Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері



бет4/6
Дата26.05.2023
өлшемі31.31 Kb.
#474302
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
салық реф

Қосылған құн салығы
Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн салығы болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы: жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.
Демек, бұл салықтың ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.
Қосылған құн салығы дүние жүзінің 40тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: біріншіден,ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. Қосылған құн салығы қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Респуболикасында Қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мына тұлғалар:
- Дара кәсіпкерлер;
- Заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелерді қоспағанда;
- Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттер;


Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі үлгісі белгіленген:
Бірінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша ҚР-ң үлесін қоспағанда Салық кодексінде көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді; 
Екінші үлгі- жерқойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша ҚР-ң үлесін төлеуін, сондай-ақ салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай, газ конденсатына салынатын акциз,үстеме пайда салығы, жер салығы, роялти, мүлік салығы қосылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет