Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері



бет3/6
Дата26.05.2023
өлшемі31.31 Kb.
#474302
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
салық реф

Салықтар:

  1. Корпарациялық табыс салығы.

  2. Жеке табыс салығы .

  3. Қосылған құн салығы .

  4. Акциздер.

  5. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы.

  6. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

  7. Әлеуметтік салық.

  8. Жер салығы.

  9. Көлік құралдары салығы.

  10. Мүлік салығы.

Корпорациялық табыс салығы
Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады 27%.Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент – заңи тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент – заңи тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режімін қолданушы заңи тұлғалар – шағын бизнестің субъектілері, шаруа қожалықтары, заңи тұлға –ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер,кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңи тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Жеке табыс салығы
Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі барлық салық төлемдерінің 7% алады.
Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектісі төлем көзіне салық салынатын табыстар және төле,м көзіне салынбайтын табыстар болып табылады.
2007жылға дейін салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай, 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген мөлшерлеме жұмыс істеді.
Сыйақыларға ұтыстар түріндегі табыстарға 10 пайыздық мөлшерлеме, дивиденттер түріндегі табыстарға 5пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15% мөлшерлеме, адвокаттардың және жекеше нотариустардың табыстарына 10% мөлшерлеме бойынша салық салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет