Көлік салығы
Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарына салық төлейді. Көлік құралдары салығы негізінен мақсатты салық болып келеді. Яғни түскен салық сомаларды жолды жөндеуге жұмсалады және бюджетке жергілікті салық болып саналады.
Салық төлеушілер:
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар,
Меншік шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар,
Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері.
Лизинг алушы қаржы лизинг шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша.
Акциздер
ҚР-ң аумағында өндірілген және ҚР-ң аумағында импортталатын тауарларға сондай-ақ қызмет түріне акциз салынады.
Акциз салығын төлеушілер:
ҚР-ң аумағында акцизделетін тауар шығаратындар,
Акцизделген тауарларда ҚР-ң кедендік аумағына импорттайтындар,
ҚР-ң аумағында бензинді және дизель отынын көтерме бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратындар,
ҚР-ң заңдарына сәйкес бұрын ҚР-ң аумағында аталған тауарлар бойынша акциз.
Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлері:
Достарыңызбен бөлісу: |