың үлестік салмағының (18%-ға азаю), сөйлеуінде ақауы барлардың (24%-ға), сколиозы барлардың (24%-ға), мүсінінің бұзылуының (2 есеге) азаю үрдісі байқалғандығын көрсетті.



Балалардың ауруы қарқын алуда, әсіресе, жаңадан пайда болулар (1,8 есеге), дамуында туа біткен ақауы барлар (18 %-ға), жұқпалы аурулармен ауру салдарынан (20%-ға), жүйке жүйесінің аурулары (14%-ға), сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары (16%-ға) өсті.
0 – 14 жастағы балаларды профилактикалық тексеру және олардың нәтижелері





2007

2008

2009

2010

Қаралған балалардың барлығы, мың

3 713,9

3 583,1

3 804,9

3 814,5

Балаларды қарау кезінде анықталды:













құлақ естуінің нашарлауы













барлығы, мың

9,8

8,7

9,3

8,0

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,3

0,2

0,2

0,2

көз көруінің нашарлауы













барлығы, мың

82,7

77,9

86,1

83,5

қаралғандардың ішінде пайызбен

2,2

2,2

2,3

2,2

сөз сөйлеуінде ақауы барлар













барлығы, мың

23,7

19,3

20,0

18,1

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,6

0,5

0,5

0,5

сколиозы барлар













барлығы, мың

17,1

16,2

14,6

13,0

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,5

0,5

0,4

0,3

мүсінінің бұзылуы













барлығы, мың

36,6

32,0

24,9

18,4

қаралғандардың ішінде пайызбен

1,0

0,9

0,7

0,5


Қазақстан Республикасында балалардың аурулардың жекелеген сыныптары мен аурулардың топтары бойынша 2007 – 2010 жылдардағы жалпы ауруы

(0-14 жастағы 100 000 баланың ауруы)




2007

2008

2009

2010

100 000 балаға аурудың саны – барлығы олардың ішінде:

99 728,9

99 172,2

103 642,3

101 482,3

жұқпалы және паразитарлық аурулар

3 745,6

3 348,8

3 233,0

3 007,2

жаңадан пайда болулар

87,6

127,2

104,7

158,2

қан, қан айналысы органдарының аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар

5917,7

3966,6

5581,5

5 259,7

эндокринді аурулар, тамақтанудың және хат алмасудың бұзылуы

1638,5

1584,2

1539,7

1 537,7

жүйке жүйесінің аурулары

2853,4

3102,9

3425,9

3 250,8

көз және оның бағыныңқы аппаратының аурулары

3329,1

3511,9

3458,3

3 479,8

құлақ пен еміздік тәрізді өсінді аурулары

2747,1

2750,4

2928,3

2 935,6

қан айналымы жүйесінің аурулары

477,0

489,3

549,0

486,7

тыныс алу органдарының аурулары

56510,9

55973,3

60262,7

58 959,6

ас қорыту органдарының аурулары

6370,8

6774,4

6394,1

6 606,0

зәр шығару жүйесінің аурулары

1735,5

1842,1

1853,9

1 709,7

тері және тері асты өзектерінің аурулары

5145,5

5248,7

5122,6

5 270,1

сүйек-бұлшық ет жүйесінің және біріктіруші тіндердің аурулары

1290,4

1192,2

1196,0

1 083,8

перинаталды кезеңде пайда болатын жекелеген жай-күйлер

2739,7

2963,7

2959,1

2 690,7

туа біткен ақаулар (даму кемістігі), деформациялар мен хромосомды бұзылулар

595,9

604,1

718,2

702,7

жарақаттар мен уланулар

3523,7

3178,3

3393,7

3 471,0

Кейбір аурулардың көрсеткіштерінің ұлғаюын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізіп жатқан диагностика сапасының артуымен және әлеуметтік-экономикалық себептер кешенімен түсіндіруге болады: қоршаған ортаның ластауы салдарынан «техногендік» жүктемелер; балалардың күнделікті өмірінде стрессті жағдайлардың ұлғаюы; урбанизация және балалардың өміріне ақпараттың кеңінен енуі; оқушылардың тамақтану сапасының нашарлауы және басқалары.


Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдары «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізілді, оның шеңберінде мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ қолдауымен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, қауіпті факторы мен әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы, денсаулық мектебін жүргізу, шылым тартумен, маскүнемдікпен, нашақорлықпен күресу жөнінде баспасөз конференциялары, байқаулар, дөңгелек үстелдер, акциялар және басқа да іс-шаралар, сонымен қатар көрнекі ақпараттық материалдар (плакаттар, бүктемелер, үндеу хаттар, ата-аналарға арналған жадынамалар, қалта күнтізбесі, футболкалар, бейсболкалар, сөмкелер және басқалар) таратқан спорттық мәдени іс-шаралар, спартакиадалар, байқаулар өткізілді

Баланың дене бітімін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін республикада 10 мың баланы қамтитын 20-дан астам жас туристер станциясы, 18,5 мың баланы қамтитын 733 туристік-өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептердің саны өсуде: 2007 жылы олар 407 болды, 2010 жылы – 423. Балаларды қамту 2007 жылы – 219 739, 2010 жыл – 240 380 бала мен жасөспірімді қамтыды, бұл оқушылардың жалпы санының 10% (2,5 млн.).

Бүгінгі таңда 23 мыңнан астам спорттық секциялар ашылды, оларда
664 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер шұғылданады, бұл орта білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 21%-ын құрайды.

Тұтастай алғанда, спортпен шұғылданатын балалардың жалпы санының ұлғаюы серпіні 2010 жылдың қорытындылары бойынша 379783 адамды құрайды немесе 1,7%.

Ауру балалардың дене бітімін дамыту, спорт саласындағы дарынды мүгедек балаларды анықтау мақсатында «Спешиал Олимпикс Қазақстан» қоғамдық бірлестігі мен Білім және ғылым министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес спорттық-бұқаралық іс-шаралардың жыл сайынғы күнтізбелік жоспарына сай ақыл есі кем балалар, мүгедек балалар арасында спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Спешиал Олимпикс Қазақстан құрама командасы Жапониядағы VII Дүниежүзілік Қысқы Арнайы Олимпиядалық ойындарда жүлделі бірінші және екінші орындарды жеңіп алды

Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 7 570 психолог, 3 139 әлеуметтік педагог және 1 536 мектептегі полиция инспекторы жұмыс істейді.

Маскүнемдікпен және шылым шегумен күресуге арналған шаралар қабылданды 18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынды және жиырма бірге дейінгі жастағы тұлғаларға ішімдік өнімдерін сатуға тыйм салынды («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159 бабы)

Балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы жол-көлік жарақаттанушылығының алдын алу мақсатында жыл сайын бастауыш сынып педагогтарына, білім беру ұйымдарының валеологтары мен медициналық қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстелдер, оқу семинарларын жүргізе отырып, «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі бәрімізге байланысты» ұранымен айлық өткізіледі.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде 16 мыңнан астам баланы қамтыған 1 349 арнайы медициналық топтар, 6 мыңнан астам медициналық кабинеттер (жалпы білім беретін мектептердің 82%), 487 стоматологиялық кабинеттер жұмыс жасайды.


АИТВ/ЖИТС профилактика
ЖИТС індетіне қарсы әрекет бойынша күрестің шараларын күшейту және нормативтік құқықтық актілерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1216 қаулысымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ЖИТС індетіне қарсы әрекет бойынша бағдарламасын іске асыру аяқталды.

Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасында АИТВ/ЖИТС-тің профилактикасы мен таралуы бойынша іс-шаралар жүргізілді. АИТВ-инфекциясы бойынша республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.

Қазақстанда есірткіні қолданудан келген залалды төмендету стратегиясы мемлекеттік профилактикалық саясатқа интеграцияланған – елде оқыту, ақпараттандыру, кеңес беру және есірткі енгізетін тұлғаларға шприц пен инелерді айырбастау қызметтерін атқаратын 168, оның ішінде 24 жылжымалы сенім пунктілері құрылған.

АИТВ-ге ерікті анонимдік тестілеу мен әлеуметтік психологиялық кеңес беру кабинеттер желісінің қызметі ұйымдастырылып, жұмыс істейді. Халықтың түрлі топтарының арасында АИТВ-инфекциясының таралуын анықтауға мүмкіндік беретін шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі ендірілді. АИТВ профилактикасы бағдарламасымен қамтылған ауру жұқтырған адамдардың пайызы (яғни жыл бойы шприц, мүшеқап алған және АИТВ тестілеуден қайда өтуге болатынын білетіндер) 2010 жылы 66,5%-ды (2009 жылы – 59,9%) құрады.

Анадан балаға берілетін АИТВ-нің профилактика жұмыстары жүргізілуде: жүкті әйелдерді АИТВ-инфекциясына экспресс-тексеру, АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерді жүктілік, босандыру кезінде және жаңа туған нәрестелерді вирусқа қарсы профилактикалық емдеу.

Жедел жәрдем стансаларында, ірі стационарлар мен ЖИТС орталықтарында антиретровирустық дәрі-дәрмектер ортаймайтын қоры жасалды. АИТВ-инфекцияланған балалар мене ересектер арасындағы қайталама, оппортунистік (пневмоцистік пневмония мен токсоплазмоз) аурулардың химиялық профилактикасын қамтамасыз етеді.

2010 жылы АИТВ/ЖИТС-пен күрес бойынша іс-шаралар 97 үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізілді.

Халықаралық донорлардың қоры мобилизацияланды: 2010 жылы 1 064,384 млн. теңге сомасында халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЖИТС-пен, туберкулезбен, безгекпен күресу бойынша 786,729 млн. теңге сомасында Ғаламдық қордың гранттары бөлінді.

Қазақстан Республикасында 1987 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең ішінде 15 771, оның ішінде 349 балада АИТВ-инфекция жағдайы тіркелді.

АИТВ-инфекцияланғандардың ішінде 14 жасқа дейiн балалар саны 24 (1,3%), 15-тен 19 жасқа дейiн 32 - 1,6% (2009 жылы – 2,6%) құрайды. Барлық тіркелген АИТВ-инфекция жағдайларының 96,2% 15-49 жастағылар құрайды. Тіркелген жағдайлар бойынша ересек жасқа қарай жылжу байқалады.

2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы АИТВ-инфекциясының таралуына байланысты АИТВ-инфекцияланған балаларға (149 жағдай) республиканың, Ресейдің, Украинаның, Израильдің, Кубаның ғылыми орталықтары және халықаралық ұйымдар, оның ішінде ДДҰ, ЮНИСЕФ, СиДиСи денсаулық сақтау мамандарының шақырылуымен емдік-консультациялық көмек көрсетілді. Денсаулық сақтау министрлігі облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды және АИТВ-инфекцияланған балалардың жағдайы туралы апталық мониторинг жүргізеді.

Қазіргі уақытта 103 бала спецификалық антиретровирустық ем, 3 бала ілеспелі аурулардан ем алуда. 149 АИТВ-инфекцияланған баланың 11-і АИТВ-инфекциясына байланысты емес ілеспелі аурулардан қайтыс болды, 1 баланы АҚШ азаматтары асырап алды.

АИТВ-инфекцияланған балаларға үнемі медициналық бақылауды, емдеуді, оңалтуды жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында амбулаториялық-диагностикалық бөлімі мен оқыту орталығы бар 60 орындық стационарлық көмек беретін «Ана мен бала» жұқпалы аурулардың профилактикасы және емдеуіне арналған орталық ашылды.

Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды: облыстық балалар ауруханасы, қан орталығы, стерилизациялау кешені, перзентхана салынды; медициналық мекемелер толық көлемде дәрі-дәрмекпен және медициналық бір рет қолдануға арналған заттармен қамтамасыз етілді.

Жыл сайын АИТВ-инфекцияланған балалар ата-аналарымен бірге Алматы қаласындағы «Алатау» балалар санаторийінде, Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталығында, Шымкент қаласындағы «Ардагерлер үйінде» сауықтыру мен психологиялық оңалту курсын өтеді. Бір бала Израиль мемлекетінің «Адас» клиникасында емделді.

БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесе отырып АИТВ-инфекцияланған балалар мен олардың отбасыларына айналасындағылардың жағымсыз қарым-қатынасын азайту, сондай-ақ қоғамдағы шиеленісті шешу үшін Қазақстан Республикасының, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің медициналық қызметкерлері мен психологтар санынан тәртіптік мультикомандалар ұйымдастырылды. Командалар осындай балалар анықталған әрбір елді мекендердің мектептерінде, балабақшаларда оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен әңгімелер жүргізді, жапа шеккен балаларға төзімді қарым-қатынас туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйледі. Облыстық ЖИТС-тің профилактикасы мен күрес орталығы АИТВ-инфекцияланған балаларды күту бойынша аналар үшін оқу өткізді.

2010 жылы АИТВ-инфекцияланғандардың жастық құрылымы:

- 15-19 жастағылар - 32 -1,6% (2009ж.- 2,6%)

- 20-29 жастағылар – 759 - 38,2% (2009ж. - 40,2%)

- 30-39 жастағылар – 786 - 39,5% (2009ж. – 38,4%)

- 40-49 жастағылар – 297 - 14,9% (2009ж. – 13,9%)

- 50-59 жастағылар – 74 - 3,7% (2009ж. – 3,2%)

- >60 жастан жоғары – 16 - 0,8% (0,4%)

14 жасқа дейінгі балалар 24 (1,3%) құрайды.

