«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Металл, шыны және өзге де материалдардың



бет70/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105
treatise8925

14.5. Металл, шыны және өзге де материалдардың
сот сараптамасы
Сараптаманың объектілері қымбат, жартылай қымбат және металл, құймалардан, полимерлерден өзге де материалдардан жасалған бұйымдар болып табылады. Аталған объектілер қылмыстың материалды ортаның элементі немесе қылмыстық қол сұғушылықтың не өзге де қылмыстың құралы ретінде орын алады.
Сот сараптамасының пәні аталған объектілерге қатысты қылмыстық істің мән-жайлары, сол сияқты пәннің қарастыратын объектілеріне қатысты технологиялық, химиялық, техникалық ғылымдарды қолдана отырып анықталатын деректер құрайды. Сараптама кісі өлтіру, денеге зақым келтіру, зорлау, жол-көлік оқиғасына және өзге де фактілер бойынша тағайындалады. Сол сияқты, аталған сараптама әкімшілік, азаматтық сот өндірістерінде де қаралады.
Диагностикалық және классификациялық міндеттерді шешу үшін сараптамаға келесі сұрақтар қойылады:

  • оқиға болған жерде табылған бөлшектердің табиғаты қандай ?

  • объект-тасушыда (жәбірленуші немесе сезіктінің киімінде) металл, шыны т.с.с. бөлшектері бар ма ?

  • оқиға болған жерде табылған бөлшектер қандай бұйымға жатады ?

  • шыны бөлшектері көліктің жарықты шашыратқышының (алдыңғы әйнегінің) шынысы ма?

  • фара шынысының бөлшектері көлік құралының қай түрінікі ?

  • шыны бөлшегі бөтелке немесе өзге де бұйымдағы шыныларға жатады ма ?

  • зерттеуге ұсынылған бұйым шынысының құрамында қорғасын тотығы бар ма ? болса оның пайыздық мөлшері қандай ?

  • бөлшектің химиялық құрамы қандай ?

  • бұйым жасалған металлдың құймасы қандай ?

  • зерттеуге ұсынылған бұйымның металы қымбат немесе жартылай қымбат металлға жата ма ?

  • зергерлік бұйым металлының құрамында алтын бар ма ? болса оның пайыздық мөлшері қандай ?

  • әр түрлі оқиға болған жерден алынған салыстырмалы үлгілердің тектік (топтық) қатыстылығы бар ма ?

  • болса нақты қандай ?

  • ұсынылған бұйымның (заттар) физико-химиялық талаптары ұсынылған құжаттар мен нормативті талаптарға сай ма ?

Ситуациялық мазмұндағы міндеттерді шешу үшін сот сараптамасына келесі сұрақтар қойылады:

  • бұйым материалы сынуының себебі;

  • бұйым металы термикалық (механикалық, химиялық) әсер етудің нәтижесінен бұзылған жоқ па ?

  • бұзуға әкеп соққан шыны қай жағынан соғылған ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет