«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет93/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   105
treatise8925

18.4. Контрафактілі өнімдерді зерттеу
Сыртқы экономикалық қызметтің кеңеюіне және атақты фирмалардың тауарларын жалған жасауға қатысты сәйкес тауарлық сараптамаларды жүргізудің қажеттілігі туындайды.
Аталған сараптамалардың объектілері:

  • азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар және виртуалды ақпарат тасушылары (аудио, бейнекассеталар, дисктер) олардың бөлшектері;

  • тауарлардың қорабы мен олар туралы ақпарат тасушылары, олар келесі түрлерге бөлінеді: тауар мен қораптың реквизиттері, тауар мен қораптың материалдары, техникалық құралдар, тауар мен қорапқа жазылатын реквизиттер.

Тауар мен қораптың реквизиттері: дизайні, қораптың футляры мен қосымша беті (авторлық және сабақтас құқықты қорғаудың белгілері), тауарлық белгі, географиялық жабыстырғыштар фирманың логотипі мен жеке штрих коды т.с.с.
Тауар мен қораптың материалы: бұйымның материалы, қорап пен қосымша беттің футляры (қағаз, картон, желім; бояғыш өзге де географиялық жабыстырғыштардың материалдары, дизайн мен басу мәтіндерін жазудың бояулары).
Техникалық құралдар: акциз маркілерін, қосымша беттерді, штрих-кодтарды, этикеткаларды, құлақшаны (ярлык) дайындау үшін қажетті құралдар. Сол сияқты, лицензиялық өнімдерді, контрафактілі өнімдерді дубликаттарды тираждау үшін қолданылатын техникалық құралдар.
Сараптаманың міндеттері: идентификациялық емес (диагностикалық және классификациялық) болып жіктелінеді:

  • өнімнің жасалу жағдайын анықтау, жазу тасушысын рәсімдеу (реквизиттердің мазмұны, қолданылған материалдардың құрылымдық, түрлік ерекшеліктерін анықтау, құқық иеленушінің құқықтарын қорғайтын белгісі мен құралы), қорғау құралын енгізудің көрінісі мен дайындалуы;

  • шығармашылық жазу тасушысында маркиравка белгісінің бар жоғын анықтау;

  • тасушыда шығармашылық жазбаны дайындау жағдайы мен оның сипаттамасы (аналогтық немесе сандық жазба ма, түннұсқа немесе көшірмесі ме, жазбаның сапасы, форматы т.с.с.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет