«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет27/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105
treatise8925

Қорытынды бөлімінде сараптаманың алдына қойылған сұрақтарға жауап беріледі. Нәтижелер әдеби тілдің нормаларына сәйкес қарастырылады (әр түрлі талқылануға жатпайды).
Сараптаманың қорытындысы сараптама жүргізген сарапшының қолымен куәландырылады, егер комиссиялық сарапшылармен жасалса, әр бір комиссия мүшесімен қол қойылады. Қорытындыға қойылған қолдар мекеменің мөрімен бекітіледі.
Қорытынды бере алмау мүмкіндігі туралы хабарлама процессуалды құжат ретінде 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негіздемеден және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде қорытынды бөліміндегі мәліметтер жазылады. Ал қорытынды бөлімінде әр бір қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкін еместігі туралы хабарлама жазылады. Сарапшының қорытындысы сотта жарияланады және қазіргі кездегі техникаларды қолдану арқылы көрсетеді (аудио, бейне жазбалар, сызба, кестелер). Қорытындыны хабарлағаннан кейін, процестің қатысушылары сарапшыға қорытынды бойынша сұрақтар қоя алады.
Сарапшыдан жауап алу тек сарапшының қорытындысы жарияланғаннан кейін жүргізіледі және жүргізілген зерттеудің шегінде ғана сұрақтар қойылады.
Сот өндірісінде сарапшы қорытындысының орны ерекше, сондықтан оның жағдайларына дәлелдеменің қайнар көзі ретінде бағалауына жеткілікті түрде назар аудару қажет.
Ең алдымен қорытындыны бағалауды келесі жағдайларды ескеруі қажет: сарапшының қорытындысы дәлелдеме ретінде дәлелдеу субъектілері үшін міндетті емес, қорытындымен келіспеу негізделген болуы керек.
Сараптама қорытындысын дәлелдеме ретінде бағалаудың жалпы ережелерімен қатар, ғылыми негізделуі бар жағдайлар ерекше бағалауды қажет етеді.
Аталған жағдайда, қорытынды бойынша сұрақтар туындаса маманнан немесе тікелей сарапшыдан жауап алу жағдайы көзделген. Тергеу немесе сот талқылауында сарапшының қорытындысын бағалау өз құрамына оның қатыстылығын, шынайлығын, жол берушілігін және дәлелдемелік мәнін анықтауды енгізеді.
Тәжірбиеде сарапшы қорытындысының қатыстылығы туралы жағдай ешқандай қиындықтар тудырмайды, өйткені мұндай құжаттың пайда болуына арнайы ғылыми білімді тарту процедурасымен негізделеді.
Сарапшы қорытындысы жол берушілік критерилерін бағалау өз алдына сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің заңға сәйкес талаптарының сақталуын тексеруге бағытталған. Ол өз алдына келесі сұрақтарды шешуге бағытталған:

  • сараптаманы тағайындау мен жүргізілуінің заңдылығы туралы;

  • сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде процеске қатысушылардың құқықтарының сақталуы туралы;

  • сот мәжілісінде сарапшыға сұрақтар қойылу процедурасының сақталуы туралы;

  • сарапшының өкілеттігінің болуы мен оның шектен шығып кетпеу мәселесі туралы;

  • сараптамалық зерттеу кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерінің заң талаптарына сәйкес келуі туралы;

  • сарапшы қорытындысының дұрыс рәсімделуі туралы;

  • сарапшы қорытындысының реквизиттері мен сараптамаға қатысты өзге де құжаттардың дұрыс болуы туралы;

  • сарапшыдан бас тарту негіздерінің жоқ болуы туралы шешіледі.

Сарапшының нәтижелерін бағалай отырып, сот не тергеуші сарапшының қандай материалдарды қолданғаны туралы олардың шынайлығын, іске қатыстылығын, зерттеуге жіберілген материалдардың жеткіліктілігіне, салыстырмалы зерттеу үшін үлгілердің дұрыс алынуына назар аудару қажет. Объектілердің жеткіліксіз болуы – сарапшының қателіктеріне әкеп соғады.
Сонымен қатар, сарапшы қорытындысы – дәлелдемеге айналғаннан бұрын, оны бағалап отырған адамның ішкі сенім-нанымына сәйкес бағалануы керек. Дәлелдемелер заңсыз жолмен алынса, олардың заңды күші болмайды және олар айыптаудың негізіне алынбайды, сол сияқты кез-келген мән-жайларды дәлелдеу үшін пайдаланылмайды. Бұл жағдай сарапшының қорытындысына да сәйкес.
Жоғарда көзделген заң талаптары – дәлелдемелерді бағалаудағы сот пен тергеушінің ішкі сенім-нанымын қалыптастырудың белгілі-бір жағы. Оны бағалаудың құқықтық негізі деп атауға болады.
Сарапшының қорытындысын бағалау кезінде – оның процессуалдық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, логикалық т.с.с. жағдайларының маңызы зор. Олар тергеуші мен сотқа сарапшының алдына қойылған сұрақтар, оларды шешу үшін қолданылатын арнайы білімнің, сол сияқты сарапшы қорытындысының қатыстылығын, жол берушілігі мен негізділігі туралы сұрақтарды шешу үшін оның мәнін түсінуге жол береді.
Мәселен, сот сараптамасының процессуалды-ұйымдастырушылық қорытындыда орын алатын және бағаланатын элементтеріне жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет