«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет95/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105
treatise8925

Материалды дайындау мен рәсімдеу:
Контрафактілі өнімді (виртуалды ақпаратты тасушы – аудио, -бейне және компакт-дискілер және олардың қосалқы бөлшектері) зерттеу үшін ұсынылады:

  • алдын-ала котрафактілі екендігі анықталған әр түрлі тасушылардан алынған рәсімделу өнімі бар аудио өнімдер (қорап футляры, қосымша беттері);

  • әр түрлі анықтамалық ақпараттар: өнімді рәсімдеу стандарттары, оның қызметінің ҚР аумағында лицензиялануы, ҚР аумағында көшірмелерінің тираждануы мен таралуы;

  • нақты іс бойынша ақпараттар: аудиовизуалды шығарманың алу қайнар көзі, заңсыз дайындалған көшірмелерінің саны, көшірмелерінің тираждану мен таралу саны.

Контрафактілі өнімді сараптамаға ұсыну кезінде келесі шарттар сақталуы қажет:

  • сараптама тағайындалғанға дейін : аудиовизуалды шығарманы алдын-ала қарамау, тек аудио және бейнекөріністерді көрсететін құралдарда "Play" режимінде ғана қарауға болады;

  • алынған өнімдер арнайы пакеттерге буып-түйілуі қажет және онда арнайы жазбалар болу керек;

  • қораптың футлярына, аудиовизуалды шығармаға қандай да бір механикалық әсер етуге тыйым салынады;

  • аталған объектілерді қорғау үшін барлық шаралар жасалуы керек (электр, магниттік қайнар көздерден сақтау);

  • қосымша құжаттар сараптама тағайындалғанға дейін жүргізілген барлық сатылар туралы мәліметтерді енгізу қажет.



19 тақырып. Сот-құрылыстық сараптамасы

Сот-құрылыс сараптамасының объектісі күрделі және көп компонентті – бұл ғимараттар мен басқа да құрылыстар, құрылыс жұмыстары үшін тікелей пайдаланылатын құрылыс механизмдері, сонымен қатар ғимараттарды, құрылыстарды жобалау, құрылысын жүргізу, жөндеу жұмыстарын көрсететін істің материалдары.


Сот-құрылыс сараптамасында екі негізгі түрі бар:

  1. құрылыс-экономиалық сараптама;

  2. құрылыс-техникалық сараптама.

Құрылыс-экономиалық сараптаманың пәні арнайы ғылыми білімдердің негізінде жүргізілген жұмыстардың нақты құнын, жүргізілген есептемелердің дұрыстығын, есеп беру іс-құжаттарының жүргізілуін анықтау бойынша деректі мәліметтерді нақтылауымен байланысты, бұл жағдай тәжірибеде келесі жағдайлардың анықталуын қажет етеді:

  • құрылыс жобасының экономикалық негіздемесі;

  • жобалардағы техникалық-экономикалық қателіктер;

  • құрылыс материалдары шығындарының экономикалық негіздемесі;

  • коммуникациялардың құрылыс жұмыстарына арналған шығындардың экономикалық негіздемесі;

  • сметалық есептемелердегі және атқарылған жұмыстарды қабылдау-актілеріндегі есептердің сәйкестігі;

  • ұсынылған құжаттардағы мәліметтерге орындалған құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарының құны мен көлеміне сәйкестігі;

  • құрылыс материалдарына арналған шығындардың сметалық бағануына сәйкестігі;

  • құрылысшылар мен тапсырыс берушілер арасындағы өзара есептесулерінің дұрыстығы;

  • нақты орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін анықтау;

  • жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты құнын анықтау;

  • жылжымайтын мүлік объектілерін қайта жабдықтаудың нақты құнын анықтау;

  • су басу, өрт кезіндегі жөндеу жұмыстарының құнын анықтау.

Сараптамаға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • сауалнамалық іс-құжаттар дұрыс және негізді жасалған ба, ол Мемлекеттік стандартқа сәйкес па ?

  • сметаларды, қабылдау актілерін жасау кезіндегі бағалау дұрыс және негізді ма ?

  • құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған келісімдік баға негізделен ба?

  • объектінің нақты құны қандай ?

  • объектінің нарықтық құны қандай ?

  • орындалған жұмыстардың құны мен көлемі қандай ?

  • құрылыс материалдарының құны қандай ?

  • құрылыс материалдарының шығындарын асыра қолдану бар ма ?

  • жүргізілген есептемелер негізді ма ? және т.б.

Құрылыс-техникалық сараптаманың пәні келесі жағдайларды анықтауымен байланысты:

  • құрылы-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын, қолданылған құрылыс материалдарының сапасы мен жарамдылығын;

  • құрылыс жобаларының ғылыми-техникалық негізділігін (құрылыс орнын таңдаудың дұрыстығы, жобалау және іздестіру жұмыстарының кемшіліктері, жобадағы есептемелердің ғылымның жетістіктеріне, құрылыс тәжірибесіне сәйкестігі және т. б.);

  • құрылыс процесінде техникалық қателерін, техникалық жобалардың кемшіліктерін анықтау мүмкіндіктерін;

  • құрылыстың белгіленген (немесе өзгертілген) мерзімдерінің негізділігін;

  • техникалық жобалардың кемшіліктері мен орын алған себеп-салдары арасындағы байланыстарын (құрылыс сапасыздығы мен апаттың, қайғылы оқиғаның);

  • еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша нақты құрылыс ұйымының өндірістік іс-әрекеттерін;

  • оқиғаның механизмін, яғни құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі апаттардың техникалық себептерін анықтау;

  • құрылыс нормаларын және ережелерін (СНиП) бұзуға себепші болған деректерді.

Сот құрылыс-техникалық сарапшының құзырына келесі мақсаттарды шешу жатады:

  • құрылыс-монтаж (жөндеу-құрылыс) жұмыстарын жүргізуге арналған жобалау-сметалық іс-құжаттарды қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкестікте жасаудың негізділігін анықтау;

  • құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде авторлық қадағалау журналдарының, көрінбейтін жұмыстар актілерінің және басқа атқару-техникалық іс-құжаттарның дұрыс толтырылуы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкестігін анықтау;

  • құрылыс-монтаж (жөндеу-құрылыс) жұмыстарын жүргізуді техникалық және авторлық қадалаудың қолданыстағы тәртіпке және құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкестігін анықтау;

  • құрылыс-монтаж (жөндеу-құрылыс) жұмыстарын жүргізу сапасының бекітілген жобалау-сметалық құжаттарға, сонымен қатар қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкестігін анықтау;

  • қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкес құрылыс алаңдарының инженерлі-топогеологиялық зерттеу қорытындыларының сапасын анықтау;

  • құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық есептердегі құрылыс материалдарын есептен шығаруға арналған қолданыстағы нормалардың дұрыс қолданылғанын анықтау;

  • қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкес құрылыс-монтаж (жөндеу-құрылыс) жұмыстарын жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптарының дұрыс қолданылғанын анықтау;

  • құрылыс-монтаж (жөндеу-құрылыс) жұмыстарын жүргізу кезінде уақыт пен балаудың біріңғай нормаларының (ЕНиР – единых норм времени и расценок), уақыт пен балаудың ведомстволық нормаларының (ВНиР – ведомственных норм времени и расценок), сонымен қатар біріңғай аудандық жеке бағалаудың (ЕРЕР – единых районных единичных расценок) дұрыс қолданылғанын анықтау;

  • құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік стандарттары және техникалық шарттары бұзылып жасалған құрылыс материалдары мен бұйымдарының қолданылғанын анықтау;

  • қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкес құрылыс-монтаж (жөндеу-құрылыс) жұмыстарын жүргізу жобасын жасаудың сапасын анықтау;

  • құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау туралы материалды-техникалық және мемлекеттік есептің дұрыс жасалғанын анықтау;

  • қолданылған құрылыс материалдары мен бұйымдарының сапасын, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстардың жеке бөлшектерінің (олардың қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкес сапасын анықтау;

  • технологиялық процестің еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелеріне, еңбектің дұрыс ұйымдастырылуына, кейбір жұмыс түрлерінің қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайларды жасауға сәйкестігін анықтау;

  • өндірістік тапсырманы орындау үшін барлық қажетті құралдармен жұмысшылардың қамтамасыз етілуін анықтау;

  • құрал-жабдықтардың, машиналардың, станоктардың, механизмдердің, қорғау құралдарының, сақтандырғыш қондырғылардың техникалық жағдайын анықтау;

  • оқиғаның механизмін, яғни құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі апаттардың техникалық себептерін анықтау;

  • өндірістің нақты жағдайларындағы жұмысшы мен лауазымды тұлғаның әрекеттерін және олардың қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігін анықтау;

  • үй салу немесе жер телімі техникалық бөлінуінің мүмкіндіктерін анықтау және т.б.

Сараптаманың алдына келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • нақты орындалған құрылыс-монтаж немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлемі қандай;

  • орындалған құрылыс-монтаж немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасы қандай;

  • орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі нормаларға сәйкес келеді ма;

  • қолданылған құрылыс материалдарының сапасы қандай және олар талап етілген нормаларға, жобаға сәйкес келеді ма;

  • құрылыс-монтаж жұмыстары жобаға сәйкес келеді ма, егер жоқ болса, онда ауытқулардың сипаты қандай;

  • жобадан ауытқулардың салдары қандай болуы мүмкін;

  • жобамен қарастырылмаған құрылыс материалдарын қолданудың салдары қандай болуы мүмкін;

  • объектінің құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қандай техникалық кемшіліктерге жол берілді, олар ненің себептері: жобаның немесе құрылыс-монтаж жұмыстарының ба;

  • техникалық жоба мен объектідегі орын алған бүліну арасында себепті байланыс бар ма;

  • объектінің бүлінулері құрылыс-монтаж жұмыстарымен байланысы бар ма;

  • құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігінің ережелері сақталды ма;

  • құрылыс материалдарының сертификаттары сынақ нәтижелеріне сәйкес па;

  • жобада құрылыс конструкцияларына салмақтың түсуі қарастырылған ба;

  • құрылыс материалдарының сапасы оларды пайдалану процесінде өзгеруі мүмкін ба;

  • санитарлы-техникалық және құрылыс нормаларына сәйкес жоспары және үй-жайлардың, ғимараттар мен құрылыстардың мақаты қандай;

  • осы жер телімінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс нормалары мен жер актілерінің бұзылуы орын алды ма;

  • әр тарапта нақты үлесі болған кезде, үй салу немесе жер телімдерінің техникалық бөлінуінің мүмкіндіктері қандай және т.б.

Сарапшының алдына сұрақтарды қою кезінде қате жібермеу үшін, және атап айтқанда, тергеушінің құзырына жататын, керісінше сарапшының құзырына жатпайтын сұрақтарды қоймау үшін, сарапшының құзырынан тергеушінің құзырын бөліп тұратын шекараны анықтап алған маңызды. Олар сараптаманың пәнімен және сарапшының құзырымен анықталады, басқаша айтқанда құрылыс-техникалық сараптаманың көмегімен шешілуі тиіс және шешіле алатын нақты сұрақтар.
Құрылыс сот-техникалық сараптаманың алдына қойылуы мүмкін сұрақтардың толық тізімін беруге болмайтынын ескеру қажет. Олар әр бір нақты жағдайда, дәлелденуі тиіс істің мән-жайларымен анықталады.
Осылайша, егер апаттың себептерін, материалдардың жеткіліксіз мүмкінді беріктігінен ғимараттың (құрылыстың) бұзылуы қашан орын алғанын анықтау қажет болса, онда сарапшыға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • жобада материалдарға түсетін салмақ негізді анықталған ба және оның мөлшері артып кеткен жоқ па;

  • жобада материалдың беріктігі негізді анықталған ба және жасаушы-кәсіпорыннан материалдың қажетті сапасына тапсырыс берілді ма, жасаушы-кәсіпорынның және сараптамалық сынақтардың сынақ мәліметтері бойынша материалдың сапасы қандай және сынақтардың нәтижелері қандай;

  • жасаушы-кәсіпорынның құжаттарында тіркелген сынақтардың нәтижелеріне паспорттағы (сертификаттағы) мәліметтері сәйкес келеді ма;

  • материалдармен құрылыста жұмыс істеу процесінде (арту-түсіру жұмыстары, өңдеу және т.б.) оның сапасын өзгерткен факторлар пайда болуы мүмкін ба, және атап айтқанда қандай; материалдың сапасы пайдалану процесінде өзгерді ма және қандай себептердің әсерінен;

  • пайдалану кезінде нормалардың бұзылуы жоқ па және т.б.

Тас қалау жұмыстарын жүргізу кезінде ереже бұзуға жол берілген жағдайларда, соның салдарынан тас қабырғаның құлауынан адамдардың денсаулығына зиян келтірілсе, немесе адам өліміне әкеп соқса немесе басқа да ауыр зардаптар орын алса, құрылыс сот-техникалық сараптаманың алдына келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • тас қабырғаларды тұрғызу бойынша жұмыстары жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкестікте (тәсілі, материалдың сапасы, бекіткішті таңдау, кептіру тәсілі және т.б.) жүргізілді ма;

  • тас қалау жұмыстарын жүргізу кезінде қажетті раствор сапасы (маркасы) қолданылды ма;

  • тас қалау жұмыстарын жүргізудің тәртібі дұрыс таңдалған ба;

  • нақты тас қалау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы төсеме тақталар қажет болды ма, құрылыс учаскесі олармен қамтамасыз етілді ма және олар Мемлекеттік стандарттарға сәйкес болды ма;

  • тас қалаушының жұмыс орны құрылыстағы техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау тұрғысынан дұрыс ұйымдастырылды ма.

Егер құрылыс ережелерін бұзу технологиялық жабдықтау және құрал-саймандарды пайдалану кезінде жол берілген болса, сұрақтар келесі мәтінде болуы мүмкін:

  • тұрғызылған құрылыс сатылары (леса) қандай типке жатады, олардың техникалық көрсеткіштері (салмақты көтеруі, бекіту түрлері), сонымен қатар құрылыс алаңында оларды орнату жұмыстарды ұйымдастыру талаптарына сәйкес келеді ма;

  • құрылыс сатылары (леса) тиісті сападағы материалдан жасалды ма, олардың салмақ көтеру көрсеткіштері қандай, ол құрылыс сатыларын (леса) пайдалану барысында жоғарылатылған жоқ па, техника қауіпсіздігі ережелеріне құрылыс сатыларын (леса) немесе олардың кейбір элементтерін (щиттерін, белағаштарын, төсемдерін) бекітілуі сәйкес па;

  • құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) және жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану ережелерінің талаптарына сәйкестікте технологиялық жабдықтарды пайдалану жүргізілді ма.

Құрылыс машиналарын және басқа да жүк көтеру механизмдерін пайдалану кезінде жол берілген кемшіліктермен байланысты істер бойынша мысалды сұрақтардың тізімі келесі болып табылады:

  • кран немесе оның қандай-да бір механизмі істеп тұр ма (көтеру биіктігін, жүк көтергіштігін шектеу құралы, кран қозғалысын тоқтатушы, тежеуші, дыбыс беру, ілу жүйелері және т. б.);

  • кран жұмыстарды ұйымдастыру жобасымен сәйкестікте орнатылған ба (орны, биіктігі). Бұл жағдайға қатысты қандай ауытқуларға жол берілді, олар орын алған салдарға ықпал етті ма (авария, қайғылы оқиға және т. б.).

Тергеу және сот тәжірибесінде әр түрлі монтаж, жер қазу жұмыстарын жүргізу кезіндегі, ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу кезіндегі құрылыс нормалары мен ережелерін (СНиП) бұзу туралы істерде кездестіруге болады. Осы категориядағы істер бойынша құрылыс-техникалық сараптаманың алдында келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • жұмыстарды жүргізу тәсілі (монтаж, жер қазу, ғимараттарды бөлшектеу және т.б.) жұмыстарды ұйымдастыру жобаларының нұсқауларына және құрылыс нормалары мен ережелерінің (СНиП) сәйкесінше бөлімдеріне сәйкес келеді ма;

  • ауытқулар қандай және олар нақты салдардың орын алуына (қайғылы оқиға және т.б.) қалай ықпал етті;

  • жұмыстарды жүргізге қолданылған тәсілі құрылған құрылыстардың, беріктігін, сонымен қатар жұмысшылар мен қоршаған қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті ма;

  • монтаждалатын конструкциялардың (плиталар мен басқа да детальдар) беріктігі мен көлемдері жобаға сәйкес па, олардың құрылымында жобан қандай ауытқушылықтар бар және олар құрылыс беріктігінің өзгеруіне қалай ықпал ете алды;

  • егер жұмыстарды жүргізу тәсілдері (монтаж, жер қазу және т.б.) құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкес келмесе, онда жол берілген құрылыс нормалары мен ережелерінің (СНиП) және орын алған салдардың арасында объективті себепті байланыстар бар ма.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет