Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы


ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV



бет15/22
Дата04.03.2016
өлшемі1.18 Mb.
#39095
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV  (бұр.ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 48-бап өзгертiлдi

48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер

1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны және (немесе) оған қосымшаны тоқтата тұру не олардан айыру мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:

а) банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметi үрдiсiнде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 6-тармақтарының талаптарын сақтамау;



а-1) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін жеке тұлға - ірі қатысушы болмағанда, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін жеке тұлғадан банк холдингі, банктің ірі қатысушысы мәртебесін кері қайтарып алу;

б) банк операцияларын қолданылып жүрген заңдардың нормаларын үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;

в) төлем мен аударым операциялары бойынша шарттық мiндеттемелердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан көп рет) тиiстi дәрежеде орындамау;

г) пруденциалдық қалыптарды және/немесе сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi үнемi (он екi жүйелi күнтiзбелiк айдың iшiнде үш немесе одан да көп рет) бұзу;

д) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөніндегі мiндеттi сақтамау;

е) осы Заңның 40-бабында белгiленген банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзу;



ж) уәкiлеттi органға есептер мен мәлiметтер бермеу немесе оларды көрінеу анық емес етiп беру;

з) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерін үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не жазбаша нұсқаманы үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;

з-1 тәуекелді басқару және ішкі бақылау жүйесінің бар болуы бөлігінде уәкілетті органның талаптарын сақтамауы;

и) осы Заңның 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру;

к) осы Заңмен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен (лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру;

к-1) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның өзiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қызметтi ол берiлген күннен бастап қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;

к-2) қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаның өзiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қызметтi қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;

л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы;

л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы;

м) банкпен үлестес тұлғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкiлеттi орган талап еткен өзге де ақпаратты бермеу не анық емес ақпарат беру, бұл уәкiлеттi органның банктердің қызметіне, оның ішінде шоғырландырылған негізде қадағалау жасауына кедергі келтіруге себеп болса;



м-1) банк холдингінің банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайызынан астамын тікелей және жанама иеленетін, банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалардың банктің меншікті капиталын ұлғайту бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптарды, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды сақтамауы;

н) банктің тексеру жүргізуге бірнеше рет (инспекция жүргізу барысында екі және одан көп рет) кедергі жасауы, соның салдарынан оны белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауы;

о) аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит жөніндегі есебінде көрсетілген бұзушылықтарды банктің осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көрсетілген мерзімде әдейі жоймауы.

1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк (ислам банкін қоспағанда) депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.

1-2. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



1-3. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және лицензиатты барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын тұлғалар тізбесінен алып тастаған кезде жүзеге асырылады.



2. Уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады не одан айырады.

Уәкілетті органның барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасау осы шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.

3. алынып тасталды



 

ҚР 11.07.97 № 154-1 Заңымен 48-1-баппен толықтырылды; ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 48-1-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 48-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 48-1-бап өзгертiлдi



48-1-бап. Банкті лицензиядан айырудың салдарлары

1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айрылған банктің банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап:

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түсетін ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;

2) құрылтайшылардың (қатысушылардың), банк органдарының банк мүлкіне билік етуге құқығы болмайды;

3) банктің басшы, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі;

4) банкті ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың банкке қоятын талаптары тарату ісі жүргізілгенде ғана қойылуы мүмкін;

5) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша банктің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді;

6) банктің лауазымды адамдарына өздеріне тиесілі банк акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;

7) банкке қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

8) банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды.

2. Банктiң жұмыс тәртібі, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін) тағайындау, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмшінiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.



3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметiн уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.

Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшісінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4. Банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі уәкілетті органға бекіту үшін беріледі.



5. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісi) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктiң тарату комиссиясының төрағасына бередi.

6. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-беру төрт данадан тұратын актiмен ресiмделедi, оның бір данасы уәкілетті органға, екіншісі - банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі.

7. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнің (уақытша әкiмшісінің) өз қызметi кезеңiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.

8. Банктiң уақытша әкiмшілігінің (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы қабылдаған шешiмi жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ресми баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау жөніндегі шығыстарды және әдiлет органының мәжбүрлеп тарату бойынша банк қызметiнiң тоқтатылғанын мемлекеттік тiркеуге және банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, банктi тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыруға байланысты шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негiзi бойынша банктердi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және олардың қызметiн тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күші бар Жарлығымен 49-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 49-бап жаңа редакцияда; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді



49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың негiздерi мен тәртібі

1. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсатты:

а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;

б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;

в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайларда қайтарып алады.

2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:

а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бір жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;

а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;

б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бір жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;

в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн бір жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi;

г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.

3. алынып тасталды



4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.

 

27.09.96 ж. № 37-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 50-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50-бап өзгертілді

50-бап. Банк құпиясы

1. Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар екендiгi, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар екендiгi, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi.



Таратылу процесіндегі банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.

2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөніндегі құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi.

3. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банктің, Қазақстан Республикасының резиденттері-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кiрмейдi.

4. Банк құпиясы шоттың (мүліктің) иесіне ғана, шот (мүлік) иесінің жеке өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктiк қарыз, лизинг операцияларын, факторингтiк, форфейтингтiк операциялар, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепiлдiктер, кепiлгерлiктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.



Мыналар:

1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, бейрезидентті қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы тек салықтық әкімшілендіру мақсатында мемлекеттік кіріс органдарын міндетті түрде хабардар етуі;

1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет