Екінші топ объектілеріне: жұмыстар, қызметтер, шығармашылық және интеллектуалды қызметтің нәтижелері, өндірістік меншіктің объектілері (патентер, тауар белгілері, қызмет ету белгілері); өндірістік меншіктің тіркелмейтін объектілер (ноу-хау, гудвилл, ғылыми есептер, монография, технологиялық құжаттар, макеттер, модельдер, тәжірибелі үлгілер, қолдану жөніндегі нұсқаулар); қалдырылған шығындар (ұйымдастырушылық шығындар, ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты шығындар), құжаттар мен материалдар (фотосуреттер, бейнежазбалар) т.с.с.
Жалпы жіктемелік сызба мен сот сараптамасының үш түрге бөлінуін негізге ала отырып сот-тауарлық сараптаманы келесі түрлерге бөлеміз:
азық-түлік емес тауарларды зерттеу;
азық-түлік тауарларын зерттеу;
көлік-тауарлық зерттеулер;
құрылыс-тауарлық зерттеулер;
контрафактілі өнімдерді зерттеу.
Сот-тауарлық сараптаманың пәні тауарлардың сипаттамасын, тұтынушылық және өзге де құндарына әсер ететін активтердің сипаттамасын анықтайтын фактілі деректер. Сараптама контрабанда, бөтен мүлікті иелену немесе талан-таражға салу, сапалы емес өнімдерді сату, алаяқтық т.с.с. фактілер бойынша тағайындалады.
Аталған сараптаманың міндеттері идентификациялық емес (диагностикалық, классификациялық, ситуациялық) және идентификациялық болып бөлінеді.
Классификациялық міндеттер тауардың түрін, оның артиклін, мөлшері мен бағасын, тегін анықтауға бағытталған.
Диагностикалық міндеттер келесі жағдайларды анықтайды, олар:
тауарды дайындау тәсілі;
нақты тауардың стандарттарға, сапасына немесе көлемдік көрсеткіштеріне сәйкестігі;
тауардың мүліктерді түгендеу немесе құнсыздану актілеріне сәйкестігі;
буып-түю әдісі, оның стандарттар мен өзге де нормативтерге сәйкестігі;
тауарды сақтау, тасымалдау т.с.с. нормативтерге сәйкестігі.
Достарыңызбен бөлісу: |