15-49 жастағылардың популяциясына барлық тіркелген АИТВ-инфекциясы жағдайының 96,2% жатады. Тіркелген жағдайлар бойынша ересек жасқа қарай жылжу байқалады.

АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы әрекеттер бойынша шаралар мынадай 12 бағытта жүзеге асырылды:



  1. құқықтық қарым-қатынас саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік орта жасау;

  2. профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру;

  3. есірткі егудің зиянын азайту стратегиясын іске асыру;

  4. АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен берілуінің профилактикасының стратегиясын іске асыру;

  5. қызмет көрсетудің ерекше объектілерін тағайындау және қолдау;

  6. АИТВ анадан балаға берілуінің профилактикасы;

  7. қатынастан кейінгі профилактика;

  8. АИТВ-инфекцияланған адамдардың қайта ауруының профилактикасы;

  9. АИТВ-инфекциясының гемотрансфузиондық жолмен жұғуының профилактикасы;

  10. АИТВ-инфекцияланған және ЖИТС-пен ауырғандарды вирусқа қарсы емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес емдеу, күту және қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру;

  11. АИТВ инфекциясынан жапа шеккен адамдар үшін әлеуметтік жобаларды іске асыру;

  12. жауапты іс-шараларын эпидемиологиялық қадағалауды, мониторингті, бағалауды, жоспарлауды және жобалауды жетілдіру.

ЖИТС, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың бастамалары бойынша жастар үшін ЖИТС мәселесіне арналған сахналандырылған көріністер, суреттер, шығармалар байқаулары, концерттер, КТК-лар, сұрақ-жауап кештері, би кешіндегі ақпараттық жұмыстар сияқты түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіледі.


V. Әлеуметтік саясат және балалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету
Елімізде балалары бар отбасыларын, сондай-ақ көпбалалы аналарды қолдаудың кешенді жүйесі жасалған.

2006 жылы «Балалары бар отбасыларына төленетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оған сәйкес мынадай төленеді:

- баланың туғанына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);

- отбасындағы балалар санына байланысты сараланған мөлшерде бала бiр жасқа толғанға дейiнгі оның күтiмi жөнiндегi жәрдемақы (отбасы табысына қарамастан);

- табысы жан басына шаққанда азық-түлік қоржыны құнынан төмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бала тууына байланысты 329,2 мың адам жәрдемақы алған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 27,4℅-ға артық. Бұл ретте жәрдемақы төлеу шығыны 15,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдағыдан 3,6 есе көп.

Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақысымен (одан әрі – МБЖ) 745,8 мың бала қамтылған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 5,4℅ көп, осы ретте тағайындау сомасы 9,1 млрд. теңгені (62,7 млн.АҚШ доллары) құрады. Төленген МБЖ жалпы сомасынан 74,5℅ ауылдық жерлерде тұратын балаларға төленгендігін атап өту керек, олардың МБЖ алушылар қатарындағы үлесі – 73℅ құрады.

2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының халқына деген Жолдауын іске асыруға қабылданған 2010 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы енгізілгеннен кейін балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау одан әрі дамытылды.

Бұл ретте төртінші және одан артық бала туғанда берілетін жәрдемақы 2007 жылмен салыстырғанда 4 есеге көтеріліп, 70º650 теңгені құрады;

бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақы орта есеппен 2,4 есе артық көтерілді және қазіргі кезде:

бірінші балаға – 7 772 теңге;

екінші балаға – 9 185 теңге;

үшінші балаға – 10 598 теңге;

төртінші және одан кейінгі балаларға – 12º011 теңге.

Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі енгізілді - мүгедек баланы тәрбиелеуші ата-аналарға, қамқоршыларға бір ең төмен жалақы 14 952 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу.

Көп балалы аналарды марапаттау үшін «Алтын алқа» алқасы 10 баладан 7 балаға дейін және «Күміс алқа» алқасы 8 баладан 6 балаға дейін шарттары өзгертілді, бұл ретте оларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 3,9-дан 6 АЕК-ге көтерілді (14,8 млрд. теңге сомасында мемлекеттік марапаттармен марапатталған 194,1 мың көпбалалы аналар қамтылды).

Қабылданған шаралар мүгедек балаларды тәрбиелеумен және дамытумен тікелей айналысатын адамдарға жәрдемақы төлеу арқылы оларды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге; баланың отбасында нешінші екендігіне қарай баланың туғанына жәрдемақы төлеу көлемін айқындау мәселесінде көп нұсқалықты орнатуға; көп балалы отбасылардың маңызын, мәртебесін және санын көбейту және елімізде демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында қолданыстағы заңнамада балалар жәрдемақысынан бөлек, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға - жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету көзделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет