«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет25/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105
treatise8925

Синтездік саты, оның мәні салыстырмалы зерттеуде жатыр және өзінің құрамына сараптамалық танымдағы объектілерді теңдестірудегі бірқатар сатыларды қарастырады, оларға:

  • диагностикалық және классификациялық міндеттерді объектілерді идентификациялау үшін жарамдылық пәніне қатысты шешу кезіндегі ақпараттарды талдау мен бағалау;

  • объектілердің жеке белгілерінің өзгертілуі мен тұрақтылығына қатысты салыстырмалы зерттеу мен бағалау;

  • салыстыруға жататын объектілердің сәйкес келетін қайталанбас белгілерін анықтау;

  • объектілердің қайталанбас және тұрақтылық белгілерінің кешенін анықтау;

  • сәкес келмеуін түсіндіру.

Сарапшы зерттеу барысында бақылау, өлшеу, салыстыру әдістерін қолдана отырып өзінің назарын объектілердің сыртқы белгілеріне аударады. Салыстырып отырған объектілердің тепе-теңдігін анықтау үшін қажетті жиынтықтарды анықтау объекті белгілерін із-көшірмелеріне дұрыс аударған кезінде ешқандай қиыншылықтар туындамайды. Бірақ, сараптамалық тәжірбиеде аталған жағдай трасологиялық сараптама бойынша кездеседі. Мәселен, объектілердің атрибутық құрамын зерттеу қажеттілігі туындағанда, оның құрамы мен құрылымының белгілерін алу мен бағалау арқылы зерттеу және қажетті әдіснаманы қолдану жүзеге асырылады. Аталған жағдайда, визуалды бастама негізінде құрастырылған сараптамалық зерттеудің дәстүрлі әдістерін қолдану күтілгенн нәтижені бермейді, сондықтан ол зерттелетін объектінің микроқұрылымына енетін сараптамалық талдаудың өзге де әдістерін алуды мақсат етеді.
Қорытынды сатысы сарапшының жүргізген зерттеулеріне баға беруін қарастырады, яғни, сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауаптар арнайы құжат – сарапшының қорытындысы. Қорытынды және анықталған мән-жайлар бойынша негіздер, сол сияқты сарапшымен шешілмеген сұрақтар немесе сарапшымен жауап беруден бас тартылған сұрақтар қорытындының зерттеу бөлімінде көрсетіледі. Құжаттың қорытынды бөлімінде қорытынды логикалық және жүргізілген зерттеу және одан алынған нәтижелердің реттілігімен рәсімделеді.
Әр бір қойылған сұраққа мәні бойынша жауап беріледі немесе жауап беру мүмкін еместігі көрсетіледі. Нәтижелердің мазмұны қойылған міндеттерге (сұрақтарға) сәйкес болуы керек. Сарапшылардың қорытындылары оң кесімді және теріс, ықтималды оң және теріс болып бөлінеді.
Кесімді нәтиже – анықталған факті (мән-жай) бойынша ақиқатты қорытынды немесе оның жоқ болуы. Егер қойылған сұрақ бойынша кесімді нәтиже жасау мүмкін емес болса, зерттеудің нәтижелеріне сәйкес, сарапшы ықтималды қорытынды бере алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет