Токсикологиялық және сот-медициналық сараптамалардың пәні адамның денсаулығына улы заттардың, сол сияқты, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың және прекусорлардың әсер етуіне қатысты мән-жайла
Токсикологиялық және сот-медициналық сараптамалардың пәні адамның денсаулығына улы заттардың, сол сияқты, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың және прекусорлардың әсер етуіне қатысты мән-жайлардың анықталуы жатады.
Есірткі құралдары және психотропты заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасының міндеттері келесі топтарға бөлінеді, олар:
белгісіз заттың табиғатын анықтау және оның «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279-1 Заңының 1,2,3, Кестесінде көрсетілген заттарға жатқызылуын анықтау;
есірткі құралдары және психотроп заттар мен прекурсорлардың іздерін объект-тасушыда бар жоғын анықтау;
салыстырылып отырған объектілердің (есірткі құралдары және психотроп заттар мен прекурсорлардың) бір массаға, бір көлемге, шығу тегіне, сақталуына, дайындалу технологисына қатысты қайнар көздерінің ортақ болуын анықтау;
Есірткі құралдары және психотроп заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасының идентификациялық емес міндеттерін шешу үшін келесі сұрақтар сарапшы алдына қойылады:
аталған зат есірткі құралдарына және психотроп заттар мен прекурсорларға жатады ма ?
аталған зат есірткі құралдарының және психотроп заттар мен прекурсорлардың қай түріне, тобына жатады ?