«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет64/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105
treatise8925

Диагностикалық және ситуациялық міндеттерді шешу сарапшы үшін келесі сұрақтарды анықтауды қажет етеді, олар:

  • жәбірленуші киімінің зақым келу себебі қандай ?

  • сезіктінің не жәбірленушінің киіміндегі талшықтың бөлініп кету механизімі қандай ?

  • егер өзара ауысып өту талшықтары болса, киім жинағы (киімнің заты және оның нақты тұлғаға қатыстылығы көрсетіледі) нақты киім жинағымен контактілі байланысуда болды ма (киімнің заты және оның нақты тұлғаға қатыстылығы көрсетіледі) ?

  • егер өзара ауысып өту талшықтары болса, киім жинағы (киімнің заты және оның нақты тұлғаға қатыстылығы көрсетіледі) қылмыс қаруымен (нақты қару көрсетіледі) көлік құралымен (нөмері, маркісі) контактілі байланысуда болды ма ?

Идентификациялық міндеттерді шешү үшін келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • табылған шалбардың (күртеше т.с.с.) талшығы сезікті не жәбірленушіге жатады ма ?

  • оқиға болған жерде табылған талшық (киім, жіп т.с.с.) сезіктіден алынған талшықтың бүтінін құрай ма ?



Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сараптамаға материалдарды дайындау кезінде келесі талаптарды орындау қажет, олар:

  • жәбірленушінің киімі (мәйіттің киімі) тергеуге кіріскен сәттен бастап дер кезінде тергеушімен алынады;

  • сезіктінің киімі толық жинағымен алынады;

  • алу, бекіту кезінде сезікті мен жәбірленушінің киімдерін бір-бірімен араластырмау қажет (сол киімдерді алу мен қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың киімімен де араластырмау керек);

  • әр бір киім бөлек буып түйіледі, ол үшін арнайы қатты қағаз қолданады (целлофан, полиэтилендік пакет т.с.с.);

  • егер мән-жайға сәйкес киімдердің орналасу жерін анықтау қажет болса, онда әр бір киімді екі қағаздың арасына салып, абайлап орау қажет;

  • заттай дәлелдемелерді қарау мен зерттеу целлофан, калька, полиэтилендік пакет жайылған стол үстінде жүргізіледі;

  • киімдерді қағуғу, жууға өзге де талшықтың қабаттарын жоғалтуға әкеп соғатын әрекеттер жасауға тыйым салынады;

  • киімдерді алумен қатар сезіктінің не жәбірленушінің (мәйіттің) тырнағын қиып алу керек және жеке қаулымен сот сараптамасына (сот-медициналық, сот-биологиялық сараптамаларға) жіберілуі керек;

  • пышақ өзге де қылмыстың қаруларын қарау кезінде талшық объектілерімен араласпауы керек, олар киімдерді алумен қатар буып түйіледі және талшық бөлшектерін зерттейтін сот сараптамасына жіберіледі;

  • талшық қабаттары болуы мүмкін деген заттарды (суық қару, көлік құралдарының жеке детальдары) тасымалдау кезінде зақым келмейтіндей етіп буып-түйілуі керек;

  • көлік құралдарында қалдырылған қабаттарды, өзге де объектілерді тексеру жұмыстарын маманның қатысуымен жүргізу қажет.

Сараптаманың қорытындысы шынайы, толық болуы үшін зерттелетін объектілердің сақталу, қолдану және тасымалдану жағдайы туралы деректерді сарапшыға хабарлаған дұрыс. Мәселен, киімнің өзара контактіде болу фактісін анықтау кезінде, жәбірленушінің, сезіктінің киімдері қылмыс болған сәттен сараптамаға жіберілгенге дейінгі сақталу жағдайы туралы деректері қажет. Атап айтсақ, киімнің киілуі, жуылуы, тазалануы, сақталуы туралы деректер сарапшы үшін маңызды. Сарапшыға зерттелуге жататын киімдер, мысалы жәбірленушінің киімі ұқсас талшық материалдары бар (сезіктінің) киімдермен оқиға тергелгенге дейін және кейін араласпағандығын айту қажет.
Егер бүтінді бөлшек бойынша анықтайтын идентификациялық сараптама тағайындалса, қай бөлшек іс бойынша бүтін болып табылатындығын көрсету керек, кейін бүтіннің сипаттамасына (матаның оралымы, бөлігі, киімнің заты, жіптің бөлігі) қарай олар туралы деректерді хабарлау керек. Мысалы, киімнің шығарылу жері, мерзімі, оларды сатып алу, нақты детальдарын өзгерту (бояу, реставрациялау), пайдалану т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет