«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет62/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105
treatise8925

Идентификациялық міндеттерді шешу үшін қойылатын типтік сұрақтар:

  • зерттелуге жататын заттың боялған қабаты бұрын оқиға болған жерден алынған бөлшекпен бір бүтінді құраған жоқ па ?

  • зерттелуге жататын боялған материалдар мен қабаттар боялған нақты заттың бөлшегін құрайды ма ?

  • салыстырылып отырған боялған материалдар мен қабаттар дайындау жеріне қатысты ортақ па (боялған материалдар мен қабаттардың дайындалған зауыт-өндірушісі) ?

  • салыстырылып отырған объектілер нақты зауыт-өндірушісінің ортақ өніміне жатады ма ?

Істің мән-жайларына қатысты сараптаманың алдына өзге де сұрақтар қойылады.
Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сараптамаға жіберілуі қажет заттар:

  • оқиға болған жерден алынған немесе бояуға ұқсас объект-тасушы (жәбірленуші немесе сезіктінің киімі, көлік құралының деталі);

  • боялған қабатта зақымның іздері бар идентификацияланатын объект.

Тасушы-объектінің қабатынан микробөлшектерді тек олардың жойылып кетуі мүмкін болған жағдайларда алынады және аталған бөлшектерді алу кезінде оларды абайсызда кірлетуге жол бермеу керек. Тасушы-объектіден микроқабаттарды алу алдында оларды мұқият түрде сипаттау керек (мөлшерін, сыртқы түрін, орналасқан жері туралы деректер).
Боялған заттың үлгілерін өткір кесу құралдарымен (скальпель, пышақ) кесу арқылы алу қажет. Егер зерттеу объектілері сұйық заттар болса, сараптамаға боялған затты бар ыдыс жіберіледі. Үлкен көлемдегі бояу заттарынан оларды мұқият араластырғаннан кейін бірнеше сынама алынады.
Сараптамаға қойылған сұрақтарды толық шешу үшін, заттай дәлелдемелер мен салыстырмалы үлгілерден басқа келесі мәліметтер хабарлануы керек, олар:

  • заттың боялу мерзімі (мысалы, көліктің шыққан жылы), боялған заттың дайындалу тәсілі;

  • зат боялуының технологиялық ерекшеліктері (зауыттық немесе зауыттық емес жағдайлары, қолданылған материалдары, құралдар т.с.с);

  • боялған заттың қолдану жағдайлары (мысалы, көлікпен қандай заттар тасымалданды);

  • боялған заттың сақталу жағдайлары (мысалы көлік цемент болған қорада сақталған);

  • оқиға болған кезден тергеуші алғанға дейін объектіде болған өзгерістер;

  • оқиға болған кезде боялған заттың басқа заттармен өзара байланыста болуы;

  • объекті тергеушімен алынған, бекітілген кездегі жағдайлары т.с.с.

Әр бір жағдайға қатысты сараптамаға жіберілетін объектілердің көлемі тергеушімен (сотпен) анықталады. Бірақ, тәжірибе тергеушілердің жоғарыда аталған мәліметтерге көңіл бөлмейтіндігін және сарапшылардың сұраныстарына жауапты дер кезде бермейтінін көрсетеді.
Жол көлік оқиғаларына қатысты, әсіресе көлік жаяу жүрушіні басқан кезде материалдарды сараптамаға дайындау барысында тергеуші (сот) сараптама арқылы контактілі өзара байланысу фактісінің анықталуын ескеруі қажет. Мұндай фактінің анықталуын тек боялған заттар мен қабаттардың криминалистикалық сараптамасы шешпейді, сол сияқты, трассологиялық және өзге де зерттеулердің нәтижелерін қолдану арқылы шешіледі.
Көлік құралы мен жәбірленушінің киімімен өзара контактілік байланысының болу фактісін анықтау кезінде, көлік құралының детальдарында киімнің талшықтары қалуы мүмкін, сол сияқты жәбірленушінің киімінде боялған қабаттар, полимер материалдарының, шыны қалдықтарының қалуы мүмкін.
Аталған істер бойынша сараптаманың тиімділігі көп жағдайда зерттеу үшін дайындалған материалдарға қатысты. Зерттеу дұрыс жүргізілуі үшін, заттай дәлелдемелер сараптамаға табылған күйінде жіберілуі керек. Заттай дәлелдемерді алу кезінде келесі талаптар сақталуы қажет:

  • оқиға болған жерде табылған боялған қабаттардың бөлшектері арнайы картоннан, шыныдан жасалған ыдысқа салынуы керек, (тасымалдау кезінде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі);

  • әр бір зат, үлгі жеке буып-түйіледі және жеке-жеке қолмен, мөрмен бекітіледі;

  • ылғалды объект-тасушылары алдын-ала бөлме температурасында кептіріледі;

  • буылу үшін заттай дәлелдемелерді кірлетпейтін материалдар қолданылуы қажет (полиэтилендік пленка, таза оралым қағазы).

Бояу заттардың бар болуы мүмкін деген заттай дәлелдемелер микробөлшектерді алу мақсатында ең алдымен зерттеледі, содан кейін басқа сараптамаларға жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет