«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет71/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105
treatise8925

Идентификациялық міндеттерді шешу үшін сот сараптамасына келесі сұрақтар қойылуы мүмкін ?

  • оқиға болған жерден алынған бөлшектер бұрын бір бүтінді құраған ба ?

  • жәбірленушінің жарасынан алынған шыны, металл бөлшектері зерттеуге ұсынылып отырған пышақтың, бөтелкенің бөлігі ма ?

  • салыстырылып отырған металл, шыны бөлшектері дайындау жеріне қатысты ортақ белгілері бар ма (дайындаған зауытын анықтау қажет) ?

  • сезіктіден алынған алтындар бір жерден алынған ба ?

Істің мән-жайларына қатысты өзге де сұрақтар сот сараптамасына қойылуы мүмкін.


Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Істің мән-жайларына қатысты сараптамаға келесі материалдар жіберіледі:

  • оқиға болған жерден алынған металлдың, шынының бөлшектері немесе қабаттардың іздері қалдырылған объект-тасушылар (жәбірленушінің немесе сезіктінің киімі, бұзу құралы, көлік құралдарының детальдары т.с.с.);

  • бұзудың белгілері идентификацияланатын іздер (пышақ, шыны бөлшектері т.с.с.).

Объект-тасушының бетінен тез жойылып кететін микробөлшектерді алған жөн және олардың кірленуіне жол бермеу керек. Мұндай микробөлшектерді алу барысында олардың алу ретін, мөлшерін, орналасу жерін (локализация) көрсету қажет.
Сараптамаға жіберілетін материалдардың көлемі істің мән-жайларына қатысты тергеушімен (сотпен) анықталады.


14.6. Топырақтанудың сот сараптамасы

Аталған сараптаманың объектісі әр түрлі қалыптасқан жерлер учаскілерінің топырақтары болып табылады.


Топырақтану сот сараптамасының пәні топырақтарды биологиялық, химиялық әдістерді қолдана отырып зерттеу арқылы анықталатын фактілі деректер құрайды. Олар қылмыстық іспен байланысты болуы керек. Сараптама кісі өлтіру, зорлау, денеге зақым келтіру, ұрлау т.с.с. фактілер бойынша тағайындалады. Сол сияқты азаматтық сот өндірісінде де қарастырылады.
Топырақтану сот сараптамасының міндеттері келесі мән-жайларды анықтайды: объект-тасушыға топырақтың пайда болу механизмін анықтайды, қабаттардың объект-тасушыда нақты учаскіден келіп түсуін анықтау (сол сияқты салыстырылып отырған объектілердің тектік, топтық қатыстылығын анықтау) т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет